Поиск 
Найти
Кодексы бесплатно      
<< Назад
Далее >>
Два документа рядом (откл)
Сохранить(документ)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ 05.09.01 Ж. № 343...

Келісілген:

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

2001 жылғы 20 қыркүйек

Қазақстан Республикасында экспорт-импорт

валюта бақылауын ұйымдастыру туралы

Нұсқаулық

Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасында тауарды экспорттаудан шетел валютасымен және теңгемен түсiмнiң толық және уақтылы түсуiн (бұдан әрi валюта түсiмi), сондай-ақ шетел валютасымен және теңгемен валюта қаражатын тауарды импорттау мақсатына пайдаланудың заңдылығы мен негiздiлiгiне экспорт-импорт валюта бақылауын (бұдан әрi - валюта бақылауы) жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.

1. Экспорт-импорт валюта бақылауының мақсаты және бағыттары

1. Валюта бақылауының мақсаты экспорттық түсiмнiң толық және уақтылы түсуiн, сондай-ақ шетел валютасымен және теңгемен қаражатты импорт мақсатына пайдаланудың заңдылығын және негiздiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.

2. Валюта бақылауының негiзгi бағыттары:

1) жүргiзiлетiн экспорт-импорт валюта операцияларының заңға сәйкес келуiн және/немесе қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тиiстi лицензияларын немесе тiркеу куәлiктерiнiң болуын анықтау;

2) төлемдердiң негiздiлiгiн тексеру;

3) экспорт-импорт валюта операциялары жөнiндегi есептiң толық және дұрыс болуын тексеру.

ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді

3. Егер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясында өзге мерзiм белгiленбеген болса, экспортер экспорт түсiмiн тауар экспортталған күннен бастап 120 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде Қазақстан Республикасының уәкiлеттi банктерiндегi өзiнiң есепшоттарына аударуға, ал экспорт түсiмiн алу мүмкiн болмаған жағдайда - бұрын экспортталған тауарды қайтаруға мiндеттi.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тиiстi лицензиясы болса, экспорт түсiмiн экспортердiң шетел банктерi және басқа да қаржы институттары тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар мекемелердегi есепшотына аударуға болады.

Экспорт түсiмi валюта заңдарында белгiленген мерзiмде түспеген жағдайда экспортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясын алу үшiн шаралар қабылдауға мiндеттi.

Экспорт бойынша аванс төлемi экспорт күнiне дейiн 120 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде жасалған жағдайда экспортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу куәлiгiн алуға мiндеттi.

ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді

4. Импортер Қазақстан Республикасына құны тауарға төленген ақша сомасына тең келетiн тауарды әкелуге барлық шараларды қолдануға мiндеттi, ал ол тауар әкелiнбеген жағдайда - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi берген лицензияда өзгеше көзделмеген болса, бұрын аударылған ақшаны келiсiм-шартта белгiленген мерзiмде, бiрақ аударылған күннен бастап 120 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей уәкiлеттi банктегi өзiнiң есепшотына қайтаруы керек.

Тауар валюта заңдарында белгіленген мерзімде жеткізілмеген жағдайда импортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын алу үшін шаралар қабылдауға міндетті. Мұндайда келісім-шартта көзделген талаптар бойынша резидент еместің импортер алдындағы міндеттемелерін нақты орындау күні жеткізу күні болып саналады.

Резидент импорт бойынша тауарға төленетiн ақшаны резидент еместің импортер алдындағы міндеттемелерін нақты орындау күнінен бастап 120 күнтiзбелiк күннен асатын мерзiмде аударған жағдайда импортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу куәлiгiн алуға мiндеттi.

5. Резидент пен резидент емес арасында шетел валютасымен және теңгемен жүргiзiлетiн операциялар бойынша жасалған төлемдер мен ақша аударымы тек олардың банктiк есепшоттары арқылы жүзеге асырылады.

6. Сыртқы экономикалық келiсiм-шарттың әрқайсысы бойынша резиденттiң есепшотын жүргiзiп отыратын бiр банк қол қоятын бiр мәмiле паспорты ресiмделедi, оған кейiннен экспорт түсiмi түсiп отыруға, не импорт бойынша төлем жасалып отыруға тиiс.

7. Резидент-субъектiлердiң экспорт-импорт операциялары бойынша сыртқы экономикалық қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық және кеден органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi тексерiп отырады.

2. Негiзгi ұғымдар

ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 8-тармақ өзгертілді

8. Тауарлардың экспортпен немесе импортпен (бұдан әрi - "тауар экспорты" және "тауар импорты") байланысты валюта операциялары бойынша құжаттарды ресiмдеген кезде осы Нұсқаулықта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

заңды тұлға - Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға құрмай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъект ретiнде тiркелген заңды тұлға (оның ішінде оның филиалы) не жеке тұлға;

банк - банк операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, экспортердiң/импортердiң есепшотына қызмет көрсететiн банк (сондай-ақ оның филиалы), не Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес банк операцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның бөлiмшесi болып табылатын ұйым;

уәкiлеттi банк - экспорт/импорт бойынша мәмiле паспортын ресiмдеген банк, осы паспортпен экспорттық түсiм түсуi/келiсiм-шарт бойынша төлемдер жүргiзiлуi тиіс;

басқа банк - экспортердiң/импортердiң есепшоты ашылған, бiрақ экспорт/импорт бойынша мәмiле паспортын ресiмдемеген банк;

банктiң лауазымды қызметкерлерi - банктiң атынан валюта бақылауын жүргiзу жөнiнде мәмiле паспортына қол қоюға және басқа iс-әрекет жасауға уәкiлдiк берiлген банк қызметкерлерi;

кеден органының лауазымды адамдары - кеден органының атынан валюта бақылауын жүргiзу жөнiнде экспорт/импорт бойынша мәмiле паспортына қол қоюға және басқа iс-әрекет жасауға уәкiлеттiк берiлген кеден органының қызметкерлерi;

банк және кеден органы жүргiзген экспорт/импорт бойынша мәмiле - паспортын салыстырып тексеру нәтижелерi бойынша ресiмделген акт;

валюта бақылауының құжаттары:

экспорт/импорт бойынша мәмiле паспорты және оған қосымша парақтар;

экспорт/импорт бойынша мәмiле паспорты/мәмiле паспортына қосымша парақтар ресiмделетiн не оның жабылуын реттейтiн құжаттар (экспорт-импорт бойынша келiсiм-шарт және оған өзгерiстер және/немесе толықтырулар, осы Нұсқаулықта көзделген басқа да келiсiм-шарттар, басқа да құжаттар);

уәкiлеттi банктер/кеден органдары жiберетiн валюта бақылауына не оның жабылуына мәмiле паспортының қабылданғаны туралы хабарламалар;

экспорт/импорт бойынша мәмiле паспортын салыстырып тексеру актiсi;

экспортер/импортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясының және/немесе тiркеу куәлiгiнiң көшiрмесi;

экспорттық түсiмнiң түсуiн/импорт бойынша төлемдердiң жүргiзiлуiн не олардың экспорт/импорт мәмiле паспорты бойынша қайтарылғанын растайтын төлем құжаттарының көшiрмелерi;

экспортерлер/импортерлер беретiн жүк кеден декларациялары, тауар-көлiк құжаттары, есепшот фактуралары және т.б.;

уәкiлеттi банктiң жасалған төлемдер туралы кеден органдарына жiберетiн хабарламалары, анықтамалары, басқа да құжаттары;

кеден органының Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың нақты ауысуы туралы уәкiлеттi банкке жiберетiн хабарламалары, анықтамалары, басқа да құжаттары;

уәкiлеттi банктiң төлемдердiң түскенi туралы экспортердiң/импортердiң мекен-жайына жiберген хабарламалары.

1) Экспорт бойынша:

экспортер - заңды тұлға - Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге тауар сатуға (шығаруға) келiсiм-шарт (шарт, келiсiм) жасайтын Қазақстан Республикасының резидентi;

экспорт бойынша мәмiле паспорты - осы Нұсқаулықта белгiленген нысанда жасалған валюта бақылауының құжаты, оны экспортер толтырады және онда сыртқы экономикалық мәмiлелер туралы мәлiметтер болады;

экспорт бойынша мәмiле паспортының электронды көшiрмесi - Қазақстан Республикасының Кiрiс министрлiгiнiң тиiстi бұйрығымен бекiтiлген форматқа сәйкес жасалған мәмiле паспортының электронды көшiрмесi;

экспорттау күнi - жүк кеден декларациясының "Д" бағанында көрсетiлген экспорт режимiмен тауар шығарылған күн;

экспорт жөнiндегi құжаттар - кеден органы ресiмдеген әрбiр экспорт жөнiндегi мәмiле паспорты бойынша өз құзыретi шегiнде кеден органы жүргiзетiн валюта бақылауының арнайы iрiктелген құжаттары;

экспорт жөнiндегi iс - уәкiлеттi банк ресiмдеген әрбiр экспорт жөнiндегi мәмiле паспорты бойынша өз құзыретi шегiнде уәкiлеттi банк жүргiзетiн валюта бақылауының арнайы iрiктелген құжаттары;

экспорт жөнiндегi журнал - экспорт бойынша мәмiле паспорттарын, экспорт бойынша мәмiле паспорттарына қосымша парақтарды, уәкiлеттi банктер/кеден органдары валюта бақылауына не оны жабуға жiберетiн экспорт бойынша мәмiле паспортын/қосымша парақты қабылдау туралы хабарламаларды жеке есепке алу үшiн банк пен кеден органы жүргiзiп отыратын журнал;

2) Импорт бойынша:

импортер - заңды тұлға - тауар сатып алуға және Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелуге келiсiм-шарт (шарт, келiсiм) жасайтын Қазақстан Республикасының резидентi;

импорт бойынша мәмiле паспорты - осы Нұсқаулықта белгiленген нысанда жасалған валюта бақылауының құжаты, оны импортер толтырады және онда сыртқы экономикалық мәмiлелер туралы мәлiметтер болады;

импорт бойынша мәмiле паспортының электронды көшiрмесi (бұдан әрi МП электронды көшiрмесi) - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң тиiстi бұйрығымен бекiтiлген форматқа сәйкес жасалған мәмiле паспортының электронды көшiрмесi;

импорттау күнi - жүк кеден декларациясының "7" бағанында көрсетiлген кедендiк ресiмдеуге жүк кеден декларациясын қабылдаған күн;

импорт жөнiндегi құжаттар - кеден органы ресiмдеген әрбiр импорт жөнiндегi мәмiле паспорты бойынша өз құзыретi шегiнде кеден органы жүргiзетiн валюта бақылауының арнайы iрiктелген құжаттары;

импорт жөнiндегi iс - уәкiлеттi банк ресiмдеген әрбiр импорт жөнiндегi мәмiле паспорты бойынша өз құзыретi шегiнде уәкiлеттi банк жүргiзетiн валюта бақылауының арнайы iрiктелген құжаттары;

импорт жөнiндегi журнал - импорт бойынша мәмiле паспорттарын, импорт бойынша мәмiле паспорттарына қосымша парақтарды, уәкiлеттi банктер/кеден органдары валюта бақылауына не оны жабуға жiберетiн экспорт бойынша мәмiле паспортын/қосымша парақты қабылдау туралы хабарламаларды жеке есепке алу үшiн банк пен кеден органы жүргiзiп отыратын журнал.

3. Мәмiле паспортын ресiмдеудiң жалпы шарттары

9. Экспортер/импортер келiсiм-шарт жасалғаннан кейiн, күнi бұрын, тараптардың кез келгенi (резидент немесе резидент емес) келiсiм-шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындауға кiрiскенге дейiн кеден органында және банкте мәмiле паспортын ресiмдеуге мiндеттi.

10. Экспортер/импортер келiсiм-шарт талаптарына (Қазақстан Республикасының аумағында тауардың кедендiк ресiмделуi аяқталғанға дейiн немесе одан кейiн төлем жасауға) қарамастан өз қызметi тiркелген аймақтағы кеден органында мәмiле паспортын ресiмдей бастайды.

11. Экспортер/импортер кеден органына мәмiле паспортының үш данасын бередi. Сонымен бiрге экспортер/импортер экспорт жөнiндегi мәмiле паспортымен қоса кеден органына экспорт жөнiндегi мәмiле паспортын жасауға негiз болған келiсiм-шарттың түпнұсқасын және оның нотариат куәландырған көшiрмесiн және МП электронды көшiрмесiн беруге мiндеттi. Экспорт/импорт бойынша құжаттар жасау үшiн кеден органының жауапты адамы әзiрлеген келiсiм-шарттың түпнұсқасы не оның нотариалды куәландырылған көшiрмесiмен бiрге "көшiрменi растаймын" деген жазумен және жеке нөмiрлi мөрмен расталған көшiрмесiн пайдаланады.

Резидент еместермен факс бойынша келiсiм-шарт жасасқаннан кейiн экспортер/импортер мәмiле паспортын ресiмдеген күннен бастап бiр айдың iшiнде келiсiм-шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшiрмесiн берудi мiндеттей отырып, оның факсимильдi көшiрмесiн кеден органына беруге құқылы. Экспортер/импортер келiсiм-шарттың түпнұсқасын не оның нотариат куәландырған көшiрмесiн бергеннен кейiн кеден органының жауапты адамы экспорт-импорт бойынша мәмiле паспорты жөнiндегi iстi жасау кезiнде бұрын қабылданған факсимильдi көшiрмесiмен салыстырып тексередi және бiрдей болған жағдайда факсимильдi келiсiм-шартты "көшiрмесiн растаймын" деген жазуымен және тиiстi мөрмен растайды.

Келiсiм-шарттың түпнұсқасы мен оның факсимильдi көшiрмесiнiң мәтiндерi сәйкес келмеген жағдайда кеден органы құқық қорғау органдарына осы факт бойынша ақпарат жiбередi.

Экспортердiң/импортердiң экспорт/импорт жөнiндегi мәмiле паспортын ресiмдеуiнiң нысаны мен тәртiбi осы Нұсқаулықтың N 1 және N 2 қосымшаларында келтiрiлiп отыр.

12. Кеден органының жауапты адамы құжатты өткiзген күндi есептемегенде екi жұмыс күнi iшiнде берiлген құжаттарды қарайды, мәмiле паспорты деректерiнiң келiсiм-шарт талаптарына сәйкес келуiн тексередi және мәмiле паспортын ресiмдеуден бас тартуға негiз болмаса, экспортер/импортер берген мәмiле паспортының даналарына қол қояды.

Кеден органының жауапты адамы қол қойған, оның жеке нөмiрлi мөрiмен куәландырылған мәмiле паспортының бiрiншi данасы экспортерге/импортерге қайтарылып, экспорт/импорт жөнiндегi журналдың "шығыс" деген бағанында көрсетiледi. Экспорт/импорт жөнiндегi журналдың нысаны осы Нұсқаулықтың N 3 және 4 қосымшаларында келтiрiлiп отыр.

Мәмiле паспортының екiншi данасы кеден органының экспорт/импорт жөнiнде құжаттар ашуына негiз болады.

Кеден органы мәмiле паспортының үшiншi данасын ресiмдеу күнiнен кейiнгi күннен кешiктiрмей банкке жiбередi, ол экспорт/импорт жөнiнде iс ашуға негiз болады.

13. Экспортер/импортер кеден органынан мәмiле паспортының бiр данасын алғаннан кейiн тез арада банкке кеден органында ресiмделген келiсiм-шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшiрмесiн, мәмiле паспортын және банктiң талап етуi бойынша оның электронды көшiрмесiн беруге мiндеттi.

Резидент еместермен факс бойынша келiсiм-шарт жасасқаннан кейiн экспортер/импортер мәмiле паспортын ресiмдеген күннен бастап бiр айдың iшiнде келiсiм-шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшiрмесiн берудi мiндеттей отырып, оның факсимильдi көшiрмесiн банкке беруге құқылы. Экспортер/импортер келiсiм-шарттың түпнұсқасын не оның нотариат куәландырған көшiрмесiн бергеннен кейiн банктiң жауапты қызметкерi экспорт-импорт бойынша мәмiле паспорты жөнiндегi iстi ресiмдеу кезiнде бұрын қабылданған факсимильдi көшiрмесiмен салыстырып тексередi және бiрдей болған жағдайда факсимильдi келiсiм-шартты "көшiрмесiн растаймын" деген жазумен және тиiстi мөрмен растайды.

Келiсiм-шарттың түпнұсқасы мен оның факсимильдi көшiрмесiнiң мәтiндерi сәйкес келмеген жағдайда банк құқық қорғау органдарына осы факт бойынша ақпарат жiбередi.

14. Банктiң жауапты қызметкерi құжаттарды өткiзген күндi есептемегенде екi жұмыс күнi iшiнде экспортер/импортер берген құжаттарды қарайды (экспортердiң/импортердiң есепшотының бар-жоғын, экспорт/импорт мәмiле паспортындағы қойылған қолдар мен мөрлердiң экспортердiң/импортердiң есепшоттары бойынша бiрiншi болып қол қою құқығы бар адамдардың қойған қолдары мен мөрлерiнiң үлгiлерi бар құжаттағы қолдың үлгiсiне сәйкес келуiн, кеден органынан келiп түскен мәмiле паспортындағы деректердiң экспортер/импортер берген мәмiле паспортына сәйкес келуiн тексередi). Мәмiле паспортын ресiмдеуде алшақтық жоқ болып, оны ресiмдеуден бас тартарлық негiз болмаса, банктiң жауапты қызметкерi экспортер/импортер берген және кеден органы берген мәмiле паспортының данасына қол қойып, мөр басады да оны экспортерге/импортерге қайтарып бередi, осыдан кейiн бiр данасын экспортерге/импортерге қайтарады әрi экспорт/импорт бойынша iс ашады және келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей кеден органына мәмiле паспортының валюталық бақылауға алынғанын растайтын тиiстi хабарлама жiбередi. Жауапты қызметкер банк мәлiметтерi базасына мәмiле паспортының деректерi туралы ақпарат енгiзедi.

Берiлген құжаттарда алшақтықтар болған жағдайда не мәмiле паспортын ресiмдеуден бас тарту үшiн негiздемелер бар болса банк келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей кеден органына мұндай фактi жөнiнде жазбаша хабарлайды және мәмiле паспортын ресiмдеуге қабылдамайды. Хабарлау нысаны еркiн жазылады.

15. Кеден органы мәмiле паспортының валюта бақылауына қабылдау туралы банктiң хабарламасын алғаннан кейiн деректер базасына ақпарат енгiзедi, кеден заңдарына сәйкес осы мәмiле паспорты бойынша тауарларды кедендiк ресiмдеуден өткiзедi.

Кеден органы мәмiле паспортының валюта бақылауына қабылданбағаны туралы банктiң хабарламасын алған жағдайда бұл мәмiле паспортын ресiмдеуге қабылдамайды.

ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 16-тармақ өзгертілді

16. Мына төмендегi шарттардың тiптi бiреуiн орындамаған болса кеден органы және/немесе банк үшiн мәмiле паспортына қол қоюдан бас тартуға негiз болады:

1) келiсiм-шарттағы деректер экспорт жөнiндегi мәмiле паспортында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмесе;

2) келiсiм-шартта Қазақстан Республикасы валюта заңдарының талаптарына қайшы келетiн талаптар болса;

3) мәмiле паспорты белгiленген талаптарды бұза отырып ресiмделсе;

4) келiсiм-шартта осы Нұсқаулықта белгiленген тәртiппен "Келiсiм-шарттың деректемелерi мен шарттары" бөлiмiне сәйкес (N 1 және 2 қосымшалар) мәмiле паспортын ресiмдеуге қажеттi қандай да бiр мәлiметтер болмаса;

5) төлем нысаны ретiнде құжаттамалық аккредитив көзделген немесе резидент еместiң мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету ретiнде банктiк кепiлдiк берiлген жағдайларды қоспағанда келiсiм-шартта тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткеннен кейiн ол төленбеген жағдайда, экспорттық келiсiм-шарт бойынша тиелген тауарды қайтарудың нақты мерзiмiн белгiлейтiн талаптардың келiсiм-шартта болмаса;

6) төлем нысаны ретiнде құжаттамалық аккредитив көзделген немесе банктiк кепiлдiк берiлген жағдайларды қоспағанда келiсiм-шартта тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейiн төлем жасау көзделген жағдайда, тауарды жеткiзбеген кезде импортталатын тауарға төлем жасауға аударылған ақшаны қайтарудың нақты мерзiмiн белгiлейтiн талаптардың келiсiм-шартта болмаса;

7) экспортердiң/импортердiң қойған қолдары және мөрлерi экспортердiң/импортердiң есепшоты бойынша бiрiншi қол қою құқығы бар адамдардың қолдарының үлгiлерiмен бiрге құжаттағы қол қою және мөрдiң үлгiлерiмен сәйкес келмесе, сондай-ақ экспортердiң/импортердiң есепшоты болмаса;

8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясының және/немесе тiркеу куәлiгiнiң болу талабы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайда ол болмаса.

17. Мәмiле паспортына қол қоюдан дәлелдi бас тартқан кезде кеден органы немесе банк экспортерге/импортерге ол берген құжаттарды қайтарады және/немесе оған мәмiле паспортын ресiмдеу және/немесе келiсiм-шарт талаптарына тиiстi өзгерiстер енгiзу не мәмiле паспортын ресiмдегенге дейiн заңның басқа талаптарын орындау жөнiнде ұсыныстар бередi.

Экспортердiң/импортердiң талабы бойынша кеден органы немесе банк одан бас тартатыны жөнiнде және жоғарыда көрсетiлген ұсыныстарды жазбаша беруге мiндеттi.

18. Мәмiле паспортына қол қойғанда:

Экспортер:

1) экспорт бойынша мәмiле паспортында келтiрiлген мәлiметтердiң экспорт бойынша осы мәмiле паспорты негiзiнде жасалған келiсiм-шарт талаптарына толық сәйкес келуiне;

2) осы Нұсқаулықтың 62-тармағында белгiленген талаптардың орындалуына жауап беретiн болады.

Импортер:

1) импорт бойынша мәмiле паспортында келтiрiлген мәлiметтердiң импорт бойынша осы мәмiле паспорты негiзiнде жасалған келiсiм-шарт талаптарына толық сәйкес келуiне;

2) осы Нұсқаулықтың 62-тармағында белгiленген талаптардың орындалуына жауап беретiн болады.

19. Келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмi келгенде экспортер/импортер кеден органы мен уәкiлеттi банк қол қойып, мөр қойып куәландырылған мәмiле паспортының бiр данасын және басқа қажеттi құжаттарды тiкелей кеден органына (тауарды кедендiк ресiмдегенде) не уәкiлеттi банкке (төлем жасағанда) көрсетедi.

20. Импортер импорттық келiсiм-шартқа төлем жасау үшiн төлем құжаттарын импорт бойынша мәмiле паспорты мен шетелдiк әрiптеспен жасалған келiсiм-шарт негiзiнде ресiмдейдi.

21. Банктiк төлем құжаттарына енгiзiлген деректердi банк импорт жөнiндегi мәмiле паспортының және келiсiм-шарттың деректерiмен салыстырып тексередi.

22. Импорт бойынша мәмiле паспортындағы, келiсiм-шарттағы және төлем құжатындағы мәлiметтер сәйкес келген жағдайда банктiң жауапты қызметкерi импорт бойынша келiсiм-шартқа төлем жасау үшiн банктiк құжатқа рұқсат визасын қояды.

23. Егер ресiмделiнетiн экспорт-импорт мәмiлесi тараптардың бiреуi келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелердi нақты орындаған күннен бастап 120 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде ақшаның түсуiн немесе ақша аударуды не тауардың түсуiн немесе тауардың тиелуiн көздейтiн болса, экспортер/импортер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес мәмiле паспортын ресiмдегенге дейiн көшiрмелерi мәмiле паспортының мiндеттi қосымшалары болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тиiстi лицензиясын және/немесе тiркеу куәлiгiн алуға мiндеттi.


Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрінің Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 10 қазан 2001 жылғы 5 қыркүйектегі
N 1409 бұйрығымен N 343 қаулысымен
бекітілген бекітілген