Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
192-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ғылыми-мәдени құндылықтарды сақтау"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 4697 мың теңге (төрт миллион алты жүз тоқсан жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы; "Академик Қ И.Сәтпаевты мәңгi есте қалдыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 14 сәуірдегі № 332 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мұражай қорлары мен мұрағаттарда жатқан көрнектi ғалым, Қазақстан ғылым Академиясының тұңғыш Президентi Қ.И.Сәтпаевтың өмiрi мен қызметi туралы iлiм-білімдi білімдiк-тәрбиелiкпен және мақсаткерлiкпен таратуды жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттері: академик Қ.И.Сәтпаевтың өмiрi мен қызметiне байланысты материалдар мен құжаттарды iздестiру, зерттеу, әйгiлеу және пайдалану; академик К.И Сәтпаевтың өмiрi мен ғылыми қызметi туралы монографияларды, мақалаларды, каталогтар мен қолжазбаларды баспаға дайындау; мұражайлық мәнi бар заттарды жинау мақсатымен тарихи-тұрмыстық, этнографиялык экспедициялар, ғылыми iс сапарлар ұйымдастыру және өткізу; мұрағаттық заттардың сақталуын қамтамасыз ету, мұражайлық мәнi бар заттарды консервациялау және жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 003 Ғылыми-мәдени Академик Қ-И-Сәтпа- жыл бойы Қазақстан құндылықтарды евтің мемориалдық Республика- сақтау мұражайын бекітіл- сының Білім ген мiндеттерiн және ғылым атқару үшiн құрамы министрлi- 18 адамнан тұратын гі, ММ Ака- штаттық лимит саны демик Қ-И. шегiнде ұстау. Сәтпаевтың мемориалдық мұражайы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: өскелең ұрпақтың ғылым Академиясының тұңғыш Президентi Қ.И.Сәтпаевтың қызметiне және тұтас алғанда Қазақстан ғылымына деген танымдық қызығушылығын дамыту; ғылым Академиясының тұңғыш Президентi Қ.И.Сәтпаевтың өмiрiн, ғылыми және қоғамдық қызметiн насихаттау арқылы өз өмiрiн Қазақстанның ғылымы мен техникасын дамытуға арнағысы келетiн жастардың санын көбейту, олардың Отанға деген патриоттығы мен сүйiспеншiлiгiн тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың дүниетанымын кеңейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
193-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық
ақпараттың қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 288989 мың теңге (екi жүз сексен сегiз миллион тоғыз жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 14, 23, 33-бабы; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 4 , 5 , 26-бабы; "ҚазКСР Ғылым академиясының Ғалымдар үйiн ұйымдастыру туралы" ҚазКСР Ғылым академиясы Президиумының 1983 жылғы 14 қыркүйектегi № 149 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республика ғылыми қауымының республикалық ақпараттық кеңiстiкке қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету, ақпараттық қызметтi жандандыру, отандық ғылымның жетiстiктерi туралы ақпаратты насихаттау; Қазақстан ғылыми қауымдастығының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту; ақпараттық қызмет көрсетулердiң жаңа деңгейiн ұсыну; Орталық Ұлттық кiтапхана базасында кiтапхананың электрондық ресурстарына (электрондық каталогтарға, фактографиялық деректер базаларына, толық мәтiндер мен бейнелердiң электрондық коллекцияларына) бірдей қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ететiн электрондық кiтапхана әзiрлеу және енгізу; сирек, құнды кiтаптардың, қолжазбалардың, газеттер мен журналдардың, қазiргi ғылыми және техникалық мерзiмдiк басылымдардың және басқа да құжаттардың сақталуы мен қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн дербес электрондық коллекцияларды жоспарлау, әзiрлеу және қалыптастыру; ғылым мен техника саласындағы отандық және әлемдiк жетiстiктердi көрсететiн жарияланған және жарияланбаған құжаттар қорының Республикалық ғылыми-техникалық кiтапханасына бекітілген түрлерi мен тақырыптары бойынша қалыптастыру жолымен Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету, ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерiн практикалық қызметке нақты енгізуге ықпал жасау; ғалымдардың үздiк жетiстiктерiнiң ақпараттық қызмет аясын күшейту; ғалымдардың белсендi әрi мазмұнды демалысын ұйымдастыру; ұлттық педагогикалық қазына ретіндегі Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапхананы пайдаланушы көпшiлiк қауым алдында бар мүмкiндiктi ашуға жағдай жасау, педагогика мен білім беру жөніндегі құжаттардың ұлттық қорын одан әрi барынша толық қалыптастыру, ақпараттық қызметтi жандандыру, әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке ену, білім беру жүйесiнiң кiтапханалары үшiн әдiстемелiк және үйлестiру орталығының мiндетiн атқару, қазiргi технологияларды енгізудi қамтамасыз ету. Республикалық ғылыми-техникалық кiтапханаға бекітілген ғылым мен техника саласындағы отандық және әлемдiк жетiстiктердi көрсететiн жарияланбаған құжаттар қорын түрлерi мен тақырыптары бойынша құрастыру жолымен Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету, ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерiн практикалық қызметке енгізуге жәрдемдесу; ғалымдардың аса үздiк жетiстiктерiнiң ақпараттық қызмет аясын күшейту; ғалымдардың белсендi әрi мазмұнды демалысын ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан экономикасының даму перспективалары мен кiтапхана оқырмандарының ағымдағы ақпараттық сұраныстарын ескере отырып комплектiлеудi, қормен жұмыс iстеудi, анықтамалық-iздестiру аппаратын ұйымдастыру арқылы ғылыми-техникалық ақпараттың қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету. Ғылымның жаңа жетiстiктерiн, қазақстандық ғалымдардың ашқан жаңалықтарын насихаттау проблемаларына арналған шаралар кешенiн ұйымдастыру, олардың мәдени деңгейi мен мазмұнды демалысын жақсарту үшiн әр қырлы шаралар өткізуге арналған iс-шаралар жиынтығын ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 006 Ғылыми, ғылы- Республикалық ғылы- жыл бойы Қазақстан ми-техникалық ми-техникалық, Орта- Республика- және ғылыми- лық ғылыми кiтап- сының білім педагогикалық ханалар оқырманда- және ғылым ақпараттың рының ағымдық сұра- министрлігі қол жетiмдi- ныстарын және РМҚК Рес- лiгiн қамтама- Қазақстан эко- публикалық сыз ету номикасының даму ғылыми-тех- перспективаларын никалық ескере отырып, кітапхана, комплектiлеудi РМҚК Орта- ұйымдастыру және лық ғылыми қормен анықтамалық кiтапхана -iздестiру аппараты- РМҚК Ға- мен жұмыс iстеу лымдар Yйі арқылы ғылыми-техни- Мемлекеттік калық ақпараттық мекеме Pec- қолжетiмдiлiгiн публикалық қамтамасыз ету- ғылыми-пе- Орталық Ғылыми дагогикалық Кiтапханасына кітапхана арнап әдебиеттер сатып алу- Республикалық ғылыми-техникалық кiтапхананы негiзгi құралдармен: кiтап- хана қорын комплек- тiлеу; компьютер- лермен - 13 дана; модеммен - 2 дана; лазерлiк принтер- мен - 2 дана; үзiлiссiз қорек- тендiру блогымен - 4 дана; сканер- мен - 2 дана; марш- рутизатормен - 1 дана жабдықтау- Ғылым мен техника жетiстiктерiн насихаттау iс-ша- раларын жүргiзу- Ғылыми конференци- ялар, симпозиумдар мен семинарларға ақпараттық және техникалық көмек көрсету- Алға қойған мiн- деттердi орындау үшiн саны 37 адам- дық штаттық лимит шегiнде республи- калық ғылыми-пе- дагогикалық кi- тапхананы қаржы- ландыру- Респуб- ликалық ғылыми -педагогикалық кiтапхананы әде- биеттермен (басылымдармен), кiтаптарды сақтау құралдарымен (католаждық шкаф- тар) - 9 дана; кiтаптарды сақтау құралдарымен (кiтап стеллаждары) - 30 дана қамтама- сыз ету |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: оқырмандар сұраныстарын неғұрлым толық, өзектілікпен, заманға лайық және шыншылдықпен қанағаттандыру. Ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғалымдар мен мамандардың өздерiн қызықтарын ғылым салаларының әлемдiк ғылыми жетiстiктерi туралы көкейкестi әрi жедел ақпаратқа деген сұраныстарын барынша қанағаттандыру. Электрондық кiтапхананың үлгiсi мен құрылымын әзiрлеу әрi енгізу; электрондық коллекциялар мен қорларды құру және толықтыру; жиынтық ақпараттық ресурстар жасау; серверлер мен Интернет-комплекске ұжымдық ену үшiн кiтапхана жұмысын қолдау; оn line режимiнде ғылыми ақпаратқа жол ашу; ақпараттық бюллетендер, анықтамалар, ғылыми журналдар басып шығару; ғылыми конференцияларды, симпозиумдарды, семинарларды ақпараттық және техникалық орайластыру. Оқу кiтапханасы жүйесiнiң жұмыс деңгейiн көтеруге ықпал ететiн семинарлар ұйымдастыру; мамандық жетiлдiру жөніндегі орталық облыстық институттар базасында ведомствоға қарасты кiтапхана қызметкерлерiнiң біліктілігiн арттыратын курстар, дәрiстер, практикалық сабақтар, әңгiмелер ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының Кiтапхана Ассоциациясы желісі бойынша жоғары кiтапханалық курстар ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
194-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік сыйлықтар және стипендиялар"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 35880 мың теңге (отыз бес миллион сегiз жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 наурыздағы № 290 қаулысы; "Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарды және дарынды жас ғалымдарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 тамыздағы № 1063 қаулысы; "Қазақстан Республикасындағы ғылым, техника және білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 477 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 наурыздағы № 290 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1945 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 5 ақпандағы № 188 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 наурыздағы № 383 қаулысы; "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Отандық ғылым мен техниканы дамытуға iрi үлес қосқан аса көрнектi, сондай-ақ дарынды жас ғалымдарды әлеуметтiк қолдау, жас ғалымдардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдаламаның міндеттері: Ғылым, техника және білім саласындағы жетістіктер үшін стипендиялар және мемлекеттік сыйлықтар төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 007 Мемлекеттік Конкурстар өткізу: жыл бойы Қазақстан сыйлықтар жә- - ғылым мен техника Республика- не стипендия- саласындағы сый- сының Білім лар лықтар; және ғылым - мемлекеттік ғылыми министiрлi- стипендиялар атаулы гі сыйлықтар алуға- Қазақстан Республи- касы Үкіметінiң қаулыларына сәйкес сыйлықтар төлеу- Академиялық және басқа ғылыми стипендиялар төлеу- Дипломдар, қосымша парақтар, құрмет белгiлерiн әзiрлеу, сыйлықтарға кон- курстар өткізу туралы жарнамалар жариялау- Лауреаттарға сый- лықтар мен құрмет белгiлерiн, дип- ломдар ұсынуды ұйымдастыру |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: әр түрлi салаларда ғылымның одан әрi дамуын қамтамасыз ететiн ғылым мен техниканың басым бағыттары бойынша жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізу, ғылыми-техника саласының қызметкерлерiн мемлекеттік қолдау шараларын iске асыру, дарынды жастарды ғылымға тарту мақсатымен ғылыми еңбектi ынталандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
195-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Білім беру ұйымдары үшiн оқулықтар мен
оқу әдiстемелiк кешендерiн әзiрлеу және тәжiрибеден
өткізу, білім беру саласында қызмет көрсететiн
республикалық ұйымдар және шетелдегi қазақ диаспорасы
үшiн оқу әдебиетiн шығару және жеткізу"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 317739 мың теңге (үш жүз он жетi миллион жетi жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 18, 20, 30-баптары, "Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық қолдау арқылы түзету туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 16-бабы, "Білім" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы, "Шет елде тұратын отандастарды мемлекеттік қолдау бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 3308 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 19 сәуірдегі № 604 қаулысы, "Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсiптiк білімдi одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 15 мамырдағы № 721 қаулысы, "Қазақстан Республикасының кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білім беру ұйымдары үшiн арнаулы пәндер бойынша оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендерiн әзiрлеу және басып шығару бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 наурыздағы № 409 қаулысы, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретiн мектептерi үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн әзiрлеу және басып шығару мақсатты бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 26 қыркүйектегi № 1173 қаулысы, "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз етудiң Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысы, "Қазақстан Республикасында 2003-2004 жылдарға арналған қаржы есептілiгiн халықаралық стандарттарға көшiру жөніндегі iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 88-р өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім стандарттарының талаптарына сәйкес сапалы оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер әзiрлеу және қамтамасыз ету, оқу процесiне жаңа буын оқулықтарын енгізу, арнаулы пәндер бойынша оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер әзiрлеу және басып шығару саласында біртұтас саясатты айқындау және олармен бастауыш және орта кәсiптiк білім жүйесiн қамтамасыз ету, арнаулы (түзету) білім беру мекемелерiн оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бастауыш және орта кәсiптiк білім ұйымдарының арнаулы пәндерi бойынша оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер әзiрлеу және басып шығару, арнаулы (түзету) білім беру мекемелерiнде оқу-тәрбие процесiн қамтамасыз ету үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк материалдар әзiрлеу және басып шығару. Көру кемiстiгi бар балаларға арналған мектептердi, көрмейтiн балалар үшiн Брайль қарпiмен, нашар көретiн балалар үшiн iрi баспа қарпiмен басылған оқулықтармен қамтамасыз ету. Оқулықтарды орыс тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен орыс тіліне аударып оқыту. Арнаулы түзету білім беру мекемелерi үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк материалдарын басып шығару, қайта басып шығару және жеткiзiп беру. Білім саласында қызметтер көрсететiн ұйымдар мен шет елдегi қазақ диаспорасы үшiн 4, 8 сыныптардың жаңа буын оқулықтарын басып шығару және оқу процесiне енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 008 Білім беру ұй- Оқулықтар мен оқу- жыл Қазақстан ымдары үшін әдiстемелiк мате- бойы Республика оқулықтар мен риалдар басып шы- сының Білім оқу әдiстеме- ғару, оқу-әдiсте- және ғылым лiк кешендерiн мелiк әдебиеттi министрлi- әзiрлеу және қайта басып шыға- гі- тәжiрибеден ру, оқу-әдiстеме- өткізу, білім лік әдебиеттi беру саласын- қайта басып шыға- да қызмет ру, соқырлар үшiн көрсететiн Брайль қарпiмен, республика- нашар көретiндер лық ұйымдар үшiн iрi баспа және шетел- қарпiмен оқулық- дегi қазақ тар басып шығару, диаспорасы арнаулы (түзету) үшiн оқу білім беру ұйым- әдебиетiн дары үшiн шығару және оқулықтар әзiрлеу жеткізу әрi басып шығару, оқулықтарды орыс тілінен қазақ тіліне және қа- зақ тілінен орыс тіліне аударып оқыту, арнаулы (түзету) меке- мелерiне оқулық- тар жеткiзiп беру- Бастауыш және орта кә- сiптiк білім беру ұйымдары үшiн арнаулы пәндер бойынша оқулықтар мен оқу әдiстемелiк кешендерiн әзiрлеу және басып шығару- Қаржылық есептi- лiктiң халықаралық стандарттарына көшуге байланысты мемлекеттік және орыс тiлдерiнде бухгалтерлiк есеп бойынша оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн әзiрлеу- Білім беру саласында қызмет көрсететiн республикалық ұйым- дар және шетелдегi диаспорасы үшiн 4, 8-сыныптарға арналған оқулықтар және оқу-әдiсте- мелiк кешендерiн шығару және жеткізу- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде арнаулы (түзету) мекемелерi оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк материалдарға ие болады, білім беру саласында қызмет көрсетушi республикалық ұйымдар мен шет елдегi қазақ диаспорасы үшiн оқулықтар басып шығарылады және жеткiзiлiп берiледi, Мамандықтар классификаторына сәйкес бастауыш және орта кәсiптiк білім беру үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерi әзiрленедi және басып шығарылады, 12 жылдық оқыту бойынша оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер әзiрленедi.