2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26
желтоқсандағы № 1327 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 17.06.04 ж. № 197и; 23.06.04 ж. № 197к; 20.08.04 ж. № 197п;
08.10.04 ж. № 197у; 27.10.04 ж. № 197ф; 2004.08.12. № 197аз; 2004.24.12. № 197ач;
2004.24.12. № 197аш; 2004.24.12. № 197ащ қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
54-қосымша
212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2004 жылға арналған
"Агроөнеркәсiптiк кешен, орман және су шаруашылығы саласындағы
уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 4953765 мың теңге (төрт миллиард тоғыз жүз елу үш миллион жеті жүз алпыс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегі Заңының 8 , 21, 25-баптары; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабы; "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 4 , 6-баптары; "Жануарлар әлемiн өсiрудi және пайдалануды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңы; "2004 жылғы республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "Мемлекеттік бюджет есебiнен қаржыланатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң бiрыңғай еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысы, "Ветеринариялық қызметтi лицензиялау ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 қаулысы; "Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнiмдерiн қабылдау, сақтау, қайта өңдеу жөнiндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 22 ақпандағы № 243 қаулысы; "Қазақстан Республикасы бiрыңғай ақпараттық кеңестiк тұжырымдамасы және оны iске асыру шаралары" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi № 715 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпараттық-маркетингiлiк жүйесiн құру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 қазандағы № 1627 қаулысы, "Қазақстан Республикасының "2004 жылғы республикалық бюджет туралы" Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген мiндеттердiң тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппараты мен аумақтық бөлiмшелерінің қызметiн қамтамасыз ету;
кәсiби шеберлiктi толық жетiлдiру және лауазымды мiндеттердi тиiмдi орындау үшiн қойылатын біліктiлiк талаптарға сәйкес кәсiби қызмет саласында теориялық және практикалық білімдердi, ептiлiк пен дағдыларды жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппаратын және аумақтық басқармаларын ұстау.
Мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби деңгейiн жоғарылату.
Ауыл, орман және су шаруашылығы саласындағы заңнамаға сәйкес лицензиялауға жататын қызмет түрлерiн белгіленген тәртiппен лицензиялау.
Балық ұстауды реттеу және балық ресурстарын сақтау бассейндiк басқармаларының материалдық-техникалық базасын жаңарту және нығайту.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң ақпараттық-маркетингілiк жүйелерiмен жергiлiктi мiндеттерiн қолдау.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 Агроөнер- кәсіптiк кешен, орман және су шаруашылы- ғы саласын- дағы уәкілетті органның қызметiн қамтамасыз ету 2 001 Орталық Штат санының Жыл Қазақстан органның лимиті 400 бiрлiк бойында Республикасы- аппараты көлемiнде бекітіл- ның Ауыл ген шектегі шаруашылығы Қазақстан Респуб- министрлігі ликасының Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң орталық аппаратын ұстау- 15391 дана бланк өнiмiн (лицензия) дайындау жөніндегі қызметке еңбек ақы төлеу- Интернет жүйесiнде жұмыс iстегенi үшiн төлем ақы төлеу, Веб-сайтты ұстау және жаңарту, ресми көздермен ақылы негiзде ақпарат алмасу, iшкi жергiлiктi желiге техникалық қызмет көрсету, ақпараттық-марке- тингілік жүйенi қолдау және дамыту үшiн көрсетiлген қызметтерге төлем ақы төлеу- Бекiтiлген норматив бойынша 12 бiрлiк қызмет бабындағы автокөлiктi ұстау және жалдау- Техникалық қызмет көрсету: компьютерлер - 289 бiрлiк; принтерлер - 98 бiрлiк- 3 002 Аумақтық Штат санының лимитi Жыл Қазақстан органдар- 7691 бiрлiк көле- бойында Республикасы- дың аппа- мiнде бекiтілген ның Ауыл раттары шектегi Қазақстан шаруашылығы Республикасының министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң аумақтық бөлімше- лерiн ұстау- Бекітілген норматив бойынша 244 бiрлiк қызмет автокөлiктi ұстау және жалдау, арнайы автокөлiк - 44 бiрлiк, нақты арнайы автокөлiк 654 бiрлiк- Ағымдағы жөндеу жүргізу- Техникалық қызмет көрсету: - компьютерлер - 687 бiрлiк; - принтерлер - 611 бiрлiк; - көбейту техникасы - 244 бiрлiк; - сканерлер - 135 бiрлiк- 4 007 Мемлекеттік Мемлекеттік қызмет- Жыл Қазақстан қызметшiлер- керлердің білікті- бойында Республикасы- дiң білік- лігін жоғарлату ның Ауыл тілігін бойынша қызметтерді шаруашылығы арттыру сатып алу- министрлігі Орта жылдық саны - 1700 адам- 5 009 Мемлекеттік Сатып алу: Жыл Қазақстан органдарды қарауыл қайық - 6 бойында Республикасы- материал- бiрлiк, ның Ауыл дық-техни- тез жүргiш шаруашылығы калық қайық - 8 бiрлiк, министрлігі жарақтандыру дюралды қайық 4-5 орынды - 11 бiрлiк, қайыққа ілiнетiн мотор - 6 бiрлiк, қарда жүретiн - 13 бiрлiк, коляскалы мотоцикл - 37 бiрлiк, бiрөсті тiркеуіш - 12 бiрлiк, жүк мотороллеры - 14 бiрлiк, радиостанциялар - 2 бiрлiк, түнде көруге арналған приборлар - 27 бiрлiк, бейнекамералар - 4 бiрлiк, компьютерлер - 7 бiрлiк балық ұстауды рет- теу және балық қорларын қорғайтын бассейiндiк басқармаларға кейiннен таратып беруге- 45 комплект офисті жиhаздар орталық аппаратқа сатып aлу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппараты мен аумақтық бөлiмшелерiне жүктелген мiндеттердiң сапалы және уақтылы орындалуы; қазiргі экономикалық талаптарға сәйкес сапалы оқыту жүйесiн қалыптастыру және дамыту арқылы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби деңгейiн жоғарылату; ветеринариялық қызметті, элеваторлар қызметiн лицензиялау; сапалы өсiмдiк және мал шаруашылығы өнiмдерiн алу; өнiмдердiң сақталуын қамтамасыз ету. Осылардың барлығы ауылдық жерлерде ветеринариялық қызметтер көрсету рыноктарының дамуына мүмкiндiк бередi, мал шаруашылығының өркендеуiн қамтамасыз етедi, өсiмдiк өнiмдерi өндiрiсiне, сорттық және себiлу сапасын (сертификаттау арқылы), игi ықпал етедi; асыл тұқымды мал шаруашылығы және табынды өз төлiнен өсiру саласындағы қызметтер мен малдардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау саласында заңды және жеке тұлғалардың қызметiн реттеу; ақпараттық-маркетингiлiк жүйелерінің тиiмдi жұмыс iстеуi.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
55-қосымша
212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2004 жылға арналған
"Жердiң мелиоративтiк жай-күйiн сақтау және жақсарту"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 142232 мың теңге (бip жүз қырық екi миллион екi жүз отыз екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 99, 159-161-баптары; "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттік шараларды қаржыландыру туралы" 1993 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 389 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "Қазоңтүстікгипросушар" жобалау-iздестiру институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 24 қаңтардағы № 89 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 24 ақпандағы № 189 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: суармалы жерлердiң мелиоративтiк жай-күйiн жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: суармалы жерлерде және Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру Жобасының объектiлерiнде мониторинг жүргiзу, республиканың суармалы жерлерiнiң мелиоративтiк жай-күйiн бағалау, әдiстемелiк және нормативтік құжаттама әзiрлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 002 Жердiң мелиора- тивтiк жай-күйін сақтау және жақсарту 2 100 Гидрогео- Штат саны 92 адам Жыл Қазақстан логия- "Жетiсу гидрогео- бойында Республикасы- мелиоратив- логиялық-мелиора- ның Ауыл экспедиция- тивтiк экспеди- шаруашылығы лар циясы" мемлекеттік министрлігі мекемесін мынадай жұмыстарды жүргізу үшін ұстау: 1- 700 мың гектар алаңдағы суармалы жерлердi, оның iшiнде 662 мың гектар Алматы облысынан, 38 мың гектар Жамбыл облысынан және 20465 гектар алаңдағы Жер сулан- дыру және дренаж жүйелерін жетiлдіру жобасының (СДЖЖ) объектiлерiнде агромелиоративтік зерттеуді, оның ішінде, аумағында: - 8704 га - Жетісу (бас) экспедициясы- ның; - 11761 га - Солтүс- тік бөлiмшесiнің- 2- 8414 өлшемді жерасты суларының тұздылық-деңгейлiк режимдерін стацио- нарлық гидрогеоло- гиялық қадағалауды- 3- 556 өлшем коллек- торлық-дренаж жүйе- лерiнiң ағындылығын гидрогеологиялық қадағалауды- 4- 400 скважиналар- ды ағымдағы жөндеудi- 5- 18416 гектарда топырақты-тұзды жерлердi түсiрудi- 6- 5040 шартты бiрлiк зертханалық талдауларды- 7- суармалы жерлер- дiң есебін және картографиялық материалын жасауды- 8- суармалы жерлер- дегi терiс әрекет- тердi азайту жөніндегі ұсынымдар мен iс-шараларды әзiрлеудi жүзеге асыру үшiн- "Жетiсу гидрогеоло- гиялық-мелиоратив- тiк экспедициясы" мемлекеттік мекеме- сiне сатып алу: - арнайы машина - 1 бiрлік; - арнайы көлiк - 5 бiрлiк; - құралдар мен жабдықтар - 6 бiрлiк; - компьютерлер - 2 бiрлiк; - ұйымдастыру техникасы - 2 бiрлiк; - принтер - 1 бiрлiк; - офис жиhазы - 5 комплект- Штат саны 85 адам "Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық- мелиоративтiк экспедициясы" мемлекеттік мекеме- сін мынадай жұмыс- тарды жүргізу үшін ұстау: 1- 617257 гектар алаңдағы суармалы жерлердi, оның ішінде 511683 гектар Оңтүстiк Қазақстан облысы- нан, 105574 гектар Жамбыл облысынан және 9637 гектар алаңдағы Жер суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы- ның (СДЖЖ) объектi- лерiнде агромелио- ративтік зерттеудi, 2- 24400 өлшемдi жерасты суларының тұздылық-деңгейлiк режимдерiн стацио- нарлық гидрогеоло- гиялық қадағалауды, 3- 2000 өлшем коллекторлық-дренаж жүйелерiнiң ағынды- лығын гидрогеоло- гиялық қадағалауды, 4- 600 скважиналар- ды ағымдағы жөндеудi, 5- 8500 гектарда топырақты-тұзды жерлердi түсiруді, 6- 5950 шартты бiрлiк зертханалық талдауларды, 7- суармалы жерлер- дiң есебiн және картографиялық материалын жасауды, 8- суармалы жерлер- дегi терiс әрекеттердi азайту жөніндегі ұсынымдар мен iс-шараларды әзiрлеудi жүзеге асыру үшін. "Оңтүстік Қазақстан гидрогео- логиялық-мелиора- тивтiк экспедиция- сы" мемлекеттік мекемесiне сатып алу: - автомотокөлiк - 7 бiрлiк; - құралдар мен жабдықтар- 5 бiр- лiк; - ұйымдастыру техникасы - 4 бiрлiк; - тұрмыстық техника - 10 бiрлiк; - офис жиhазы- 2,5 комплект- Штат саны 50 адам "Қызылорда гидрогео- логиялық-мелиоратив- тік экспедициясы" мемлекеттік мекеме- сін мынадай жұмыстарды жүргізу үшін ұстау: 1. 300000 гектар алаңдағы суармалы жерлерді және 1034 гектар алаңда- ғы Жер суландыру және дренаж жүйеле- рiн жетілдiру жобасының (СДЖЖ) объектілерiнде агромелиоративтік зерттеуді; 2. 10000 өлшемді жерасты суларының тұздылық-деңгейлік режимдерiн стацио- нарлық гидрогеоло- гиялық қадағалауды; 3. 200 өлшем коллек- торлық-дренаж жүйе- лерiнің ағындылығын гидрогеологиялық қадағалауды; 4. 635 скважиналар- ды ағымдағы жөндеудi; 5. 2000 гектарда топырақты-тұзды жерлердi түсіруді; 6. 3000 шартты бiрлiк зертханалық талдауларды; 7. суармалы жерлер- дiң есебiн және картографиялық материалын жасауды; 8. суармалы жерлер- дегi терiс әрекет- тердi азайту жөніндегі ұсынымдар мен iс-шараларды әзiрлеудi жүзеге асыру үшiн. "Қызылорда гидро- геологиялық-мели- оративтік экспеди- циясы" мемлекеттік мекемесiне иелiкке алу: - автокөлiк - 3 бiрлiк; - құралдар мен жабдықтар - 2 бірлік; - оргтехника - 9 бiрлiк; - компьютерлер - 4 бiрлiк. 3 101 "Қазагро- Штат саны 23 адам Жыл Қазақстан мелиосу мемлекеттік мекеме- бойында Республикасы- шаруашылы- ні ұстау, мынадай ның Ауыл ғы" жұмыстарды жүргiзу шаруашылығы республика- үшін: министрлігі лық - жоба-iзденiс әдiстеме- жұмыстарына бiрың- лiк орта- ғай республикалық лығы нормативтік-әдiсте- мелiк құжаттарды әзiрлеу және қамта- масыз ету; - гидромелиоратив- тік және су шаруашы- лығы салалық жобалардың бiрыңғай ақпараттық қамтама- сыз етудi әзiрлеу; - гидромелиоратив- тiк және су шаруашы- лық салалық жобаларына қорытын- дыларды және сарап- тамаларды беру; - аумақтық жоба- iзденiс мекемелер- дің жұмысын үйлестіру; - гидромелиоратив- тік және су шаруашы- лығы жүйелерiн қалпына келтiруге қаржы салымын тарту- Негiзгi қаражаттар- ды иелiкке алу: - компьютерлер - 5 бiрлiк; оргтехника - 7 бiрлiк- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мелиоративтiк қалпының бағалау өлшемдерiнiң дәлелдi, суармалы жерлердi пайдалану кепiлдемесiнiң сапасы, олардың мелиоративтiк жағдайы жақсарады және топырақ құнарлығы мен ауыл шаруашылығы егісiнiң өнiмдiлігі көтерiледi, жоба-iзденiс жұмыстарының сапалық және нәтижелiк орындалуы келісілген нормалармен және ережелермен қамтамасыз етуi, біліктiлiктi қорытындыларды беруi және жобалардың сараптауын өткізу мелиорация саласында жасалатын ТЭД және ЖСҚ бағасын кемiтуге әкеп соғады.