"Қазақтелеком" АҚ-ның Ұжымдық шартында жұмыс берушi мен қызметкерлердiң құқықтары және мiндеттерi, еңбек және демалыс тәртібі, еңбекақы төлеудегi негізгi кепiлдiктер, қызметкерлер мен зейнеткерлердi әлеуметтік тұрғыдан қорғау, еңбек қорғау жөніндегі шаралар, әлеуметтік кепiлдемелер және толық немесе iшiнара еңбекке қабiлетiн жоғалтқан жағдайда қызметкерге өтемақы төлеу белгiленген.
Телекоммуникациялар желісін цифрландыру, жабдықтардың жаңа түрлерiн, ақпараттық технологияларды және бағдарламалық өнiмдердi енгізу біліктiлiгi неғұрлым жоғары мамандарды тартуды және тиiсiнше еңбекақы төлеудi талап етедi.
Директорлар кеңесi 1997 жылы "Қазақтелеком" АҚ-ның ауылда тұратын мамандарды жергiлiктi жерде оқытып, үйретуге тиiс деген шешiм қабылдады. Оқыту шығындары "Қазақтелеком" АҚ-ның орталықтандырылған қорынан төленедi. Тұрақты түрде семинарлар өткiзiледi, қызметкерлер ұдайы біліктiлiктi жетiлдiру курстарынан өтiп отырады.
"Қазақтелеком" АҚ-ның қызметi қоршаған ортаға зиян келтiрмейдi. Байланыс желiлерi құрылысын салғанда жердi қайта өңдеу және қалпына келтiру шаралары жүзеге асырылады.
Еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы жөніндегі жұмыс "Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы "Еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау туралы" 2004 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, "Қазақтелеком" АҚ-да еңбектi қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы ережеге" сәйкес жүргiзiледi. Жоғарыда аталған актiлердiң негiзiнде "Қазақтелеком" АҚ әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Байланыс қызметкерлерiнiң кәсiподағы арасында ұжымдық шарт жасалған, оның талаптарын "Қазақтелеком" АҚ барлық филиалдары орындауға мiндеттi.
Ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға әрбiр жұмысшының заңдарда белгiленген жылдық ең төменгі еңбекақы деңгейiнiң 30%-нан кем болмайтын мөлшерде қаражат бөлiнедi. Онда ғылым мен техниканың ең жаңа жетiстiктерiн енгізу, нақты және моральдiк тұрғыдан ескiрген жабдықтарды ауыстыру, жұмыс жайларында жарық пен жылу беру тәртібін нормаға жеткізу жөніндегі талаптар да көрсетiлген.
Еңбектi қорғау мақсатына арналған қаражат мына баптар:
телекоммуникация қызметкерлерiнiң тиiстi санаттары үшiн салалық тегiн беру нормаларына сәйкес арнайы киім, арнайы аяқкиім, жеке қорғану құралдарын сатып алу;
кәсiптiк тәуекел сыныбын, зиянды және қауiптi жұмыс жағдайларында iстейтiн қызметкерлерге жеңiлдiктер мен өтемақылар белгiлеу мақсатында жұмыс орындарында аттестаттау жүргiзу;
зиянды және қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс iстейтiн қызметкерлердi мiндетті түрде дәрiгерлiк тексеруден өткізу;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнайы тамақтандыру; өндiрiсте жүрiп зақым алған қызметкерлерге емделуге, протездеуге және т.б. арналған залалдарды өтеу; өртке қарсы шаралар; еңбектi қорғау бойынша нормативтiк-техникалық құжаттамалар сатып алу бойынша жұмсалады.
4. Баға және тариф саясаты
Тариф саясаты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Болжанып отырған кезеңде тарифтердi қайта теңдестiру және жалпы пайдаланымдағы қызмет көрсетулердi қаржыландыру бойынша ауыртпалықты рынокқа қатысушылардың барлығына бiрдей бөлудi ашық және әдiл тетiкке бiртiндеп ауыстыру жолымен тиiмдi емес қызмет көрсетулердiң кросс-қаражаттандырылуын болдырмау көзделiп отыр.
Табиғи монополиялар туралы заңдарға және монополияға қарсы заңдарға сәйкес реттелетiн телекоммуникациялық қызмет көрсетулердiң түрлерi бойынша iске қосылған байланыс операторларының активтерi және кiрiстер мен шығыстарды жеке есептеудi жүргiзудiң Тұжырымдамалық негiздерiнiң талаптарына сәйкес, қызмет көрсету түрлерi бойынша кiрiстер мен шығыстарды жеке есептеу, әмбебап қызметтердi қаржыландыру тетігін бiр мезгiлде енгізумен қатар жүзеге асырылады.
Телекоммуникациялардың реттелетiн қызмет көрсетулерiнiң тарифтерiн қайта теңдестiру жүргiзiлетiн болады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Д.К. Ахметовте өткен жиналыстың 2003 жылғы 20 тамыздағы № 17-52/007-3 Хаттамасына сәйкес жеке тұлғалар үшiн 2004 жылдың 1 сәуiрiнен бастап, ал заңды тұлғалар үшiн 2006 жылдан бастап бiр жарым жыл iшiнде тарифтердi қайта теңгерiмдеудi бастауға шешiм қабылданды.
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес табиғи монополия саласына қатысты қызмет көрсетулердiң тарифi табиғи монополия субъектiлерiн бақылау және реттеу саласындағы өкiлеттi органмен бекітілетiн болады.
Байланыс қызметiн көрсетудiң экономикалық негiзделген тарифтерiн қайта теңдестiру және белгiлеу телекоммуникациялық рыноктың бұрын басқа операторлар үшiн тартымсыз болған сараланымдарында бәсекелестiктiң пайда болуына жағдай жасайды, ол ұсынылатын қызмет көрсетулердiң толыққандылығын, сапалылығын және әртүрлiлiгiн арттыра түседi.
5. Қаржылық нәтижелер және бюджетпен қарым-қатынас
Бүгiнгi таңда саланы ырықтандыру өлшемдерi анықталған жоқ, сондықтан кiрiстердiң болжамы шамамен жасалып отыр және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 18 ақпандағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын 2003-2005 жылдарға арналған дамыту бағдарламасының (бұдан әрi - Бағдарламалар) нақты iс-шараларының бекітілуiне қарай дәлдене түсетiн болады.
Негізгi қызметтен түсетiн кiрiстер болжам бойынша 2004 жылы 66,6 млрд. теңгенi, 2005 жылы 65,7 млрд. теңгенi, 2006 жылы 65,6 млрд. теңгенi құрайды. "Қазақтелеком" АҚ-ның эксклюзивтiк құқықтан айыру нәтижесiнде қалааралық, халықаралық байланыс кiрiстерi 2004 жылғы 40,2 млрд. теңгеден 2006 жылы 36,9 млрд. теңгеге дейiн төмендейтiнi болжанып отыр. Жергілiктi байланыс бойынша кiрiстер тарифтердi қайта теңдестiру нәтижесiнде 2004 жылғы 12,9 млрд. теңгеден 2006 жылы 14,1 млрд. теңгеге дейiн өседi.
Рентабельдiлiктiң 2002 жылғы 21%-дан 2006 жылы 18%-ға дейiн төмендеуi телекоммуникациялар саласын ырықтандыру жағдайында "Қазақтелеком" АҚ жұмысының сыртқы жағдайларының өзгеруiне байланысты туындап отыр.
Таза пайда болжам бойынша 2004 жылы 12,8 млрд. теңгенi, 2005 жылы - 12,4 млрд. теңгенi, 2006 жылы - 11,9 млрд. теңгенi құрайды.
Мына талаптар:
тарифтердi қайта теңдестiру 2004 жылдан бастап үш жыл iшiнде жүргізiлуi;
тарифтердiң өзгеру серпiндiлiгі жоспарланған көрсеткiштерге сәйкес жүргiзiлуi;
"Қазақтелеком" АҚ-ның акциялары бойынша бөлуге жататын жыл сайынғы дивидендтер көлемi таза кiрiстiң 20%-нан аспауы;
экономика өрлеуiнiң тұтастай сақталуы орындалғанда ғана кiрiстер болжамының iске асуына қол жететiнiн атап өту керек.
Акционерлердiң 2004 жылғы 23 сәуiрде өткен жылдық жалпы жиналысында 2003 жылдың қорытындылары бойынша жай акцияларға 3438,5 млн. теңге, оның iшiнде мемлекеттік акциялар пакетiне - 1910,1 млн. теңге көлемiнде дивидендтер төлеу туралы шешiм қабылданды. Сонымен қатар, қалған таза кiрiстен ауылдық байланысты дамытуға 500 миллион теңге жұмсау шешiлдi. Жай акциялар бойынша дивидендтер жөніндегі болжам 2005 жылы 2446,7 млн. теңгенi құрайды, 2006 жылы 2359,2 млн. теңге, оның iшiнде мемлекеттік акциялар пакетiне дивидендтер - 1359,1 млн. теңге, тиiсiнше 1310,5 млн. теңге болады. Жай акцияларға дивидендтер төлеу нысаны, тәртібі мен мөлшерi заңдарға сәйкес белгiленетiн болады.
"Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру бойынша 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысына сәйкес телефон байланысы жоқ ауылдық елдi мекендердi телефондандыруға республикалық бюджет қаражаты есебiнен немесе "Қазақтелеком" АҚ-ның жай акцияларын қайта инвестициялау есебiнен 2004 жылы 940,2 млн. теңге, 2005 жылы - 751,2 млн. теңге, 2006 жылы - 540,1 млн. теңге жұмсалатын болады.
"Қазақтелеком" АҚ-на қалааралық, халықаралық байланыс қызметтерiн көрсетуге берiлген эксклюзивтiк құқығын алып тастағаны үшiн 2004 жылы республикалық бюджет есебiнен 2299,5 млн. теңге мөлшерiнде өтемақы төлеу қарастырылып отыр.
2004-2006 жылдары салық және бюджетке төленетiн
басқа да мiндеттi төлемдер көлемiнiң болжамы
(млрд. теңге)
|2004 ж. | болжам | 2005 ж. болжам | 2006 ж. болжам |
ҚҚС 6,1 Әлеуметтiк салық 2,4 Корпоративтiк салық, барлығы 5,5 корпоративтiк табыс салығы 4,2 мерзiмi ұзартылған корпоративтiк табыс салығы 1,3 Мүлiкке, көлiк құралдарына, жерге салық 0,8 Төлем көзiнен табыс салығы 0,4 Барлығы 15,2 | 6,0 2,5 5,3 4,1 1,2 0,8 0,4 15,0 | 6,1 2,5 5,1 3,9 1,2 0,8 0,4 14,9 |
2004 жылы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер түрiнде 15,2 млрд. теңге, 2005 жылы - 15,0 млрд. теңге, 2006 жылы - 14,9 млрд. теңге төлеу болжануда.
2-бөлiм. Ұлттық компанияны дамытудың инвестициялық жоспары
1. Инвестициялық саясат және оның негiздемесi
"Қазақтелеком" АҚ-ның инвестициялық саясаты алдыңғы қатардағы әлемдiк байланыс құралдарын өндiрушiлердiң ең жаңа технологиялары негізiнде қазiргі заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ақпараттық ағымдар транзитiн ұлғайтуға бағытталған.
"Қазақтелеком" АҚ-ның инвестициялық саясаты телекоммуникациялар желісін жетiлдiру мен дамытудың мынадай басым бағыттарына негiзделген:
ҰАСМ құрылысын жалғастыру;
жергiлiктi телекоммуникациялар желісін жетiлдiру және дамыту;
деректер беру желісін дамыту;
коммерциялық жобаларды дамыту.
Жүйе жасаудың, саланы технологиялық жағынан қайта құрудың негiзi есебіндегі iрi жобалардың бiрi ҰАСМ құрылысын салу болып отыр. Бұл жобаның тұжырымдамасы SDH сақинасына негiзделген технологияны пайдаланып, баламалы магистраль желісін жер үстіндегі талшықты-оптикалық жоғары жылдамдықты магистральдық желiлерге түгелiмен ауыстыру қажеттiгіне тоғысқан. Соның нәтижесiнде республиканың барлық аймақтарын әлемдiк ақпарат желісіне кем дегенде үш жолмен шығатын үш үлкен сақина түрiнде оңтайлы жалғастырылатын болады. ҰАСМ құрылысын салу магистральдық желiнi пайдалануды арзандатады, қосудың сапасын арттырады, сондай-ақ байланыстың жоғары сапалы цифрлық арналарын және тасымалдау ортасын пайдалануға беру негізiнде республикадағы телекоммуникациялар рыногын дамытуды қамтамасыз етедi және елiмiздiң ұзақ мерзiм бойы бәсекелестiк басымдығын қамтамасыз ету үшiн технологиялық жағынан алда болуға және техникалық негіз жасауға ықпал етедi.
"Қазақтелеком" АҚ 2005 жылдың соңына қарай Қазақстан Республикасының KazSat ұлттық геостационарлық байланысы және хабар тарату спутнигiнде жаңа iшкi аймақтық бағыттарды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қазiргі бар iшкi аймақтық бағыттар бойынша ауыстыру Қоғам акционерлерi мақұлдағаннан кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн, бұл ретте қолданыстағы спутниктiк операторлармен жасалған қолданыстағы ұзақ мерзiмдi шарттарды бұзу барысындағы жоғалтулар барынша азайтылуға тиiс. Осы мiндеттердi жүзеге асыру үшiн "Қазақтелеком" АҚ қажеттi ұйымдастыру-техникалық iс-шараларын жүргізедi.
2. Инвестициялық бағдарлама
"Қазақтелеком" АҚ-ның 2004-2006 жылдары iске асыру
жоспарланатын ең iрi инвестициялық жобаларының тiзбесi
(млн. теңге)
Жобаның және оның құрамдастарының аталуы | Болжам |
2004 | 2005 | 2006 |
1. Телекоммуникация желiлерiн дамыту және жетiлдiру 21511 18867 18518 1.1. Бастапқы желi 4395 3140 3486 1.1.1. Магистральдық бастапқы желi 4311 2870 3216 ҰАСМ құрылысын салу 4015 2830 3176 Ақтөбе қ-да ХКО құрылысын салу 250 XКO арна сыйымдылығын кеңiту 46 40 40 1.1.2. Аймақ iшіндегі бастапқы желi 84 270 270 1.2. Туынды желi 12385 12525 12398 1.2.1. Жергiлiктi желi 10693 10555 10348 Жергілiктi желiнi жаңғырту және дамыту 9566 9291 9048 Ауылдық желiнi жаңғырту және дамыту 1127 1264 1300 ДАМА спутниктiк байланыс желісін дамыту 204 247 1.2.2. Деректер беру желісі 733 1484 1781 1.2.3. Yстеме салынған желiлер 959 486 269 J-Run бизнес-желісін дамыту 348 275 269 KULAМ бизнес-желісін дамыту 611 211 1.3. Телекоммуникация желiлерiн ағымдық дамыту үшiн негiзгi құрал-жабдықтарды сатып алу 4731 3202 2634 2. Ақпараттық технологиялар 1808 1303 1300 3. Басқа ұзақ мерзiмдi активтердi сатып алу немесе құру 1490 1550 1450 4. Тез өтелетiн коммерциялық жобалар 400 400 400 Барлығы 25209 22120 21668 |
"Телекоммуникация желiлерiн дамыту және жетiлдiру" жобалары топтарының құрамдастары:
бастапқы желi, қайталама желi;
телекоммуникация желiлерiн ағымдық пайдалану және ағымдық дамыту үшiн негізгі құрал-жабдықтар сатып алу.
"Бастапқы желi" жобасының құрамдастары:
аймақ iшіндегі бастапқы желi;
магистральдық бастапқы желi;
Болжанған кезеңде ҰАСМ құрылысын салу жалғастырылады, оны 2007 жылға қарай толық аяқтау жоспарлануда және ол әлемдiк телекоммуникациялық рынокта ұлттық бәсекеге қабiлеттiлiктi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Цифрлық магистраль құру барлық деңгейдегі телекоммуникацияларды дамытуға да, ақпараттандыруды арттыруға да, ТОБЖ өтетiн аймақтардың iскерлiк белсендiлiгiн көтеруге де мүмкiндiк туғызады және Ресей желісіне қосылатын екiншi өте қуатты тәуелсiз шлюз ұйымдастырылатын болады.
ҰАСМ құрылысын салу мемлекеттік деңгейдегі аса iрi жоба болып табылады. Магистральдық талшықты-оптикалық сақина құру мыналарды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi:
Қазақстан Республикасының халқына сапалы қалааралық цифрлық байланысты ұсынуды;
Қазақстанның Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларындағы XКO-тар арқылы халықаралық желiге цифрлық шығуын;
халықаралық трафиктiң ең қауырт жұмыс iстеу уақыттарындағы ысырабын болғызбай, үш XКO арасында оңтайландыру;
цифрлық трактiлердi және барынша қысқа маршруттарды пайдалану есебiнен трафик сапасын арттыру;
қызмет көрсетулер спектрiн, деректер беру, Интернет желісіне қатынау қызмет көрсетулерiн кеңейту;
Қытайдан, Орталық Азия елдерiнен Ресейге транзиттiк трафиктi өткізу; магистральдық SDH сақинасының құрылысы салынғаннан кейiн байланыстың балама желiлерiн пайдаланудан шығару.
Супермагистральдың негiзгі сақинасы Қазақстанның барлық iрi: қалаларын - Алматыны, Астананы, Өскемендi, Семейдi, Павлодарды, Қостанайды, Ақтөбенi, Қызылорданы, Шымкенттi және Таразды қамтиды. Негiзгi сақина осьтiк магистралымен "жарылады", бұл халық саны бойынша Қазақстанның екiншi қаласы Қарағандыны бiрыңғай желiге қосып, iшкi екi сақинаны құруға мүмкiндiк бередi. Қазақстанның батысында Батыс сақинасының құрылысын салу көзделуде, ол Ақтөбе, Орал, Атырау қалаларын және аудан орталығы Мақаттан Ақтау қаласына тармақталуды қамтиды.
Батыс және Негізгі сақиналардың байланысы Ақтөбе қаласында жүзеге асады.
2004-2006 жылдары ҰАСМ құрылысын салуға 10021 млн. теңге жұмсау болжанып отыр. Жобаның өтелiмдiлiк мерзiмi 96 ай. ТОБЖ Шығыс тармағының құрылысын қаржыландыру мақсатында бiрқатар кредиттiк келісімдер жасалды. 2002 жылғы 18 маусымдағы шарт шеңберiнде Siemens АӨ компаниясының жабдықтарын және қызмет көрсетулерiн жеткізудi қаржыландыру үшiн 2002 жылғы 29 тамызда Sumitomo корпорациясымен 6,7 миллион eypo сомасына (толықтай 1.08 млн. теңге сомасына игерiлдi) кредиттiк келісім жасалды. Қаржыландыру мерзiмi - 5 жыл, сыйлықақы ставкасы - Euribor + жылдық 3,5295%. 2003 жылдың 2 сәуiрiнде "Қазақтелеком" АҚ Commerzbank AG (Германия) және Credit Agricole Indosuez (Франция) бiрге кредиттік келісімдерiнiң құжаттарына қол қойды. Коммерциялық кредит бойынша 12 млн. еуроғa (ағымдағы жылдың 01 мамырындағы жағдай бойынша 11 млн. евро немесе 1.8 млрд. теңге игерiлдi) жуық мөлшерде қаражат Қазақстан аумағындағы бас мердiгердiң құрылыс-монтаж жұмыстарын, қызмет көрсетулерiн және материалдар мен жабдықтарды жергiлiктi жерден жеткізудi қаржыландыруға бағытталатын болады, оның 15,4 млн. евро мөлшерiнде (ағымдағы жылдың 01 мамырындағы жағдай бойынша 14 млн. евро немесе 2.5 млрд. теңге игерiлдi) сатып алу кредитi жобаның экспорттық бөлiгiне жұмсалады. Қаржыландыру 2002 жылдың 1 қыркүйегіндегі Siemens Ag жасалған № 2 сегментiнiң тапсырысы шеңберiнде ТОБЖ-нiң Шығыс тармағы құрылысының жобасын iске асыруға бағытталды. Қаржыландыру мерзiмi - 3-6 жыл, сыйлықақы ставкасы EuriBor+ жылдық 0,75%-1,5%.
2004 жылы Ақтөбе қаласындағы ХКО құрылысын салуды аяқтау болжануда. Қазiргі уақытта Қазақстан Республикасында Алматы және Астана қалаларындағы 5ESS жабдығына негiзделген екi XКO жұмыс iстейдi. Үшiншi ХКО құрылысын салу қолданыстағы коммутациялық сызбаны тұйықтауға, қалааралық және халықаралық байланыстың сенiмдiлiгін едәуiр арттыруға мүмкiндiк бередi. Ақтөбе қаласындағы ХКО құрылысын салуды аяқтауға 2004 жылы 250 млн. теңге жұмсалады. Жобаның өтелiмдiлiк мерзiмi 66 ай. Қаржыландыру көзi - "Қазақтелеком" АҚ-ның өз қаражаттары.
ХКО арна сыйымдылығын кеңейту үшiн 2004-2006 жылдардағы күрделi қаржы салымдары 126 млн. теңге болады. Жобаның өтелiмдiлiк мерзiмi 54 ай. Қаржыландыру көзi - "Қазақтелеком" АҚ-ның өз қаражаттары.
"Қайталама желi" жобасының құрамдастары:
жергiлiктi желi;
деректер беру желісі;
үстеме салынған желi.
2004 және 2006 жылдар аралығындағы кезеңде жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiн жаңғырту және дамыту жөніндегі жобаларды iске асыру Қазақстан Республикасы облыс орталықтарының және облыстық бағыныстағы iрi қалаларының жергiлiктi желiлерiн цифрландыру жолымен жалғасатын болады. Қалалық телекоммуникациялар желiлерiн жетiлдiру нәтижесiнде 2007 жыл қарсаңында цифрландыру деңгейi 94%-ға жетедi, табиғи тозығы жеткен және сапалық жағынан ескiрген коммутациялық жабдықты ауыстыру жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ ұсынылатын қызмет көрсетулердiң сапасы жақсарып, түрлерi көбейе түседi. Жобаға 2004-2006 жылдарда салынатын күрделi салым 27905 млн. теңге. Жобаның өтелiмдiлiк мерзiмi 90 ай.
Жергiлiктi телекоммуникация желiлерiн жаңғырту мен дамыту үшiн жабдықтар мен қызмет көрсетулердi жеткізудi қаржыландыру үшiн отандық, сондай-ақ шет мемлекеттерге экспортқа-несиелiк агенттiктердiң немесе халықаралық қаржылық институттардың сақтандыру өтеулерi бойынша заемдық қаражаттарын тарту анағұрлым тартымды болып отыр.
Осы сатыда Bayersch Landesbankпен жалпы құны 4,7 млн. АҚШ доллары (тек екi кредиттiк келісім ғана толықтай 3,3 млн. АҚШ долл. немесе 500 млн. теңге сомасына игерiлдi) (5 жылдық мерзiммен екi қарыз, пайыздың ставкасы Libor+0,75%, негiзгi борыш бойынша төлем мерзiмiн кейiнге қалдыру кезеңi алты ай) және 14 млн. eypo (ағымдағы жылдың 01 мамырындағы жағдай бойынша 12 млн. eypo немесе 1,9 млн. теңге игерiлдi) (5 жылдық мерзiммен төрт заем, сыйақы мөлшерлемесi Libor+0,90 %, негiзгі қарыз бойынша төлем мерзiмiн кейiнге қалдыру кезеңi алты ай), жетi несиелiк келісім жасалды.
Export Development Canada-мен (EDC) 5 жылдық мерзiмге 20 млн. АҚШ долларына дейiнгi сомадағы кредиттiк желi шартына қол қойылды, пайыздық ставкасы Libor+3,25%.
Alcatel, Kommunikations-Elektronik GmbH, Elcon Systemtechnik жабдықтарын жеткізудi қаржыландыру үшiн 2001 жылғы 21 желтоқсандағы шектеулi кредиттiк келісім шеңберiнде 4,6, 4,3, 1,5, 1,4 және 1,6 миллион eypo сомасына Bayerische Landesbank Girocentrale-мен (Германия) жеке кредиттiк келісім жасалды. Қаржыландыру мерзiмi - 5 жыл, сыйлықақы ставкасы - Libor + жылдық 0,9%.
ADC Telecommunications компаниясының жабдықтарын жеткізудi қаржыландыру мақсатымен 2001 жылғы 28 қазанда Bank Leumi le-Israel-мен 3,4 миллион АҚШ доллары сомасына (толықтай 473 млн. теңге сомасына игерiлдi) кредиттiк келісім жасалды. Қаржыландыру мерзiмi - 5 жыл, сыйлықақы ставкасы - Libor + жылдық -0,5%.
Сонымен бiрге, осы жобаны қаржыландыру үшiн жеткізушiнiң кредиттерi тартылуда жалпы сомасы 16,7 млн. АҚШ доллары, ол 30.04.04 жылға жағдай бойынша 2,3 млрд. теңгенi құрайды.
Жеткізушiнiң атауы | Сомасы, валютамен | 30.04.04ж. млн. теңге, сомасы | Өтеу күні | мөлшер. леме. % | Жеңiлдiк кезеңi |
ЕСI Telecom 1,187,45 164,4 31.08.2004ж. Libor+ 30.11. 1 USD 1,75 % 2000 ж. дейiн ЕСI Telecom 74,633 79,6 1.09.2004ж. Libor+ 01.09. USD 1,75 % 2001 ж. дейiн ЕСI Telecom 67,425 106,3 28.05.2004ж. Libor+ 28.02. USD 2% 2003 ж. дейiн Inovia 081,89 288,3 1.12.2004ж. Libor+ 01.12. Telecoms USD 1,75 % 2002 ж. Ltd. дейiн Inovia 450,37 339,4 17.08.2006ж. Libor+3% Telecoms 6 USD Ltd. Netas 1,064,57 147,4 15.05.2004ж. - 1 USD Netas 1,688,16 233,8 15.07.2004ж. - 8 USD Netas 1,773,60 245,6 10.09.2004ж. - 6 USD Netas 2,347,08 325,1 2.06.2005ж. - 4 USD ZMC 2,777,21 384,6 19.01.2007ж. 7,65% 2 USD |
Ауылдық байланысты жаңғырту және дамыту жөніндегі жоба балама АТС-ды цифрлықтармен ауыстыруды, қосу желiлерiн цифрландыруды, әуемен тартылған байланыс желiлерiн радиорелелiк және талшықты-оптикалық байланыс желiлерiмен ауыстыруды, ауылдық телефон станцияларын аудан орталығы желiлерi мен бiртiндеп бiрiктiрудi көздейдi, сөйтіп бiрегей жергілiкті желi құрылатын болады. Жобаға 2004-2006 жылдарда салынатын күрделi салым 3691 млн. теңге. Жобаның өтелiмдiлiк мерзiмi - 120 ай.
Iskratel (Словения) компаниясының шағын сыйымдылықты ауылдық АТС-ын жеткізудi қаржыландыру үшiн 2003 жылғы 27 ақпанда Нова Люблянска Банкiмен 4,3 миллион АҚШ доллары сомасында (толықтай 615 млн. теңге сомасына игерiлдi) кредиттiк келісім жасалды. Қаржыландыру мерзiмi - 5 жыл, сыйлықақы ставкасы - Libor + жылдық 3,5%.
Қазiргі уақытта Қазақстан Республикасында телефон орнатылмаған 1157 елдi мекен бар. Оларда телефон орнату жобасы республикалық бюджеттен қаржыландыру не дивидендтердi қайта инвестициялау жүзеге асырылған жағдайда iске асатын болады, қаржыландыру қажеттiлiгі 2200 млн. теңгенi құрайды. Әлеуметтiк маңызы бар жобаларды iске асыру тек мемлекет тарапынан қолдау тапқанда ғана жүзеге асуы мүмкiн. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 2.5-тармағына сәйкес тұрғындар саны 200 адам және одан асатын елдi мекендердi телефондандыру жоспары 2004 жылдың төртiншi тоқсанында әзiрленiп бекiтіледi.
ДАМА спутниктік байланыс желісін дамыту жөніндегі жоба ауылдық аудандар тұрғындарының байланыс қызметiн көрсетудегі сұраныстарын қанағаттандыруға арналған. Қатынауы қиын аудандар үшiн оңтайлы шешiм жер үсті байланысының магистральдық арналарын спутниктiк байланыс желiлерiмен ұштастыру болып саналады. Аталған жоба хабар таратудың жоғары сапалылығымен, байланыстың тез өткiзетiн арналарының болуымен, коммутацияның және бағыттаудың жақсартылған мүмкiндiгімен, энергия тұтынудың төмендiгімен сипатталады. Жобаға 2004-2006 жылдарда салынатын күрделi салым 451 млн. теңге. Жобаның өтелiмдiлiк мерзiмi 144 ай. Қаржыландыру көзi - "Қазақтелеком" АҚ-ның өз қаражаттары.
Iшкi аймақтық және ауылдық желiлердi жаңғырту, және дамыту сондай-ақ ДАМА спутниктiк байланыс желісін дамыту жөніндегі жобалар Қазақстан Республикасы Президентінің "2003 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" 2002 жылғы 29 сәуірдегі халыққа үндеуiн орындау мақсатында iске асырылады, онда 2003-2005 жылдар аралығындағы кезеңде ауылды (селоны) өркендетуге арнау қажеттiгi атап көрсетiлген болатын.
Деректер беру желісін дамыту жөніндегі жоба Қазақстан Республикасының тұрғындарын осы саладағы қазiргі заманды әлемдiк жетiстiктерге сай қызмет көрсетулердiң толық жиынтығымен қамтамасыз етудi көздейдi. Деректер беру желісін одан әрi дамыту (Интернет желісіне қол жеткізу, электрондық пошта, факсимильдiк және дауыстық хабарларды беру, телеконференциялар, деректер беру және цифрлық түрде ұсынылатын кез келген ақпаратты беру) осы қызмет түрiне өсiп отырған сұраныстың қанағаттандырылуын қамтамасыз етедi. Жобаға 2004-2006 жылдарда салынатын күрделi салым 3998 млн. теңге. Жобаның өтелiмдiлiк мерзiмi 36 ай. Осы жобаны қаржыландыру үшiн Telspec жеткізушiнiң екi кредитi пайдаланылады. Бiрiншi кредит - 1 707 341 АҚШ доллары сомасына, өтеу күнi - 2006 жылғы 10 шiлде, пайыздық ставкасы 5,71%, жеңiлдiк кезеңi - 2002 жылдың 15 сәуiрiне дейiн. Екiншi кредит - 2 341 594 АҚШ доллары сомасына, өтеу күнi - 2007 жылғы 10 қазан, пайыздық ставкасы 4,49%, жеңiлдiк кезеңi - 2003 жылғы 31 наурызға дейiн.