2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
16-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындары
1. Қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындары болып табылады.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3) мемлекеттік тапсырыс шығындары - бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыру шеңберіндегі азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жеке, заңды тұлғалардан және шаруа (фермер) қожалықтарынан алынған тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік мекемелердің ақы төлеуі;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) мемлекеттің міндеттемелерін орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
3. Бюджеттік субсидиялар мемлекеттік функцияларды орындаудың және республиканы немесе өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асырудың неғұрлым тиімді басқа тәсілі болмаған кезде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ғана жеке, заңды тұлғаларға және шаруа (фермер) қожалықтарына берілуі мүмкін. Субсидиялануға тиіс басым мемлекеттік функциялар және республиканы немесе өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыру жөніндегі бағыттар орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
4. Трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы сипаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.
17-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейiнге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететiн шығындарды қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрамында құрылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві:
1) төтенше резервті;
2) шұғыл шығындарға арналған резервті;
3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервті;
4) ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджеттерде, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінде қолма-қол ақшаның тапшылығы болжанған жағдайда, оны жабуға арналған резервті қамтиды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резервті:
2) шұғыл шығындарға арналған резервті;
3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервті;
4) ағымдағы қаржы жылында аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінде қолма-қол ақшаның тапшылығы болжанған жағдайда, оны жабуға арналған резервті қамтиды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-2. Аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резервті;
2) шұғыл шығындарға арналған резервті;
3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервті қамтиды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервi Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуiне де пайдаланылуы мүмкiн.
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-тармақ өзгертілді
4. Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiмен айқындалатын көзделмеген өзге де шығындарға пайдаланылуы мүмкiн.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға пайдаланылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте олардың бюджеттеріне кредит беру үшін резерв көзделеді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Ағымдағы қаржы жылында аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетте олардың бюджеттеріне кредит беру үшін резерв көзделеді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. Ағымдағы жылы қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда қарыз беру қаржы жылы шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.
2007.06.12 № 7-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
8. Жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі процентінен аспауға тиіс.
9. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша бөлу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекітілген көлемдер шегiнде тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жоятын шешiмдерi бойынша жүзеге асырылады.
10. Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемiнде пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергiлiктi атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе тиiстi мәслихатқа тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Қазақстан Республикасының Yкіметі немесе жергiлiктi атқарушы орган резервтерiнiң мөлшерiн ұлғайту туралы ұсыныстар енгiзедi.
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнген ақша қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған немесе iшiнара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн тиiстi бюджетке қайтаруды қамтамасыз етедi.
12. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
18-бап. Операциялық сальдо
1. Операциялық сальдо бюджет кiрiстерi мен шығындары арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
2. Бюджет шығындарының бюджет кiрiстерiнен асып түскен сомасы терiс операциялық сальдо болып табылады.
3. Бюджет кiрiстерiнiң бюджет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Бюджет шығындарында бюджеттік даму бағдарламалары болған және бюджет қаражатының бос қалдықтары осы Кодекстің 91-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында айқындалған мақсаттарға пайдаланылған жағдайда терiс операциялық сальдоға жол берiледi.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың жалпы көлемi бюджет кiрiстерiнiң көлемiнен асып түспеуге тиiс.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Терiс операциялық сальдоның жол берiлетiн шектi мөлшерi әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарында айқындалады.
19-бап. Таза бюджеттік кредит беру
Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттердiң және бюджеттік кредиттердi өтеудiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
20-бап. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо
1. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар:
1) қаржы активтерiн сатып алуды;
2) мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердi қамтиды.
2. Қаржы активтерiн сатып алу - заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын мемлекеттік меншiкке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.
3. Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер мемлекеттік меншiктегi заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың, мүлiктiк кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсiпорындардың қатысу үлесiн, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлiктi сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетiн түсiмдер.
4. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерiн сатып алу мен мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
5. Қаржы активтерiн сатып алу және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасының заң актілеріне және әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
21-бап. Бюджет тапшылығы (профициті)
1. Бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасын шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең.
Оң белгімен алынған шама бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы, теріс белгімен алынған шама - профициті болып табылады.
2. Бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерінен басқа, республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең.
3. Бес жылдық кезеңде республикалық бюджеттің тапшылығы кепілдік берілген трансферт мөлшерін алып тастап, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін жалпы түсімдер ретінде есептелетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орташа жылдық өсімінен аспауға тиіс.
22-бап. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)
1. Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемi алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгi борышты өтеу сомасынан асып түсуi ретiнде белгiленедi.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәнi оң белгiмен белгiленедi және бюджет тапшылығының шамасына сай келедi.
2. Бюджет профицитiн пайдалану - қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге бюджет профицитiн, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау.
Бюджет профицитiн пайдалану көлемi қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуi ретiнде белгiленедi.
Бюджет профицитiн пайдалану мәнi терiс белгiмен белгiленедi және бюджет профицитiнiң шамасына сай келедi.
4-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
23-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерi
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері:
1) осы Кодекстің 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер болып табылады.
2007.29.06. № 269-III ҚР Заңымен 2- тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) ; 2007.06.12 № 7-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара ) (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2. Мұнай секторы кәсіпорындарына шикі мұнайды және газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнай мен газ конденсатын барлауға келісім-шарттар жасасқан заңды тұлғалар жатады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер, материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын шетелдік қаржы құралдарына орналастырудан құралады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке тиісті қаржы жылына арналған дамудың бюджеттік бағдарламаларын (ішкі бағдарламаларын) іске асыруға арналған кепілдік берілген трансферт түрінде;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджеткe Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға берілетін нысаналы трансферттер түрінде;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды;
3) тәуекел деңгейі қалыпты болған жағдайда ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кірістілігінің жоғары деңгейін;
4) ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарына орналастырылады.
3. Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт мөлшері республикалық бюджетті әзірлейтін жыл алдындағы қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің үштен бір бөлігінен аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан үш жылдық кезеңге арналған кепілдік берілген трансферт мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
6. Активтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебіне жатқызу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын активтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады.
25-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес - Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиiмдi пайдалану және оны, материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарына орналастыру жөнiнде ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық-кеңесшi орган.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестiң функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану көлемдерi мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және талдап-жасау;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарының тiзбесi жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестi құру туралы шешiмдi, оның құрамы мен ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
5-тарау. Бірыңғай бюджеттік сыныптама
26-бап. Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманың анықтамасы
1. Бiрыңғай бюджеттік сыныптама бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бiрыңғай бюджеттік сыныптама бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi көрсеткiштерiнiң салыстырымдылығын қамтамасыз етедi.
2. Бюджет процесi бiрыңғай бюджеттік сыныптама негiзiнде жүзеге асырылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Бірыңғай бюджеттік сыныптама шоғырландырылған бюджет үшін бірыңғай және міндетті әрі республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларының, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің теңдестірілуіне қол жеткізу мақсатында олардың көрсеткіштер жүйесін үйлестіру құралдарының бірі болып табылады.
4. Бiрыңғай бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасы заң актілерінiң, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының негiзiнде әзiрленедi.
5. Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
27-бап. Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамы
Бiрыңғай бюджеттік сыныптама:
1) бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын;
2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.
28-бап. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы
1. Барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң белгiлi бiр сипаттамалар бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына негiзделген топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, iшкi сыныптан және ерекшелiктен тұрады.
Санаттар түсiмдердi экономикалық белгiлер бойынша топтастыру болып табылады.
Сыныптар мен iшкi сыныптар түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтастырады.
Ерекшелiк бюджетке төленетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайды.
29-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Мемлекет функцияларының орындалуын, республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларын iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджеттік қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
2. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден:
функционалдық топтардан;
функционалдық iшкі топтардан;
бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiнен;
бюджеттік бағдарламалардан және iшкi бағдарламалардан тұрады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Функционалдық топ елдің стратегиялық даму басымдықтарына сай келетін және әрқайсысының айқын мақсатын көрсететін елдің негізгі даму бағыттарын көрсетеді.
Функционалдық ішкі топ елді дамытудың әрбір стратегиялық басымдығы жөніндегі міндеттер топтарын функционалдық топ ішінде нақтылайды.
4. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негiзiнде бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiн, функционалдық топтармен бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкiн.
30-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң анықтамасы
1. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негiздеуге және iске асыруға жауапты мемлекеттік орган.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi оған жүктелген функциялар мен өкiлеттiктерге сәйкес айқындалады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi, егер ол бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әрі мемлекеттік мекеме болып, тиісті мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыруы және олардың бюджет қаражатын пайдалануы жөніндегі жұмысын үйлестірген жағдайда, бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес бекітілген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет шегiнде дербес пайдаланады, олардың тиiмдi, нәтижелi және нысаналы іске асырылуына жауапты болады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
31-бап. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi
Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің функцияларына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.
32-бап. Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi
1. Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттік басқарудың үлгiлiк құрылымы негiзге алына отырып айқындалады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің және мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері уәкілеттік берген атқарушы органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің функцияларына сәйкес облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және мәслихатының аппараттары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің функцияларына сәйкес аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.
4. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң аппараттары осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда ( қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара)
33-бап. Бюджеттік бағдарламалардың анықтамасы
1. Бюджеттік бағдарлама - мемлекеттік басқару функцияларын, республиканы немесе өңірді дамытудың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен жоспарларын іске асыру үшін қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етілетін міндеттер.