Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 Қаулысы
(2017.26.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 736 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 520-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің жылдық ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы № 1066 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 504-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы № 1066 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 698 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 289-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы № 1066 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 319-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.26.02. № 135 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.18.02. № 157 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.02. № 253 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жылдық ставка өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.12.03. № 226 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.10.03. № 121 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жылдық ставка жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 10 шілдедегі
№ 1055 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2017.26.01. № 17 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын,
сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының
жылдық ставкалары
| Төлеушілер | Төлемақының жылдық ставкалары, % |
| Қалааралық және (немесе) Халықаралық телефон Байланысының операторлары | 1,3992 |
| Ұялы байланыс операторлары | 1,3992 |