2. Бюджеттік бағдарлама мемлекеттік басқару функцияларын, республиканы немесе өңірді дамытудың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен жоспарларын іске асыру үшін қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етілетін міндеттерді бюджеттік бағдарлама шеңберінде нақтылайтын ішкі бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
3. Бюджеттік бағдарламаның іске асырылу нәтижелерін көрсететін мақсаты, міндеттері және индикаторлары болуға тиіс.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізілуге тиіс белгілі бір түпкі нәтиже болып табылады. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететіндей болуға тиіс.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты жекелеген міндеттерге бөлінеді, олар бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізудің жолдары болып табылады.
Индикаторлар мақсатқа сай және оңай есептелетін болуға тиіс.
4. Бюджеттік бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қабылданған мемлекеттік функциялардың мақсаттарын, стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалар мен даму жоспарларының міндеттерін бейнелеуге тиіс.
Бюджеттік бағдарламаның мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасымен қабылданған, мемлекет көрсететін тиісті қызметтерді бейнелейтін мемлекеттік функцияларға, республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарлары міндеттерінің іс-шараларына сәйкес болуға тиіс.
34-бaп. Бюджеттік бағдарламалардың түрлерi
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар - нәтижелері:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі тұрақты сипаты бар қызметін қамтамасыз етуге;
2) республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларының мақсатына қол жеткізуге, олардың нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар.
Бюджеттік даму бағдарламалары - нәтижелері республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларының, даму жоспарларының мақсатына қол жеткізу дәрежесіне және олардың міндеттері мен іс-шараларын шешуге тікелей ықпал ететін, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар.
2. Белгiлi бiр функцияларды атқаратын мемлекеттік басқару деңгейiне байланысты бюджеттік бағдарламалар:
1) республикалық бюджетте бекітілетiн республикалық бағдарламалар;
2) облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнде бекітілетiн облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бағдарламалары;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнде бекітілетiн аудандық (қалалық) бағдарламалар;
4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнде бекітілетiн қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттік бағдарламалары болып бөлiнедi.
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандық (қалалық), сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттік бағдарламалары жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар болып табылады.
3. Iске асыру тәсiлiне байланысты бюджеттік бағдарламалар:
1) бiр әкiмші iске асыратын жеке бюджет бағдарламалары;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) бюджеттік бағдарламалардың бiр әкiмшiсi бойынша бюджетте бекітілетiн және бюджеттік бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында қаржы жылы iшiнде бөлiнуге тиiстi бөлiнетiн бюджеттік бағдарламалар болып бөлiнедi. Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда ( қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара)
35-бап. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау
1. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау оларды әзірлеу, республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау, оларды іске асыру, іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сатыларында жүзеге асырылады.
2. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бюджеттік бағдарламаны әзірлеу сатысында бағалауды бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік бағдарламаны қалыптастыру және жоспарлау сапасын айқындау арқылы жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламаны қалыптастыру сапасын айқындау:
1) мақсатты, міндеттер мен іс-шараларды белгілеудің қазіргі бар проблемаларға сәйкес келуін;
2) бюджеттік бағдарлама мақсатының, міндеттері мен іс-шараларының айқын және нақты жазылуын;
3) қазіргі бар проблемаларды ықтимал баламалы шешу жолдарының болуын, оларды шешудің ұсынылып отырған жолдарын таңдаудың дұрыстығы мен шешу жолдарының тиімділік өлшемдерінің айқындалуын;
4) күтілетін нәтижелер мен индикаторлардың бюджеттік бағдарламаның алға қойған мақсаттарына, мемлекет көрсететін қызметтерді алушылардың мүдделері мен сұраныстарына сәйкес келуін;
5) бюджеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне және мемлекет көрсететін қызметтерді алушылардың сұраныстарына стратегиялық мақсаттардың сәйкес келу тұрғысынан индикаторлардың дұрыс таңдалуын талдауды қамтиды.
Бюджеттік бағдарламаны жоспарлау сапасын айқындау:
1) мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу және міндеттерін орындау үшін ресурстарға қажеттігін;
2) мемлекеттік мекемелер қажеттігінің құнын бюджеттік бағдарламаның (ішкі бағдарламаның) заттай нормалар ескеріле отырып айқындалатын экономикалық құрылымы бойынша нормативтік, сандық және құндық көрсеткіштеріне сәйкес жоспарлануын талдауды қамтиды.
3. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бюджетті жоспарлау сатысында бағалауды:
1) болжанатын қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама бойынша паспорттардың жобалары, қаржыландыру жоспарларының жылдық сомалары, шығыстар есептері;
2) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүргізген бюджеттік бағдарламаның тиімділігін бағалау нәтижелері негізінде жүргізеді.
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау:
1) республиканың немесе өңірдің тиісті болжанатын жылдарға арналып қабылданған стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларына және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларына;
2) егер алдағы қаржы жылында осы бағдарламаны іске асыру көзделсе, бюджеттік бағдарламалардың өткен және ағымдағы жылдарда іске асырылуын талдауға сәйкестігі бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тиімділікті республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау сатысында бағалау нәтижелері негізінде ағымдағы қаржы жылының 1 маусымына дейінгі мерзімде үш жылдық кезеңге арналған басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесін жасайды.
4. Тиімділікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыру сатысында бағалауды бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламаны іске асыруды басқару сапасы мен оның нәтижелілігін айқындау арқылы жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламаны іске асыруды басқарудың сапасын айқындау:
1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісінде бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігін бағалау нәтижелерінің болуын;
2) бюджеттік бағдарламаның тиімділігін бағалауды жүргізудің уақтылылығын;
3) бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес оның іс-шараларын іске асырудың уақтылылығын;
4) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік бағдарламаны одан әрі іске асыру немесе оны іске асырудан бас тарту жөнінде шешім қабылдауының уақтылылығын;
5) бюджеттік бағдарламаның тиімділігін арттыру және мақсаттарға, міндеттер мен күтілетін нәтижелерге, индикаторларға қол жеткізу жөніндегі уақтылы іс-әрекеттерді;
6) бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын адамдардың есептілігін талдауды қамтиды.
Бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың нәтижелілігін айқындау:
1) алынған нәтижелер мен индикаторларға қол жеткізу деңгейін;
2) алынған нәтижелердің тиісті стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның өзінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуін;
3) алынған нәтижелердің мемлекет көрсететін қызметтерді алушылардың мүдделері мен сұраныстарына сәйкес келуін;
4) бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қойылатын жоғарыда тізіп көрсетілген талаптарды растайтын құжаттардың болуын талдауды қамтиды.
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне оларды іске асыру сатысында бағалау жүргізу кезінде мемлекет көрсететін қызметтердің сапасы туралы олардың алушыларына сауал жүргізу негізінде алынған үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) ақпараты пайдаланылуы мүмкін.
5. Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын сыртқы бақылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.
6. Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын ішкі бақылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.
36-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
1. Бюджеттік бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтiн экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады.
Санат шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастырады.
Сынып пен iшкi сынып шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша топтастырады.
Ерекшелiк бюджеттік бағдарламаны iске асыру үшiн мемлекеттік мекеме жүргiзетiн операцияның түрiн айқындайды.
37-бап. Барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қауiпсiздiгiн тiкелей қамтамасыз ететiн органдардың шығыстарын сыныптау
Барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қауiпсiздiгiн тiкелей қамтамасыз ететiн органдардың шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiгі бойынша көрсетiле отырып, бiр функционалдық топ, ағымдағы бiр бюджеттік бағдарлама және бiр бюджеттік даму бағдарламасы бойынша сыныпталады.
2-бөлім. Бюджетаралық қатынастар және түсімдер мен
шығыстарды бюджет деңгейлері арасында бөлу
6-тарау. Бюджетаралық қатынастар
38-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Бюджет процесіндегі республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.
2. Бюджет процесiнде республикалық бюджеттiң аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
3. Бюджет процесiнде облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
4. Бюджет процесiнде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң бiр-бiрiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлерi арасындағы функциялар мен өкiлеттiктердiң ара жiгiн дәлме-дәл ажыратуға, түсiмдер мен шығыстарды республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында бiрыңғай бөлуге, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау әдiстерiнiң бiртұтастығы мен ашықтығына негiзделген.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiсiнше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесiне араласуына жол берiлмейдi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
7. Осы Кодекстi қоспағанда, Қазақстан Республикасының өзге заң актілерінде, оның есебiнен шығыстар қаржыландырылуға тиiс және өзге түсiмдер есептелуге тиiс бюджет деңгейiн белгiлеуге жол берiлмейдi.
Шығыстарды немесе түсiмдердiң жекелеген түрлерiн бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншi деңгейiне беру осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген кезде ғана жүзеге асырылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Жоғары тұрған органдардың жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылу кезеңінде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кірістердің азаюына әкеп соқтыратын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауынан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің ысырабын өтеу міндетті түрде жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.
39-бап. Бюджетаралық қатынастар принциптерi
Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi:
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң - республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдiгi;
2) түсiмдердi тиiмдi бөлу, ол түсiмдердiң ара жiгiн ажыратудың мынадай өлшемдерiн бiр мезгiлде сақтауды ескередi:
төмен тұрған бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсерiне тәуелсiз салықтық және салықтық емес түсiмдер бекітіледi;
мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер үшiн төлемақы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсiмдер аталған қызметтер көрсету қаржыландырылатын бюджет кiрiсiне түседi;
қайта бөлiну сипаты бар, сондай-ақ салық базасы әркелкi орналастырылатын салықтар бюджет жүйесiнiң неғұрлым жоғары деңгейлерiне бекітіледi;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi бекiткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесiн қамтамасыз ететiн бюджет деңгейiне артықшылық берiледi;
нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергiлiктi бюджеттерге бекітіледi;
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң бюджеттік қамтамасыз етiлу деңгейлерiн теңестiру;
4) жергiлiктi атқарушы органдардың бiрдей деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуiн қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызмет көрсетудi ұсынудың барынша тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгi - мемлекеттік қызмет көрсетудiң неғұрлым тиiмдi және нәтижелi жүргiзiлуi мен ұсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейiне мемлекеттік қызметтер көрсетудi бекітіп беру;
6) мемлекеттік қызмет көрсету деңгейiн оны алушыларға барынша жақындату - қызметтердi алушылардың қажеттерiн жақсылап есепке алу және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатымен, көрсетiлетiн қызметтердi атқаруды бюджет жүйесiнiң мүмкiн болғанша неғұрлым төмен деңгейiне беру;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) ( бұр. ред. қара)
7) республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің республикалық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын облыстық бюджеттік бағдарламалардың күтілетін нәтижелері мен индикаторларына қол жеткізу үшін жауаптылығы;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттердің тиімді әрі нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
9) облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің облыстық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын аудандық бюджеттік бағдарламалардың күтілетін нәтижелері мен индикаторларына қол жеткізу үшін жауаптылығы;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
10) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының облыстық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер мен кредиттердің тиімді әрі нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы.
40-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары
1. Бюджетаралық қатынастар:
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң арасында:
трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:
трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер, ағымдағы нысаналы трансферттер, дамуға арналған нысаналы трансферттер болып бөлiнедi.
3. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер деңгейлерiнiң әрқайсысының салықтық әлеуетi, аймақтардың объективтiк бюджеттік қажеттiлiктерiн бағалау нәтижелерi, бекітілген заттай нормалар ескеріледi.
4. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары орта мерзiмдi фискалдық саясатқа сәйкес белгiленедi.
5. Нысаналы трансферттер мен кредиттердi жергiлiктi атқарушы органдар тек қана олардың нысаналы қызметiне сәйкес пайдаланады.
2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен ; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Нысаналы трансферттер мен кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн мiндеттi түрде қайтарылуға жатады.
Нысаналы трансферттердің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке қаржы жылы аяқталғаннан кейiн бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бір ай iшiнде мiндеттi түрде қайтарылуға жатады.
Дамуға арналған нысаналы трансферттердiң қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары осы Кодекстiң 92-бабы 6-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында белгiленген мөлшерде тиiстi төмен тұрған бюджеттердiң иелiгiнде қалдырылуы мүмкiн.
Нысаналы трансферттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында қайтаруға жол беріледі. Мұндай сомаларды қайтару қаржы жылының қорытындылары бойынша төленбеген міндеттеме болып танылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
7. Өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомасын Республикалық бюджет комиссиясының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен олардың ағымдағы қаржы жылының басындағы толық пайдаланылмаған сомасынан аспайтын көлемде алдыңғы жылғы республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында Қазақстан Республикасы Үкіметінің пайдалануға құқығы бар.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
41-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер
1. Бюджет субвенциялары мен бюджеттік алып қоюлар жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады.
2. Жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегiнде берiлетiн трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.
3. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегiнде берiлетiн трансферттер бюджеттік алып қоюлар болып табылады.
4. Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемдерi абсолюттiк түрде жылдар бойынша бөлiне отырып үш жылдық кезеңге:
республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң арасында - Қазақстан Республикасының заңымен;
облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң арасында - облыстық мәслихаттың шешiмiмен белгiленедi.
Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемдерi әрбiр үш жылда өзгертiлуге жатады.
5. Жалпы сипаттағы трансферттер жергiлiктi бюджеттердiң бюджеттік қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестiруге және бюджеттiң әрбiр деңгейi үшiн осы Кодекспен бекітілген шығыстар бағыттарына сәйкес көрсетiлетiн мемлекеттік қызметтердiң стандарттық деңгейiн беру үшiн бiрдей фискалдық мүмкiндiктердi қамтамасыз етуге бағытталған.
6. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюларды және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге бюджет субвенцияларын аудару тәртібі мен кезеңдiлiгін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
42-бап. Жалпы сипаттағы трансферттердi есептеу
1. Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемдерi тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығындары көлемдерiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
2. Жергiлiктi бюджет шығындарының болжамды көлемiнен кiрiстерiнiң болжамды көлемi асып түскен кезде жергiлiктi бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгiленедi.
Жергiлiктi бюджет шығындарының болжалды көлемi кiрiстердiң болжалды көлемiнен асып түскен жағдайда жергiлiктi бюджетке жоғары тұрған бюджеттен бюджет субвенциялары белгiленедi.
3. Кiрiстердiң болжамды көлемдерi аймақтың салықтық әлеуетiн ескере отырып және бюджеттер деңгейлерi арасындағы түсiмдердi бөлу негiзiнде есептеледi.
Жергiлiктi бюджеттер шығындарының болжамды көлемдерi олардың ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөлiнуiн, бюджеттік қамтамасыз етiлудi, бекітілетiн заттай нормаларды ескере отырып және бюджеттер деңгейлерi арасында шығыстарды бөлу негiзiнде есептеледi.
4. Жалпы сипаттағы трансферттердiң үш жылдық кезеңге арналған көлемдерiн айқындау, әрбiр үш жыл сайын олардың өзгеруi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттердi есептеу әдiстемесi негiзiнде жүргiзiледi.
5. Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемдерiн есептеу кезiнде нысаналы трансферттер мен бюджет кредиттерi ескерiлмейдi.
6. Егер бекітілген (нақтыланған, түзетiлген) жергiлiктi бюджетте бюджеттік алып қоюлар мен субвенцияларды есептеу кезiнде ескерiлген шығыстар көзделмейтiн болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органы қаржы жылы iшiнде тиiстi шамаға бюджет субвенцияларын қысқарту немесе бюджеттік алып қоюларды ұлғайту туралы шешiм қабылдайды.
43-бап. Ағымдағы нысаналы трансферттер
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Жекелеген ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды iске асыру үшiн республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген бюджеттік алып қоюларды (бюджет субвенцияларын) есептеу кезiнде ескерiлмейтiн сомалар шегiнде жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретiн трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.
Ағымдағы нысаналы трансферттер мемлекеттік, салалық (секторлық) немесе аймақтық бағдарламалардың iс-шараларын орындауға ғана, сондай-ақ қаржы жылы iшiнде әкiмдердiң өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаржыландырылатын iс-шараларға ғана берiледi.
2. 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
44-бап. Дамуға арналған нысаналы трансферттер
Жоғары тұрған бюджеттер:
1) мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламалар немесе өңірлік бағдарламалар негізінде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру;
2) республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларының жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарының құзыретіне жататын, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған іс-шараларын төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарының орындауы үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде төмен тұрған бюджеттерге беретін трансферттер дамуға арналған нысаналы трансферттер болып табылады.
45-бап. Төмен тұрған бюджеттерге берiлетiн кредиттер
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)