Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының астанасын дамыту мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат):
1) 14-бапта:
2-тармақта:
2) тармақшадағы «пайдаланылмай жатқан» деген сөздердің алдынан «, осы Кодекстің 14-1-бабы 2-тармағының 20) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «өз мақсатында» деген сөздердің алдынан «, осы Кодекстің 16-бабы 2-тармағының 2-2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 14-1-баптың 2-тармағының 19) тармақшасындағы «жүргізу жатады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау жатады.»;
3) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап қою;»;
4) 92-бап мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Жер учаскелерін игерудің шарттары мен мерзімдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленеді.»;
5) 109-баптың 2-тармағындағы «ақылы автотұрақтар (автопарковкалар) орналастыруы үшін» деген сөздер «, Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы заңнамалық актіге сәйкес Қазақстан Республикасының астанасы көшелерінің бойындағы оқшауланған белдеулерде орналасқан ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; №3, 22-құжат; № 8, 45-құжат, № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 86-құжат; № 16, 97-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16-құжат; № 4, 28-құжат):
1) 202-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруын қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру мақсатында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.»;
2) 45-тарау мынадай мазмұндағы 204-1-баппен толықтырылсын:
«204-1-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруы
1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығаруы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруының көлемі мен оның нысаналы мақсаты міндетті түрде Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіледі. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуының жиынтық көлемі тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитінен аспауға тиіс.
3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша борышын өтеу міндетті түрде міндеттемелерде белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.».
3. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат):
1) 20-бап 19) тармақшадағы «әзірлеу жатады.» деген сөздер «әзірлеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) астананың әкімдігімен келісе отырып:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеудің, сондай-ақ астананың аумағында және қала маңы аймағында қала құрылысын регламенттеудің ережелерін;
бар ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, соның ішінде тұрғын үйлерде мансардалық және типтік қабаттар салу процесін реттеу ережелерін;
астананың аумағында және қала маңы аймағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар) жобаларын бекіту жатады.»;
2) 22-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Астана мәслихатының қала аумағында және қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне, осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа, астанада құрылыс салу ережелерін бекіту кезінде астана аумағындағы жер учаскелерін игерудің қосымша шарттарын айқындау жатады.».
3) 25-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Астана әкімдігінің қала аумағында және қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне, осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа:
1) астана аумағында қолданылатын мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын әзірлеуге қатысу;
2) мыналарды:
астана аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік (мемлекеттік нормативтік құжаттар) жобаларын;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеудің, сондай-ақ астана аумағында және қала маңы аймағында қала құрылысын регламенттеудің ережелерін;
бар ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, соның ішінде тұрғын үйлерде мансардалық және типтік қабаттар салу процесін реттеу ережелерін келісу;
3) реконструкцияланатын объектілерді жобалау, салу және пайдалануға беру мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарыз алуды жүзеге асыру жатады.»,
4) 33-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы «құрылысы» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының астанасында жеке тұрғын үйлер салу» деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат):
3-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қала көшелеріне қала көшелері шегіндегі автомобиль жолдары жатады;»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қала көшелерінің тізбесін қаланың жергілікті атқарушы органы бекітеді.».
5. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат, 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):
3-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы заңнамалық актіде астанада жолаушылар мен багажды тасымалдаудың ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.».
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 21-і
№ 297-ІІІ ҚРЗ