Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы № 1066 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 685 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) және «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің жылдық ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы № 1066 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 504-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің жылдық ставкаларында:
«Бір абонент үшін айлық есептік көрсеткішпен төлемнің жылдық ставкалары» деген бағанадағы «1,137», «0,568» және «0,568» деген сандар «1,101», «0,550» және «0,550» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.МӘСІМОВ |