24. Тараптар осы келiсiм-шарт бойынша кеден органы және уәкiлеттi банк қол қойған мәмiле паспортын жасаған кезде бұрын пайдаланылған мәлiметтерге қатысты қозғайтын өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзген жағдайда, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 47 және 76-тармақтарында көзделген талаптарды ескере отырып талап ету құқықтарын беруге келiсудi, борышты аударуды немесе мiндеттемелердi өзара есептеудi көздейтiн басқа да келiсiм-шарттар (бұдан әрi - басқа келiсiм-шарттар) жасаған жағдайда, экспортер/импортер төлем жасайтын күннен немесе келiсiм-шартқа енгiзiлген өзгерiстер және/немесе толықтырулар және басқа келiсiм-шарттар негiзiнде тауарды кедендiк ресiмдеуге ұсынған күннен кешiктiрмей кеден органына және уәкiлеттi банкке:
1) келiсiм-шартқа толықтыруларды және/немесе өзгерiстердi (мұндай өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзудi растайтын басқа да құжаттарды) не басқа келiсiм-шарттарды;
2) мәмiле паспортының нысаны бойынша, бiрақ тек қана мәлiметтерi анықталуға тиiс бағандарды (позицияларды) толтыра отырып жасалатын мәмiле паспортына қосымша парақтарды ұсынады.
Мәмiле паспортына қосымша парақтарды одан әрi ресiмдеу мен пайдалану мәмiле паспорты үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
25. Келiсiм-шартта резиденттер және резидент еместер арасындағы жазбаша хат негiзiнде келiсiм-шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мүмкiндiгiн қарастыратын талаптар бар болса, кеден органы осы хат негiзiнде мәмiле паспортына қосымша парақ ресiмдеуге мiндеттi.
26. Экспортер/импортер келiсiм-шартқа өзгерiстi және/немесе толықтыруды не осы Нұсқаулықтың 25-тармағында көзделген жазбаша хатты осы Нұсқаулықтың 11 және 13-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес кеден органына және уәкiлеттi банкке тапсырады.
27. Уәкiлеттi банк/кеден органы құжаттардың түсуiне қарай валюталық бақылау құжаттарынан құралатын әрбiр мәмiле паспорты бойынша iс/құжаттар жүргiзуге мiндеттi.
28. Кеден органынан келiп түскен экспорт/импорт бойынша мәмiле паспорты/мәмiле паспортына қосымша парақтардың және кеден органына жiберiлетiн хабарламалардың есебiн экспорт/импорт жөнiндегi журналға тiркеп отырады (NN 3, 4 қосымшалар).
4. Экспорт түсiмiне және шетел валютасымен және теңгемен түскен
қаражаттың импорт мақсатына пайдаланылуына бақылау жасау
29. Уәкiлеттi банк экспортердiң банктiк есепшотына экспорт түсiмiн есептеудi және импорт мақсатына төлемдер жасауды осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес мәмiле паспортын ресiмдегеннен кейiн ғана жүзеге асырады.
30. Экспортер/импортер түскен сомаларды бiрегейлендiрудi жеңiлдету мақсатында шетелдiк төлем жасаушыға экспортердiң/импортердiң пайдасына ақша аудару үшін төлем құжатында келісім-шарт деректемелері мен мәміле паспортының нөмiрiн көрсету қажеттiгiн хабарлайды.
Уәкiлеттi банктiң нақты түскен ақшаны мәмiле паспортына енгiзуi үшiн банкаралық құжатта қажеттi деректер болмаған жағдайда, уәкiлеттi банк оларды экспортердiң/импортердiң банктiк есепшотына аударады және сонымен қатар бiрегейлендiруге болмайтын осындай түсiмдер туралы оған хабарлайды. Экспортер/импортер уәкiлеттi банктiң жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн, уәкiлеттi банкке келiсiм-шарт деректемелерi мен мәмiле паспортының нөмiрiн көрсете отырып, түскен соманың сипаты туралы жазбаша хабарлауға, ал егер осы келiсiм-шарт бойынша ақша басқа банкке түссе, басқа банкке де уәкiлеттi банктегi өзiнiң банктiк есепшотына түскен ақшаны толық сомада аударуға тапсырма беруге мiндеттi. Экспортер/импортер тапсырмамен қоса басқа банк үшiн аударымды жүзеге асыруға негiздеме болатын аударым өтiнiшiмен бiрге мәмiле паспортының уәкiлеттi банк куәландырған данасын бередi.
Экспортердiң/импортердiң банктiк есепшотына түскен және олардың бiрегейлендiрiлмеген нақты мәмiле паспорты бойынша ақшаны, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мiндеттi түрде жүзеге асырылатын төлемдерден басқасын экспортер/импортер ақша төлемдерiн және/немесе аударымдарын жүзеге асыру үшiн олар бiрегейлендiрiлгенге дейiн пайдалана алмайды.
Экспортердiң/импортердiң жазбаша келiсiмi болған жағдайда уәкiлеттi банк экспортердiң/импортердiң банктiк есепшотынан мәмiле паспорты бойынша ақша алуға және олар бiрегейлендiрiлгенге дейiн транзиттiк есепшотқа есепке алуға құқылы.
31. Егер келiсiм-шарт бойынша валюта коды валюта төлемiнiң кодымен сәйкес келмесе, уәкiлеттi банк экспортердiң/импортердiң келiсiмiмен оның банктiк есепшотына түскен ақшаны экспортермен/импортермен келiсiлген бағам бойынша келiсiм-шарт талаптарында көзделген валютаға айырбастайды.
Экспортер/импортер көрсетiлген айырбастаудан бас тартқан жағдайда экспортер/импортер экспорт/импорт жөнiндегi мәмiле паспортына қосымша парақ ресiмдеуге және төлем валютасына тиiстi түсiнiктемелермен бiрге келiсiм-шарт бойынша валюта бағамының есебiн кеден органына ұсынуға мiндеттi. Кеден органы көрсетiлген есептi келiсiм-шарт талаптарында және есептеуде пайдаланылатын нақты бағамға сәйкес келу тұрғысынан қарағанда және есеп негiздi деп саналған жағдайда кейiннен ақшаның/тауардың жаңа валютамен түсуiн/ қайтарылуын есепке алады.
Есептеу шетел валютасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн ресми бағамы арқылы, не төлем жасалатын күнi шетел валютасының теңгеге кросс-бағамы арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы негiзiнде есептелген кросс-бағамда 5%-тен аспайтын айырма болуы мүмкiн.
32. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ресми бағамын белгiлемейтiн валютамен келiсiм-шарт жасаған жағдайда, қайта есептеу уәкiлеттi банктiң экспортерге/импортерге хабарлайтын осы валютаның АҚШ долларына ағымдағы рыноктық бағамы бойынша жүзеге асырылады. Мұнан кейiн теңгемен қайта есептеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген теңгенiң АҚШ долларына ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады.
Экспортер/импортер ұсынған есеп негiзсiз деп танылған жағдайда, кеден органы төлем жасалатын күнi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi теңгенiң ресми бағамына қарай белгiлейтiн кез келген валюта бағамына осы валютаның нақты рыноктық бағамы туралы ақпарат берудi өтiнiп, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жазбаша өтiнiш жiбередi. Кеден органы алынған ақпарат негiзiнде экспорт жөнiндегi төлем валютасымен нақты түскен соманы немесе шетел валюталарының теңгеге кросс-бағамы арқылы импорт жөнiндегi нақты түскен тауарды қайта есептейдi, ол жөнiнде экспортерге/импортерге хабарлайды және экспорт/импорт жөнiндегi тиiстi құжаттарға белгi қояды.
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 33-тармақ өзгертілді
33. Экспорт түсiмi уәкiлеттi банкке экспорт жөнiндегi мәмiле паспортында (осы Нұсқаулықтың N 1 қосымшасындағы "Соңғы күн" бағаны) көрсетiлген мерзiмде түспеген жағдайда, экспортер оны экспорт түсiмi түсетiн мерзiм аяқталған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде кеден органына Нұсқаулықта белгiленген тәртiппен осы мәмiле паспортына қосымша парақ ресiмдеу негiзiнде (келiсiм-шартқа өзгерiстер және/немесе толықтырулар немесе өзге келiсiм-шарттар болмаған жағдайда) растау құжаттарының көшiрмелерiмен бiрге экспорт түсiмiнiң толық түспеуiнiң себептерi туралы жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 34-тармақ өзгертілді
34. Импорт тауарлары импорт жөнiндегi мәмiле паспортында (осы Нұсқаулықтың N 2 қосымшасындағы "Соңғы күн" бағаны) көрсетiлген мерзiмде түспеген жағдайда, импортер импорт бойынша тауарлардың түсу мерзiмi аяқталған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде кеден органына Нұсқаулықта белгiленген тәртiппен осы мәмiле паспортына қосымша парақ ресiмдеу негiзiнде (келiсiм-шартқа өзгерiстер және/немесе толықтырулар немесе басқа келiсiм-шарттар болмаған жағдайда) импорт бойынша тауарлардың түспеуiнiң негiздемесiн растау құжаттарының көшiрмелерiмен бiрге жазбаша түсiнiктеме ұсынады.
35. Импортер түскен тауарларды бiрегейлендiрудi жеңiлдету мақсатында жабдықтаушыға импортердiң мекен-жайына жiберiлетiн және оның пайдасына тауарлар тиелiп жiберiлгенiн растайтын iлеспе құжаттарда келiсiм-шарт деректемелерiн және осы келiсiм-шарт бойынша ресiмделген мәмiле паспортының нөмiрiн көрсету қажеттiгi туралы хабарлайды.
36. Экспорт түсiмi толық немесе уақтылы түспеген жағдайда, құқық бұзу фактiлерiн растайтын құжаттар бар болса, кеден органы экспортерге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолдануға, сондай-ақ салық органдарына, құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиiстi ақпарат жiберуге құқылы.
37. Кеден органы келiсiм-шарттың және импорт жөнiндегi мәмiле паспортының талаптарына сәйкес тауардың уақтылы түсуiне бақылау жасап отырады. Тауардың түсу мерзiмi бұзылған жағдайда, құқық бұзу фактiлерiн растайтын құжаттар бар болса, кеден органы импортерге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолдануға, сондай-ақ салық органдарына, құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиiстi ақпарат жiберуге құқылы.
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 38-тармақ өзгертілді
38. Уәкiлеттi банк валюталық бақылау агентiнiң осы Нұсқаулықта көзделген мiндеттерiн дұрыс атқармау фактiлерiн анықтаған жағдайда, кеден органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санкциялар қолдану үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің атына тиiстi ақпарат жiберуге мiндеттi.
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 39-тармақ өзгертілді
39. Кеден органы мен экспортер/импортер тарапынан жiберiлген валюта талаптарының және кеден заңдарының экспорт-импорт валюта бақылауы бөлігінің бұзылғандығы анықталған жағдайда, уәкiлеттi банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санкциялар қолдану үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің атына тиiстi ақпарат жiберуге мiндеттi.
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 40-тармақ өзгертілді
40. Егер экспортер/импортер тауарды өзi тiркелген жерге емес, басқа жерге жiберсе/басқа жерден алса, мәмiле паспортын ресiмдеу кеден органында, өзi тiркелген қызмет аймағында жүзеге асырылады. Сонымен бiрге мәмiле паспортының "ерекше белгiлер" бағанында келiсiм-шарт бойынша тауардың кедендік ресімдеу орны көрсетiледi. Тауар кеден заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес кедендiк ресiмдеуден өткiзiледi.
Экспортердің/импортердің тіркелген орны бойынша кеден органының мөрімен куәландырылған мәміле паспортының көшірмесі тауар ресімдеу орны бойынша кеден органына жіберіледі. Кеден органы тауар ресімдеу орны бойынша валюталық бақылау мақсатында экспорт/импорт бойынша тауардың жылжуы туралы ақпаратты мәміле паспортын ресімдеген кеден органына жіберуге міндетті.
5. Қазақстан Республикасындағы экспорт-импорт операцияларына
бақылау жасау iсiн техникалық жағынан қамтамасыз ету
41. Осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес ресiмделетiн құжаттардағы мәлiметтер банктер үшiн банктiк құпия, ал кеден органы үшiн - қызмет бабында пайдалануға арналған ақпарат болып табылады. Банктер мен кеден органдары осы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етедi.
42. Кеден органының жазбаша келiсiмiмен және уәкiлеттi банктер кеден органымен бiрлесе отырып құжаттарды сақтауды және iркiлiссiз жеткiзудi қамтамасыз ететiн iс-шаралар жасайтын болса, уәкiлеттi банктер мен кеден органдары құжаттарды электронды алмасуға көше алады.
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 43-тармақ өзгертілді
43. Атауы мен почталық мекен-жайын өзгерткен банктер:
1) осы өзгерiстер әдiлет органдарында тiркелген күннен бастап 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалына және осы банк валюталық бақылауға қабылдап алған, экспорт/импорт жөнiндегi мәмiлелер паспортын ресiмдеген Қазақстан Республикасының кеден органдарына жеделхат арқылы хабар беруге;
2) осындай өзгерістерді әділет органдарында тіркеген күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей мәміле паспорты валюталық бақылауға қабылданған экспортерлерге/импортерлерге уәкілетті банктің жаңа деректемелерін мәміле паспорттарының "Банктің, кеден органының ерекше белгілері" бөлімінде көрсету үшін банкке мәміле паспортының бірінші данасын ұсыну қажеттігі туралы хабарлауға;
3) кеден органдарынан, экспортерлерден және импортерлерден олардың бұрынғы мекен-жайына немесе бұрынғы атауына түскен хат-хабарларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне және кеден органына осындай ақпаратты жiберген уақыттан бастап 30 күнтiзбелiк күн iшiнде қабылдауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Кеден органы уәкiлеттi банктiң жоғарыда аталған ақпараты негiзiнде уәкiлеттi банк оны жiберген күннен бастап 30 күнтiзбелiк күн iшiнде тауарды кедендiк ресiмдеуге мәмiле паспортының бұрынғы атауымен және почталық мекен-жайымен қабылдайды.
44. Экспортер/импортер тiркелген қызмет аймағында қызмет көрсететiн уәкiлеттi банк және/немесе кеден органы өзгерген жағдайда, экспортер/импортер экспорт/импорт жөнiндегi мәмiле паспортын жабуға мiндеттi және үш жұмыс күнi iшiнде кеден органына экспорт/импорт жөнiндегi жаңа мәмiле паспортын ресiмдеуге ұсынады, ол оны ресiмдеп, осы Нұсқаулықтың 3-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен экспортердiң/импортердiң жаңа уәкiлеттi банкiне жiбередi. Жаңа уәкiлеттi банк және/немесе кеден органы экспорт/импорт жөнiндегi жаңа мәмiле паспортын ресiмдеген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бұдан бұрынғы экспорт/импорт жөнiндегi мәмiле паспортын ресiмдеген уәкiлеттi банкке және/немесе кеден органына ол бойынша түскен экспорт түсiмi/импорт бойынша жасалған төлемдер не оларды қайтару туралы және бұрынғы жөнелтiлген/алынған тауарлар тұрған не оларды қайтару туралы жазбаша өтiнiш жiберуге мiндеттi. Бұдан бұрынғы уәкiлеттi банк және/немесе кеден органы жетi күнтiзбелiк күн iшiнде жаңа уәкiлеттi банкке және/немесе кеден органына сұраған ақпаратты беруге мiндеттi.
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 45-тармақ өзгертілді
45. Экспортердiң пайдасына түскен экспорт түсiмiне не уәкiлеттi банктiң корреспонденттiк есепшотына импорт келiсiм-шарты бойынша бұрын аударылған, уәкiлеттi банктiң банк операцияларын жүзеге асыруға берiлген лицензияның қолданылуын тоқтатуға не оны қайтарып алуға байланысты бұдан кейiн экспортердiң/импортердiң банктiк есепшотына есептелмеген ақшаның қайтарылуына бақылау жасау үшiн экспортерге/импортерге алдағы уақытта қызмет көрсететін басқа банк, сондай-ақ кеден органы экспортердiң/импортердiң пайдасына ақша түскенін растайтын құжат ретінде таратылатын уәкілетті банктiң корреспонденттiк есепшотына нақты мәмiле паспорты бойынша бiрегейлендiрiлген ақшаның түскенi туралы уәкiлеттi банктiң тарату комиссиясының анықтамасын қабылдай алады.
6. Мәмiле паспортын жабу
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 46-тармақ өзгертілді
46. Экспорт/импорт келiсiм-шарты бойынша мәмiле паспортын жабуды осы мәмiле паспортын ресiмдеген кеден органы жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда кеден органы уәкiлеттi банкпен келiсiм бойынша жасалған төлемдер мен жеткiзiлген тауарлар туралы салыстырып тексеру актiсiн жасайды. Мәмiле паспортын жабу үшiн осы Нұсқаулықта айтылған негiздеме болған жағдайда кеден органы салыстырып тексеру актiсi негiзiнде мәмiле паспортын жабады және оның жабылғаны туралы уәкiлеттi банкке хабарлайды. Уәкiлеттi банк мәмiле паспортын жабу негiзсiз деп тапқан жағдайда осы мәмiле паспортын жапқан кеден органына тиiстi наразылық жiбередi. Уәкiлеттi банктiң наразылығы негiздi деп танылған жағдайда мәмiле паспортының жабылуы заңсыз деп танылып, бұл жөнiнде кеден органы уәкiлеттi банкке хабарлайды.
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 47-тармақ өзгертілді
47. Мына жағдайлардың бiрiнiң болуы мәмiле паспортын жабуға негiз болып табылады:
1) сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша міндеттемелердің толық орындалуы;
2) мiндеттемелерiн экспортталған/импортталған тауарлар құнының баламасына тең басқа нысанда орындауға ақшалай төлеу нысанын өзгерту көзделген талаптарды келiсiм-шартқа енгiзу;
3) төленбеген/жеткiзiлмеген экспортталған/импортталған тауарлардың орнын толық жаппаған жағдайда және өзара талаптар (салыстырып тексеру актiсiн және т.б.) есебiн растайтын құжаттар болса, талаптардың өзара есебiн жүзеге асыру көзделген келiсiм-шартқа өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу;
4) резидент емес әрiптестiң келiсiмiн растайтын құжаттар негiзiнде және экспортердiң/импортердiң кеден органына және уәкiлеттi банкке жiберген осы келiсiм-шарттың қолданылуының тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарламасы негiзiнде экспортердiң/импортердiң келiсiм-шарт бойынша резидент емес әрiптес алдындағы өзiнiң борышын басқа тұлғаға аударуы. Экспортер/импортер өз борышын басқа резидент тұлғаға аударған жағдайда, басқа резидент тұлға осы Нұсқаулықтың 3-бөлiмiнде көзделген тәртiппен экспорт/импорт жөнiндегi жаңа мәмiле паспортын ресiмдеуге мiндеттi;
5) резидент емес әрiптестен талап ету құқықтарының өтуiн растайтын құжаттар (талап ету құқықтарын беру шарты, өзара мiндеттемелер бойынша салыстырып тексеру актiсi, тауарды қабылдау-өткiзу актiсi, тауардың iлеспе құжаттары және т.б.) және экспортердiң/импортердiң кеден органына және уәкiлеттi банкке жiберген осы келiсiм-шарттың қолданылуының тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарламасы негiзiнде экспортердiң/импортердiң резидент емес әрiптестен талап ету құқықтарын басқа тұлғаға беруi. Экспортер/импортер талап ету құқықтарын басқа резидент тұлғаға берген жағдайда, басқа резидент тұлға осы Нұсқаулықтың 3-бөлiмiнде көзделген тәртiппен экспорт/импорт жөнiндегi жаңа мәмiле паспортын ресiмдеуге мiндеттi;
6) тараптардың бiрi мiндеттемелерiн орындамаса және импортер осы импорттық келiсiм-шарттың қолданылуының тоқтатылғаны туралы кеден органына және уәкiлеттi банкке берген жазбаша хабарламасы болған жағдайда импортердiң бұрынғы алған тауарын не импорттық келiсiм-шарт бойынша аванстық төлемдердi қайтаруы;
7) тараптардың бiрi мiндеттемелерiн орындамаса және экспортер осы экспорттық келiсiм-шарттың қолданылуының тоқтатылғаны туралы кеден органына және уәкiлеттi банкке берген жазбаша хабарламасы болған жағдайда экспортердiң бұрын алған тауарды не экспорттық келiсiм-шарт бойынша аванстық төлемдердi қайтаруы;
8) өз мiндеттемелерiн толық орындаған резидент еместiң тарапынан экспорт/импорт келiсiм-шартын жасаған және резидент еместiң алдындағы үстеме мiндеттемелерiн орындамаған резиденттiң атына шағым-талаптың жоқ екенiн растайтын құжаттар ұсынуы;
9) iшкi iстер органы қызметiнiң паспорттық және визалық мекен-жай бюросының экспортер/импортер болып саналатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткенiн растауы;
10) кеден органы тарапынан мәмiле паспорты бойынша iс жүзiнде тауар қозғалысының болмауы туралы растаумен бiрге, уәкiлеттi банк тарапынан мәмiле паспорты бойынша iс жүзiнде тауар қозғалысының болмауы және экспортердiң/импортердiң уәкiлеттi банкке және кеден органына осы келiсiм-шарттың қолданылуының тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарламасының болмауы туралы растау болған жағдайда мәмiле паспорты ресiмделген күннен бастап ол бойынша 1 жыл бойы ақша және тауар қозғалысының болмауы;
10-1) кеден органы тарапынан мәміле паспорты бойынша тауардың нақты жылжуының болмауы туралы растау болған кезде, сонымен бір уақытта келісім-шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін 1 ай ішінде мәміле паспорты бойынша ақша мен тауар жылжуының болмауы, уәкілетті банк тарапынан мәміле паспорты бойынша тауардың нақты жылжуының және осы келісім-шарттың қолданылуын тоқтату туралы экспортердің/импортердің уәкілетті банкке және кеден органына жазбаша хабарламасының болмауы туралы растау;
11) кеден органы тарапынан мәмiле паспорты бойынша iс жүзiнде тауар қозғалысының болмауы туралы растаумен бiрге уәкiлеттi банк тарапынан мәмiле паспорты бойынша iс жүзiнде тауар қозғалысының болмауы және осы келiсiм-шарттың күшiнiң жойылғаны туралы экспортердiң/импортердiң хаты болған жағдайда, тараптардың мерзiмi көрсетiлмеген келiсiм-шарт жөнiндегi мәмiле паспорты бойынша өз мiндеттемелерiн балама түрде орындауы және ол бойынша соңғы тауар жеткiзiлген және/немесе ақша аударылған кезден бастап 1 жыл бойы ақша және тауар қозғалысының болмауы;
12) резидент емес борышкердiң таратылуы немесе банкрот деп танылуы туралы сот шешiмiнiң болуы не шетелдiк мемлекеттiң басқа уәкiлеттi мемлекеттiк органының келiсiм-шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындауы мүмкiн еместiгiн ресми түрде растай отырып, оның таратылуы туралы құжаттың не шетелдiк мемлекеттiң мемлекеттiк органы актiсiнiң болуы, соның салдарынан мiндеттемелердiң толық орындалуының мүмкiн болмауы;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен экспортердiң/импортердiң таратылуы немесе банкрот деп танылуы;
13-1) мәміле паспортының соңғы күні өткеннен кейін тараптардың сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға орындалмаған міндеттемелерінің болуы экспортердің/импортердің келісімі болған кезде;
14) осы Нұсқаулықта көзделген басқа да негiздер.
48. Уәкiлеттi банк таратылған не банкротқа ұшыраған жағдайда, экспортердiң/импортердiң қолданылатын келiсiм-шарты жөнiндегi мәмiле паспорты жабылуға тиiс. Сонымен қатар экспортер/импортер осы Нұсқаулықтың 44-тармағындағы талаптарға сәйкес аяқталмаған келiсiм-шарттар жөнiнде жаңа мәмiле паспортын ашуға мiндеттi.
49. Валюталық бақылау органының шағым-талабымен сот шешiм қабылдаған, бiрақ резидент емес мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етпеген экспортердiң/импортердiң келiсiм-шарты бойынша, мемлекеттiк тiркеу орнында жоқ экспортер/импортер бойынша берешек кеден органында жеке есепке алынуға тиiс. Мәмiле паспорты жеке есепке жатқызылған күннен бастап бес күннiң iшiнде резидент емес резидент алдындағы өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда көрсетілген мерзім өткеннен кейін мұндай мәміле паспорты жабылуға тиiс.
50. Импорт жөнiндегi мәмiле паспорты уәкiлеттi банк резидент емес ұсынған вексельдi есепке алған кезде жабылуға тиiс.
51. Есеп айырысу әлi аяқталмаған экспорт/импорт келiсiм-шарты жөнiндегi мәмiле паспорты осы Нұсқаулықта көзделген жағдайда болмаса, сыртқы сауда операциялары толық аяқталғанға дейiн күшiнде болады.
7. Валюталық бақылау органдары мен агенттерi
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, Мемлекеттік кіріс министрінің 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 7-бөлім 2002 жылғы 31 шілдеден бастап күшіне енеді
52. Валюталық бақылау органдары мен агенттерi Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылауды өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 53-тармақ өзгертілді
53. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнен және уәкiлеттi банктерден алынған мәлiметтер негiзiнде экспорт-импорт валюталық бақылауының нәтижелерi туралы ақпаратты жинақтайды және талдайды;
2) уәкiлеттi банктерге есеп беру айынан кейiнгi айдың 8-нен кешiктiрмей тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы нақты орын ауыстыруы жөнiндегi ақпаратты ұсынады (N 5 және N 6 қосымшалары);
3) валюталық түсiмнiң немесе тауардың Қазақстан Республикасының аумағына уақтылы түсуiн қамтамасыз етпеген экспортерлер/импортерлер жөнiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне келiсiлген тәртiппен ақпарат бередi (N 7 және N 8 қосымшалары);
4) барлық банктер мен олардың филиалдарының толық почта мекенжайларын, сондай-ақ көрсетiлген мәлiметтерге кез келген өзгерiстердi көрсете отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне банктер мен олардың филиалдарының тiзiмдерiн келiсiлген тәртiппен ай сайын жiберiп отырады;
5) банктердiң валюталық бақылау бойынша бағдарламалық қамтамасыз етiлуiне техникалық талаптарды белгiлеуге құқылы.
ҚР ҰБ Басқармасының 03.06.02 ж. N 203 қаулысымен, МКМ 17.06.02 ж. N 574 бұйрығымен 54-тармақ өзгертілді
54. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi:
1) валюталық заңдар нормаларын экспортерлердiң/импортерлердiң бұзуы бойынша өз құзыретi шегiнде iс жүргiзедi;
2) экспорт-импорт валюталық бақылауының нәтижелерi туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне келiсiлген тәртiппен ай сайын жiберiп отырады (N 9 қосымша);