2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.04.04 ж. № 481; 28.05.04 ж. № 583; 23.06.04 ж. № 197к;
09.07.04 ж. № 197л; 07.10.04 ж. № 1041; 2004.15.12. № 197ам; 2004.30.12. № 197ааа
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
190-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Білім және ғылым саласындағы уәкiлеттi
органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 324940 мың теңге (үш жүз жиырма төрт миллион тоғыз жүз қырық мың теңге).
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 2-тармақ өзгерді
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 3 , 21-24-баптары; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8, 12, 21, 27, 30, 35 -баптары; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысы; "Мемлекеттік қызметтен өту тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығы; "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігiн көтерудi одан әрi жетiлдiру жөніндегі iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы; "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi Заңы; "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тiлдi қолдану аясын кеңейту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769 қаулысы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабы, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 12, 30, 35-баптары, "Білім беру қызметiн лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысы, "Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысы; "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын құрудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 ақпандағы № 257 қаулысы.
"Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысы, "Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 20 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 4-тармақ өзгерді
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі орталық аппаратының қызметiн қамтамасыз ету; жоғары оқу орнынан кейiнгi, кәсiптiк жоғары және орта білім беру қызметiн лицензиялауды, оқулық әдебиетiн басып шығаруды iске асыру; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн орындау үшiн біліктілік талаптарына сәйкес кәсiптiк қызмет саласында білім бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білім мен дағдыларды жаңарту және кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру ғылыми ұйымдардың негiзгi қызметiнiң тиiмдiлiгiн айқындау, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану; жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi пайдалануға қол жеткізу үшiн материалдық-техникалық базаны нығайту; ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру; министрлiктiң білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау рәсімдерін, сондай-ақ білім алушыларды аралық аттестаттауды жүргiзу бөлігіндегi функцияларын орындауын қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 5-тармақ өзгерді
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінiң аппаратын қаржыландыру, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiптiк біліктілігiн арттыру; лицензиялар беру, білім және ғылым ұйымдарының біліктілік талаптарын сақтауын қадағалау; оқулық әдебиетiн басып шығару қызметiн лицензиялау; Республикалық комиссиялардың білім ұйымдарын лицензиялау жөніндегі жұмысын қамтамасыз ету; ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу; министрлiк аппаратын есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінiң ақпараттық жүйелерi мен локальдық есептерiн жетектеу; ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру бойынша аттестаттау құжаттарын қарау. Сондай-ақ белгiленген мемлекеттік үлгiдегi құжаттар беру; білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау және білім алушыларды аралық аттестаттау нысанында білім сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 001 Білім және ғылым саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету 2 001 Орталық 242 бірлiк санындағы жыл бойы Қазақстан органның штаттық кестеге сәй- Республика- аппараты кес Қазақстан Респуб- сының Білім ликасы Білім және ғы- және ғылым лым министрлігінiң министрлігі орталық аппаратын қаржыландыру- 9 бірлiк санындағы қызметтiк автокөлiк- тi бекітілген норма- тивтiк тәртiпке сәйкес ұстау, жалға беру- Білім беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес- тiктi тексеру мақса- тында білім ұйымдары орналасқан жерлерге барып сараптама өткізу үшiн комис- сиялар құру, лицен- зиялау бойынша ұзын саны 1000 дана iс жүргiзу қағаздары мен (мемлекеттік лицензиялар мен қосымшалардың бланкаларымен) қамтамасыз ету- 48 ғылыми ұйымды аттес- таттаудан өткізу үшiн аттестациялық комиссиялар құру- Министрлiк аппара- тының 197 дана компьютерлiк техни- касын, 51 дана принтерiн, 6 дана ксероксiн, 24 дана сканерлерiн күтiп ұстау; аппарат ЛВС-терiн, Интер- неттi, сервердi қолдануды әкiм- шiлiктендiру; мемлекеттік са- тып алу, қаржылық талдау, мемлекеттік мүлiк бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, министр- лiктiң электрондық құжаттар айналымын жетектеу; Қазақстан Республи- касының Білім және ғылым министрлігінiң ақпараттық жүйелерi мен 2-локальдық есептерiн жетектеу- 41 білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізу және мемлекеттік аттестаттау рәсiмiн жүргізу үшiн аттестаттау комиссияларының шығындарын қаржыландыру. |
3 007 Мемлекеттік Министрлік қызмет- жыл бойы Қазақстан қызметшiлер- керлерiнің білік- Республика- дiң біліктi- тілігiн арттыру, сының Білім лiгiн артты- оның iшiнде мемле- және ғылым ру кеттiк тiлдi үйре- министрлігі ту жөніндегі бе- кiтiлген жоспарға сәйкес министрлiк- тiң орталық аппа- раты қызметкерлерi- нiң біліктілігiн арттыру жөніндегі қызмет көрсетулер- дi сатып алу- Бi- лiктіліктi көтеру курстарынан өтетiн мемлекеттік қыз- метшiлердiң жылдық орташа саны 120 адамды құрайды |
4 009 Мемлекеттік Сатып алынатын жыл бойы Қазақстан органдары және тасымалдана- Республика- материалдық- тын компьютерлiк сының Білім техникалық және ұйымдастыру және ғылым жарақтанды- техникасының, министрлігі ру бағдарламалық қамтамасыз ету- дiң саны: компью- терлер - 36 дана, мониторлар - 36 дана, принтерлер - 14 дана, түрлі түсті принтер - 1 дана, мультиме- дилiк проектор - 1 дана, ноутбук - 1 дана- Шығыс материал- дарын сатып алу; Саны 3 дана лицен- зиялық бағдарлама- лық қамтамасыз етудi сатып алу- |
5 100 Ғылыми кадр- Бірыңғай талаптар- жыл бойы Қазақстан ларды аттес- ға сәйкес ғылыми Республика- тациялау және ғылыми-педа- сының Білім гогикалық қызмет- және ғылым керлерге ғылыми министрлігі дәрежелер мен Жоғары ғылыми атақтар аттестаттау беру жөніндегі комитeтi аттестаттау iс- терiн ұйымдастыру, әрi қарау- Мемлекет атынан дипломдар мен аттестаттарды ресімдеуді және тапсыруды жүзеге асыру, ұзын саны 1820 дана. |
6 101 Білім беру Білім беру жыл Қазақстан ұйымдарын ұйымдарын бойы Республикасының мемлекеттік мемлекеттік Білім және аттестаттауды аттестаттау ғылым және білiм кезiнде министрлігі алушыларды студенттердi аралық кешенді аттестаттауды тестілеудi жүргізу кезiнде ұйымдастыру, білім Кешендi алушыларды тестілеуге тестілеуді жататын ұйымдастыру студенттердiң жоспарланып отырған контингентi - 11190 адам. Медициналық Білім беру мен мамандықтар тестілеудің бойынша мемлекеттік оқытудың стандарттарының 3-курсынан ұлттық орталығы кейiн, жоғары кәсіптiк білiмнiң басқа мамандықтары бойынша 2-курсынан кейiн кешендi тестілеу негізiнде жоғары кәсiптiк білім беру ұйымдарында білім алушыларды аралық аттестаттауды ұйымдастыру. Аралық аттестаттауға жататын студенттердің жоспарланып отырған контингентi - 30 000 адам. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жүктелген қызметтiң сапалы әрi уақытылы орындалуы; кәсіптік жоғары, орта және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету; қазiргi экономика жағдайлары мен мемлекет ресурстарының мүмкiндiктерiне сәйкес мемлекеттік қызметшiлердiң кәсіптік деңгейiн көтеру; ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру мәселелерi бойынша мемлекет атынан кесiмдi шешiмдер қабылдау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
191-қосымша
225-Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2004 жылға арналған
"Iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 3669553 мың теңге (үш миллиард алты жүз алпыс тоғыз миллион бес жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 26-бабы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiрудiң шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында ғылымды және ғылыми-техникалық бағдарламаларды жоспарлау мен қаржыландыруды жетiлдiру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қаңтардағы № 61 қаулысы; "Ғылыми-техникалық қызметке сараптама ұйымдастыру және өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 қыркүйектегі № 876 қаулысы; "Республикалық бюджет есебiнен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеу бағдарламаларын құрудың және іске асырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2004 жылдарға арналған iс-қимылдар бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы; "Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған биотехнологиялық өнiмдер өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру республикалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 26 маусымдағы № 871 қаулысы; "2002-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында фармацевтiк өнеркәсiптi дамыту үшiн төлтума фитопрепараттар өндiру және өндiрiске енгізу" Республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 шiлдедегi № 296 қаулысы; "Құрамында есiрткiсi бар өсiмдiктердi өнеркәсiптiк өңдеу жөнiнде өндiрiс кешенiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 37 қаулысы; "Мемлекеттік ғылыми техникалық сараптама ұйымдастыру және өткізу ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысы; "2003-2005 жылдарға арналған инновациялық өндiрiстердi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 наурыздағы № 263 қаулысы; "Қазақстан Республикасының металлургиялық кешенiнде төртiншi және бесiншi қайта өңдеу өндiрiсiн құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" мақсатты ғылыми техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 наурыздағы № 243 қаулысы; "Степногорск қаласында биотехнологиялық өндiрiстi дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы № 277 қаулысы; "Микроорганизмдердiң республикалық коллекциясы туралы" 2002 жылғы 30 шiлдедегi № 850 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың базалық салаларының қажеттiктерiн ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, ғылымды көп қажет ететiн жаңа өндiрiстер ұйымдастыру үшiн оңтайлы жағдайлар жасау, "зерттеу-әзiрлеу-кадрлар даярлау-өнеркәсiптiк игеру" бірыңғай ғылыми-өндiрiстiк тiзбекке көшуге септiгiн тигiзетiн ғылыми-техникалық және өзге салаларда инновациялық қызметтi дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу. Отандық технологиялардың бәсекелестiк қабiлетiн көтеру, өндiрiстiң ғылымды көп қажет ететiн салаларын тұрақты дамыту үшiн жағдай жасау; елдiң экспортқа бағдарланған өнеркәсiп кешенiн құру мақсатымен ғылым мен отандық жаңа технологиялар жетiстiгiн iске асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 002 Iргелi және қолданбалы ғылыми зерт- теулер |
2 100 Iргелi қолд- 21 ғылыми бағыт жө- жыл бойы Қазақстан данбалы ғылы- ніндегі 2003 жылғы Республика- ми зерттеу- конкурсқа сәйкес сының Бiлім лер 2003-2005 жылдар және ғылым аралығында iргелi министрлігі ғылыми зерттеулер жүргізу Жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес ғылыми ұйымдарда мемлекеттік сараптамасымен қоса жөндеу құры- лыс жұмыстарын жүргiзу: Органи- калық катализ және электрохи- мия институтында, География инсти- тутында, Ионосфера институтында, Фитохимия инсти- тутында, Органи- калық синтез және көмiр химиясы инс- титутында, Ботаника және фитоинтро- дукция ииститутында, M- Айтхожин атын- дағы Молекулалық биология және биохимия институ- тында- Қазақстан Респуб- ликасы Білім және ғылым министрлi- гiнiң бұйрығымен бекітілген сатып алынған жабдықтар тiз- бесiне сәйкес ғылыми ұйымдарды субсидиялау- |
3 101 Қолданбалы Қолданбалы ғылыми жыл бойы Қазақстан ғылыми зерт- зерттеулер жүргiзу- Республика- теулер 10 Республикалық сының Білім мақсатты ғылыми және ғылым техникалық бағ- министрлігі дарламалар жүр- гiзу- Қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзетiн ғылыми ұйымдарды Қазақстан Респуб- ликасы Білім және ғылым министрлігі- нiң бұйрығымен бекітілген сатып алынған жабдықтар тiзбесiне сәйкес субсидиялау. |
4 102 Ғылыми-техни- Ғылыми техникалық жыл бойы Қазақстан калық сарап- бағдарламалар мен Республика- тама жобаларға ғылыми сының Білім техникалық сарап- және ғылым тамалар өткізу- министрлігі Жобалар мен бағ- дарламалар бойын- ша аралық және қорытынды есептер- ге сараптамалар жүргiзу. |
5 103 Ғылым қоры Ғылыми қоры арқылы жыл бойы Қазақстан арқылы баста- гранттар бойынша Республика- малық және бастамашыл және сының Білім тәуекелдiк тәуекелдiк ғылыми және ғылым ғылыми зерттеулер жүргізу- министрлігі зерттеулерді жүргiзу |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: іргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн iске асыру. Табиғи және әлеуметтiк жүйелер туралы қағидатты бүтiндей жаңа білім алу, экономиканы жүйелі қайта құрудың, қоғамды, мәдениеттi, ғылымды тұрақты дамытудың ғылыми негіздерiн әзiрлеу; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң жалпы ғылыми-технологиялық кеңiстiгi мен ғылыми еңбектiң әлемдiк бөлiнiсi шеңберiнде қазақстандық ғылымның айқындамасын нығайту; экспорттың және импорттың орнын толтыратын өнiмдердi көбейтуге және ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамытуға септiгiн тигiзетiн өтемдi әзiрлеулер жасау және енгізу; синтетикалық және табиғи тума медициналық бірегей препараттар өндiру; ауылшаруашылық дақылдарының жоғары өнімді тұқымын тездетіп жасау әдiстерiн әзiрлеу.