3) тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы нақты қозғалысы туралы айына бiр рет, келiсiлген мерзiмде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ақпарат ұсынады (N 5 және N 6 қосымшалары);
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен және кеден органдарынан бұрын алынған ақпарат бойынша Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын бұзған экспортерлердi/импортерлердi жауапкершiлiкке тарту жөнiнде iстелген жұмыс туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне келiсiлген тәртiппен ұсынады.
55. Уәкiлеттi банктiң хабарламасын алғаннан кейiн кеден органы түскен экспорт түсiмi, импорт бойынша жасалған төлемдер немесе олардың қайтарылуы туралы ақпаратты мәлiметтердiң электронды базасына енгiзедi және Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының талаптарына сәйкес экспорттық түсiмнiң уақтылы әрi толық түсуiн және келiсiм-шарттың талаптарына сәйкес тауардың импорт бойынша жасалған төлемдерге сай келуiн тексередi.
56. Кеден органдары ай сайын, есеп беру айынан кейiнгi айдың 15-не баламасы бес мың АҚШ долларынан аспайтын келiсiм-шарттар, бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне ұсынады (N 10 және N 11 қосымшалары);
57. Кеден органы уәкiлеттi банктердiң валюталық бақылау агенттерiнiң қызметiн ойдағыдай жүзеге асыруы мақсатында уәкiлеттi банктiң өтiнiшi бойынша экспортерлер/импортерлер жiберген/алған тауарлар туралы ақпаратты уәкiлеттi банкке ұсынуға мiндеттi.
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 58-тармақ өзгертілді
58. Уәкiлеттi банктер өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасында экспортерлер мен импортерлердiң жүргiзетiн валюталық операцияларына, осы операциялардың Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиялары мен тiркеу куәлiктерiнiң талаптарына сәйкес келуiне бақылау жасайды.
Уәкiлеттi банк:
1) ай сайын, есеп беру айынан кейiнгi айдың 5-нен кешiктiрмей экспортерлердiң/импортерлердiң мәмiле паспорттары бойынша барлық түскен/аударылған ақша сомалары туралы кеден органына хабар бередi (хабарлама нысаны - N 12 және N 13 қосымшалары);
2) ай сайын, есеп беру айынан кейiнгi айдың 15-нан кешiктiрмей экспорт-импорт валюталық бақылауының нәтижелерi туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ұсынады (N 14, N 15 және N 16 қосымшалары);
3) ай сайын, есеп беру айынан кейiнгi айдың 20-нен кешiктiрмей баламасы бес мың АҚШ долларынан аспайтын келiсiм-шарттар бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ұсынады (N 17 және N 18 қосымшалары).
59. Қажет болған жағдайда, бiрақ тоқсанына бiр реттен жиi емес кеден органы уәкiлеттi банкпен бiрлесiп экспортерлер/импортерлер уәкiлеттi банк пен кеден органына ұсынатын құжаттардың осы Нұсқаулықпен бiрдейлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ уәкiлеттi банктiң ресiмделген мәмiле паспорттары бойынша жасалған төлемдер және түскен ақша сомалары туралы ақпараттың кеден органына уақтылы және шынайы ұсынылуын анықтау үшiн экспортерлер/импортерлер қолданылып жүрген мәмiле паспорттары бойынша қосымша салыстырулар жүргiзуi мүмкiн.
Салыстыру өткiзу туралы лауазымдық тұлға-кеден органының басшысы қол қойған нұсқау негiзiнде кеден органының қызметкерлерi уәкiлеттi банктен экспорт-импорт бойынша нақты мәмiле паспорттары жөнiнде қажеттi деректердi сұратады. Уәкiлеттi банк кеден органына осы Нұсқаулықта көзделген валюталық бақылау құжаттарының толық тiзбесiн ұсынуға мiндеттi. Салыстыру өткiзген кезде уәкiлеттi банк ресiмделген мәмiле паспорттары бойынша iс жүзiндегi тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты сұратуға, ал кеден органы оны ұсынуға мiндеттi.
Салыстыру нәтижелерi экспорт/импорт жөнiнде мәмiле паспорты бойынша салыстыру актiсi түрiнде ресiмделедi, оларға уәкiлеттi банк пен кеден органының басшылары қол қояды.
60. Валюталық бақылау органдары мен агенттерi мiндеттердiң ойдағыдай орындалуын, сондай-ақ осы Нұсқаулықта белгiленген ақпараттың толық, шынайы және уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
8. Экспортерлер мен импортерлердiң
құқықтары және мiндеттерi
61. Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюталық операцияларын жүзеге асыратын экспортерлер мен импортерлер:
1) валюталық бақылау органдары жүргiзген тексеру материалдарымен танысуға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң iс-әрекетiне шағым беруге;
3) кеден органдары мен уәкiлеттi банктер тарапынан негiзсiз бас тарту болған жағдайда немесе мәмiле паспорты уақтылы ресiмделмеген жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне шағым беруге;
4) Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк құқықтық актiлерiмен көзделген басқа да iс-әрекет жасауға құқылы.
62. Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюталық операцияларын жүзеге асыратын экспортерлер мен импортерлер:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тиiстi лицензиясы болған жағдайда уәкiлеттi банктегi өз есепшотына немесе шетелдiк банкте ашылған есепшотқа келiсiм-шарт бойынша экспорттық түсiмнiң толық көлемде және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмде есептелуiн, ал экспорттық түсiмдi алу мүмкiн болмаған жағдайда - шетелдiк тарапқа бұрын жiберiлген тауарды қайтаруды қамтамасыз етуге;
2) импортталатын тауардың толық көлемде және келiсiм-шартта белгiленген мерзiмде алынуын, ал тауарларды жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда - уәкiлеттi банктегi импортердiң есепшотына бұрын шетелдiк тарапқа аударылған аванс төлемiнiң сомасын қайтаруды қамтамасыз етуге;
3) олардың бар болуы туралы талап Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясын және/немесе тiркеу куәлiгiн алу үшiн барлық қажеттi шараларды қолдануға;
4) валюталық бақылау органдары мен агенттерiне экспорт-импорт операцияларын жүзеге асырылғандығы туралы барлық сұралған құжаттар мен ақпараттарды беруге;
5) валюталық бақылау органдарының қызметкерлерiн экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға байланысты кез келген құжаттарды тексеруге жiберуге;
6) валюталық бақылау органдарына олардың тексеру жүргiзуi барысында, сондай-ақ тексеру нәтижелерi бойынша түсiнiктемелер беруге;
7) валюталық бақылау органдары жүргiзген тексеру нәтижелерi туралы анықтамаларға қол қоюға;
8) валюталық бақылау органдары жүргiзген тексеру нәтижелерi туралы анықтаманың негiзiнде жасалған тәртiп бұзушылық жөнiндегi хаттамада баяндалған фактiлермен келiспеген жағдайда осы хаттамаға қол қоюдан бас тарту себебiне жазбаша түсiнiк беруге;
9) өздерi жүргiзген экспорт-импорт операциялары бойынша олардың келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде, бiрақ кемiнде бес жыл сақталуын қамтамасыз ете отырып есепке алуға және есеп берiп отыруға;
10) валюталық бақылау органдарының анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегi талаптарын (Нұсқауларын, ұйғарымдарын) орындауға;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.
9. Жеке жағдайлар
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 63-тармақ өзгертілді
63. Мәміле паспортын ресімдеу талап етілмейтін жағдайлар:
1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және банктер жүзеге асыратын қолма-қол ақшаны ауыстырған кезде;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және банктер бағалы металды шет елдегі металл есепшоттарына орналастыру үшін алып шығарғанда;
2-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және банктер қымбат металдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде;
3) тауарларға ақы мемлекеттік сыртқы заемдардың немесе мемлекет кепілдігімен қамтамасыз етілген сыртқы заемдардың есебінен төленетін келісім-шарттар бойынша;
4) республиканың кеден шекарасы арқылы тауар өткізуді көздемейтін және тиісінше кедендік ресімдеуді қажет етпейтін келісім-шарттар бойынша;
5) экспортер/импортер келісім-шартты жасау күніне баламасы бес мың АҚШ долларынан аспайтын сомаға жасалған келісім-шарттар бойынша, сонымен бірге банктер валюталық бақылау агенттері ретінде және кеден органдары валюталық бақылау органдары ретінде экспортерлердің/импортерлердің осындай операцияларына бақылау жасап отырады.
64. Мәміле паспортын ресімдеу қажет болатын жағдайлар:
1) баламасы бес мыңнан астам АҚШ долларына жасалған келісім-шарттар бойынша:
- тауарларды сатып алу-сату келісім-шарттары (шарттар, келісімдер) бойынша Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарларды өткізген кезде;
- бұрын кеден режимінде ресімделген, экспорттан (еркін айналымға шығарудан) бөлек осы тауарларға меншік құқығының резиденттен резидент емеске (резидент еместен резидентке) көшуіне байланысты экспорт үшін (еркін айналымға шығарудан) кеден органдарына мәлімделген кезде;
2) осы келісім-шартты жасау күніне тауардың келісім-шарт бойынша құны бес мың АҚШ долларынан асқан жағдайда көрсетілген қызметке келісім-шарттар бойынша тауарларды (экспорттау/еркін айналымға шығару үшін) ауыстырған кезде.
65. Тауарды телекоммуникациялық желі арқылы жасалған мәміле бойынша жеткізген жағдайда, сондай-ақ келісім-шарттар (шарттар, келісімдер) болмаған жағдайда мәміле паспортын ресімдеу инвойс негізінде жүзеге асырылады, инвойста мәміле паспортының бағандарын толтыруға қажетті барлық мәліметтер болады, ал сомалар және мәміле паспортын толтыруға қажетті басқа деректер - осындай келісім-шарттарға қосымшаларды, ерекше нұсқамаларды немесе инвойстарды белгiлемейтiн ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттар бойынша келiсiм-шарт талаптарында қалай көзделгендiгiне қарай жеткiзiледi. Сонымен бiрге экспортерлер/импортерлер осындай инвойстардың, қосымшалардың немесе ерекше нұсқамалардың мәмiле паспортының нөмiрi мен деректемелерiне сай аударылатын сомалардың теңестiрiлуiн қамтамасыз етуге тиiс, бұл туралы уәкiлеттi банк мәмiле паспортын ресiмдеген кезде экспортерге/импортерге хабарлауы қажет.
66. Жеткiзiлетiн тауарға бағдарлы бағаны көздейтiн келiсiм-шарттар бойынша экспорт/импорт жөнiнде мәмiле паспортын ресiмдеген кезде мәмiле паспортында "Ерекше белгiлер" бөлiмiнде бағалардың бағдарлы екенi көрсетiледi. Тауардың нақты құнын белгiлеген кезде мәмiле паспортына қосымша парақ тауардың нақты құнын растайтын құжаттар негiзiнде ресiмделедi.
67. Дистрибьютордың банктiк есепшоты арқылы төлем жасауды белгiлейтiн, әкелiнетiн тауарларды еркiн айналымға шығару тәртiбi бойынша ресiмделетiн дистрибьюторлық келiсiмдер бойынша мәмiле паспортын ресiмдеуге ашық бағандармен қабылдауға болады, ол тауарды кедендiк ресiмдеу алдында немесе уәкiлеттi банктер осы нұсқаулықта белгiленген тәртiпке сәйкес мәмiле паспортының қосымша беттерiнде төлем жасар алдында мына ерекшелiктер ескерiле отырып толтырылады:
1) мұндай беттердi толтыруға инвойстар негiз болады;
2) кеден органдары кедендiк ресiмдеудi мәмiле паспорты және оның қосымша беттерi болған жағдайда жүзеге асырады.
Сонымен бiрге аталған тәртiп дилерлiк келiсiмдер бойынша әкелiнетiн тауарға қатысты да қолданылады.
68. Шет елдегi есепшоттардан төлем жасауды көздейтiн келiсiм-шарттар бойынша мәмiле паспорты оларды ашуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы болған жағдайда мынадай ерекшелiктермен толтырылады:
1) "Банк деректемелерi" деген бөлiмде Қазақстан Республикасы резидентiнiң есепшоты ашылған шетелдiк банктiң деректемелерi көрсетiледi;
2) "Уәкiлеттi адамдардың қолдары" деген бөлiмде шетелдiк банк тарапынан растау талап етiлмейдi, себебi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы шет елде есепшоттың бар екендiгiне дәлел болады және осындай есепшоттың бар екендiгiн шетелдiк банктiң растауы болып табылады, ал тауарларды республиканың кеден шекарасы арқылы өткiзетiн банктер үшiн шетелдiк банктiң корреспонденттiк есепшот ашу туралы хабарламасы осындай растау болып табылады;
3) валюта бақылауын жүзеге асыру үшiн экспорттық пайданың түскенiн (тауардың төленген ақысын) мыналар растайды: банктер тауар сатып алған кезде - шетел банкiндегi корреспонденттiк есепшоттың көшiрмесi (кеден органында көшiрменiң банктiң корреспонденттiк есепшоттан төлеген валюта сомасын растайтын бөлiгiнiң куәландырылған көшiрмесi қалады); басқа адамдар үшiн - нақты резидент үшiн шетел банкiнде ашылған есепшот бойынша ақшаның қозғалысы туралы кеден органдарының жазбаша өтiнiшiмен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жiберетiн хабарламасы.
69. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы болған жағдайда төлемдерi резиденттiң резидент еместен алынған кредитi есебiнен жүзеге асырылатын және үшiншi адамның есепшотына есептеудi көздейтiн келiсiм-шарттар бойынша мәмiле паспорты мынадай ерекшелiктермен толтырылады:
1) "Банк деректемелерi" деген бөлiмде резидент кредит алған шетелдiк банктiң деректемелерi көрсетiледi;
2) "Уәкiлеттi адамдардың қолдары" деген бөлiмде шетелдiк банк тарапынан растау талап етiлмейдi, себебi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы резиденттiң кредиттi алғанын растау болып табылады;
3) төлемдерi резиденттiң резидент еместен алынған кредитi есебiнен жүзеге асырылатын және үшiншi адамның есепшотына есептеудi көздейтiн келiсiм-шарттар бойынша импортталатын тауардың келуiне кеден органы валюталық бақылау жасауы үшiн кеден органына оның жазбаша өтiнiшiмен жiберiлетiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясына сәйкес, ақының төленуiне үшiншi адамның есепшотына кредитор-резидент еместiң кредит сомаларын есептеуi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң хабарламасы растау болып табылады.
70. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы болмаған жағдайда төлемдерi резиденттiң резидент еместен алынған кредитi есебiнен жүзеге асырылатын және үшiншi адамның есепшотына есептеудi көздейтiн келiсiм-шарттар бойынша мәмiле паспорты мынадай ерекшелiктермен толтырылады:
1) "Банк деректемелерi" деген бөлiмде импортердiң есепшоты ашылған, бұдан әрi шетелдiк кредиторға кредит қаражаты қайтарылатын банктiң деректемелерi көрсетiледi.
2) Кеден органы осы Нұсқаулықтың 3-бөлiмiнде көзделген тәртiппен мәмiле паспортын ресiмдейдi.
3) Қызмет аймағында импортер болатын қызмет көрсететiн банк және/немесе кеден органы өзгерген жағдайда мәмiле паспортын ресiмдеу осы Нұсқаулықтың 44-тармағында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 70-1-тармақпен толықтырылды
70-1. Ақша төлемі және/немесе аударымы жүзеге асырылатын тұлға және үшінші резидент тұлғалар арасында тиісті шарт болған жағдайда ғана жоғарыда көрсетілген үшінші резидент тұлғалардың сыртқы сауда келісім-шарттарына ақы төлеуіне рұқсат етіледі.
71. Келiсiм-шартқа үшiншi адам - резидент ақы төлеген кезде импортер мәмiле паспортын үш дана етiп, осы Нұсқаулықта белгiленген тәртiппен ресiмдейдi. Осыған орай импорт бойынша мәмiле паспортындағы "Үшiншi тұлғаның деректемелерi" деген бөлiм толтырылмайды. Импорт бойынша мәмiле паспортын ойдағыдай ресiмдегеннен кейiн импортер кеден органына мәмiле паспортына бес (импортер, импортердiң банкi, кеден органы, үшiншi адам және үшiншi адамның банкi үшiн әр тарапқа бiр-бiрден) немесе одан да көп дана етiп (импорт бойынша келiсiм-шартқа қатысатын үшiншi адамдардың санына байланысты) қосымша парақ ұсынады, онда тек қана "Yшiншi тұлғаның деректемелерi" деген бөлiм толтырылады. Осыған орай импортер кеден органына импорт бойынша мәмiле паспортына қосымша парақты үшiншi адамның қатысуымен ресiмдеуге ұсынады.
Кеден органы импорт бойынша мәмiле паспортына қосымша парақтың екi данасын үшiншi тұлғаның банкiне жiбередi, ол банк импорт бойынша мәмiле паспортына қосымша парақты осы Нұсқаулықтың 3-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен ресiмдейдi. Импорт бойынша мәмiле паспортын ресiмдеуден бас тартқан жағдайда үшiншi тұлғаның банкi кеден органына тиiстi хабар жiбередi. Yшiншi тұлғаның банкi импорт бойынша мәмiле паспортына қосымша парақты валюталық бақылауға қабылдаған жағдайда үшiншi тұлғаның банкi импорт бойынша мәмiле паспортына қосымша парақтың бiр данасын импортердiң уәкiлеттi банкiне жiбередi.
Импортер және үшiншi тұлға импорт бойынша мәмiле паспортына қосымша парақтың өз даналарын импортердiң уәкiлеттi банкiне ресiмдеу үшiн жiбередi. Импортердiң уәкiлеттi банкi импорт бойынша мәмiле паспортына қосымша парақты ресiмдейдi немесе негiздемелер болған жағдайда оны ресiмдеуден бас тартады және кеден органы мен үшiншi тұлғаның банкiне осы Нұсқаулықтың 3-бөлiмiнде көзделген тәртiппен тиiстi хабар жiбередi. Үшiншi тұлғаның банкi импортердiң уәкiлеттi банкiнiң импорт бойынша мәмiле паспортын валюталық бақылауға қабылдауы туралы хабарды алғанға дейiн осы мәмiле паспорты бойынша төлемдер жасамайды.
Үшiншi тұлғаның банкi төлем жасаған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде импорт бойынша мәмiле паспортына қосымша парақ жөнiнде жасалған төлемдер туралы ақпаратты импортердiң уәкiлеттi банкiне жiберуге мiндеттi.
Импортердiң уәкiлеттi банкi үшiншi тұлғаның банкi төлемдер жасаған, импорт бойынша мәмiле паспортына қосымша парақ жөнiнде төленген сомалардың көлемiне валюталық бақылау жасайды және ақысы төленген төлемдердiң жалпы сомасы импорт бойынша келiсiм-шартта көрсетiлген сомадан асқан жағдайда бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне және кеден органдарына ақпарат бередi.
Капиталдың қозғалысымен байланысты операциялар бойынша үшiншi тұлға-резидент импортер алған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылады, оның көшiрмесiн үшiншi тұлға өзiне қызмет көрсететiн банкке ұсынады. Үшiншi тұлғаның банкi төлеген төлемдердiң жалпы сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясында көрсетiлген сомадан асқан жағдайда импортердiң уәкiлеттi банкi бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен кеден органдарына ақпарат бередi.
Yшiншi тұлға-резидент емес импорт келiсiм-шартын төлеген кезде мәмiле паспортының "Банк деректемелерi" деген бөлiмiнде үшiншi тұлға-резидент емес банкiнiң деректемелерi көрсетiледi. Тиiсiнше мәмiле паспортында бұл банктiң қолы талап етiлмейдi. Банктiң осындай келiсiм-шарттар бойынша тауарларға ақы төлеу туралы хабарламаның орнына импортер үшiншi тұлға-резидент еместiң келiсiм-шартты төлеуiн растайтын құжаттарды (есепшоттан көшiрме, телекс және т.б.) кеден органына тапсырады.
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 71-1-тармақпен толықтырылды
71-1. Егер импорт келісім-шартына ақы төлеуді үшінші тұлғаның бірі жүзеге асыратын болса, онда мәміле паспортына қосымша парақтар ресімделмей-ақ "Үшінші тұлғаның деректемелері" бөлімі толтырылып, мәміле паспортын бес дана етіп (тараптарға бір-бірден - импортерге, импортердің банкіне, кеден органына, үшінші тұлғаға және үшінші тұлғаның банкіне) ресімдеуге рұқсат етіледі.
Мұндай жағдайда импорт бойынша мәміле паспорты осы Нұқсаулықтың 71-тармағында көзделген тәртіппен үшінші тұлғаның қатысуымен ресімделуге ұсынылады.
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 72-тармақ жаңа редакцияда
72. Есеп айырысу аккредитивтік нысанда болса не банктік кепілдік орындалған жағдайда уәкілетті банктің кеден органдарына хабарламасы осы Нұсқаулықтың 58-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде нақты төлем жүзеге асырылған кезде жіберіледі.
Егер орындаушы өзге банк болса, ол уәкілетті банкке есеп айырысудың аккредитивтік нысанда болуын не банктік кепілдіктің орындалуын көздейтін сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша төлемнің және/немесе ақша аударымының жүзеге асырылғанын растайтын төлем құжатының көшірмесін уәкілетті банкке жіберуге тиіс.
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 72-1-тармақпен толықтырылды
72-1. Егер сыртқы сауда келісім-шартында экспортердің/импортердің тарапынан банктік кепілдік болуы көзделсе, онда мәміле паспортының "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөліміне банктік кепілдіктің бар екендігі белгіленеді.
Кепілдік шығарған банк сыртқы сауда келісім-шарты бойынша төлемді жүзеге асырған жағдайда, мұндай банк уәкілетті банкке резидент еместің пайдасына төлем жасағанын растайтын төлем құжатын бергеннен кейін ғана мәміле паспорты жабылады.
73. Төлем құралы ретiнде вексель пайдалануды көздейтiн сыртқы сауда мәмiлелерiн жүзеге асырған кезде кеден органдары мен уәкiлеттi банктер тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы орнын ауыстыру жүзеге асырылатын келiсiм-шартта вексельдi төлем құралы ретiнде пайдалануды көздейтiн төлем талаптарының болуын тексеруi қажет.
Экспортер/импортердiң есепшотына қызмет көрсететiн, вексельдi пайдалану арқылы төлемдер жасайтын уәкiлеттi банк вексель мәтiнiн тексередi және вексельдiң банкке келiп түскен күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей вексельдiң Қазақстан Республикасының вексель заңдарына (мiндеттi деректемелердiң болуы, индоссамент қатарының үздiксiз болуы және басқалары) сәйкестiгi туралы кеден органына жазбаша хабар жiбередi.
74. Төлем құралы ретiнде вексельдi пайдалану арқылы сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыратын экспортердiң мiндеттерiне вексель бойынша төлемнiң алынуын немесе оған құқықтардың үшiншi тұлғаға берiлуiн растайтын құжаттарды уәкiлеттi банкке және кеден органына дереу беру кiредi.
Кеден органы және уәкiлеттi банк экспортерден-вексель ұстаушыдан мынадай құжаттарды алғанға дейiн мәмiле паспортын бақылауда ұстауға мiндеттi (экспортердiң вексельдi пайдалануына байланысты):
1) төлем жасаушы немесе вексель бойынша мiндеттi басқа тұлға вексельдi өтеген кезде вексель бойынша төлем келiп түскен жағдайда - осы төлемдi растайтын құжаттар (акцептелген вексельдiң көшiрмесi және төлем құжаты);
2) экспортер вексельдi есепке алу кеңсесiне есепке алу үшiн ұсынған жағдайда - вексельдiң есепке алынғандығын растайтын құжаттар, яғни экспортерге дисконтты есептемей немесе оны қоспай вексель сомасын төлеу (есепке алу кеңсесiнiң пайдасына индоссамент жасалған вексельдiң көшiрмесi және төлем құжаты);
3) вексельдi төлем құралы ретiнде пайдаланған жағдайда - вексельге мүлiктiк құқықтар берiлген тұлғамен жасалған келiсiм-шарт, тиiстi жiберiлетiн жазбасы (индоссамент) бар осы вексельдiң көшiрмесi, осы операцияның өткiзiлген растайтын басқа да құжаттар (мәмiле паспорты, жүк кеден декларациясы және басқалары).
Вексель бойынша төлем басқа банкке келiп түскен кезде экспортер-вексель ұстаушы осы банкке төлемдi уәкiлеттi банктегi өз есепшотына аударуды тапсыруы қажет.
75. Вексель эмитентi импортердiң өзi болған жағдайда және импорт мәмiлесi жөнiндегi тауар вексель бойынша төлем мерзiмi басталғанға дейiн жеткізiлген жағдайда мәмiле паспорты осы вексельдi төлеуге ұсынғанға дейiн бақылануы тиiс, сонымен бiрге вексельдiң сомасы келiсiм-шарттың жалпы сомасынан аспауы тиiс. Есеп айырысудың вексельдiк түрi бар импорт келiсiм-шарттары бойынша вексель эмитентi үшiншi тұлға болған жағдайда мәмiле паспорты тауардың импортерге жеткiзiлген сәтiне дейiн жабылмайды.
76. Резидент емес әрiптестiң талап ету құқығын/борышты аударуды басқа тұлға-резидентке берген кезде экспорт/импорт бойынша мәмiле паспорты осы Нұсқаулықтың 6-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен жабылады. Осы Нұсқаулықтың 47-тармағының 5) тармақшасында көзделген талап ету құқығын/борышты аударуды растайтын құжаттар, сондай-ақ экспортер/импортердiң борышты аударуға берген келiсiмi және осы Нұсқаулықтың 47-тармағының 4) тармақшасында көзделген басқа құжаттар талап ету/борышты аудару кезiнде мәмiле паспортын жабуға негiздемелер болып табылады. Осы құжаттар бар болған кезде экспортердiң/импортердiң басқа тұлға-резиденттiң пайдасына резидент еместiң борышына төлем жасауы Қазақстан теңгесiмен өтеледi.
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 77-тармақ жаңа редакцияда
77. Экспортер/импортер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, капитал қозғалысымен байланысты операцияларды лицензиялауды жүзеге асыру үшін мынадай жағдайларда тиісті шаралар қабылдауға міндетті:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тауардың кедендік ресімделген күнінен бастап 120 күнтізбелік күннен асатын мерзімде экспорт ақша түсімінің түспеуі;
2) аванстық төлем жүзеге асырылған, оның ішінде вексель бойынша төлем жасалған күннен бастап 120 күнтізбелік күннен асатын мерзімде импорт келісім-шарты бойынша тауардың жеткізілмеуі.