Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
196-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 805823 мың теңге (сегiз жүз бес миллион сегiз жүз жиырма үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 24, 36, 37-баптары; "Білім" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы; "Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысы; "Білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгiлiк штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң кейбір мемлекеттік мекемелерiн қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 1 тамыздағы № 774 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дарынды балаларды iздеп табу, оқуға және өз бетiнше білім алуға тұрақты дағдылануын дамыту, қоршаған ортаға гумандық көзқарасты, жеке адамның адамгершiлiк негiздерiн қалыптастыру, жан-жақты үйлесiмдi дамыған адамды тәрбиелеу. Оқу процесiн жүргiзуге жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының әр түрлi аймақтарынан келген дарынды балаларды оқыту. Оқушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекiткен бағдарламалар бойынша бейiмдiк пәндер арқылы тереңдете даярлау. Адамның жеке бейiмдiлiгiн, шығармашылық қабiлетiн дамыту және азаматтыққа тәрбиелеу. Оқушыларды олимпиадаларға, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.
ҚР Үкіметінің 07.10.04 ж. № 1041; 2004.15.12. № 197ам қаулыларымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 009 Дарынды бала- Бейiмдiк пәндердi Жыл бойы Қазақстан ларды оқыту тереңдете оқытатын Республика- және тәрбиелеу Мемлекеттік жалпы сының Білім білім беру стандарт- және ғылым тарына сәйкес министрлігі оқу процесiн жүргiзу. Негiзгi құралдар сатып алу- Ғимараттарға күрде- лi жөндеу жүргiзу, жобалық-сметалық құжаттама әзiрлеу- Мемлекеттік меке- мелердi штат са- нының бекітілген лимитi шегiнде қаржыландыру. Оқушылардың жылдық орташа саны - 3567. Басты құралдарды алу: С-Рахимов асханаға арналған атындағы жабдықтар: көкөнiс Шымкент рес- турағыш - 1 дана; публикалық компьютер мен әскери мек- принтер - 1 дана; теп-интер- кiр жуатын жер үшiн наты жабдық: кiр жуу машинасы - 1 дана, коландер - 1 дана, центрифуга - 1 дана; ағаш жұмыстар үшiн жабдық: станоктар -циркулярлық - 1 дана, фуговолық - 1 дана, фрезерлiк - 1 дана, рейсмустық - 1 дана; өртке қарсы қауіпсiздiк комплек- тiсi - 1 жинақ. Мектеп-интернаттың ғимаратын күрделi жөндеуге арналған жобалық-сметалық құ- жаттарды дайындау. Мектеп-интернаттың оқу корпусының шатырына күрделi жөндеу, оқу, жатын орын корпустарына, акт залына, ғимараттарының электрмен және сумен жабдықтау желiлерiне күрделi жөндеу жүргiзу үшiн жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеу және мемлекеттік сараптама жүргізу. Басты құралдарды алу: Қарағанды кiр жуу орнына арнал- республика- ған жабдықтар: өтек- лық әскери теу машинасы - 1 да- мектеп-ин- на, киім-кешек тернаты кептiргiш - 1 дана, центрифуга - 1 дана, өндiрiстiк кiр жуу машинасы - 1 дана; Ас үй жабдықтары: котел - 1 дана, тоңазықтыш каме- расы - 1 дана; музы- калық аспаптары жинағы - 1 жинақ; электросварка аппа- раты; видеоаппара- тура: телевизор - 2 дана, видеомагни- тафон - 2 дана; мини- электростанция - 1 дана. Жобалық-сметалық құжаттамамен және Мемлекеттік сарапта- маға сәйкес бекітілген күрделi жөндеудi өткізу. Басты құралдарды алу: Б-Момышұлы музыкалық жабдық - 1 атындағы жинақ; ас үй жабдығы: республика- ыдыс жуу машинасы - 1 лық әскери дана, электрокотел - мектеп-ин- 3 дана, кабинет жиhазы тернаты - 5 жинақ; кiр жуу ор- нына арналған жабдық: кiр жуу машинасы - 2 дана; компьютерлiк сынып жинақта - 1. Жобалық-сметалық құжат- тамамен және Мемлекет- тiк сараптамаға сәйкес бекітілген күрделi жөндеудi өткізу. Негiзгi құралдарды А-Жұбанов сатып алу: асханаға атындағы арналған жабдық: дарынды қуыру шкафы - 1 дана, балаларға тұрмыстық тоңазытқыш - арналған 1 дана, электр таба - республикалық 1 дана, электр плитасы қазақ орта - 2 дана, ыдыс жуу мамандандырылған машинасы - 1 дана, музыка мектеп- электр ет турағыш - интернаты 1 дана, электронды таразы - 2 дана, тоңазытқыш камера - 2 дана, мармит - 1 дана; музыкалық аспаптар: пианино - 3 дана, скрипка - 2 дана, виолончель - 1 дана, контрабас - 3 дана, рояль - 1 дана, арфа - 1 дана; киім шкафтары - 25 дана, жұмсақ жиһаз - 2 жиынтық, компьютер - 5 дана; медпунктке арналған жабдық: физиокабинет - 1 жиынтық. Бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптамаға сәйкес күрделi жөндеу жүргiзу. Басты құралдарды алу: О-Жәутiков компьютер - 5 дана; атындағы физика кабинетiне ар- дарынды ба- налған жабдық - 5 жи- лаларға ар- нақ, қазақ тілі ар- налған рес- налған лингафондық жаб- публикалық дық - 2 жинақ. маманданды. Жобалық-сметалық құжат- рылған фи- тамамен және Мемлекет- зика-мате- тiк сараптамаға сәйкес матикалық бекітілген күрделi орта мектеп жөндеудi өткізу. -интернаты Басты құралдарды алу: жұмсақ жиhаз - 10 Дарынды жинақ; актілік залға балаларға арналған креслолар - арналған 200 дана; электр пли- қазақ тілі талары - 4 дана; мен әдеби- кiр жуу машинасы - етiн терең- 2 дана. дете оқыта- Оқу және тұру корпус- тын респуб- тарына клубқа күрделi ликалық ма- жөндеу жүргiзу. мандырыл- Басты құралдарды алу: ған орта музыкалық аспаптар: мектеп-ин- концерттiк рояль - тернаты 1 дана, фортепиано - К-Бәйсейi- 2 дана; компьютер - това атын- 3 дана, принтер - 2 дағы дарын- дана; счетчик-суөлше- ды балалар- гiш - 2 дана. ға аралған Жобалық-сметалық құжат- республика- тамамен және Мемлекет- лық музыка- тiк сараптамаға сәйкес лық мектеп- бекітілген күрделi интернаты жөндеуді өткізу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: терең әрi берiк білімі бар, шымыр әрi шыныққан және Қазақстан Республикасының мүддесiн қорғауға қабілеттi жастарды даярлау және қалыптастыру. Оқушылардың өзiнше бейiмдiлiгiн, шығармашылық қабiлетiн дамыту және оларды азаматтыққа тәрбиелеу. Оқушыларды республикалық олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
197-қосымша
ҚР Үкіметінің 28.04.04 ж. № 481; 25.05.04 ж. № 583 қаулыларымен 197-қосымша өзгертілді
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Балалар мен жасөспiрiмдердi қосымша дамытудың білім
беру бағдарламаларын қамтамасыз ету"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 536408 мың теңге (бec жүз отыз алты миллион төрт жүз сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 18, 19, 24, 36, 37-баптары, "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы, "СПИД ауруының алдын алу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 5153 Жарлығымен бекітілген "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы, "Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі, "Білім" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы, Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған денешынықтыру және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Жарлығы, "Қазақстан Республикасында СПИД iндетiне қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік саясат тұжырымдамасы" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 қаулысы, Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған СПИД iндетiне қарсы күрес жөніндегі Бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 қарашадағы № 1679 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінiң "Балдәурен" республикалық балалар сауықтыру лагерi" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы" қаулысы, "Оқжетпес" республикалық жастар лагерi туралы, "Қазақстан Республикасында денешынықтыру мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462 қаулысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балалар мен жасөспiрiмдердiң сауығуын, оқуын, тәрбиесiн, демалысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру, халықтың ВИЧ-тi бiлу кепiлдiгiн қамтамасыз ету, дене тәрбиесi саласында практикалық жұмысты жүзеге асыру, мектеп жасындағы балалар, оқушылар және студент жастар арасында дене тәрбиесiн жетiлдiру; жеке адамның танымдық және шығармашылық ұмтылысын дамыту, жеке адамның, қоғамның, мемлекеттiң мүддесi үшiн қосымша білім беру бағдарламалары мен қызмет көрсетулердi iске асыру. Дарынды балалар мен жастарды тани бiлудiң, iрiктеудiң, қолдаудың, дамытудың және білім деңгейiн қамтамасыз етудiң жүйесiн жасау, қазiргi өркениеттi түбірiмен өзгертудiң жаңа жағдайында өзiнше ойлап, әрекет етуге қабiлеттi шығармашыл адамды тәрбиелеу, дарынды балалар мен жастарды әлеуметтiк, құқықтық және интеллектуалдық қорғауды қамтамасыз ету, интеллектуалдық әлеуметтiң қалыптасуына қол ұшын беру, Қазақстан Республикасында жеке адамның дарындылығын дамытудың инновациялық білім технологиялары саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекiткен бағдарламалар бойынша оқушылар даярлау; демалыс, оқу, спорттық және сауықтыру шаралары үшiн қажеттi жағдайлар ұйымдастыру; жеке адамның өзiнше бейiмдiлiгiн, шығармашылық қабiлетiн дамыту азаматтыққа тәрбиелеу; балалар мен жастарды қосымша дамытудың білім бағдарламаларын icкe асыру; дарынды білім алушыларды тани бiлу; республикалық конкурстар, көрмелер, спорттық кешендiк шаралар өткізу; балалар мен жастардың мәдени демалысын ұйымдастыру; республика мектептен тыс ұйымдастыруының жұмысын үйлестiру; дарынды балалар мен жастарды iздестiру, тәрбиелеу, оқыту және қолдау жөніндегі практикалық қызметтi дамыту үшiн басқару жүйесiн құру; оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметiн ынталандыру; дарынды балаларды тани бiлу үшiн қажеттi жағдайлар жасау, халықаралық олимпиадаларға, жарыстарға, конкурстарға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау; білім берудегi жаңа технологияларды әзiрлеу және iске асыру.
ҚР Үкіметінің 2004.15.12. № 197ам қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 010 Балалар мен Шараларды ұйымдас- Жыл бойы Қазақстан жасөспiрiмдер- тыру: Президенттiк Республика- дi қосымша Жаңа жылдық шырша; сының Білім дамытудың бi- Қазақстан Республи- және ғылым лiм беру касы Президентінің министрлігі бағдарлама- Қазақстан Республи- ларын қамтама- касының дарынды сыз ету балалармен кезде- суi; Қазақстан Рес- публикасы Білім жә- не ғылым Министрi- нiң дарынды бала- лармен кездесуi; жалпы білім бере- тiн пәндер бойынша халықаралық олим- пиадалар және жа- рыстар; жалпы білім беретiн пән- дер бойынша оқушы- лардың республика- лық олимпиадасы; оқушылар ғылыми жобаларының жарысы; Дарынды балалармен iс-шаралар өткізу; Дарынды балалармен олимпиадалық резерв- тi оқыту бойынша са- лалық ауысымдар өткізу; Ауылдық жер- лер мен елдiң қашық- тағы аймақтарынан дарынды балаларды iздеп табу; ғылыми- әдiстемелiк семинар- лар, курстар және конференциялар; ғылыми-зерттеу және эксперимен- талдық жұмыстар. Музыкалық колледж- дер, балалар өнер мектептерi оқу- шылары арасындағы республикалық кон- курс; iс-шаралар ұйымдастыру; мектеп- тен тыс ұйымдар ди- ректорларының өске- лең ұрпақты тәрбие- леу проблемалары бойынша үйлестірулер кездесуi; үйiрмелер, ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, көрмелер, конкурстар, семинар- лар ұйымдастыру әрi өткізу, балалар мен жасөспiрiмдердi сырттай оқытатын мектептерде оқыту және басқа да қо- сымша дамыту шара- ларын жүргізу. Республикалық ке- шендiк спорт шара- ларын өткізу. Дүниежүзiлiк Ұлттық қысқы универсиа- ғылыми - даға қатысуға практика- дайындық. лық дене Балалар мен жастар- тәрбиесi дың сауықтыру мәдени орталығы демалыстарын, оқуын ұйымдастыру. Жобалық-сметалық Республика- құжаттамамен және лық қосым- Мемлекеттік сарапта- ша білім маға сәйкес бекітіл- беру оқу- ген күрделi жөндеудi әдісте- өткізу. Басты құрал- мелік дарды алу: Компьютер орталығы - 10 дана - 1 жинақ, 2 жинақты компьютер- лiк сынып, сканер - 1 дана, лазерлiк принтер - 1 дана; ком- пьютерлiк сынып "Дарын" Рес- (1+ 10) - 1 комплект, публикалық компьютерлер - 10 да- ғылыми прак- на, принтер - 5 дана, тикалық ксерокс - 1 дана, кi- орталығы тапханалық қор - 1000 дана, физика кабинетi - 1, химия кабинетi - 1, сканер - 1 дана; гидромассаж ваннасы "Балдәурен" - 2 дана, лингофондық республика- кабинет үшiн жинақтағы лық оқу- жабдық - 1, спортзал сауықтыру үшiн едендiк жабу, лагері бензовоз - 1 дана, ксерокс - 1 дана, компьютерге жиынтықтар - 3 атаулы, офиске арналған техника: гильотина - 1 дана, брошюраларға арналған степлер - 1 дана, ризограф - 1 дана, ноутбук - 1 дана. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жалпыға мiндеттi мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес оқыту, өскелең ұрпақтың интеллектуалдық дамуы үшiн үйлесiмдi жағдайлар жасау, олардың мүдделерiн, бейiмдiлiгi мен дарынын, кәсiптiк орындарын табуын, мағыналы бос уақытын, демалысын қанағаттандыру. "Өзiн өзi тану" пәнi бойынша оқу-тәрбие шараларын өткізу. Дарынды балалар мен жастарды iздеп табу және олардың республикалық, халықаралық олимпиадаларға, жарыстарға және тағы басқаларға қатысуын ұйымдастыру, даярлау. Қазақстан Республикасында жеке адамның дарындылығын дамытудың инновациялық білім технологиялары саласындағы халықаралық ынтымақтастығын дамыту. Балалар мен жасөспiрiмдердiң iспен шұғылдануын көбейту, оларға ВИЧ-ке қарсы күреске моральдық қолдау көрсету, өскелең ұрпақ арасында құқық бұзушылар санын азайту, денсаулықтарын нығайту әрi сақтау.