Жоғары өсу қарқыны деректер беру, Интернет желісі және ұялы байланыс рыногында; бiрқалыпты өсу қарқыны жергiлiктi және қалааралық телефон байланысы рыногында сақталған; төменгi өсу қарқыны халықаралық байланыс рыногында күтiлуде, өйткенi онда осы қызмет түрiмен айналысушылар өте көп.
2002 жылы "Қазақтелеком" АҚ-ның жергiлiктi байланыс рыногындағы үлесi 81%, қалааралық байланыста 91%, ТМД елдерiмен халықаралық байланыста 92%, алыс шетелдермен байланыста 81% болып бағаланды. "Қазақтелеком" АҚ-ның деректер беру және Интернет желісі рыногындағы үлесiн бағалау 42% құрайды.
Рыноктағы жоғарғы үлестер көбiнесе тарихи қалыптасқан клиенттiк базаның болуымен түсiндiрiледi. Кейбір жергiлiктi рынокта және корпоративтiк клиенттер рыногында "Қазақтелеком" АҚ үлесi анағұрлым төмен.
Телекоммуникация рыногында операторлардың бәсекелесi мен белсендiлiгiнiң арта түскенiн атап өткен жөн. Мәселен, 2001 жылы 184 лицензия берiлсе, 2002 жылы 215 лицензия берiлдi. Белсендiлiктiң артуы рыноктың барлық сараланымында, ал ең көбі - қалааралық пен халықаралық байланыс (бөлiнген операторлар), арналарды жалдау, деректер беру және Интернет желісі рыноктарында байқалып отыр.
Байланыс жүйелерiне техникалық пайдалану қызметiн көрсету, корпоративтiк желiлердi басқару және әкiмшiлiктендiру рыногына қызығушылық артып отырғанын атап өту керек.
Клиенттерге байланыс қызметтерiн көрсетудiң толық спектрiн ұсынуға қабiлеттi бөлектелген байланыс желісі операторларының саны көбейiп келедi. Операторлар өз лицензияларының тiзiмiн жаңа байланыс қызмет көрсетумен толықтыруда.
Рынокта кейбір аймақтарда "Қазақтелеком" АҚ желісімен бара-бар жер үстi желiлерiне бар iрi магистральдық оператор KazTransCom пайда болды.
Арна және Ratel жетекшi операторларының DUCAT жаңа сауда маркасы аясындағы одағы Атырау қаласы мен Батыс Қазақстан облысы рыногына белсендi түрде енгiзiлiп, 2003 жылы Астана қаласы рыногына шықты.
"Қазақтелеком" АҚ-ның басты бәсекелестерi
Қызмет көрсету түрлерi | Операторлар |
Жергілiктi телефон байланысы Қалааралық, халықаралық байла- ныс, арналарды жалдау және спутниктiк байланыстың бөлек- телген желісі қызметiн көрсету Деректер беру және арналарды жалдау | KazTransCom, Транстелеком, Қазаэронавигация, Арна, Каскортелеком, Мұнайтелеком, СВИМ ASTEL, Нұрсат, Ratel, KazTransCom, TNS-plus, Қазинформтелеком, Кателко Нұрсат, ASTEL, KazTransCom TNS-plus, Кателко, Қазинформтелеком, Golden Telecom, DUCAT |
Заңды және жеке тұлғалар "Қазақтелеком" АҚ қызметiн тұтынушылар болып табылады. Тұтынушылар құрылымының 11%-ын алатын заңды тұлғалар "Қазақтелеком" АҚ кiрiстерiнiң 45%-ын бередi. Тұтынушылар құрылымының 89%-ын құрайтын жеке тұлғалар "Қазақтелеком" АҚ кiрiстерiнiң 55%-ын қалыптастырады.
3. 2001-2003 жылдардағы өндiрiстiк-қаржылық қызметтi талдау
1. 2001 жылдың қорытындылары
2001 жыл "Қазақтелеком" АҚ үшiн жоғары өндiрiстiк және қаржылық көрсеткiштермен ерекшелендi. Мәселен, негiзгi қызметтен алынған кiрiс 45,9 млрд. теңгенi құрап, 2000 жылмен салыстырғанда 19% артты. "Қазақтелеком" АҚ жүргiзiп отырған телекоммуникациялар желісін кеңейту және жаңарту жөніндегі жұмыстар, ел экономикасының жаппай жандануы, нысаналы тарифтiк саясат көрсетiлетiн қызметiн көлемiн ұлғайтып отыр.
Трафик көлемi жөніндегі жоспарды асыра орындау есебiнен қалааралық және халықаралық сөйлесулердiң артуы 2000 жылғымен салыстырғанда 30% болады. Жергілiктi желi бойынша негізгі телефон аппараттары (бұдан әрi - НТА) мен жаңа қондырғыларды көбейту есебiнен кiрiстердiң ұлғаюы байқалды. Смарт-карталар сату, деректер беру желісінiң қызмет көрсетуi тәрiздi жаңа қызмет түрлерi бойынша едәуiр өсiм барын айту қажет, Kulan желісінен, IPLC жалға беруден, оларды сатудан түскен кiрiстiң сомасы 88% өстi.
Операциялық қызмет шығыстарының сомасы 34,1 млрд. теңгенi, оның iшiнде өндiрiстiк өзiндiк құн бойынша 26,8 млрд. теңгенi құрады (өcуi - 6,6%). Бұл ретте кезең шығындары 2000 жылмен салыстырғанда 15% төмендетiлiп, жоспарланған 8,1 млрд. теңгенiң орнына 7,3 млрд. теңгенi құрады.
Таза кiрiс 2000 жылғы деңгейден 3 есе өсiп, 8,6 млрд. теңгенi құрады. 2002 жылғы 15 мамырда өткен акционерлердiң жылдық жалпы жиналысында 2001 жылдың қорытындылары бойынша жай акцияларға таза кiрiстiң 20%-ы мөлшерiнде дивидендтер төлеу туралы шешiм қабылданды. 1 акцияға кiрiс 155,97 теңге болды.
2001 жылы ақылы қалааралық және халықаралық телефон трафигi өткен жылдың деңгейiнен 30% асып түсiп, 1101 млн. минутқа жеттi.
Деректер беру желісінiң (Интернет желісіне қол жеткізу, электрондық пошта, факсимильдiк және дауыстық хабарлар беру, телеконференциялар, деректер беру және цифр түрiнде ұсынылатын кез келген ақпаратты беру) одан әрi дамуы және осы қызметтерге деген зор сұраныс Интернет желісі арналарында жұмыс iстеу уақытының өсуiне әсер етiп, оны 2000 жылмен салыстырғанда 89%-ға ұлғайтып, 204,8 млн. минутқа жеткiздi.
Батыс талшықты-оптикалық магистральдың негiзгi екi сараланымы құрылысының аяқталуы байланыс желісін жаңғырту мен дамытудағы негiзгi жетiстiк болды.
Ұлттық Ақпараттық Супермагистраль (бұдан әрi - ҰACM) құрылысын жалғастыру шеңберiнде жобалау-iздестiру жұмыстары жүргiзiлiп ҰАСМ Шығыс тармағының жұмыс сызбалары әзiрлендi.
Астана қаласында 6572 порттық екiншi Халықаралық коммутация орталығының (бұдан әрi - XКO) пайдалануға берiлуi Қазақстанның телекоммуникациялар желісін дамыту және жетiлдiру жолындағы маңызды кезеңнiң бiрi болды.
Жергiлiктi желiнi цифрландыру жұмыстары 2001 жылы да жалғасты. Облыс орталықтары мен облыстық бағыныстағы қалаларда жалпы сыйымдылығы 186 мың нөмiрлiк жабдықтар орнатылды. Бұған қоса, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда облыстарының аудандары орталықтарында жалпы сыйымдылығы 32 мың нөмiрлiк цифрлық жабдықтар орнатылды.
Уақыт бойынша есептеудi жаппай енгізу жұмысы "Телекоммуникация желiлерiнде ТҚУЕ енгізудiң жоспар-кестесiн бекіту туралы" 2001 жылғы 26 маусымдағы № 873 Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысымен бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізiлдi.
Балама желiнi уақыт бойынша есептеу аппаратурасымен толықтырып жабдықтау жүргiзiлдi, 2001 жылы ТҚУЕ енгiзiлген қалаларда "Микронет" және "ELSIS" фирмаларының аппаратуралары жұмыс iстеп тұр.
2001 жылы Павлодар, Шымкент, Қарағанды, Атырау, Қостанай және Өскемен қалаларында SDH қалалық сақиналары пайдалануға берiлдi.
Сөйтiп, Қазақстанның 11 облыс орталығында орнатылған цифрлық жеткізу желiлерi ҚТС жүйесiнде станцияаралық байланыс сапасын жақсартумен бiрге, барлық ақпарат түрлерiн берудi, оның iшiнде деректер беру, бейнеақпарат және басқа да мультимедиялық қызметтер көрсетуді ұйымдастыруға да мүмкіндік туғызды.
2001 жылы "Қазақтелеком" АҚ абоненттік мультисервистiк қол жеткізу желісінiң құрылысын салу, интеллектуалдық желісін құру жобасын жасау басталды.
2. 2002 жылдың қорытындылары
2002 жылы "Қазақтелеком" АҚ-ын серпiндi дамыту жөніндегі оң үрдiсi нығайтылды. Жоспарланған өндiрiстiк және қаржылық көрсеткiштердiң көпшiлiгi асыра орындалды.
2002 жыл ҰАСМ Шығыс тармағы құрылысының басталуымен ерекшелендi. ТОБЖ-не 6 облыс орталығы және облыстық бағыныстағы 29 қала кiретiн болады. Шығыс тармағының құрылысын салу ұлтаралық транзиттi ұйымдастыруға және екi қаланың - Астана мен Алматының (солтүстiк пен оңтүстiк) XКO-тарын цифрлық ағымдармен байланыстыруға мүмкiндiк бередi. Бұл ұлттық телекоммуникациялар желісінiң және халықаралық байланыстың тұрақты жұмысын ұйымдастыру үшiн аса маңызды.
Жергiлiктi желiнi жетiлдiру жұмыстары жалғастырылды. Облыс орталықтарында және облыстық бағыныстағы қалаларда жалпы сыйымдылығы 134223 нөмiрлiк цифрлық автоматты телефон станциялары орнатылды. ATC бойынша қалалық телефон станцияларында 67147 нөмiр цифрлық ATC сынақтық пайдалануға берiлдi. Қалалық телефон станцияларында (бұдан әрi - ҚТС) сыйымдылығы 39564 нөмiрлiк цифрлық ATC-тар, аймақтық желiде сыйымдылығы 27512 нөмiр iске қосылды.
┌─────────────────────────────────────────────────┬────────────────┐
│ │ Нөмiр │
├─────────────────────────────────────────────────┴────────────────┤
│Жалпы монтаждалған сыйымдылық 2 398 359 │
│ оның iшiнде цифрлық 1 055 145 │
│ҚТС монтаждалған сыйымдылығы 1 927 557 │
│ оның iшiнде цифрлық 995 985 │
│Ауылдық телефон станцияларының (бұдан әрi - АТС) │
│монтаждалған сыйымдылығы 470 802 │
│ оның iшiнде цифрлық 59 160 │
│Жалпы iске қосылған сыйымдылық 2 093 770 │
│ оның iшiнде цифрлық 949 562 │
├ҚТС iске қосылған сыйымдылығы 1 728 225 │
│ оның iшiнде цифрлық 896 433 │
│АТС iске қосылған сыйымдылығы 365 545 │
│ оның iшiнде цифрлық 53 129 │
└──────────────────────────────────────────────────────────────────┘
2003 жылдың 1 қаңтарында НТА саны 2 081 858 нөмiрдi (2001 жылмен салыстырғанда 6,8% өсiм), оның iшiнде ҚТС бойынша - 1 716 879 нөмiрдi (5,5% өсiм), ATC бойынша - 364 979 нөмiрдi (12,9 % өсiм) құрады.
Қазақстан Республикасы бойынша телефон тығыздығы 100 тұрғынға шаққанда 14 нөмiрдi, оның iшiнде ҚТС бойынша - 20,5 нөмiрдi және ATC бойынша - 5,6 нөмiрдi құрады.
2002 жылы желiнi ұлғайта отырып, координаттық станцияларды М-200 үлгісіндегі цифрлық станциямен ауыстыру арқылы 56 ауылдық ATC жаңартылды. Сөйтiп, ауылдағы цифрлық станциялардың жалпы саны өткен жылғымен салыстырғанда 2 есе көбейдi.
Шағын жаңғырту жабдықтарымен (БАУЕ-АНА, электрондық РСЛО және регистрлер) толық жабдықтау арқылы, ATMК-50/200 үлгісіндегі 351 ауылдық ATC абоненттерiнiң қалааралық желiге шығуы қосымша қамтамасыз етiлдi.
Ауылдық және қатынауы қиын аудандар үшiн ДАМА технологиясы бойынша спутниктiк байланыс желісінiң құрылысын салу жалғастырылды. 2002 жылы 30 ДАМА станциясы орнатылды. Спутниктiк желiнiң жалпы сыйымдылығы 2003 жылдың 1 қаңтарында 230 станция болды, оның 195-i шалғайдағы ауылдық мекендерде.
2002 жылы "Қазақтелеком" АҚ уақыт бойынша есеп айырысуды жаппай енгізуге қатысты жұмыстарды жалғастырды. Тараз, Өскемен, Орал, Павлодар, Ақтау, Петропавл, Атырау, Қостанай және Көкшетау қалаларында балама ATC-ның уақыт бойынша есептеу жабдықтары сынақтық пайдалануға қабылданды. 2002 жылы өнiмдердi сатудан түскен кiрiс 56804,4 млн. теңге сомасында немесе жоспардың 105,6% болып есептелдi. 2001 жылмен салыстырғанда 23,8% өсiмiмен жоспардан тыс 3027,6 млн. теңге алынды. Кiрiстер жоспары бұрынғы жылғыдан да өсе түсiп, телекоммуникациялар қызметiнiң барлық түрi бойынша қамтамасыз етiлдi.
Кiрiстер құрамындағы ең көп үлестi қалааралық және халықаралық телефон байланысы алады - 63%. Қызмет көрсетудiң осы түріндегі жоспардың артық орындалуы 7,5% немесе 2001 жылмен салыстырғанда 24,7% өсiмiмен 2493,6 млн. теңге мөлшерiнде қамтамасыз етiлдi.
Жергiлiктi телефон байланысы бойынша көрсетiлген қызметтен түскен кiрiс көлемi желi абоненттерiнің санын көбейту бойынша жоспардың 1,8 есе, телефон орнату жоспарының 33,1% артығымен орындалу есебiнен жоспарға қарағанда 473,2 млн. теңге (104,5%), өстi. 2001 жылға қарай кiрiс өсiмi 111,3% құрады.
2002 жылы операциялық қызмет шығындары 43 951,4 млн. теңге сомасында есептелдi, бұл жоспардағыдан 5,2% артық.
Негiзгi қызметтен түскен кiрiс "Қазақтелеком" АҚ бойынша тұтас алғанда 2001 жылғымен салыстырғанда 9,3% өсiммен 12 852,9 млн. теңге сомасында есептелдi.
Таза кiрiс 2001 жылмен салыстырғанда 40,6% және жоспардан 40,9% жоғары өсiмiмен 12 147,2 млн. теңге сомасында алынды.
Бiр жұмыс iстеушiге шаққандағы кiрiсi 19,1% ұлғайып, 1 764,5 мың теңге болды.
2002 жылы жұмыс iстеушiлердiң орташа тiзiмдiк саны 32193 адамды құрап, 2001 жылға қарағанда 3,3% өстi.
Орташа тiзiмдiк сан ауылдық байланысты қалпына келтiру жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуына және өндiрiстiң кеңеюiне (атап айтқанда, желiлiк-кабелдiк шаруашылықты техникалық қамтамасыз ету, Батыс ТОБЖ пайдалануға берiлуi, сату орталықтарын кеңейту) байланысты көбейдi.
Негiзгі реттелетiн қызмет көрсетулердiң тарифтерi өсiрiлген жоқ.
2002 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетiне салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер ретiнде 13194,5 млн. теңге, оның iшiнде корпоративтiк табыс салығы 2924,9 млн. теңге, әлеуметтiк салық - 2455,1 млн. теңге, ҚҚС - 3830,1 млн. теңге, Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнетiн тауарларға ҚҚC - 1947,4 млн. теңге төлендi. Сонымен бiрге, 2002 жылы 2001 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік акциялар пакетiне дивидендтер 946,5 млн. теңге көлемiнде бюджетке төлендi.
3. 2003 жылдың қорытындылары
HTA өсiмi 146,4 мың телефон болды, оның iшiнде 44,2 мың телефон ауылдық жерлерде, орнатылған НТА саны - 191,8 мың телефон, оның iшiнде 59,2 мың телефон ауылдық жерлерде. "Қазақтелеком" АҚ өз қаражаты есебiнен бұрын телефондандырылмаған 536 елдi мекендi телефондандырды.
2003 жылдың аяғында HTA саны 2228 мың бiрлiктi құрады.
Смарт-карталармен жұмыс iстейтiн әмбебап таксофондар желісі 642 данаға ұлғайды.
2003 жылы қалааралық, халықаралық телефон трафигi 1545,5 млн. минутты, оның iшiнде бағыттар бойынша: Қазақстан Республикасы - 1418,5 млн. минутты (ұялы байланыс операторларының 271,3 млн. минут трафигін қосқанда), ТМД мемлекеттерi бойынша - 113,9 млн.минутты, алыс шетелдер бойынша - 13 млн. минутты құрады.
2003 жылы телеграф трафигi 532 мың бiрлiктi құрады.
Негiзгі қызметтен түсетiн кiрiс 65 880,6 млн. теңгенi, оның iшiнде қалааралық, халықаралық байланыс қызметiн көрсетуден түскен кiрiс 41 086,3 млн. теңге, жергiлiктi байланыстан түскен кiрiс - 11 731,5 млн. теңге, деректер беру желісі қызметiн көрсетуден түскен кiрiс - 2 667 млн. теңге болды.
Операциялық қызмет шығыстары 49610,8 млн. теңге сомасын, оның iшiнде өндiрiстiк өзiндiк құн бойынша - 37 940,7 млн. теңгенi құрады.
Өзiндiк құн құрылымы мынадай болды:
(млн. теңге)
Өзiндiк құн, барлығы 37940,7 оның iшiнде: Материалдар 2755,9 Еңбек бойынша шығындар 12058,7 үстеме шығындар 23126,1 |
Кезең шығындары 11 670,1 млн. теңгенi, оның iшiнде жалпы және әкiмшiлiк шығындар - 9 318,4 млн. теңгенi құрады.
Жалпы табыс 2002 жылға қарағанда 18,8%-ке өсiп, 27 939,9 млн. теңге болды.
Таза кiрiс мөлшерi 17 827,3 млн. теңгенi, негізгi қызмет табысына қарағанда таза кiрiс деңгейi 27% құрады.
Кiрiстер бойынша болжамдардың орындалуы кеңейтiлген инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесiнде қамтамасыз етiлдi, оның көлемi 19088 млн. теңге болды. Бағдарламаны қаржыландыру сыртқы қарыздар есебiнен (10247 млн. теңге) және өз қаражаттарын пайдалану жолымен (8840 млн. теңге) қамтамасыз етiлдi. Инвестицияларды жергiлiктi телекоммуникациялар желісін жетiлдiруге және дамытуға, Шығыс ТОБЖ құрылысын аяқтауға, Интернетке баратын сыртқы арналардың жалпы сыйымдылығын 68 Мбит/с дейiн ұлғайта отырып, деректер беру желісін дамытуға және басқа жобаларға бағытталды.
Жезқазған - Жаркент, Атырау - Орал цифрлы радиорелелiк желiлердiң құрылысын салу жүзеге асырылды. 2003 жылы Солтүстiк ТОБЖ жобалауды әзiрлеу бойынша жұмыстар жүргізiлдi. 2003 жылы 140 ауылдық балама станцияларды цифрлық АТС-ге алмастыру жүргiзiлдi. Аудан iшіндегі қосылу желiлерiн цифрландыру 116 ауылдық елдi мекендi қамтыды. Шалғайдағы қатынауы қиын аудандарда 30 ДАМА станциясы орнатылды.
"Қазақтелеком" АҚ акционерлерiнiң 2003 жылы 16 мамырда өткен жалпы жиналысының шешiмiне сәйкес 2002 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер мөлшерi жай акцияларға 3,24 млрд. теңге, оның iшiнде мемлекеттік акциялар пакетiне 1,8 млрд. теңгенi құрады. Сөйтiп, бiр жай акцияға дивидендтер мөлшерi 296,63 теңгенi құрады.
2003 жылы мемлекеттік бюджетке төленген салық мөлшерi 15,57 млрд.теңгенi құрады: ҚҚС - 6,28 млрд.теңге, корпоративтiк табыс салығы 3,92 млрд.теңге, әлеуметтік салық - 2,82 млрд.теңге, көлiкке, жерге, мүлiкке салық - 0,62 млрд.теңге, төлем көзiнен табыс салығы - 1,43 млрд. теңге болды.
"Қазақтелеком" АҚ Жамбыл облысында болған жер сiлкiнiсiнен зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында 25 млн. теңге аударды. Жер сiлкiнiсi салдарынан қираған телекоммуникация объектiлерiн қалпына келтiруге 141 млн. теңге мөлшерiнде қаражат бөлiндi. Қираған ATC ғимараттарының құрылысы салынуда және Қызылшаруа ауылы мен Луговая станциясында жаңа цифрлық станциялар орнатылуда, жаңа желiлiк-кабельдiк шаруашылық құрылысын, оның iшiнде "Луговая-Құлан станциясы" учаскесіндегі талшықты-оптикалық байланыстың қосылу желісін салу жүзеге асырылуда. Аудан орталығы Құландағы ATC ғимараты күрделi жөндеуден өтуде.
4. 2004-2006 жылдарға арналған даму жоспары
1. Мақсаттар және мiндеттер
Экономиканың өрлеуiмен, iскерлiк белсендiлiктiң жандануымен, халық табысының өсуiмен сипатталатын қолайлы макроэкономикалық факторлар болжанып отырған кезеңде телекоммуникациялар қызметiн көрсетуге деген көтерiңкi сұранысты қалыптастырады және телекоммуникациялар рыногының серпiндi дамуына септiгiн тигізедi.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2004 жылғы 17 наурыздағы № 1297 тапсырмасына және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Д.К. Ахметовтiң 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 17-52/1881 тапсырмасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң DСS-1800 стандартындағы лицензияға конкурс өткізу жөніндегі жоспарларына байланысты жоспарланып отырған кезеңде ұялы байланысқа лицензия алу қарастырылуда. 2006 жылы "Қазақтелеком" АҚ-ын жекешелендiрудi жүзеге асыру мүмкiндiгi қарастырылатын болады.
Бәсекелестiк рынок жағдайында тиiмдi әрi табысты жұмыс iстеу мақсатында "Қазақтелеком" АҚ толығымен бизнес бағытын ұстанған компанияға айналуы керек. Ол үшiн бизнестiң тиiмдi жаңа түрлерiн игеруге, кiрiстерi жоғары сараланымдардағы жұмысты күшейту және көпшiлiкке қызмет көрсету рыногындағы өзiндiк үлесiн арттыра түсуге тиiс.
Ырықтандыру барысында кiрiстердiң шығыны жаңа рыноктардағы кiрiстiң өсуiмен және тарифтердi қайта теңгерiмдеумен өтелуге тиiс. Жоспарланған мерзiмде "Қазақтелеком" АҚ-ның ұялы байланыс желісін құру көзделедi. Ұялы байланыс операторының рыногына қатысу "Қазақтелеком" АҚ үшiн стратегиялық мiндет болып табылады. Бұл компанияның капиталдануын арттырады, келешегi зор және стратегиялық тұрғыдан маңызды ұялы байланыс операторы рыногына мемлекеттiң қатысуын күшейтедi, ауылдық байланыстың бiрқатар мәселелерiн ең аз шығынмен шешуге, тұрғындарға сапалы әрi арзан ұялы байланысты ұсынуға мүмкiндiк бередi. Лицензия алу және жобаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес iске асырылатын болады.
Соның нәтижесiнде болашақ жекешелендiру кезiнде "Қазақтелеком" АҚ капиталдануы рыноктық құнды арттыру арқылы өсетiн болады.
"Қазақтелеком" АҚ жоспарланып отырған кезеңдегi жұмысының мақсаттары:
қоғамның және мемлекеттік басқару органдарының байланыс қызметiн көрсетудiң барлық түрлерiне сұраныстарын қанағаттандыру;
рыноктық бағаның тұрақты ұзақ мерзiмдi өсуi.
"Қазақтелеком" АҚ алдағы кезеңдегi мiндеттерi:
рыноктағы өз тұғырларын нығайту;
бизнес-бағыттық iшкi және сыртқы саясатты қалыптастыру;
бәсекелестiкке төтеп бере алатын және қазiргi заманға сай телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру болып табылады.
2004 жылы толық бәсекелестiк рыногы жағдайында рыноктағы тұғырлардан айырылмау үшiн компанияны бизнес-бағыттық тұрғыдан қайта ұйымдастыру стратегиялық мiндет болып табылады.
2. Алға қойылған мiндеттерге қол жеткізу жолдарын таңдау
Алға қойылған мiндеттерге қол жеткізу үшiн "Қазақтелеком" АҚ мынадай стратегиялық бағыттарды таңдайды:
қазiргі заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыруды аяқтау;
жоғары кiрiстi сараланымдарда бизнестi жандандыру;
клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру.
2007 жылға қарай ҰАСМ құрылысы аяқталатын болады, жергiлiктi желiлерде монтаждалған сыйымдылықты цифрландыру деңгейiн 60% дейiн жеткізудi қамтамасыз ету болжанып отыр. Қазiргi заманғы цифрлық жабдықтар, желiлер мен оларды пайдалануды оңтайландыру негiзiнде жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiн жетiлдiру және дамыту, желiнiң және оны пайдаланудың тиiмдiлiгін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. "Қазақтелеком" АҚ алдағы қызметiнде озық технологияларды пайдалану негiзiнде телекоммуникациялар қызметiн көрсету түрлерiн кеңейтуге баса назар аударатын болады.
Бизнес құрылымы жоғары рентабелдi клиенттер мен қызмет түрлерiнiң сараланымда компанияның үлесiн арттыру жағына қарай өзгеруi тиiс. "Қазақтелеком" АҚ-ның Европа - Қытай транзиттiк трафигiнiң ең iрi ұлтаралық операторы, ұялы байланыс операторы ретiнде қалыптасуы ең маңызды стратегиялық бағыт болып табылады. Бұқаралық рынок үшiн деректер беру қызметiн көрсетедi, оны одан әрi кеңейтудiң де болашағы зор.
"Қазақтелеком" АҚ-ы телекоммуникациялық рыноктағы жетекшi тұғырын нығайта түсу сату жүйесiн айтарлықтай жақсартуға және тұтынушыларға ұсынылатын сервистiң сапасын арттыруға негiзделетiн болады.
3. Өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өндiрудiң даму серпiнi
Болжанып отырған кезеңде "Қазақтелеком" АҚ-ның күш-жiгерi жоғары сапалы iшкi және сыртқы ақпарат алмасуды, телекоммуникациялар қызметiн көрсетудiң барлық түрлерiн дамытудың ең қуатты негізiн қамтамасыз ететiн, бiрегей техникалық және ұйымдастыру идеологиясы негiзiнде жұмыс iстейтiн және дамитын қазiргі заманға сай телекоммуникациялар желісін құруға бағытталатын болады.
Болжам бойынша күрделi салымдар 2004 жылы 25,2 млрд. теңге, 2005 жылы - 22,1 млрд. теңге, 2006 жылы - 21,7 млрд. теңге болады. Аталған қаражаттар телекоммуникациялар желісін одан әрi дамытуға, халықтың және дамып келе жатқан экономиканың байланыс қызмет көрсетулерiне деген өсе түсетiн сұранысты қанағаттандыруға жұмсалады.
2006 жылы негiзгi телефон аппараттарының саны 2004 жылмен салыстырғанда 8% өсiп, 2,4 млн. данаға жетедi. Қалааралық және халықаралық телефон трафигi 1,8 млрд. минутқа жетедi.
| 2004 ж. болжам | 2005 ж. болжам | 2006 ж. болжам |
HTA - барлығы, мың дана Қалааралық, халықаралық телефон трафигі - барлығы, млн. мин. | 2362 1623 | 2386 1704 | 2409 1789 |
2006 жылы сатылған өнiмнiң (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) болжамды өзiндiк құны 2004 жылдың деңгейiне қарағанда 12% өсiмiмен, 42,3 млрд. теңгенi құрайтын болады.
Өзiндiк құн құрылымының 2006 жылға дейiнгi болжамы
(млн.теңге)
| 2004 ж. болжам | 2005 ж. болжам | 2006 ж. болжам |
Өзiндiк құн, барлығы оның iшiнде: Материалдар Еңбек бойынша шығыстар үстеме шығындар | 39908 4133 11972 23803 | 40073 4321 11410 24342 | 42316 4808 12103 25405 |
Телекоммуникациялар желiлерiнiң кеңеюiне, сол сияқты iшкi және сыртқы өндiрушiлер бағаларының көтерiлуiмен де байланысты электр қуатына, отынға, кабельге және қосалқы бөлшектерге жұмсалатын шығыстардың артуы болжануда. Жабдықтардың айтарлықтай мөлшерiнiң желiнi жаңарту мен кеңейту процесiнде iске қосылуына байланысты амортизациялық жарналар ұлғаятын болады.
"Қазақтелеком" АҚ-да әкiмшiлiк пен еңбек ұжымы арасында жасалған Ұжымдық шартқа сәйкес жүзеге асырылатын нақты мақсаттарға бағытталған әлеуметтiк саясат жүргiзiлуде.