2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26
желтоқсандағы № 1327 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.20.12. № 197ао; 2004.24.12. № 197ар
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 cәуipдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 164, 165, 166, 167, 168 (құпия), 169, 170, 171, 172, 173, 174, 175, 176, 177-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
164-қосымша
220 - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Стратегиялық, индикативтік және бюджеттік жоспарлау саласында
уәкілетті органның жұмысын қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 306479 мың теңге (үш жүз алты миллион төрт жүз жетпiс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 6-4-бабы, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджет комиссиясы ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 7 ақпандағы № 801 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі аппаратының қызметiн қамтамасыз ету; өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiгiн жетілдіру үшiн қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласында білім бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдi, шеберлiк пен дағдыны жаңарту; министрлiктi материалдық-техникалық жарақтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң аппаратын ұстау, Республикалық бюджет комиссиясының мәжілістерiн өткізу; жұмыс iстейтiн және iске қосылатын ақпараттық жүйелердi, ақпаратты қорғаудың бағдарламалық құралдарын сүйемелдеу, әкiмшiлiк ету және қолдау әрi оларға техникалық қолдау; мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктiлiгiн арттыру; Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң материалдық-техникалық базасын нығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 Стратегиялық индикативтік және бюджет- тік жоспар- лау саласын- да уәкiлетті органның жұмысын қамтамасыз ету 2 001 Орталық 371 бiрлiк мөлше- Жыл Қазақстан органның рiнде бекітілген бойы Респулбликасы- аппараты штат санының ның Экономика лимитіне сәйкес және бюджеттік Қазақстан Республи- жоспарлау касының Экономика министрлігі және бюджеттік жоспарлау министрлі- гінiң орталық аппаратын ұстау; Республикалық бюджет комиссиясының мәжілiстерiн өткізу- дi ұйымдастыру бойынша қызметтер; 9 бiрлік есебінен бекiтілген лимит шегiнде автокөліктi жалға алу және ұстау; спорттық- сауықтыру iс-шара- ларын жүргізу- Бiрiктiрiлген ақпараттық жүйелер мен міндеттердi сүйемелдеу - 3 жүйенi және 6 кішi жүйенi, 4 жергілiкті мiндеттi- Ақпараттық жүйелер мен желілердi жүйе- лiк техникалық қызмет көрсету және әкімшiлік ету: серверлер - 12 бiрлік, компьютер- лiк техника - 380 бiрлік, ноутбуктер - 45 бiрлік, принтерлер - 292 бiрлiк, сканерлер - 40 бiрлiк, көбейту техникасы - 50 бiр- лiк, телекоммуни- кациялық, ұйымдасты- рушылық және басқа жабдық - 200 бiрлiк- Ақпараттық жүйелер- дің ақпараттық қауіпсіздігін сүйемелдеу- Вирусқа қарсы бағдарламаларға жылдық жазылу- Министрлікті есеп- теу, телекоммуника- циялық және өзге жабдықтармен және бағдарламалық өнiмдермен қосымша жарақтандыру- Жинақтаушы, қосалқы бөлшектермен, шығыс және өзге материал- дармен қамтамасыз ету- Ақпараттық техноло- гияларға мақсатты оқыту- Жабдықтарды жөндеу, монтаждау, жеткiзіп беру, шығыс мате- риалдары мен жинақ- таушы бөлшектер алу- Интернет желісi мен VPDN қосу бойынша қызмет алу- 3 007 Мемлекеттік Мемлекеттік қызмет- Жыл Қазақстан қызметшілер- шілердің біліктілі- бойы Республикасы- дiң білiк- гін арттыру, мемле- ның Экономика тілігін кеттік және өзге де және бюджеттік арттыру тілдерді оқыту жоспарлау бойынша қызметтер министрлігі алу- Біліктілікті арттыру курстарын өтіп жатқан мемлекеттік қызмет- шiлердiң жылдық орташа саны - 170- 4 009 Мемлекеттік Қазақстан Жыл Қазақстан органдары Республикасының бойы Республикасы- материал- Экономика және ның Экономика дық-техника- бюджеттік жоспарлау және бюджеттік лық жарақ- министрлігін мате- жоспарлау тандыру риалдық-техникалық министрлігі жарақтандыру үшін 150 жиынтық офистік жиһаз және өзге активтер және тауарлар сатып алу- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындау қазiргi заманғы экономикалық жағдайға сәйкес кәсiби мемлекеттік қызметтiң талаптарына сай мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
165-қосымша
220 - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік басқарудың ахуалдық жүйесiн құру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 184000 мың теңге (бір жүз сексен төрт миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1999 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік басқарудың жағдаяттық жүйесін құрудың бiрiншi кезеңiнiң бағдарламалық ақпараттық тұғырнамасын жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік басқарудың жағдаяттық жүйесiн жасау және оны iске қосу барысында жүйенің бiрiншi кезеңiн жетiлдiру бойынша пилоттық жобаның бiрiншi кезеңiн аяқтау.
ҚР Үкіметінің 2004.24.12. № 197ар қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 002 Мемлекеттік Жағдаяттық жүйенi Жыл Қазақстан басқарудың жасау және оны басқа бойы Республикасы- ахуалдық ақпараттық жүйелер- ның Экономика жүйесін құру мен бiрiктiру үшiн және бюджеттік ақпаратты қорғау жоспарлау және корпоративтiк министрлігі телекоммуникациялық желілердi әзiрлеу бойынша қызметтердi және консалтингтiк қызмет алу, МБАЖ модельдік блогын қайта әзiрлеу- Жабдықтарды монтаж- дау және жөндеу бойынша, лицензия- лық бағдарламалық қамтамасыз етудi инсталляциялау және жөндеу бойынша қызмет алу- Басқа да iлеспе және телекоммуника- циялық қызмет пен жабдықты сатып алу- Сатып алу: серверлер - 1 жиынтық, жұмыс станциялары - 5 жиынтық мультимедия- лық жабдық - 1 жиынтық, проекция- лық экран - 1 дана, видеопроектор - 1 дана, лицензиясы бар бағдарламалық қамтамасыз ету - 5 атау. Мемлекеттік басқарудың жағдаят- тық жүйесiн құрудың бiріншi кезеңiнің бағдарламалық ақпараттық тұғырна- масын тәжiрибелiк iске қосу- Жағдаят- тық жүйе бойынша мақсатты оқыту - 8 адам. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Бюджеттік-экономикалық жоспарлаудың модельдерi, жағдаяттық жүйенiң толық жобасының техника-технологиялық және бюджеттік нақтыламалары, жүйенi iске қосу мен пайдалана бастауы, оны басқа органдар басқармасының жоспарлау және шешiмдер қабылдау процесiне қосу, олардың деректерiн жүйеге интеграциялау; жүйенi түпкiлiктi енгізуге толық дайындық.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
166-қосымша
220 - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігінiң ақпараттық жүйесiн құру"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 122901 мың теңге (бір жүз жиырма екi миллион тоғыз жүз бiр мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік ақпараттық жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын жақсарту жөніндегі іс-шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бюджеттік-қаржы жоспарлауды ақпараттандырудың қазiргi заманғы деңгейiне қол жеткізуге бағытталған кешендi ақпараттандыру жүргiзу, сондай-ақ қазiргі заманғы жаңғыртуды қамтамасыз ету және есептеу, коммуникациялық, желiлiк жабдық және ұйымдық техника, жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарымен жарақтандыру, ақпараттық жүйелердi тұтастандыру және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық жүйелердiң қазiргi заманғы және бiрiктiрiлген ақпараттық жүйелердi енгізу, олардың жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығын және жоғары өнiмдiлiгiн қамтамасыз ету, жалпы пайдаланудағы дерек қорды (ақпараттық ұсыныстарды) құру, лицензиялық жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етудi және ақпаратты қорғаудың бағдарламалық құралдарын және оларды техникалық қорғауды сатып алу, сондай-ақ есептеу, желiлiк жабдықты, ұйымдық техниканы және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң ақпаратты қорғаудың ақпараттық бағдарламалық құралдарын сатып алу.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.20.12. № 197ао қаулыларымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 003 Қазақстан 1) "Республикалық Жыл Қазақстан Республикасы бюджеттiң жобасын бойы Республикасы- Экономика қалыптастыру" ның Экономика және бюд- бiрiктірiлген және бюджеттік жеттік ақпараттық жүйенi жоспарлау жоспарлау дамыту, соның министрлігі министрлігі- ішінде: нің ақпарат- - "Бюджеттің кiрiс тық жүйесiн бөлігінің жобасын құру қалыптастыру" кішi жүйені дамыту және Қазақстан Республикасының Экономика және бюд- жеттік жоспарлау министрлiгінде енгізу; - "Бюджеттің болжам- дау көрсеткіштерін айқындау" кіші жүйені дамыту және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде енгізу; "Бюджеттiң шығыс бөлігінiң жобасын қалыптастыру" кiшi жүйесiн дамыту; "ББӘ-нiң бюджеттік өтiнiмдерiн қалыптастыру" кiшi жүйесiн дамыту; "Әкiмшiлендiру" кiшi жүйесiн дамыту және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде енгізу; 2) "Жергілiктi бюджеттің жобасын қалыптастыру" ақпараттық жүйенi дамыту; 3) 13 облыста және Алматы мен Астана қалаларында "Жергі- лiктi бюджеттің жобасын қалыптас- тыру" ақпараттық жүйені тираждау; 4) "НСИ дерек қоры" ақпараттық жүйенi дамыту; 5) ақпараттық қауіп- сiздiкті қамтамасыз етуге 10 бiрлiк лицензиясы бар бағдарламалық өнiмдi сатып алу; 6) сатып алу: компьютерлер - 60 дана принтерлер - 191 дана және басқа жабдықтытар, ноутбуктер - 20 дана, кондиционерлер - 2 дана 7) Министрлiктің ақпараттық жүйелерiнiң жұмыс iстеуi үшiн арнайы жабдықталған серверлiк үй-жайды дайындау жөніндегі қызметтердi сатып алу: құрылымдалған кабельдiк жүйе (ҚКЖ) құру, 1 жиынтық жабдық пен шығыс материалдарын сатып алу; - газды өрт сөндiру жүйесiн құру, 1 жиынтық жабдық пен шығыс материалдарын сатып алу; - қол жетімділікті шектеу және бақылау жүйесiн құру, 1 жиынтық жабдық пен шығыс материалдарын сатып алу; - ауаны баптау жүйесін құру және 2 дана прецизиялық кондиционер мен шығыс материалдарын сатып алу; - жерге қосу контуры мен электрмен қоректендіру жүйесін (қалқандар 5 дана) және шығыс материалдарын құру; - қолдан жасалған едендi орнату, әрлеу және қайта жоспарлау жұмыстары; - монтаждау, инсталляциялық, iске қосу-реттеу жұмыстары; - "Министрлiктер үйi" ғимаратының құрылымдалған кабельдiк жүйесiне қосымша жұмыс орындарын қосу; - электр монтаждау қызметтерiн және серверлiк жабдықты құрылымдалған кабельдiк жүйеге (ҚКЖ) қосу жөніндегі қызметтердi алу; - телекоммуникациялық жабдық (концентратор - 16 дана, телекоммуникациялық дiңгек - 3 дана). |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: бюджеттік-қаржы жоспарлаудың қазiргі заманғы ақпараттандыру деңгейiн жоғары технологиялық шешiмдер мен аспаптық құралдар базасында мемлекеттік талаптары мен мiндеттерiн қамтамасыз ету, сондай-ақ тиiмдi басқару мен мониторингтi есептеу желісі мен ақпарат қорғау ресурстарымен қамтамасыз ету.