40-тарау. Бюджеттік кредитті қайта
құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру
185-бап. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау
1. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау - тараптардың келісімi бойынша олардың кредиттiк шарттар бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмдерiнiң, қаржылық және өзге де талаптарының өзгеруi.
2. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау туралы шешiм қарыз алушыда қаржылық жағдайды сауықтыру жөнiнде жоспар болған кезде қарыз алушының қаржылық жай-күйiн талдау негізiнде қабылданады.
3. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау:
1) негiзгi борышты өтеу және (немесе) сыйақыны төлеу мерзiмдерiн өзгерту;
2) бюджеттік кредит, кредит бойынша сыйақы және өзге де төлемдер бойынша берешектi капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге асырылады.
4. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергілiктi атқарушы органның жанындағы консультациялық-кеңесшi органның оң қорытындысы болған кезде әрбiр кредиттiк шарт бойынша кредитордың шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау әрi кеткенде бiр рет жүзеге асырыла алады.
Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау кредиттiк шартқа қосымша келісім жасау арқылы ресiмделедi.
186-бап. Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару
Бюджеттік кредит бойынша борышты аударуға кредитор шешiмiнiң негiзiнде кредиттiк шарт тараптарының келісімi бойынша жол берiледi.
Борышты аудару бюджеттік кредит бойынша борышты өтеу есебiне өндiрiп алынған (ұсынылған) мүлiктi берген кезде жүзеге асырылуы мүмкiн.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 41-тараудың тақырыбы өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
41-тарау.
Талап қою мерзімі, бюджеттік кредиттер
бойынша кредиторлар талаптарының тоқтатылуы
және кепілдіктің тоқтатылуы
187-бап. Талап қою мерзiмi
Бюджеттік кредиттер бойынша кредиторлардың талаптарына талап қою мерзiмi қолданылмайды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 188-баптың тақырыбы өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
188-бап. Кредитордың бюджеттік кредиттi өтеу жөніндегі
талаптарының тоқтатылуы және кепілдіктің тоқтатылуы
1. Кредитордың бюджеттік кредиттi өтеу жөніндегі талабы қарыз алушы кредиттiк шарт бойынша мiндеттемелердi тиiсiнше орындаған кезде, қарыз алушы мен кредитор бiр тұлға болғанда не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарыз алушы - заңды тұлға таратылған жағдайда тоқтатылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Кредитордың мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптары қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда тоқтатылады.
2. Қарыз алушы-заңды тұлға таратылған жағдайда кредитордың бюджеттік кредиттi өтеу жөніндегі талабының тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттемелердiң орындалуын бағалау жөніндегі алдын ала рәсiмдер жүргiзiлгеннен кейiн:
1) республикалық бюджеттен берiлген бюджеттік кредиттер бойынша - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның негiзiнде;
2) жергілiктi бюджеттен берiлген бюджеттік кредиттер бойынша мәслихаттың шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген таратылған қарыз алушылардың берешегi өтелдi деп есептеледi және оны кредитордың есептен шығаруына жатады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған қарыз алушыларға кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талаптары тоқтатылған жағдайда, онымен бір мезгілде тиісті бюджеттік кредиттер бойынша кепілдіктер де тоқтатылады.
42-тарау. Бюджеттік кредиттер бойынша
бақылау, мониторинг, есепке алу
189-бап. Бюджеттік кредиттердi бақылау
1. Кредитор және (немесе) сенім бiлдiрiлген өкiл (агент) бюджеттік кредиттiң нысаналы пайдаланылуына және ол бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ететiн жағдайдың болуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi жергiлiктi жерлерде бюджеттік кредиттiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын тексерудi жүзеге асыра алады.
2. Бюджеттік кредиттi нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау фактілері анықталған жағдайда кредитор немесе сенім бiлдiрiлген өкiл (агент) қарыз алушыдан кредиттiң заңсыз пайдаланылған сомасын кредиттiк шартта белгiленген мөлшерде айыппұл ала отырып өндiрiп алады.
190-бап. Бюджеттік кредиттер мониторингi және оларды есепке алу
1. Бюджеттік кредиттер бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мiндеттi тiркеуге, есепке алынуға және оларға мониторинг жүргiзiлуге жатады.
2. 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Кредиторлар берiлген барлық бюджеттік кредиттердiң қарыз алушылар мен сенім бiлдiрiлген өкiлдер (агенттер) тұрғысынан тiзiлiмiн жүргiзедi.
4. Бюджеттік кредиттердi пайдалану тиiмдiлiгiн бағалауды бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік кредиттердің пайдаланылу тиімділігін бағалауға арналған деректерді экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және құрамда экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға табыс етеді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
6. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар табыс етілген деректер негізінде бюджеттік кредиттердің пайдаланылу тиімділігін бағалау бойынша есептер қалыптастырады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
7. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік кредиттердің пайдаланылу тиімділігін бағалау бойынша есептерді жергілікті атқарушы органдарға және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін табыс етеді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 11-бөлімнің тақырыбы және 43-тараудың тақырыбы өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет
кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі
43-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік
берген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі туралы
жалпы ережелер
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 191-бап өзгертілді; 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 191-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
191-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын ұғымдар
Осы бөлімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аваль - вексельдік кепілдік, бұл жағдайда оны жасаған тұлға вексель бойынша міндетті басқа тұлға үшін вексель бойынша төлемді жүзеге асыру жөнінде (толық немесе бір бөлігінде) өзіне міндеттеме алады;
2) ақша нарығы - қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) өтімді қаржы құралдары нарығы;
3) бағдарламалық қарыздар - халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту және реформалау жөніндегі өздерімен келісілген іс-шараларын орындау шарттарымен Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беретін қарыздары;
4) банк кепілдігі - қарыз алушы мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімде қарыз шарты бойынша өзінен алынуға тиесілі соманың жинақталуын қамтамасыз етпеген жағдайда, банктің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның алдындағы мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемесі;
5) борыш мониторингі - мемлекеттің өзі уәкілеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесін бақылау жөніндегі қызметі;
6) борышқа қызмет көрсету - белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының (мүдденің), комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері;
7) борышты өтеу - қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы, концессиялық міндеттемелерге төлеуі;
8) жергілікті атқарушы орган борышының лимиті - тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте бекітілетін жергілікті атқарушы органның белгіленген күнге (қаржы жылының аяғына) жергілікті атқарушы органның нақты борышынан асып кетпеуге тиіс алынған және өтелмеген қарыздарының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның концессиялық міндеттемелерінің тіркелген сомасы;
9) Қазақстан Республикасының резиденттері - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;
10) қарыз алу - қарыз қаражаттарын тарту, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау қажеттігі туралы шешім қабылдау рәсімдерін, келіссөздер, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және оларға кепілдік беру, қарыз бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу және оларға қол қою, қарыз шартын ратификациялау (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсімдерін қоса алғанда қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсімдерін қамтитын процесс;
11) қарыз беруші - мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік немесе мемлекеттік емес қарыздарды берген тұлға немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі;
12) қарызды қайта құрылымдау - тараптардың келісімі бойынша қарыз шарты жөніндегі өздерінің міндеттемелерін орындау мерзімдерін, қаржылық және өзге де шарттарды өзгертуі;
13) қарызға қызмет көрсету - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе банктің қарыз алушының шоттарындағы қарыз қаражаттарының пайдаланылуын есепке алу жөніндегі қызметі және қарыз алушының сыйақы (мүдде) төлемдерін, комиссиялық алымдарды және қарыз шарттарына сәйкес басқа да төлемдерді жүзеге асыруы;
14) қарыз шарты - қарыз алушы қарыз қаражатын соған байланысты алатын және қарыз берушінің алдында оны қайтару және сыйақыны (мүддені), сондай-ақ қарызға байланысты басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемені мойнына алатын келісім;
15) концессиялық міндеттемелер - концеденттің жасалған концессия шарттары бойынша инвестициялық шығындарды белгілі бір күнге өтеу жөнінде қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелерінің сомасы;
16) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз - инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз;
17) мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш - мемлекет кепілгерлігімен тартылған, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыз сомаларының сомасы;
18) мемлекет кепілгерліктерін беру лимиті - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін, оның шегінде мемлекет кепілгерліктері берілуі мүмкін тіркелген сома;
19) мемлекет кепілдік берген борыш - мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы;
20) мемлекет кепілдік берген қарыз - мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз;
21) мемлекеттік борышты қайта қаржыландыру - жаңадан алынған қарыз қаражаттары есебінен мемлекеттік борышты өтеу;
22) мемлекеттік емес қарыз - Қазақстан Республикасының Үкіметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен жергілікті атқарушы органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті қарыз алушы болатын қарыз қатынастары;
23) мемлекеттік кепілдіктерді беру лимиті - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін, оның шегінде мемлекеттік кепілдіктер берілуі мүмкін тіркелген сома;
24) мемлекеттік қарыз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары;
25) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болатын қарыз қатынастарында оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
26) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын бірінші иеленушілерге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау арқылы иеліктен шығаруы;
27) негізгі борыш сомасы - қарыз берушіден алынған және оған қайтарылмаған қарызды, сол бойынша сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық төлемінің (айыппұлдың, өсімпұлдың) есептелген сомасын есепке алмастан, өтелуге жататын сома;
28) сақтандыру шарты - қарыз алушы қарыз шарттары бойынша өзінен алынуға тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, сақтандыру ұйымының қарыз берушінің алдындағы мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыз бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемесін көздейтін шарт;
29) сыйақының (мүдденің) тіркелмеген (құбылмалы) ставкасы - нарық конъюнктурасына байланысты өзгерістерге ұшыраған кредиттер, қарыздар жөніндегі сыйақы (мүдде) ставкасы немесе сыйақымен (мүддемен) қоса бағалы қағаздар бойынша кіріс;
30) сыртқы қарыз - қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары;
31) үкіметтік борыш - Қазақстан Республикасының Үкіметі алған және өтемеген мемлекеттік қарыздарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышына жатқызылған белгілі бір күнге борыштық міндеттемелердің сомасы;
32) үкіметтік борыш лимиті - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін, алынған және өтелмеген үкіметтік қарыздардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің тіркелген сомасы, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген күнге (қаржы жылының аяғына) нақты борышынан асып кетпеуге тиіс;
33) ішкі қарыз - қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.
192-бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергiлiктi атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттерi кез келген мөлшерде, кез келген валютада және кез келген нысанда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi ескере отырып дербес жүзеге асырады.
Мемлекеттік ұйымдар мен қазыналық кәсiпорындар мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға құқылы емес.
Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепiлдiкпен тарта алады.
193-бап. Мемлекеттік қарыздардың түрлерi мен нысандары
1. Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыздары;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыздары;
3) жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздары болып бөлiнедi.
2. Несие капиталының рыноктарына қарай мемлекеттік қарыздар:
1) мемлекеттік сыртқы қарыздар;
2) мемлекеттік iшкi қарыздар болып бөлiнедi.
3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар:
1) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;
2) қарыз шарттарын жасасу болып бөлiнедi.
4. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзiмiне қарай:
1) 1 жылға дейiнгi айналыс мерзiмiмен қысқа мерзiмдi;
2) 1 жылдан 5 жылға дейiнгi айналыс мерзiмiмен орта мерзiмдi;
3) 5 жылдан артық айналыс мерзiмiмен, ұзақ мерзiмдi болып бөлiнедi.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық емес нысанда шығарылуы мүмкiн. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар ұсынушыға арналып құжаттамалық нысанда ғана шығарылуы мүмкiн. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар нақты және дисконттық құны бойынша сыйақының (мүдденiң) тiркелген және тiркелмеген (құбылмалы) ставкасымен шығарылуы мүмкiн.
194-бап. Мемлекеттік борыш
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік борыш - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес, өзара талаптарды есепке алмай, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышына немесе мәслихаттардың шешiмдерiмен жергiлiктi атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерiлген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, концессиялық міндеттемелердің белгiлi бiр күнге, сондай-ақ борыштық мiндеттемелердiң белгiлi бiр күнге сомасы.
2. Мемлекеттік борыш iшкi және сыртқы мемлекеттік борышты қамтиды.
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік iшкi борыш - Қазақстан Республикасы Yкіметінiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттерiнiң алдындағы мемлекеттік iшкi қарыздары мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлiгi.
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік сыртқы борыш - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң алдындағы мемлекеттік сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлiгi.
195-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік борышты өтеу мен оған қызмет көрсету жөніндегі мiндеттемелерi
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттiң қаражатымен қамтамасыз етiлетiн үкiметтiк борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөнiнде мiндеттемелер атқарады.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердiң қаражатымен қамтамасыз етiлетiн өзiнiң борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөнiнде мiндеттемелер атқарады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергiлiктi атқарушы органдар бiр-бipiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерi қарыз берушiге негiзгi борыш қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық мөлшерде төленген, концессиялық міндеттемелер ақысы төленген кезде орындалды деп есептеледi.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергiлiктi атқарушы органдар тиiсiнше үкiметтiк борыштың және жергiлiктi атқарушы органдар борышының мониторингiн борышты қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процесiн есепке алуды, талдауды және бақылауды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырады.
196-бап. Мемлекеттік борышты басқару
Мемлекеттік борышты басқару:
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыштың жай-күйiн ондағы көрсеткiштердi үкiметтiк борышты және жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеу және қызмет көрсету көлемдерiн, лимиттерiн, мемлекеттік кепiлдiктердi ұсынудың, концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың белгiленген көлемдерiне сәйкес айқындай отырып жыл сайынғы бағалауды және болжамдауды қамтиды. Алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыштың жай-күйi мен болжамын жыл сайынғы бағалауды дайындауды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның қатысуымен республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының, жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың көлемдерi мен құрылымының негiзiнде жүзеге асырады;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілетiн үкiметтiк борыш лимитiн және мемлекеттік кепiлдiктер беру лимитiн айқындауын;
3) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алу көлемдерiн, нысандары мен шарттарын, үкiметтiк борышты өтеу мен қызмет көрсету көлемдерiн айқындауын;
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның мемлекеттік қарыздарды, концессиялық міндеттемелерді тiркеудi, мемлекеттік қарыздар алу, өтеу және қызмет көрсету, концессиялық міндеттемелерді орындау мониторингiн және мемлекеттік борыш мониторингiн жүзеге асыруын;
5) борыш құрылымын оңтайландыру жөніндегі, соның iшiнде борышты мерзiмiнен бұрын өтеу, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттiң сатып алуы мен сатуы, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борышты қайта құрылымдау, борышты қайта қаржыландыру, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу тәуекелiн басқару жөніндегі iс-шаралар дайындауын және iске асыруын қамтиды.
197-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жай-күйi туралы мәлiметтердi жариялау
Қазақстан Республикасы мемлекеттік борышының ағымдағы жай-күйi туралы, мемлекеттік борышты өтеу есебiне төленген ақша сомасы туралы, берiлген мемлекеттік кепiлдiктер және кепiлдiктер бойынша төленген ақша сомалары туралы мәлiметтер ашық болып табылады және оларды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның статистикалық есеп нысанында тоқсан сайын ресми жариялауына жатады.
44-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы
198-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алу мақсаттары
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алуы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджет профицитi кезiнде үкiметтiк қарызды қайта қаржыландыру үшiн қарыз алуды жүзеге асыра алады.
199-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алуды жүзеге асыруы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен:
1) қарыз алудың қаржылық шегiн белгiлеу;
2) қарыз алудың инвестициялық басымдықтарын айқындау;
3) болжамды үкiметтiк қарыздардың тiзбесiн қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыздар тартуды әрбір жекелеген қарыз шарты немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар түрi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі шешiмiнiң негiзiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
3. Бюджеттi aтқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарының эмитентi болып табылады, ол осындай мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбiр шығарылымының көлемдерiн, мерзiмдерiн және шарттарын айқындайды.
200-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарыз алуды шектеуi
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң мемлекеттік қарыз алуы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген үкiметтiк қарыз лимитiмен және үкiметтiк борышқа қызмет көрсетуге бағытталатын бюджет қаражаттары көлемiмен шектеледi.
201-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң борышын өтеу мен оған қызмет көрсету
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң борышын өтеудi және оған қызмет көрсетудi, олар шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алуды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаттары есебiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
45-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы
202-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алу мақсаттары
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.21.01. № 297-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруын қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру мақсатында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.