Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын
ұсынғаны үшін төлемнiң жылдық ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы № 1066 қаулысы
(2007.10.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 698 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
"Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) және "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкалары бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi бiр ай мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша бекітілген жылдық ставкалар негiзiнде Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшiн төлемдi есептеу әдiстемесiн әзірлесiн және бекiтсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 698 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің жылдық ставкалары жыл сайын қайта қаралады.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 16 қазандағы
№ 1066 қаулысымен
Бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.21.07. № 698 Қаулысымен (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) ; ҚР Үкіметінің 2007.10.08 № 685 қаулысымен (2007.01.01 қолданысқа енгізілді ) (бұр. ред. қара) жылдық ставкалар өзгертілді
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын
ұсынғаны үшін төлемнiң жылдық ставкалары
Телефон байланысының түрі | Бір абонент үшін айлық есептік көрсеткішпен төлемнің жылдық ставкалары |
қалааралық және халықаралық қалааралық халықаралық | 1,101 0,550 0,550 |