жіберілетін бюджет түсімдерi
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері:
2007.29.06. № 269-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
1) мұнай секторы кәсіпорындарынан алынатын тікелей салықтардан (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын салықтарды қоспағанда) құралады, оларға:
корпорациялық табыс салығы, үстеме пайдаға салынатын салық;
роялти, бонустар, өнімді бөлу бойынша үлес;
экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы;
қызметін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады;
2007.29.06. № 269-III ҚР Заңымен 1-1)тармақшамен толықтырылды
1-1) мұнай секторы кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерден (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын түсімдерді қоспағанда), оның ішінде мұнай келісімшарттарының талаптарын бұзғаны үшін түсетін түсімдерден (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқы-зылатын түсімдерді қоспағанда);
2) республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден тұрады.
8-тарау. Шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу
50-бап. Республикалық бюджеттiң шығыстары
1. Республикалық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07 № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер:
Қазақстан Республикасының Президентiн және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң жұмыс iстеуi;
сайлаулар мен референдумдар өткізу;
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын стратегиялық және орта мерзiмдi жоспарлау;
мемлекеттік бюджеттi болжау және республикалық бюджеттi жоспарлау;
салық қызметi органдарының қызметi;
республикалық бюджеттiң атқарылуын және жергiлiктi бюджеттердiң есеп-кассалық қызмет көрсетуiн ұйымдастыру;
республикалық меншiктi басқару;
сырттай байқау рәсімін, оңалту рәсімін, конкурстық іс жүргізуді және борышкерді конкурстық іс қозғамай тарату рәсімін өткізуді ұйымдастыру;
мемлекеттік сатып алудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
мемлекеттік қаржы бақылауы;
кеден қызметi;
мемлекеттiң сыртқы саяси қызметi;
iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу;
мемлекеттік статистикалық есеп;
мемлекеттік қызметтiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтiң әртүрлi салалары мен аяларында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау;
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2) тармақша өзгертілді
2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
мемлекеттiң қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
орталық атқарушы органдар өткiзетiн жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;
мемлекеттік материалдық резервтердi қалыптастыру және сақтау;
ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көрiнiстерiне қарсы күрес;
мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету;
облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын iс-шараларды қоспағанда, жалпыға бiрдей әскери мiндеттi орындауға байланысты iс-шараларды ұйымдастыру;
облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметтi ұйымдастыру;
жаhандық немесе аймақаралық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою;
кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiнiң iс-әрекетiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жұмысын қамтамасыз ету;
азаматтық қорғаныс жүйесiн ұйымдастыру;
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттік кадастр жүргiзу;
экономикалық және қаржы салаларындағы құқық қорғау қызметi;
3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi:
әдiлет саласындағы қызмет;
азаматтар мен мемлекеттiң мүдделерiн құқықтық қорғау;
заңдылықты және құқық тәртібін қамтамасыз ету;
мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу;
сот сараптамасы қызметi;
сот жүйесiнiң жұмыс iстеуi;
қылмыстық-атқару жүйесiне қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) білім беру:
республикалық білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру;
республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу;
республикалық деңгейде орта білімнен кейінгі білімi бар мамандар даярлау;
жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi білімi бар мамандар даярлау;
республикалық деңгейде кадрлардың біліктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
республикалық білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шет елдердiң мектептерiнде оқып жүрген отандастарымызды оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз ету;
оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, көмекшi оқу құралдарын, бағдарламалар әзiрлеу;
республикалық маңызы бар білім беру ұйымдарында балаларды оңалту;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
5) денсаулық сақтау:
жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезiнде республикалық деңгейде шұғыл медициналық көмек қызметiн ұйымдастыру;
республикалық маңызы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық оңалту;
психиатриялық бұзылулардан (аурулардан) зардап шегiп жүрген және қатаң бақылауға алу талап етiлетiн адамдарға медициналық көмек көрсету;
сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргiзу;
ауру адамдарды шетелде емдеудi ұйымдастыру;
ерекше қатерлi инфекцияларға қарсы әрекет;
республикалық маңызы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның компоненттерi мен препараттарын өндiру;
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын республикалық деңгейде және мемлекеттік шекара мен көлiкте қамтамасыз етуi;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң арасынан шыққан зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да санаттарына медициналық қызмет көрсету;
жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет;
ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6) тармақша өзгертілді
6) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға бюджет қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерi;
мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар;
мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мемлекеттік жәрдемақы алушыларды жерлеуге жәрдемақы;
бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
Сегізінші абзац 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
баланы бір жасқа толғанға дейін бағып-күту бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
экологиялық апат аймақтарында тұрып жатқан адамдарға Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген әлеуметтiк көмек;
әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдарының және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген әлеуметтiк төлемдер;
саяси қуғын-сүргiн құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген әлеуметтiк төлемдер;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мiндеттемелерi болып табылатын әлеуметтiк төлемдер;
көшi-қон iс-шаралары;
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
қазақтың ұлттық мәдениетi мен басқа да ұлттық мәдениеттердi қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
республикалық маңызы бар театр және музыка өнерiн қолдау;
мәдениет және мемлекеттік жастар саясаты саласында әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар өткізу;
республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету;
республикалық деңгейде спорттың ұлттық және бұқаралық түрлерiнiң дамуын қолдау;
жоғары жетiстiктер спортын дамыту;
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiнiң халықаралық спорттық жарыстарға дайындалуы және қатысуы;
Қазақстан және оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпарат әзiрлеп, халықаралық туристiк рынокта және мемлекеттiң iшiнде тарату;
республикалық маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
республикалық кiтапханалардың жұмыс iстеуi;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргiзу;
мемлекеттік тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн дамыту;
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.07.07. № 176-III (бұр. ред. қара) ; 2007.09.01. № 213-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 8) тармақша өзгертілді
8) агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:
су ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су шаруашылығы баланстарын, су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлеу, су ресурстарын пайдалану мен қорғауды болжау, су ресурстарын пайдаланудың ақпараттық-талдау жүйесiн қамтамасыз ету;
судың мемлекеттік есебiн, мемлекеттік су кадастрын жүргiзу;
су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану;
авариялық қаупi ерекше республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру;
суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнiң мониторингi және оны бағалау;
республикалық маңызы бар орман қорының, жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебiн, табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларын жүргiзу, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң мемлекеттік мониторингі;
орман орналастыру;
орман тұқым шаруашылығы және селекция;
мемлекеттік орман кадастрын, жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу;
ормандарды өрттен қорғау, зиянкестерден және орман ауруларынан қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар;
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау және молайту;
балық аулауды мемлекеттік реттеу және балық қорларын қорғау;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстау, мемлекеттік табиғат-қорық қорын қалпына келтiру;
жер пайдаланудың ерекше режимінің белгіленуіне байланысты меншік құқықтарын немесе жер пайдалану құқықтарын тоқтатуға, меншік құқықтарын және жер пайдалану құқықтарын шектеуге, жер учаскелері иелерінің немесе жер пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыратын жерді мемлекет қажеттіктері үшін алып қойған (сатып алған) жағдайларда жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге, халықаралық міндеттемелерді орындауға және жерді қорғаныс пен қауіпсіздік қажеттіктері үшін пайдалануға байланысты жағдайларда жер учаскелерін барлық санаттағы жерлерден алып қойған, соның ішінде сатып алу арқылы алып қойған кезде залалдарды өтеу;
қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингi;
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу;
гидрометеорологиялық мониторинг;
стратегиялық,трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргiзу;
республикалық деңгейде жер қатынастарын реттеу
мемлекеттік жер кадастрын, жер мониторингiн жүргізу;
топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар;
жануарлар ауруларының диагностикасы, эпизоотияға қарсы жұмыс, соның ішінде ветеринариялық дәрі-дәрмектерді, олардың қорын қоса алғанда, сатып алу, жеткізу, сақтау, қолдану, сондай-ақ жануарлар мен құстардың қатты жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және дезинфекциялау;
ветеринариялық дәрі-дәрмектерді, жем-шөпті және жем-шөп қоспаларын тіркеу сынақтары, байқау, сондай-ақ ветеринариялық дәрі-дәрмектердің сапасына шағым жасау кезінде олардың серияларын (топтарын) бақылау;
фитосанитариялық мониторинг;
карантиндегі өнімнің лабораториялық сараптамасы мен егіс және екпе материалдарындағы жасырын түрдегі ауру жұқтыруды анықтау;
карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою;
пестицидтерді (улы химикаттарды) олардың қорымен қоса, оларды жеткізуге, сақтауға және қолдануға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу, мемлекеттік азық-түлік астығы резервін сақтау және ауыстыру;
аграрлық азық-түлік нарығында сатып алу операцияларын және баға интервенциясын жүргізу;
сорт сынақтары, тұқымдық және екпе материалдың сорттық және егістік сапаларын айқындау;
ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның субъектілеріне бәсекелес нарықта жоқ немесе жете ұсынылмаған қызмет түрлерін ұсыну;
агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесін ұйымдастыру;
екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу жөніндегі кәсіпорындарға беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкаларын субсидиялау;
ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару мен нарығы жүйелерін дамыту;
өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды қолдау;
өсімдіктердің жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың тұқымдары мен түрлерінің тектік қорын сақтау және дамыту;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
9) өнеркәсiп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
мемлекеттік өнеркәсiп саясатын iске асыру;
отын-энергетика кешенiн дамыту;
энергияны сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;
жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, сейсмологиялық ақпарат мониторингi;
мемлекеттік геологиялық зерттеу;
геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
кенiштер мен шахталарды жабу және жою, техногендiк қалдықтарды көму;
республикалық маңызы бар мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу;
құрылыс нормалары мен стандарттарын иелену және әзiрлеу;
ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) көлiк және коммуникациялар:
халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және ұстау;
су көлiгi қызметiн ұйымдастыру және реттеу;
кеме қатынасы жолдарын, шлюздердi ұстау және кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
теңiз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету;
әуе және су көлiгiн мемлекеттік реттеу;
әлеуметтiк маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
магистралды темір жолдарды дамыту;
аэроғарыш қызметi;
радиожиiлiк спектрi мен радиоэлектрондық құралдар мониторингi;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді
11) экономикалық қызметтi реттеу:
стандарттау, метрология және сертификаттау;
патенттердi, тауар белгiлерiн тiркеу және қорғау;
мемлекеттік инновациялық саясат;
мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау;
саудалық және демпингке қарсы реттеу;
бәсекелестiктi қорғау және табиғи монополияларды реттеу;
шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау;
2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен; 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша өзгертілді
12) басқа да бағыттар:
облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiне берiлетiн трансферттер;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің орны толтырылмаған залалдарын өтеу;
үкiметтiк борышқа қызмет көрсету және оны өтеу;
мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау;
мемлекеттің кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерін орындау.
2. Республикалық бюджеттен, сонымен қатар:
1) кадрларды қайта даярлауды және аталған мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерiн орындайтын орталық мемлекеттік органдар мен басқа да мемлекеттік мекемелердiң қызметiн қамтамасыз етуге;
ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге;
3) орталық мемлекеттік басқару органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығыстар қаржыландырылады.
3. Орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерімен бекітілетiн штат санының лимитi және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн заттай нормалар негiзiнде жоспарланады.
51-бап. Облыстық бюджеттiң шығыстары
1. Облыстық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер:
облыстық деңгейдегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жұмыс icтeуi;
облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын орта мерзiмдi жоспарлау;
облыс деңгейiнде бюджеттік жоспарлау;
облыстық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;
облыстық коммуналдық меншiктi басқару;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғанысты дайындау және аумақтық қорғаныс;
облыстық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
су-құтқару қызметiнiң жұмысын қамтамасыз ету;
облыс аумағында қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
облыстық ауқымдағы азаматтық қорғаныс iс-шаралары;
облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететiн адамдармен қамтамасыз ету бойынша әскери мiндеттi атқару шеңберіндегі iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;
iшкi iстер органдарының айдауылмен алып жүруi;
азаматтық, көшiп кету және көшiп келу, шетелдiктермен жұмыс мәселелерi және заңсыз көшi-қонға қарсы күрес жөніндегі қызмет;
уақытша ұстау изоляторларының, медициналық айықтырғыштардың, кәмелеттiк жасқа толмағандарды, белгiлi тұрғылықты жерi және құжаттары жоқ адамдарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарының, питомниктердiң, арнаулы панажайлардың жұмыс iстеуi және әкiмшiлiк жазамен қамалған адамдарды ұстау;
мемлекеттік нөмiр белгiлерiн, жүргiзушi куәлiгiнiң бланкiлерi мен көлiк құралдарын мемлекеттік тiркеу куәлiгiнiң бланкiлерiн даярлау ақысын қаржыландыруды қоспағанда, жол полициясы қызметiн қамтамасыз ету;
жанар-жағар май материалдарын сатып алуды қоса алғанда, қызметтiк үй-жайлар мен көлiк құралдарын ұстау, оларға қызмет көрсету және оларды жөндеу, сондай-ақ аумақтық органдар аппараттарының электрондық почта қызметiн көрсетуге арналған шығындарын қоспағанда, аумақтық iшкi iстер органдарының коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылу беруге және байланыс қызметiне ақы төлеу бойынша шығындар;
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) білім беру:
мемлекеттік облыстық білім беру ұйымдары үшiн оқулықтар сатып алу және оларды жеткізу;
балалар мен жеткiншектерге спорт бойынша қосымша білім беру;
техникалық және кәсіптік білім беру;
арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беру;
мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру;
облыстық ауқымдағы мектеп олимпиадаларын өткізу;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жергiлiктi деңгейде кадрлардың біліктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
өсiп-жетiлуiнде қиындықтарға душар болған балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4) денсаулық сақтау:
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қамтамасыз ету;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
вакциналарды, иммунобиологиялық және басқа да медициналық препараттарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу;
жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның компоненттерi мен препараттарын өндiру;
республикалық - бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да iс-шаралар;
ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын әлеуметтік көмек түрлерін қоспағанда, мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру;
6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
елдi мекендердi газдандыру;
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
жергiлiктi маңызы бар театр және музыка өнерiн қолдау;
мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
жергiлiктi маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын және оған қолжетiмдi болуын қамтамасыз ету;
республикалық және халықаралық спорт жарыстарына спорттың әр түрi бойынша облыстық құрама командалардың мүшелерiн дайындау және олардың қатысуы;
облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу;
жергiлiктi деңгейде туристiк қызметтi реттеу;
жергілiктi маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
облыстық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;
мемлекеттік тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн жергiлiктi деңгейде дамыту;
жастар саясаты саласындағы аймақтық бағдарламаларды iске асыру;