ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 77-1-тармақпен толықтырылды
77-1. Экспортер/импортер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, капитал қозғалысымен байланысты операцияларды тіркеуді жүзеге асыру үшін мынадай жағдайларда тиісті шаралар қабылдауға міндетті:
1) экспорт ақша түсімі түскен, оның ішінде вексель бойынша төлем жасалған күннен бастап 120 күнтізбелік күннен асатын мерзімде Қазақстан Республикасының аумағында тауардың кедендік ресімделуінің жүзеге асырылмауы;
2) импорт келісім-шарты бойынша тауар жеткізілген күннен бастап 120 күнтізбелік күннен асатын мерзімде төлем жасалмауы.
78. Экспортер/импортер уәкiлеттi банкке осы Нұсқаулықтың 74-тармағында атап көрсетiлген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ капиталдың қозғалысымен байланысты операцияға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы және/немесе тiркеу куәлiгi ұсынылмаған жағдайда уәкiлеттi банк осы фактiлер туралы осы сыртқы сауда келiсiм-шарты бойынша мәмiле паспортын ресiмдеген кеден органына хабарлауға мiндеттi.
79. Ақпарат тасымалдаушыларды оларға жазылған ақпаратпен қоса (магнит дискiлердi, магнит таспаларды, компакт-дискiлердi, флоппи-дискiлердi, қағазға шығарылған ақпарат тасымалдаушыларын және т.б.) Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелген және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге әкеткен кезде мәмiле паспорты ақпараттың өзiнiң және оның тасымалдаушысы құнының сомасына ресiмделедi.
80. Лизинг (қаржылай жалға алу) шарттары бойынша мәмiле паспорты әкелiнетiн жабдықтың жүк кеден декларациясында мәлiмделген құнына ресiмделедi.
81. Экспортер/импортер есеп айырысулар әлi де аяқталмаған келiсiм-шарт бойынша мәмiле паспортын жоғалтқан жағдайда мәмiле паспортының көшiрмесi осы Нұсқаулықтың 3-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен экспортердiң/импортердiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде ресiмделедi. Осыған орай экспортердiң/импортердiң осы Нұсқаулықтың 3-бөлiмiнде көзделген құжаттарды ұсынуы талап етiлмейдi. Мәмiле паспортының көшiрмесi кеден органының құжаттарындағы және уәкiлеттi банктiң iсiндегi мәмiле паспорты түпнұсқаларының дәл көшiрмесi болуы тиiс. Мәмiле паспортының көшiрмесiн ресiмдеу кезiнде кеден органы "Көшiрме" деген белгi қояды.
Мәмiле паспортына қосымша парақтың көшiрмесi жоғалған жағдайда ол мәмiле паспортының көшiрмесiн ресiмдеу сияқты ресiмделедi.
10. Банктердiң осы Нұсқаулықты бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi
82. Осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзғаны үшiн банктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
83. Банктердiң осы Нұсқаулықтың нормаларын жүйелi түрде бұзғаны үшiн валюталық бақылау органдары өз өкiлеттiктерi шегiнде санкциялар қолдануға құқылы.
11. Экспортерлер мен импортерлердiң
осы Нұсқаулықты бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi
84. Экспортер/импортер расталғаннан кейiнгi мәмiле паспортына түзету енгiзгенi немесе банктiң жауапты қызметкерiнiң қолын және/немесе банктiң мөрiн және кеден органының лауазымды адамының қолы мен оның мөрiн жалған жасағаны үшiн, мәмiле паспортында көрсетiлген тауарға сәйкес келмейтiн тауарды республикаға әкелгенi немесе одан тысқары жерлерге әкеткенi, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың талаптарын сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының кеден, әкiмшiлiк және қылмыстық заңдарына сәйкес жауап бередi.
12. Экспортер, импортер қызметкерлердiң және валюталық бақылау
органдары мен агенттерiнiң лауазымды адамдарының
осы нұсқаулық талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi
85. Экспортерлердiң, импортерлердiң жауапты қызметкерлерi және валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң лауазымды адамдары осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкiмшiлiк және азаматтық-құқықтық жауап бередi.
86. Валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң лауазымды адамдары валюталық бақылау қызметiн орындаған кезде өздерiне белгiлi болған ақпаратты жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттiк кiрiс министрi | Ұлттық Банкiнiң Төрағасы
|
З. Кәкімжанов | Г. Марченко
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2001 жылғы
5 қыркүйектегі N 343 қаулысымен
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің
2001 жылғы 10 қазандағы N 1409
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
N 1 қосымша
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда
Экспорт жөніндегі мәміле паспорты N 11 (12) __________
___________________ ж.
ЭКСПОРТЕР БАНКТІҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Атауы ____________________________________________________________________
Филиалы __________________________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________________
Салық тіркеу нөмірі (СТН) ________________________________________________
Банктің (банк филиалының) ОКПО коды ______________________________________
ЭКСПОРТЕРДІҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Атауы ____________________________________________________________________
ОКПО коды ________________________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________________
Банктік есепшотының нөмірі _______________________________________________
Салық тіркеу нөмірі (СТН) ________________________________________________
Салық органының мекен-жайы _______________________________________________
ҮШІНШІ ТҰЛҒАНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Атауы ____________________________________________________________________
ОКПО коды ________________________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________________
Банктік есепшотының нөмірі _______________________________________________
Салық тіркеу нөмірі (СТН) ________________________________________________
Салық органының мекен-жайы _______________________________________________
ШЕТЕЛДІК САТЫП АЛУШЫНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Атауы ____________________________________________________________________
Ел ______________________________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________________
Сатып алушының банктік деректері _________________________________________
ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ ТАЛАПТАРЫ
Нөмірі ____________________________ Соңғы күн___________________________
Күні _______________________________ Төлем валютасы______________________
Контракт сомасы_____________________ Төлем валютасының коды______________
Тауар_______________________________ Есеп айырысу нысаны ________________
Келісім-шарт бойынша валюта_________
Келісім-шарт бойынша валюта коды____
Валюталық ескертпе__________________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЛИЦЕНЗИЯСЫ
Лицензияның нөмірі ______________________ Күні _________________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТІРКЕУ КУӘЛІГІ
Тіркеу куәлігінің нөмірі ______________________ Күні _________________
УӘКІЛЕТТІ АДАМДАРДЫҢ ҚОЛЫ:
Банктің атынан Экспортердің атынан Кеден органы Үшінші тұлға
лауазымы __________ лауазымы __________ атынан атынан
аты-жөні (қолы)____ аты-жөні (қолы)____ лауазымы ____ лауазымы ______
М.о. М.о. аты-жөні (қолы)__ аты-жөні (қолы)
күні ______________ күні ____________ М.о. ______
күні _____________ М.о.
күні ________
Үшінші тұлғаның банкі атынан
лауазымы ___________
аты-жөні (қолы)_____
М.о.
күні _______________
БАНКТІҢ, КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мәміле паспортын ресімдеу
ЕРЕЖЕ
"Экспорт жөніндегі мәміле паспорты" - қисық сызықпен белгіленген төрт бөліктен тұратын мәміле паспортының күрделі коды көрсетіледі:
бірінші бөлігі екі араб санынан тұрады, оның "1" деген бірінші саны осы экспорт жөніндегі мәміле паспортының тауар экспортынан келіп түскен валюта түсіміне валюталық бақылау жасауға арналған, ал "1" деген екінші саны мәміленің осы паспорты бойынша алдын ала төлем жасайтын орны немесе "2" - тауардың кедендік ресімделгенін білдіреді,
екінші бөлігі жүк кедендік ресімдеуді реттейтін нормативтік құқықтық актілермен белгіленген кеден органының кодын құрайтын сегіз саннан тұрады,
үшінші бөлігі үш саннан тұрады, оған ағымдағы жылдың соңғы үш саны қойылады;
төртінші бөлігі нүктесі бар нольден тұрады, одан кейін журналға сәйкес осы экспорт жөніндегі мәміле паспортының рет нөмірі қойылады (мысалы, 11/00000000/000/0,12).
"Экспорт жөніндегі мәміле паспорты" бағанының астына кеден органы экспорт жөніндегі "шығыс" журналының бағанына оның тіркелу күнін көрсетеді (N 3 қосымша).
"Экспортер банктің деректемелері" бөлімі мынадай түрде толтырылады.
"Атауы" деген бағанға осы экспорт жөніндегі мәміле паспортына қол қойған банктің атауы толық көрсетіледі.
"Филиал" деген бағанға экспортердің есепшоты жүргізілетін филиалдың толық аты көрсетіледі, бұдан әріде экспорт жөніндегі мәміле паспортының "есепшот нөмірі" бағанында көрсетіледі. Көрсетілген есепшот банк филиалында жүргізілген жағдайда ғана толтырылады.
"Мекен-жайы" деген бағанға экспортер шотын жүргізуші банктің (немесе экспортердің есепшоты банк филиалында жүргізілсе, банк филиалының) толық почталық мекен-жайы көрсетіледі.
"СТН" бағанында Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес экспортердің банкіне (банктің филиалына) берілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
"ОКПО коды" деген бағанда мемлекеттік статистика органдары берген экспортер банктің сегіз таңбалы коды не "филиал" деген бағанда көрсетілген банк филиалының он екі таңбалы коды көрсетіледі.
"Экспортердің деректемелері" бөлімі мынадай түрде толтырылады:
"Атауы" деген бағанда мәміле паспортына қол қойған экспортердің толық ресми атауы көрсетіледі.
"ОКПО коды" деген бағанда мәміле паспортына қол қойған экспортер банктің мемлекеттік статистика органдары берген сегіз таңбалы коды көрсетіледі.
"Мекен-жайы" деген бағанда экспорт жөніндегі мәміле паспортына қол қойған экспортердің толық почталық мекен-жайы көрсетіледі.
"Банк есепшотының нөмірі" деген бағанда мәміле паспортына қол қойған экспортердің осы мәміле паспортында көрсетілген келісім-шарт бойынша валюталық түсім түсуі тиіс валюталық есепшотының нөмірі көрсетіледі.
СТН бағанында Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес экспортерге берілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
"Салық органының мекен-жайы" деген бағанда экспортердің тіркелген жері бойынша салық органдарының мекен-жайы көрсетіледі.
"Үшінші тұлғаның деректемелері" бөлімі үшінші тұлға төлеуші-резиденттің қатысуымен мәміле паспорты (мәміле паспортына қосымша парақ) ресімделген жағдайда "Экспортердің деректемелері" бөлімі сияқты толтырылады:
"Шетелдік сатып алушының деректемелері" бөлімі мынадай түрде толтырылады:
"Атауы" деген бағанда осы мәміле паспорты негізінде жасалған келісім-шартта көрсетілген түрде экспортталатын тауарларды шетелдік сатып алушының атауы көрсетіледі.
"Ел" деген бағанда осы мәміле паспорты негізінде жасалған келісім-шарттарға сәйкес сатып алушы тұратын елдің атауы көрсетіледі.
"Мекен-жайы" деген бағанда осы экспорт жөніндегі мәміле паспорты негізінде келісім-шарттың талаптарына сәйкес шет ел сатып алушысының заңды мекен-жайы көрсетіледі.
"Сатып алушы банктің деректемелері" деген бағанда шет ел сатып алушысына қызмет көрсететін шетелдік банктің мекен-жайы мен деректемелері көрсетіледі.
Осы бағанда көрсетілетін мәліметтер шетелдік тараптың өзге банктік деректемелері арқылы ресімделген мәміле паспорты бойынша ақшалай қаражатты аударған кезде төлемді бірегейлендіруден бас тартуға негіз бола алмайды.
"Келісім-шарттың деректемелері мен шарттары" бөлімі мынадай түрде толтырылады:
"Нөмірі" деген бағанда осы экспорт жөніндегі мәміле паспорты негізінде жасалған келісім-шарттың нөмірі көрсетіледі.
"Күні" деген бағанда келісім-шартқа қол қойылған күні көрсетіледі.
"Келісім-шарт сомасы" деген бағанда осы келісім-шартқа сәйкес экспортталатын тауарлардың жалпы құны көрсетіледі. Егер келісім-шарт бойынша бағдарлы бағасы белгіленген тауарды жеткізу көзделсе, онда мәміле паспортында белгіленген жеткізілім көлемін бағдарлы бағасына көбейту арқылы есептелген келісім-шарт сомасы, сонымен бірге "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде бағдарлы бағалар мен келісім-шарттың нақты сомасы мәміле паспортында көрсетілген сомадан асып кетуі не кем болуы мүмкін екендігі көрсетіледі.
"Тауар" деген бағанда келісім-шарт бойынша тауардың аты көрсетіледі. Тауардың бірнеше атауы атап көрсетілгенде оларды үтір арқылы бөліп, не мәміле паспортын рәсімдеу үшін көзделген тәртіпке сәйкес тауарға тізбесімен қоса көрсету керек.
"Келісім-шарт бойынша валюта" деген бағанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің "Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі туралы" нұсқаулығы негізінде республикалық кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес келісім-шарт сомасы белгіленген валюта атауы көрсетіледі.
"Келісім-шарт бойынша валюта коды" деген бағанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің "Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі туралы" нұсқаулығы негізінде республикалық кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес келісім-шарт бойынша валюта коды көрсетіледі.
"Валюталық ескертпе" деген бағанда келісім-шарт бойынша валюта төлеміне валюта бағамын есептеу тәсілі көрсетіледі ("Келісім-шарт бойынша валюта" мен "Төлем валютасы" сәйкес келмегенде ғана толтырылады).
"Соңғы күн" деген бағанда осы экспорт бойынша мәміле паспорты негізінде жасалған келісім-шарт бойынша соңғы төлем экспортердің валюта есепшотына келіп түскен есеп айырысу күні көрсетіледі. "Соңғы күнді" экспортер келісім-шарт талаптары бойынша тауарды тиеудің рұқсат етілген болжанған соңғы кедендік ресімдеу күніне келісім-шарт шартына сәйкес тауар экспортының күніне есептелген экспорт түсімінің келіп түскен күнін қосу арқылы өз бетінше есептейді. Егер келісім-шартта оның қолданылу мерзімінің аяқталу күні тікелей көрсетілсе, онда бұл бағанда келісім-шарттың қолданылу мерзімнен ұзақтау мерзім көрсетілуі мүмкін.
"Төлем валютасы" деген бағанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің "Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі туралы" нұсқаулығы негізінде республикалық кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес экспортталатын тауардың төлемі жасалатын валютаның аты көрсетіледі.
"Төлем валютасының коды" деген бағанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінің "Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі туралы" нұсқаулығы негізінде республикалық кеден органдары қолданатын валюталар жіктеушісіне сәйкес төлем валютасының коды көрсетіледі.
"Есеп айырысу нысаны" деген бағанда келісім-шарттағы талаптарға сәйкес (төменде келтірілген жіктеушіге сай) экспортталатын тауар үшін қолданылатын есеп айырысу нысанының коды көрсетіледі:
Есеп айырысу нысаны Коды
Аванстық төлем
(алдын ала төлеу) 00
аккредетив 10
инкассо 20
аударым 30
басқалары 40
Есеп айырысудың аралас нысаны қолданылуы мүмкін, онда бағанға екі код жазылады.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы" бөлімі экспортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензияларын алған кезде толтырылады.
"Нөмірі" бағанына экспортерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензияның нөмірі көрсетіледі.
"Күні" бағанына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензияда көрсетілген, берген күні көрсетіледі.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігі" бөлімі экспортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркеу куәлігін алған кезде мынадай түрде толтырылады:
"Нөмірі" бағанына экспортерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетіледі.
"Күні" бағанына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігінде көрсетілген берілген күні көрсетіледі.
"Уәкілетті адамдардың қолдары" бөлімі мынадай түрде толтырылады:
Экспорт жөніндегі мәміле паспортының үш данасы (лауазымы, аты-жөні көрсетіліп):
кеден органының атынан - кеден органының атынан мәміле паспортына қол қоюға және валюталық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өзге де іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адам;
банктің атынан - мәміле паспортын ресімдеуді жүзеге асыратын банктің жауапты қызметкері;
экспортердің атынан - экспортердің басшысы;
үшінші тұлғаның атынан - үшінші тұлғаның басшысы.
Экспорт бойынша мәміле паспортының барлық даналары кеден органының, банктің, экспортердің және қажет болған жағдайда үшінші тұлғаның мөрлерімен бекітіледі.
"Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде
Мәміле паспортының бағандарында көрсетілмеген, бірақ осы Нұсқаулықта көзделген немесе валюталық бақылау органдарының және агенттерінің жұмысын жеңілдететін мәліметтер көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2001 жылғы
5 қыркүйектегі N 343 қаулысымен
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрінің
2001 жылғы 10 қазандағы N 1409
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
экспорт-импорт валюта бақылауын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа
N 2 қосымша
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 2-қосымша жаңа редакцияда
Импорт жөніндегі МӘМІЛЕ ПАСПОРТЫ N 21, (22) __________
___________________ ж.
БАНКТІҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Атауы __________________________________________________________________
Филиалы ________________________________________________________________
Мекен-жайы _____________________________________________________________
Салық тіркеу нөмірі (СТН)_______________________________________________
Банктің (банк филиалының) ОКПО коды ____________________________________
ИМПОРТЕРДІҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Атауы __________________________________________________________________
ОКПО коды ______________________________________________________________
Мекен-жайы _____________________________________________________________
Банктік есепшотының нөмірі _____________________________________________
Салық тіркеу нөмірі (СТН) ______________________________________________
Салық органының мекен-жайы _____________________________________________
ҮШІНШІ ТҰЛҒАНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Атауы __________________________________________________________________
ОКПО коды ______________________________________________________________
Мекен-жайы _____________________________________________________________
Банктік есепшотының нөмірі _____________________________________________
Салық тіркеу нөмірі (СТН) ______________________________________________
Салық органының мекен-жайы _____________________________________________
ШЕТЕЛДІК ӘРІПТЕСТІҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Атауы __________________________________________________________________
Ел _____________________________________________________________________
Мекен-жайы _____________________________________________________________
Шетелдік әріптестің банкінің деректері _________________________________
ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ ТАЛАПТАРЫ
Нөмірі ______________________________ Соңғы күн _______________________
Күні ________________________________ Төлем валютасы __________________
Контракт сомасы______________________ Төлем валютасының коды __________
Тауар________________________________ Есеп айырысу нысаны _____________
Келісім-шарт бойынша валюта__________
Келісім-шарт бойынша валюта коды_____
Валюталық ескертпе___________________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЛИЦЕНЗИЯСЫ
Лицензияның нөмірі ______________________ Күні _________________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТІРКЕУ КУӘЛІГІ
Тіркеу куәлігінің нөмірі ______________________ Күні _________________
УӘКІЛЕТТІ АДАМДАРДЫҢ ҚОЛЫ:
Банктің атынан Экспортердің атынан Кеден органы Үшінші тұлға
лауазымы __________ лауазымы __________ атынан атынан
аты-жөні (қолы)____ аты-жөні (қолы)____ лауазымы ____ лауазымы ______
М.о. М.о. аты-жөні (қолы)__ аты-жөні (қолы)
күні ______________ күні ____________ М.о. ______
күні _____________ М.о.
күні ________
Үшінші тұлғаның банкі атынан
лауазымы ___________
аты-жөні (қолы)_____
М.о.
күні _______________
БАНКТІҢ, КЕДЕН ОРГАНЫНЫҢ ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Импорт жөніндегі мәміле паспортын ресімдеу
ЕРЕЖЕ
"Импорт жөніндегі мәміле паспорты" бағанына - қисық сызықпен белгіленген төрт бөліктен тұратын мәміле паспортының күрделі коды көрсетіледі:
бірінші бөлігі екі араб санынан тұрады, оның "2" деген бірінші саны осы импорт жөніндегі мәміле паспортының тауар импортынан келіп түскен валюта түсіміне валюталық бақылау жасауға арналған, ал "1" деген екінші саны мәміленің осы паспорты бойынша алдын ала төлем жасайтын орны немесе "2" - тауардың кедендік ресімделгенін білдіреді;
екінші бөлігі жүк кедендік ресімдеуді реттейтін нормативтік құқықтық актілермен белгіленген кеден органының кодын құрайтын сегіз саннан тұрады;
үшінші бөлігі үш саннан тұрады, оған ағымдағы жылдың соңғы үш саны қойылады;
төртінші бөлігі нүктесі бар нольден тұрады, одан кейін журналға сәйкес осы импорт жөніндегі мәміле паспортының рет нөмірі қойылады (мысалы, 21/00000000/000/0.12).
"Импорт жөніндегі мәміле паспорты" бағанының астына кеден органы импорт жөніндегі "шығыс" журналының бағанына оның тіркелу күнін көрсетеді (N 4 қосымша).
"Банктің деректемелері" бөлімі мынадай түрде толтырылады.
"Атауы" деген бағанға осы импорт жөніндегі мәміле паспортына қол қойған банктің атауы толық көрсетіледі.
"Филиал" деген бағанға импортердің есепшоты жүргізілетін филиалдың толық аты көрсетіледі, бұдан әріде импорт жөніндегі мәміле паспортының "банктік есепшот нөмірі" бағанында көрсетіледі. Көрсетілген есепшот банк филиалында жүргізілген жағдайда ғана толтырылады.
"Мекен-жайы" деген бағанға импортер шотын жүргізуші банктің (немесе импортердің есепшоты банк филиалында жүргізілсе, банк филиалының) толық почталық мекен-жайы көрсетіледі.