Ескерту: * республикалық бюджеттен бөлiнетiн трансферттердi игеру шеңберiнде iске асырылатын шаралар тiзбесi, күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер тиiстi жергiлiктi бюджет бағдарламасының паспортында көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
219-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес"
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 1184 мың теңге (бір миллион бір жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8-бабы, "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығы, Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 8 шiлдедегі № 736 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: кәмелетке толмағандар мен жасөспiрiмдер нашақорлығының әлеуметтік алдын алу жүйесін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: кәмелетке толмағандар мен жасөспiрiмдер арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі әлеуметтік мақсатты шаралар кешенін жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 104 Нашақорлыққа Оқу саласының бағ- Жыл бойы Қазақстан және есірткі дарламасы бойынша Республика- бизнесіне оқу құралдарын әзір- касының Бі- қарсы күрес леу- Нашақорлықтың лім және алдын алу проблема- ғылым ми- лары бойынша педа- нистрлігі гогикалық кадрлар үшін білім алушы- лардың семинарларын өткізу- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: салауатты өмір салтын насихаттау, мектептер кәсіптік мектептер (лицейлер), колледждер оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында нашақорлықтың алдын алу.