4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттік бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделедi:
1) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының жұмыс iстеуi;
2) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру;
3) азаматтық хал актілерін тiркеу жөніндегі қызметтi қамтамасыз ету;
2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда; 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын қолдау;
5) ауылдық (селолық) жерлерде балаларды мектепке дейiн тегiн алып баруды және керi алып келудi ұйымдастыру;
6) ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрiгерлiк көмек көрсететiн ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізудi ұйымдастыру;
7) мұқтаж азаматтарға үйiнде әлеуметтiк көмек көрсету;
8) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
9) елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;
10) жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу;
11) елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру;
12) елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандыру;
2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13) тармақша жаңа редакцияда
13) жергілікті деңгейдегі мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
14) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
15) елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастыру;
3-бөлім. Бюджеттік қатынастарды реттеу
саласындағы мемлекеттік басқару
9-тарау. Мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік қатынастарды
реттеу саласындағы құзыреті
54-бап. Мемлекеттік басқарудың бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымы
Мемлекеттік басқарудың бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын:
Қазақстан Республикасының Президентi;
Қазақстан Республикасының Парламентi;
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi;
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган;
бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган;
iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган;
мәслихат;
жергiлiктi атқарушы орган құрайды.
55-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыретi
Қазақстан Республикасының Президентi бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:
1) республикалық бюджеттi әзiрлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды;
2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджет енгізу туралы шешiм қабылдайды және оны әзiрлеу тәртібін айқындайды;
4) мемлекеттегi жағдай мен республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы ереженi бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемi мен бағыттары жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептердi бекiтедi;
8) осы Кодексте көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекiтедi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және олардың тиімділігін бағалау тәртібін айқындайды;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
9) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2007.06.12 № 7-ІV ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
56-бап. Қазақстан Республикасы Парламентінің бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Парламенті палаталардың бірлескен отырысында Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді.
2. Қазақстан Республикасының Парламенті палаталардың бөлек отырысында әуелі — Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды.
3. Қазақстан Республикасының Парламенті палаталардың бөлек отырысында әуелі — Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
4. Қазақстан Республикасының Парламенті өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
57-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң құзыретi
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:
1) республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу тәртібін белгiлейдi;
2) iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен бiрлесiп мемлекеттік қаржы бақылауының стандарттарын әзiрлейдi, сондай-ақ оларды бекiтедi және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады;
4) төтенше мемлекеттік бюджеттiң атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
5) бақылау iс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
58-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:
1) Қазақстан Республикасының Парламентiне республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
2) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
3) жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртібін айқындайды;
4) республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару тәртібін айқындайды;
5) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
6) қарыз алуды жүзеге асырады;
7) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) салалық (секторлық), өңірлік және бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және олардың тиімділігін бағалау тәртібін айқындайды;
8) орта мерзiмдi фискалдық саясат жобасын әзiрлеу тәртібін айқындайды;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау тәртібін айқындайды;
10) салықтық емес түсiмдердi алуға жауапты және олардың түсуiне бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдардың тiзбесiн, оларды бюджетке аудару тәртібін айқындайды;
11) мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепiлдiктер беру қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдайды;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
12) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепiлдiктер беру тәртібін, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, оларды тiркеу мен есепке алу, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингi мен оны басқару тәртібін айқындайды;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін беру тәртібін, мемлекет кепілгерлігі аясында тартылатын қарыздарды алу, пайдалану, өтеу, оларды тіркеу мен есепке алу, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың мониторингі мен оны басқару тәртібін айқындайды;
13) мемлекеттік мекемелердiң өз иелiгiнде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды;
14) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервiн пайдалану тәртібін айқындайды;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
14-1) республикалық және жергілікті бюджеттерден алынатын субсидияларды төлеу тәртібін айқындайды;
15) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтердi есептеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін айқындайды;
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды
15-1) қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды
15-2) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру тәртібін айқындайды;
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 15-3) тармақшамен толықтырылды
15-3) концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындар өтемақысын беру тәртібін айқындайды;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
16) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарының тiзбесiн айқындайды;
17) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитiнiң өткiзiлуiн қамтамасыз етедi;
18) төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлардың және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге бюджеттік субвенцияларды аударудың тәртібі мен кезеңдiлiгiн айқындайды;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19) жалпы сипаттағы трансферттер көлемдерi есептерiнiң әдiстемесiн айқындайды;
20) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң орта мерзiмдi фискалдық саясатын бекiтедi;
21) заттай нормаларды бекiтедi;
22) бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бекiтедi және оны жасау тәртібін айқындайды;
23) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
24) iшкi бақылау жүргiзу тәртібін белгiлейдi;
25) орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң штат санының лимитiн бекiтедi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
26) жергiлiктi мемлекеттік басқарудың үлгiлiк құрылымын, жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері мен нормативтерін бекiтедi;
27) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi жасайды;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
28) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзiне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
59-бап. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң орта мерзiмдi фискалдық саясатының жобасын әзiрлейдi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) басым бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) бөліп көрсете отырып, мемлекеттік функцияларға, мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларға, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың ақысы төленбеген міндеттемелеріне сәйкес алдағы қаржы жылы іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) тізбесінің жобасын қалыптастырады;
2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзiрлейдi және оларды қарауға Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етедi;
3) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзiрлейдi;
4) бюджеттік өтiнiм жасаудың және табыс етудiң тәртібін айқындайды;
5) мемлекеттік мекемелердiң өз иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн түсiмдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгiлейдi;
6) бюджет түсiмдерiн болжау әдiстемесiн айқындайды;
7) бiрыңғай бюджет сыныптамасының жобасын әзiрлейдi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) 2007.29.06. № 269-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
8) жылдық қаржыландыру жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi;
9) республикалық бюджетті нақтылау (түзету) жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10) бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алуды және борышты, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі жөніндегі борышты жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
12) бюджеттік кредиттеудi жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар аппараттарының штат кестелерін әзірлеу жөніндегі әдіснамалық басшылықты талдап-жасайды;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
12-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
60-бап. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:
1) республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының жобасын әзiрлейдi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) экономикалық жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды талдап-жасайды;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеу мен іске асыру әдістемесін айқындайды;
2) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастырады;
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) орташа мерзімдік кезеңге концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастырады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3) байланысты гранттарды тартуға басымдығы бар өтiнiмдердiң тiзбесiн қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Yкіметіне бекітуге енгiзедi;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4) бюджеттік инвестициялар мен байланысты гранттардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзедi;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
61-бап. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi
Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:
1) республикалық бюджеттi атқарады және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге қатысады;
3) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзiрлеуге қатысады;
4) бюджетке түсетiн түсiмдердi болжауға және мемлекеттік бюджетке кiрiстердiң түсуi саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысады;
5) республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекiтедi және оларға өзгерістер енгiзедi;
6) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар бередi;
7) мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеудi жүзеге асырады;
8) мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асырады;
9) уақытша бос бюджеттік ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) орналастырады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның банктік шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін айқындайды;
11) осы Кодексте белгіленген жағдайларда қаржыландыруды тоқтата тұрады;
12) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органда мемлекеттік мекемелердiң шоттарын ашу, жабу және жүргiзу тәртібін айқындайды;
13) бюджеттік есепке алуды жүргiзу тәртібін айқындайды;
14) есептiлiк жасаудың және табыс етудiң тәртібін айқындайды;
15) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарыздарын алады, пайдаланады, тiркейдi, өтейдi және оларға қызмет көрсетедi, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өзi шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16) тармақша өзгертілді
16) мемлекеттік емес қарыздардың мемлекеттік кепiлдiктерi және мемлекет кепілгерліктері бойынша мiндеттемелердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің жасалған концессия шарттары бойынша концессиялық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етедi;
17) бюджет қаражатын игеру мониторингiн жүзеге асырады;
18) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бюджеттік есепке алу, есептiлiк жөніндегі әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргiзедi, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыздар шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепiлдiктер бередi;
21) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыздарына және мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге екiншi деңгейдегi банктердi конкурстық негiзде айқындайды және оларға уәкiлеттiк бередi;
22) республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджет кредиттерiнiң берiлуiн, оларға қызмет көрсетiлуiн және олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингiн және қайтарылуын қамтамасыз етедi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
22-1) түсімдер сомаларын кейіннен қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарының есебіне жатқыза отырып, осы Кодекске сәйкес оларды республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының арасында бөлуді жүзеге асырады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 22-2) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
22-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері сомаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына аударуды жүзеге асырады;
23) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
62-бап. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құзыретi
Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:
1) мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгіне iшкi бақылауды жүзеге асырады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, ол бойынша есеп және есептiлiк жүргiзу, байланысты гранттардың, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет активтерiнiң, мемлекеттік мекемелердiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатуынан түскен өз иелiктерiнде қалатын ақшаның пайдаланылуы бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңдары талаптарының бұзылу себептерiне баға бередi;
3) бақылау iс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
63-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының құзыретi
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты:
1) жергiлiктi бюджеттi және оның атқарылуы туралы жылдық есептi бекiтедi;
2) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мәслихаттың тексеру комиссиясын сайлайды;
3) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жүргiзу туралы есептердi қарайды;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 64-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
64-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің құзыретi
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органының жұмысын үйлестіреді;
2) тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын тиісті мәслихатқа табыс етеді;
3) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа табыс етеді;
4) облыстық мәслихаттың және республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиісті қаржы жылына арналған тиісті жергілікті бюджеттер туралы шешімдерін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық, бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарын құрады;
7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
8) осы Кодексте көзделген жағдайларда тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын және республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы жоспарларын бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 64-1-баппен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
64-1-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің құзыретi
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының жұмысын үйлестіреді;
2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа табыс етеді;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының тиісті қаржы жылына арналған тиісті бюджеттер туралы шешімдерін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді;
5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық, бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарын құрады;
6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;