Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы Жарлығымен (бұдан әрi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы) белгiленген тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе бойынша) (бұдан әрi - шикiзат секторының ұйымдары) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына оларға бекiтілген тоқсандағы көлемнен үдемелi қорытындымен асып түсетiн салық және бюджетке төленетiн өзге де төлемдердiң бөлiгiн аударады;
шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген тоқсандық көлемдерi болмаған жағдайда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жылдық сомалар шегiнде түсiмдердің бөлігін аударады.
51. Қазынашылықтың аумақтық органы кiрiстердi бөлудiң нормативтерi бойынша облыстық бюджет пен аудандардың (қалалардың) бюджеттерi арасындағы облыстың бюджетiне түсетiн iс жүзiндегi түсiмдердi бөлудi жүргiзедi.
Егер, тиiстi қаржы жылының басына дейiн облыстық бюджет бекiтiлмеген жағдайда, бөлу алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен белгіленген кiрiстердi бөлудің нормативтерi бойынша жүргiзiледi.
52. Бюджетке артық төленген, қате немесе дұрыс түспеген соманы қайтару, аумақтық салық органдарының арасында кiрiстердiң бiр сыныптама кодынан екiншiсiне түсiмдердi көшiру (бұдан әрi - қайтару және/немесе көшiру) Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен аумақтық салық органдары қорытындыларының және төлем құжаттарының негiзiнде жүргiзiледi.
Қайтаруға немесе көшiруге арналған құжаттар аудан, қала бойынша Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджеттiң кiрiс сыныптамасының тиiстi iшкi сыныбы бойынша жылдың басынан бастап iс жүзiнде түскен сома шегiнде қабылданады.
Егер, бюджет кiрiстерiнiң тиiстi сыныптама ерекшелiгi (iшкi сыныбы) бойынша қаланың, ауданның бюджетiне түсетiн түсiмдердiң iс жүзiндегi көлемi қайтаруды немесе көшiрудi жүзеге асыруға жол бермесе, онда аумақтық салық органы тұтастай алғанда облыс бойынша бюджет кiрiстерiнiң тиiстi сыныптама ерекшелiгi (ішкi сыныбы) бойынша жылдың басынан бастап бюджетке түскен iс жүзiндегi түсiмдердiң сомасы шегiнде қайтаруды және көшiрудi жүзеге асыруға арналған жоғары тұрған салық органының шешiмiн тиiстi аумақтық қазынашылық органына ұсынады. Егер, қайтару немесе көшiру сомасы тұтастай алғанда облыс бойынша бюджет кiрiстерiнiң тиiстi ерекшелiгi (iшкi сыныбы) бойынша жылдың басынан бастап бюджетке iс жүзiнде түскен түсiмдердiң сомасы артық болса, онда қайтару немесе көшiру тұтастай алғанда республика бойынша бюджет кiрiстерiнің тиiстi ерекшелiгiмен (iшкi сыныбымен) Қазақстан Республикасы Кiрiс министрлiгiнiң рұқсаты бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте, бюджет кiрiстерiнiң осы сыныптама ерекшелігi (iшкi сыныбы) бойынша дебеттiк қалдықтарға жол берiледi.
5-тарау. Шетел валютасында түскен түсімдер бойынша
бюджеттiң атқарылу рәсiмдерi
53. Шетел валютасында бюджетке түскен түсiмдер ҚҰБ-де ашылған Қаржы министрлiгiнiң валюталық шотына аударылады.
54. БҚШ-на кейiннен ауыстыра отырып, түсу күнiне Қаржы министрлiгiнiң валюталық шотынан шетел валютасын айырбастау ҚҰБ белгiлеген тәртiппен Қаржы министрлiгiнiң өтiнiмi бойынша жүргiзiледi.
55. Несие шотынан мемлекеттiк (үкiметтiк) сыртқы заемдар қаражатын алу бюджеттi атқару кезiнде мынадай түрде:
инвестициялық жобаның арнайы шотына аударған кезде Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама кiрiстерiнің бюджеттiк сыныптамасына сәйкес түсiмдер түрiнде;
берушiге тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) аударған кезде Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы кiрiстерiнiң сыныптамасына (бұдан әрi - кiрiстер сыныптамасына) сәйкес түсiмдер түрiнде ескерiледi.
56. Осы Ережеде көзделген инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражатты аударуды заем туралы шарттың (келiсiмнің) ережелерiне сәйкес несие шотынан алуға арналған бюджеттiк бағдарлама әкімшісінің өтiнiмi негiзiнде Yкiметке заем қаражатын немесе кепілдер беретiн шетел несие берушiсi немесе донор жүргiзедi.
57. Инвестициялық жобаның арнайы шотына осы шоттан бұрын жүргiзiлген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, заем туралы шарттың (келiсiмнiң) ережелерiне сәйкес көрсетілген шотты толықтыруға арналған мемлекеттiк заем қаражатынан басқа, өзге қаражат есептеле алмайды.
58. Ағымдағы шоттарға инвестициялық жобаның арнайы шотының валютасынан өзгешеленетiн валютада тек инвестициялық жобаның арнайы шотынан айырбасталған қаражат қана есептеледi.
59. Ағымдағы шоттан осы шоттардан бұрын жүргiзiлген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, ұлттық немесе шетел валюталарындағы инвестициялық жобалармен байланысты бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) қаржыландырылады.
60. Бюджетке түсетiн түсiмдер қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарында көрсетiледi.
6-тарау. Зат түрiндегi түсiмдер бойынша бюджеттiң атқарылу рәсiмдерi
61. Зат түрiнде бюджетке түсетiн түсiмдер заң актiлерiне сәйкес қазынашылық органдарында ашылған бюджеттiк шоттарда ақшалай нысанда көрсетіледi.
62. Бюджетте зат түрiндегi түсiмдердi көрсету үшiн заңдарда бюджеттердiң алдында тауар немесе зат түрiндегi мiндеттемелердi орындайтын заңды және жеке тұлғалардың тiзбесi және бюджет алдындағы мiндеттемелердiң сомасы анықталады.
63. Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес зат түрiнде бюджеттердiң алдында мiндеттемелердi орындайтын заңды тұлғалар (бұдан әрi - заңды тұлға) қазынашылықтың аумақтық органдарына олардың бюджет алдындағы мiндеттемелердi орындағанын растайтын олардың мемлекеттiк мекемелерге жеткiзiп берген тауарлары (жұмыстары, қызметтерi) бойынша төлеуге шот түрiнде ұсынады.
64. Қазынашылықтың аумақтық органдары мемлекеттiк мекемелерге тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) заңды тұлғалардың бюджет алдындағы мiндеттемелерiн растайтын беруi бойынша ақы төлеуге берiлген Шоттың негiзiнде оларды Қаржы министрлiгiнде ашылған шотта көрсетедi.
7-тарау. Мемлекеттiк мекемелердiң түсiмдерi бойынша операцияларды
көрсету рәсiмдерi
65. Мемлекеттiк мекемелер заң актiлерiне сәйкес ақылы қызметтi, демеушілiк және қайырымдылық көмектi iске асырудан түскен қаражатты алады және депозиттік қаражатқа иелiк етедi.
66. Мемлекеттiк мекемелерін ақылы қызметтi, демеушiлiк және қайырымдылық көмектi iске асырудан түскен қаражат, депозиттiк қаражат Бiрыңғай шоттар жоспарының стандарттарына сәйкес тиiстi шоттарға есептеледі.
67. Ақылы қызмет, демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсетуден түскен қаражатты аудару "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
68. Төлеу құжатында ақылы қызметтi, демеушiлiк және қайырымдылық көмектi iске асырудан алынған қаражатты, депозиттiк қаражатты алушының деректемелерi төлеушілерге дейiн мемлекеттiк мекемелерге жеткізіледi.
69. Мемлекеттiк мекемелердің ақылы қызметтердi iске асырудан түскен қаражаты (бұдан әрi - ақылы қызметтен түсетiн қаражат), демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түсетiн қаражат, депозиттік қаражат берушіден аудару арқылы, не қолма-қол ақшаны мемлекеттiк мекеменiң кассасына тiкелей енгiзуi арқылы түседi.
70. Ақылы қызмет демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң және депозиттiк қаражаттың қаражаты есебiнен қате жүргiзiлген төлемдердi қайтару (бұдан әрi - қалпына келтiру) бюджетке қаражатты өтеу жолымен жүзеге асырылады.
71. Мемлекеттiк мекеменiң қолма-қол ақшасын кассаға қабылдауды мемлекеттiк мекеменің басшысы тағайындаған жауапты тұлға жүзеге асырады. Қолма-қол ақшаны қабылдау туралы төлеушiлерге мемлекеттік мекеме төлеу құжаттарымен бiрдей сақтайтын қолма-қол ақшаның тағайындалуын көрсете отырып, кассалық кiрiс ордерлерiне белгiленген үлгідегi түбiртектер немесе түбiртек түбiршектерi берiледi. Мемлекеттiк мекеме кассаға қабылдаған қолма-қол ақша қабылданған күннен бастап үш банктiк күннен кешiктiрiлмей БҚШ-ның тиiстi шоттарына есептелуi тиiс.
Мемлекеттiк мекемелерге кассадан қолма-қол ақшаны оларды тиiстi шоттарға алдын ала тапсырмастан жұмсауға тиым салынады.
72. Ақылы қызметтен, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түскен қаражатты және депозиттiк қаражатты аудару және қолма-қол ақшаны БҚШ-ның тиiстi шоттарына есептеу үшiн төлем құжаттарының дұрыс ресiмделуiне мемлекеттiк мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi жауап бередi.
73. Бюджетке түсетiн түсiмдер қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарында (бұдан әрi - ҚБШ) көрсетiледi.
5-бөлiм. Рұқсаттар беру, мiндеттемелер қабылдау,
төлемдерді жүзеге асыру рәсiмдерi
Шығыстары бойынша бюджеттiң атқарылуы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы актiлерiне және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бeкітy туралы шешiмдерге, бекiтiлген бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына, Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына және қаржыландырудың жиынтық жоспарына, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердің мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша тиiстi қаржыландыру жоспарларына және оларға есептемелерге сәйкес жүзеге асырылады.
8-тарау. Бюджетке ақша түсiмдерiнің күтiліп
отырған көлемiн анықтау
74. Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi орган кезеңдер бойынша ағымдағы қаржы жылына бюджетке ақшалай түсiмдердiң күтiлiп отырған көлемiн мына деректер негiзiнде айқындайды:
Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң статистикалық деректерi;
ҚҰБ шетел валютасының ресми айырбас бағамы;
капитал рыногында сатылатын мемлекеттiк бағалы қағаздардың пайыздық ставкасы;
тиiстi қаржы жылына арналған, бекiтiлген немесе нақтыланған бюджет;
үкiметтiк заемдар туралы келiсiмдер (негiзгi үкiметтiк борышты өтеу, үкiметтiк борышқа қызмет көрсету кестесi);
жеке және заңды тұлғаларды бюджет қаражаты есебінен кредиттеу туралы келiсiмдер (бюджет алдындағы борыштың негiзгi сомасын өтеу, сыйақыларды (мүдделердi) төлеу кестесi);
мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру кестелерi туралы ақпарат;
тиiстi бюджеттердiң ҚБШ-дағы қаражаттардың қалдығын;
келесi айлардағы бюджетке түсетiн түсiмдердiң ай сайынғы жоспарын.
75. Бюджетке түсетiн ақшалай түсiмдердің күтiлiп отырған көлемi Қаржы министрлiгi мен жергiлiктi уәкiлеттi орган осы Ереженiң 9-тарауының 5-Бөлiмiне сәйкес рұқсаттар берудiң жалпы сомасын анықтау және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын жүргізу үшін пайдаланылады.
76. Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi орган:
республикалық және тиiстi жергiлiктi бюджеттерге ақша түсiмдерiнiң күтiлiп отырған көлемiн ай сайын нақтылайды;
ағымдағы айдың аяғында тиiстi бюджеттердiң мiндеттемелерi бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкес келесi айда мемлекеттiк мекемелер қабылдайтын көлемiн нақтылайды;
төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес алдағы айлары төлемдер жүргiзу үшiн алдағы айларда бюджетке ақша түсiмдерiнен күтілiп отырған көлемi жеткілiксiз болған жағдайда мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, қарыз алу және бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сату арқылы ақша таратудың процесiн ұйымдастырады;
мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру, қарыз алу және бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында мемлекеттiк бағалы қағаздарды сату арқылы ақша тарту процесін ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда осы Ереженiң 5-Бөлiмінде белгiленген тәртiпте қабылдаған мiндеттемелердi және жасалған төлемдерді ескере отырып, тиiстi бюджеттердi қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу қажеттiлiгi туралы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне ақпарат бередi.
9-тарау. Рұқсаттар беру рәсiмдерi
77. Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi орган ағымдағы айдың 10-шы күнiне дейiн:
бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкімшілеріне 8-қосымшаға сәйкес бекiтiлген нысан бойынша тиiстi бюджеттерге түсетiн ақшаның күтiлетiн көлемiн ескере отырып, бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына, тиiстi бюджеттердiң мiндеттемелерi және Үкiметтің және жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес рұқсаттар бередi;
оларды Қаржы министрлiгiнің аумақтық органдары арқылы бюджеттік бағдарламалардың тиiстi әкімшiлерiне жеткiзедi.
9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет қаражатын мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн нұсқамалар түсуiне қарай Қаржы министрлiгi және жергiліктi уәкілеттi орган тиiстi бюджеттердiң мiндеттемелерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiне рұқсаттар бередi.
78. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi орган оларға рұқсаттар бергеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерге рұқсаттар бередi.
Мемлекеттiк мекемелерге рұқсаттар бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiнің мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспарына, паспорттарына сәйкес бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерінің рұқсаттары шегiнде берiледi және қазынашылықтың аумақтық органдарына жеткiзiледi.
79. Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясы "Сайлаулар жүргiзу" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес рұқсат бередi.
80. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы артық төленген және жете төленбеген бюджеттік алымдар туралы қазынашылықтың тиiстi аумақтық органдары жеткiзген ақпараттың негiзiнде осы Ережеге сәйкес облыстық бюджетке аудандық (қалалық) бюджеттерден алынған бюджеттiк алымдарды аудару үшін рұқсат бередi.
81. Есептi кезеңде қаржыландырылатын бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) жөнiндегi рұқсаттардан басқа рұқсаттар ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн әрекет етедi.
10-тарау. Мiндеттемелердi қабылдау және тiркеу рәсiмдерi
82. Мемлекетке қызмет көрсететiн заңды және жеке тұлғалардың алдындағы мемлекеттiк мекемелердің мемлекеттiк бюджет есебiнен (бұдан әрi - бюджет қаражатын алушылар) мiндеттемелерi Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне сәйкес қабылданады.
83. Бекiтiлген паспорттарға сәйкес бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау және бюджеттiк бағдарламалардың, мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспарлардың және мемлекеттiк мекемелерге берiлген рұқсаттардың бекiтiлген сомадан тыс мiндеттемелерiн қабылдауға жол бермеу мақсатында мемлекеттiк мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiлермен жасасқан шарттарына (бұдан әрi - берушiлер) қабылданған мiндеттемелердi тiркеудi жүргiзедi.
84. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеудi жүзеге асыру рәсiмiнiң мәнi 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтiнiмдi және бюджет қаражатын алушылардың алдында 12-1, 12-2, 12-3 және 12-4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мiндеттемелердi қабылдауға Тапсырысты қалыптастыру және бекiту болып табылады.
85. Мiндеттемелердi тiркеу рәсiмi шығыстардың мынадай топтасуын көздейдi:
бiрiнші топ - өтеусiз негізде мемлекеттiк мекеме мен жеке тұлғалардың - бюджет қаражатын алушының арасындағы азаматтық құқықтардың және мiндеттемелердiң туындауына әкеп соқтыратын шығыстардың түрлерi;
екіншi топ - стипендияларды, зейнетақыларды және жәрдемақыларды қоса алғанда, оның қызметкерлерiнен басқа, мемлекеттiк мекеме мен бюджет қаражатының алушыларының арасындағы шарт жасалмайтын азаматтық құқықтар мен мiндеттемелердiң туындауына әкеп соқтыратын шығыстардың түрлерi;
үшiншi топ - тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) алуға арналған шарттарды (бұдан әрi - шарт) жасаса отырып, өтeyciз негiзде мемлекеттiк мекеме мен бюджет қаражатын алушылардың арасындағы азаматтық құқықтар мен мiндеттемелердiң туындауына әкеп соқтыратын шығыстардың түрлерi;
төртiншi топ - қайтарымды негiзде шарт жасасу жолымен және көрсетiлген шарттың ережелерiне сәйкес Қаржы министрлiгi немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган мен бюджет қаражатын алушылардың арасында азаматтық құқықтар мен мiндеттемелердiң туындауына әкеп соқтыратын шығыстардың түрлерi.
Мемлекеттiк талаптар тiзiлiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар талаптарының тiзiлiмiн қамтиды, олар уәкiлеттi орган мемлекеттiк кредиттер бойынша мiндеттемелердi орындауға байланысты бюджеттен берілген кредиттер бойынша бюджетке қаражатты және бюджеттен алынған қаражатты қайтару жөнiндегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органның талаптарын тiркеудi жүргiзетiн құжат болып табылады.
86. Шарт жасасуды талап ететiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тiзбесiн Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
87. Бірінші және екінші топтардың мiндеттемелерiн тiркеу қазынашылықтың аумақтық органдары оны Өтiнiм және тиiстi Тапсырысты қалыптастыру түрiнде қабылдау жолымен мемлекеттiк мекемелердiң ақы төлеуге берiлген Шотының негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл ретте, мемлекеттiк мекеме оны Ақы төлеуге шот қалыптастыру кезінде пайдалану үшiн Өтiнiмге нөмiр бередi.
88. Үшінші топтың шығыстары бойынша мiндеттемелердi тіркеу мемлекеттік мекеме мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн мемлекеттiк мекеме жүргiзгеннен кейiн, ал төртiншi топтың - ҚҰБ-ның оң қорытындысы бар банктер-қатысушылар арасында бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi конкурсты өткізгеннен, және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн басталады.
Мемлекеттiк сатып алу жөніндегi рәсімдерге дайындалу кезiнде конкурстың мiндеттi шарттарының құрамына рәсiмдердің қатысушыларына сатып алынатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ұсынылатын бағалардың негiзi туралы талаптар енгiзiлуi тиiс.
89. Мемлекеттiк сатып алуға арналған тендердiң нәтижелерi бойынша мемлекеттiк мекеме мынадай талаптарды әкеле отырып, берiлген рұқсаттың шегiнде тиiстi тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiлермен шарт жасасады:
шарт бойынша міндеттемелердің қатысушылары;
тараптардың толық атауы және мекен-жайлары;
бюджеттiк бағдарламаның атауы;
шарт жасасу мәнi;
міндеттемелердi бөлшектеп атқаруға жол бермеу туралы шарттар;
тараптардың міндеттемелерiн атқару нәтижелерiн кiм қабылдайтыны;
мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын атқару мүмкiндiктерi туралы;
міндеттемелердi атқару барысы туралы ақпаратты беру туралы;
мiндеттемелердi атқарудың бiр қалыптылығын талап ету;
ақшалай мiндеттемелердiң мөлшерi;
төлемдер мен есептемелердi жүзеге асыру тәртiбi және тәсілдерi;
Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бұдан әрi - СТН), жеке бiрегей коды, банктік бiрегей коды және тараптардың толық мекен-жайы;
шарт бойынша мiндеттемелердi атқару күнi немесе ол атқарылуы тиiс уақыт кезеңi, бұл ретте шарт бойынша міндеттемелердi атқару мерзімдерi бюджеттiк бағдарлама паспортында көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаның кiшi бағдарламасы және бюджеттiк бағдарламаларды орындау нәтижелерi бойынша iс-шараларды iске асыру мерзімдеріне сәйкес келуi тиiс;
шарт бойынша мiндеттеменi орындау орны;
шарт шеңберiнде сатып алынатын тауарлардың құны (бұдан әрi - Шарт сомасы), валютада немесе Өтiнiмнiң жалпы сомасының пайыздарында алдына ал төлеу мөлшерiн көрсете отырып, ақы төлеудiң схемасы және шарты;
сандық (табиғи) және құндық түрде орындалатын жұмыстар мен қызметтердiң көлемi. Құндық түрде орындалатын жұмыстар мен қызметтердiң айлар бойынша көлемдерi тиiстi бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларындағы көрсетілген сомаларға сәйкес келуi тиiс;
шарттың ережелерiн орындау үшін тараптардың жауапкершілігі;
орындалған жұмыстардың (берулердiң, көрсетілген қызметтердің) кесiмiн мiндеттi жасауды көздейтiн шарт;
тараптардың оның шарттарын орындамау кезiндегi iс-әрекетi және шарттың екiншi тарапының айыппұл мен өсiмақыны бюджетке есептеуi.
90. Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
кредит берушi - Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергіліктi атқарушы органдар;
бюджеттiк несие - мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық жағдайларында тиiстi бюджеттерден кредит берушiлер ұсынатын ақшалар;
заемшы - банк-заемшы немесе түпкi заемшы;
банк-заемшы - банктiк операциялардың жеке түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар, түпкi заемшыларды одан әрi несиелендiру үшiн тиiстi бюджеттерден бюджеттiк кредит алатын екiншi деңгейдегi банк немесе ұйым;
түпкi заемшы - банк-заемшы арқылы бюджеттік кредит алатын заңды немесе жеке тұлға.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің (жергiлiктi атқарушы органның) актiсiне республикалық бюджет туралы заңға және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешiмiне сәйкес қайтарымды негiзде бюджеттен жеке және заңды тұлғаларды, төмен тұрған бюджеттердi қаржыландыру үшін тағайындалған бюджеттік бағдарламалар бойынша төртiншi топтың (бұдан әрi - кредит алушылар) мiндеттемелерiн тiркеу үшiн Қаржы министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдар арасында шарт жасалады, ал банктер-қатысушылар арасындағы конкурстың нәтижелерi бойынша:
кредиторлар мен банктер-заемшылар;
банктер-заемшылар және түпкі заемшылар арасында шарт жасалады.
Бюджеттiк кредит беру оларды түпкi заемшыларға кейіннен бере отырып банк-заемшыларға бюджеттік кредит беру жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың кредиттерін банк-заемшыларға беру жөнiндегi рәсімдер осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет ақшаларының есебiнен бюджеттік кредиттер беру туралы шарттар (келiсiмдер) жасасу Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
Жергiлiктi бюджет ақшаларының есебiнен бюджеттiк кредиттер беру туралы шарттар (келiсiмдер) жасасу жергілiктi атқарушы орган атынан әкiм немесе оларды ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
Кредитор мен кредит алушы арасындағы шартта мыналар:
шарт бойынша мiндеттеменiң қатысушылары - кредитор және кредит алушы;
толық атауы, СТН, және тараптардың мекен-жайы;
бюджеттiк бағдарламаның атауы;
шарт жасасудың мақсаты;
ақшалай мiндеттеменiң (кредиттiң) мөлшерi;
кредит валютасы;
кредит беру нысаны;
сыйақы ставкасы;
борыштың негiзгi сомасын өтеу мерзiмi;
борыштың негiзгi сомасын өтеу кестесi және сыйақы;
міндеттемелердi кредит алушылардың мерзiмiнен бұрын пайдалану мүмкiндiгi туралы;
кредит қайтарымдылығын қамтамасыз ету;
борыштың негiзгi сомасын өтеу және сыйақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiк кезеңiнiң болуы (болмауы);
кредиттi қамтамасыз ету (кепiл түрi);
шарт талаптарын орындағаны үшін тараптардың жауапкершiлiгi;
оның талаптарын тараптар орындамаған кезде iс-әрекеттер және айыппұл мен шарттың екiншi тарабының өсiмiн есептеу ескерiледi.
Бұл ретте:
бюджеттік бағдарламаның атауы, шарт жасасудың мақсаты, ақшалай міндеттемелердің (кредиттің) мөлшерi паспортқа сәйкес көрсетіледі;
бюджеттік кредиттің мөлшері абсолюттiк шамада қалай болса, сомада да, шетелдік валютадағы баламалы анықталған сомада айқындалуы мүмкін;
кредит валютасы ұлттық валютада айқындалады;
кредит беpy нысаны төлемдердi жүзеге асыру тәсiлiне және тәртiбiне тәуелдi болады;
бюджеттiк кредиттер тiркелмеген (құбылмалы), және сыйақының тiркелген ставкасы болып берiлуi мүмкiн;
тиiстi тоқсанға арналған ұлттық валютадағы сыйақының ставкасы ұлттық валютада Қаржы министрлiгi эмиссиялаған орта мерзімдi мемлекеттік индекстелмейтiн бағалы қағаздар бойынша табыстылығы ұйымдасқан бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы операциялардың нәтижесi бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан орташа өлшемдік ставкаға тең болып белгіленедi;
тиiстi тоқсанға арналған шетелдiк валютадағы сыйақылардың ставкасы шетелдiк валютада Қаржы министрлiгi эмиссиялаған орта мерзiмдi мемлекеттік индекстелмейтiн бағалы қағаздар бойынша табыстылығы ұйымдасқан бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы операциялардың нәтижесi бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан орташа өлшемдік ставкаға тең болып белгіленедi.
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен кредит бойынша жоғарыда аталған шарттың талаптары жергілікті атқарушы органдардың шешімдерiмен жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiмен анықталады.
Мемлекеттiк мекемелердi қайта ұйымдастыру және тарату кезiнде құқық мирасқорлары Қаржы министрлiгiнiң органдарында тiркелген шартқа өзгерiстер енгiзуге өтiнiм бередi.
91. Шарттың сомасы мемлекеттiк мекеменiң қабылдаған мiндеттемелерiн және жылдың басталуынан тиісті айдағы керi қайтаруды шегерiп тастағаннан кейiн және Қазақстан Республикасы Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесi шығыстарының бюджеттiк жіктемесінің тиiстi кодтары бойынша мемлекеттiк мекемелерге бөлiнген рұқсаттардың мөлшерінен аспауы тиiс.