6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 016 Жекеше- 70 акционерлік Бiр Қазақстан лендiру, қоғамның және жылдың Республи- мемлекеттік 700 өзге де iшiнде касының мүлікті объектiлердiң Қаржы басқару, құнын бағалауды, министрлігі жекешелен- активтердi дiруден басқару тиiмдi- кейiнгi лігінiң мониторингi қызмет және мемлекеттік және осымен меншiк пен әрi кредит мемлекеттiң меншiк беруге үлесi бар байланысты кәсiпорындар, дауларды сондай-ақ реттеу, экономиканың кредиттер стратегиялық және салаларындағы мемлекеттік жекешелендiрiлген кепiлдiктер ұйымдардың 155 бойынша объектiлерi бойынша мiндетте- келісім-шарттық мелердi мiндеттемелердiң орындау орындалуын есебiнен тексерудi; қор алынған биржасында немесе 12 акционерлік өндiрiп қоғам акцияларының алынған мемлекеттік мүлiктi пакетiн сатуды; есепке алу, мониторингтiң, оны сақтау сүйемелдеу мен толықтыру бойынша деректер қорын құру жөніндегі жұмыстарды; несиелер мен мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындау есебiне алынған не өндiрiп алынған мүлiктi есепке алу және сақтау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған қызмет көрсетулердi сатып алу- Жекешелендiруге, мемлекеттік мүлiктi басқару мен жекешелендiруден кейiнгi қызметке байланысты дауларды реттеу "AЭC" және "Уорлд Уайд минералз" компанияларымен сот талқылауларындағы шетелдiк заң кеңесшiлерiнiң жұмысын үлестiру Республикалық меншiктiң 770 объектiсi бойынша сауда-саттық туралы ақпараттық хабарламалардың жарияланымдары- Жылжымайтын мүлiк пен мүлiктiк кешеннiң 300 объектiсi жер учаскелерiнiң бағаламасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: республикалық бюджетке республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендіруден жоспарланған мөлшерде ақшаның, республикалық меншiк болып табылатын акциялар пакеттерiне дивидендтердiң және республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың пайда үлесiнiң түсуi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
154-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
""Министрлiктер үйi" ғимаратын күтiп-ұстау және сақтандыру"
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 186338 мың теңге (бiр жүз сексен алты миллион үш жүз отыз сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 3 қыркүйектегi № 962 қаулысы; "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Министрлiктер үйi" ғимаратына (бұдан әрi - Ғимарат) шаруашылық қызмет көрсету; Ғимараттың технологиялық жабдықтарының үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттік мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету, сақтандыру жағдайы туындаған кезде шығынды қалпына келтiру, Ғимаратты жарақтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ғимараттың технологиялық жабдықтарын қолдау, техникалық қызмет көрсету, Ғимаратты телекоммуникациялық қамтамасыз ету, қорғау, шаруашылық қызмет көрсету, конференц-залдарды, мәжіліс залдарын жарақтандыру, Ғимаратты зiлзала, өрт, жаpылыс және басқа да тәуекел жағдайларынан сақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 017 "Министр- 1) Электр техни- Бiр Қазақстан лiктер үйi" калық жабдықтарды, жылдың Респули- ғимаратын инженерлiк желiлер iшiнде касының күтiп-ұстау мен коммуника- Қаржы және цияларды, министрлігі сақтандыру желдеткiштiң сору-шығару жүйесiн, өрт қауiпсiздiгiн, өрт дабылы мен түтіндi жоюды, сыртқы және iшкi желiлерi бар автоматты телефон станциясын қолдау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; сыртқы инженерлiк желiлерге қызмет көрсету; суық-жылумен жабдықтау, ыстық және суық cумен жабдықтау жүйелерiнiң, лифтiлер жұмысының алдын-алу жұмыстарын жүргiзу; 2) Ғимаратты күзету; 3) Ғимараттың iшкi үй-жайлар мен қасбеттi, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты таза қалпында ұстау, Ғимаратты санитариялық тазарту, аумақтан қоқыс пен қарды әкету және Ғимараттың қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн қажетті басқа да жұмыстар; 4) Ғимаратты ағымдағы жөндеу; 5) Ғимаратқа электр энергиясын, жылу энергиясын жеткізу және коммуналдық қызметтер көрсету; 6) жалпы алаңы 24 595,8 ш-м. Ғимаратқа қызмет көрсетудi қамтамасыз ету; 7) Ғимаратты сақтандыруға шарт жасасу; 8) сақтандыру агенттіктерi ұсынған сақтандыру шаруашылық шарттарына сәйкес жасалған шарт бойынша сақтандыру жарнасын төлеу; 9) E1 цифрлық ағынын жалға беру жөніндегі телекоммуникациялық қызметтерге ақы төлеу; 10) ұзындығы 220 метр ТП 251 бастап күш кабелiн тарту; 11) конференц- жүйесiн, конгресс-жүйесiн (оларға жиhаз жинақтамасын), iлеспе аудару жүйесiн сатып алу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Ғимараттың бүкiл технологиялық жабдықтарының үздiксіз және апатсыз жұмыс iстеуi; мемлекеттік қызметшiлер үшiн қалыпты еңбек және әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасау. Ғимаратты сенiмдi сақтандыру жағынан қорғау, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары туындаған кезде сақтандыру төлемдерiн уақытылы төлеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
155-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жеңiлдiктi тұрғын үй кредиттерi
бойынша бағамдық айырманы төлеу"
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 49764 мың теңге (қырық тоғыз миллион жеті жүз алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Президентінің "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1334 Жарлығына сәйкес "Тұрғынүйқұрылысбанкi" жабық акционерлік қоғамы берген жеңiлдiктi тұрғын үй несиелерiн алған азаматтардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 304 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: кассалық жеңiлдiктi тұрғын үй кредитiн алған азаматтар үшiн теңгенiң еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшудiң әлеуметтiк салдарларын жеңiлдету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1334 Жарлығына және "Жәрдем-жинақ шотын жүргiзу және тұрғын үй шараларына кредит беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1994 жылғы 29 шiлдедегi № 850 қаулысына сәйкес ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi кредит алған азаматтардың (бұдан әрi - Қарыз алушылар) негiзгi борышпен сыйақының iс жүзiнде төленген өтеу сомасына есептелген және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен "БанкЦентрКредит" ашық акционерлік қоғамының арасында 2002 жылғы 8 желтоқсанда қол қойылған Қарыз алушылар ортасын нақтылау мәселесi жөніндегі келісіммен анықталған бағамдық айырманы төлеу; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен "БанкЦентрКредит" ашық акционерлік қоғамының арасында 2001 жылғы 30 наурызда жасалған Шарттың ережелерiн орындау.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 019 Жеңiлдiктi 2003 жыл үшiн 2004 Қазақстан тұрғын "Тұрғынүйқұрылыс- жылғы Республи- үй кредиттерi банкi" жабық 20 ақ- касының бойынша акционерлік қоғамы панға Қаржы бағамдық берген жеңiлдiктi дейін министрлігі айырманы кредиттер бойынша төлеу бағамдық айырманы төлеу |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: қарыз алушылар iс жүзінде төлеген негiзгi борыш пен сыйақының өтеу сомасына есептелген бағамдық айырманы өтеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
156-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Бюджеттiң атқарылуы мен мемлекеттік меншiктi
басқару бойынша ақпараттық жүйелердің
жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету"
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 950087 мың теңге (тоғыз жүз елу миллион сексен жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексi; "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегі Заңының 3, 13-баптары; "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндірудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 07 сәуірдегі Заңының 6, 11, 12-баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жүйесiн одан әрi реформалау туралы" 1998 жылғы 12 қазандағы № 4114 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2002-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік ақпараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншiк жөнiндегі деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысы; "Қазынашылықты жаңғырту жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 16 қазандағы № 1059 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 24 мамырдағы № 626 қаулысы; "Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788 қаулысы; "Республикалық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 448 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған мемлекеттік iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегi шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегі № 470 қаулысы; "Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 579 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жұмыс жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 2002 жылғы 13 қарашадағы № 574 бұйрығы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң бюджеттік процестерді басқару жүйесiн жетiлдіру бағдарламасын iске асыру жөніндегі жұмысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 628 бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік меншiк жүйелік есебiн және мониторингін, оны Жекешелендіру барысын, түрлі мемлекеттік органдар пайдаланатын ақпаратты жинау, өңдеу тәртібін бiрiздендiруді енгізу, сондай-ақ мемлекеттік меншiктi басқару тиiмділігін және оны пайдаланылуын бақылауды арттыру; қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiнiң (бұдан әрi - ҚБАЖ) және "БАСК-М" автоматтандырылған қазынашылық жүйесiнiң бағдарламалық қамтамасыз етуiн техникалық қолдау, сүйемелдеу және ағымдағы пысықтау; салықтық әкiмшiлiктендірудің ақпараттық жүйелерiн бағдарламалық қамтамасыз етудi сүйемелдеу және ағымдағы пысықтау, сондай-ақ компьютерлiк жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектермен, шығыс материалдарымен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнде ақпараттық жүйелердiң, жалпы мақсаттағы коммуникациялардың және салықтық әкiмшiлiктендіру жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттік мекемелердiң тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) жүргiзу тiзiлiмнiң дерекқорын басқару жүйелерiн жаңғырту, акциялардың мемлекеттік пакеттерiн есепке алу, жекешелендiру нәтижелерiн есепке алу, республикалық меншiктiң пайдаланылуын бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету; жұмыс iстейтiн ақпараттық жүйелердi сүйемелдеу, әкiмшiлiктендiру және қолдау; Қазынашылық комитетi мен оның аумақтық органдарында Қазынашылықтың ақпараттық жүйелерiн бағдарламалық, техникалық және жүйелiк қамтамасыз етудiң iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн Қазынашылықтың НР9000 серверлерiнде кластерлiк жүйесін жүйелік және техникалық қолдауды жүзеге асыру; қазынашылықтың орталық серверiн конфигурациялауды оңтайландыру; жүйенi оңтайландыру мақсатында жүйелiк және бағдарламалық өлшемдердi талдау және келтiру, яғни әсер ету уақытын азайту; Қазынашылықтың автоматтандырылған жүйелерiн пайдалану жөніндегі пайдаланушылардың консультациялары; жүйелердi пайдалану кезiнде туындаған апатты және бұзылу жағдайларын талдау; апатты және бұзылу жағдайлары нәтижесiнде немесе есептеу техникасы iстен шыққан кезде бұзылған бағдарламалық қамтамасыз ету мен дерекқорды қалпына келтiру жөнiндегі консультациялық және практикалық көмектi алу; ақпараттық жүйелерi пайдалану процесінде анықталған бағдарламалық қамтамасыз етудiң мүмкiн пысықталмаған немесе қателерiн жою; "Real SOFT" компаниясын және "Hewlett Packard" компаниясын техникалық сүйемелдеу тобымен өзара iс-әрекет жасасу; ақпараттық жүйелердi, жалпы мақсаттағы коммуникацияларды және салықтық әкiмшiлiктендiру жүйелерiн сүйемелдеу, оның iшiнде: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң және оның аумақтық бөлiмшелерінің ақпараттық жүйелерiн, телекоммуникацияларын, жергiлiктi-eсептеуiш желiлерiн әкiмшiлiктендіру, салықтық әкiмшiлендірудің ақпараттық жүйелерiнiң бағдарламалық модульдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жобалық, техникалық және оқу құжаттамаларын жасау; ақпараттық жүйелердiң жұмыс қабiлеттерiне зерттеу жүргiзу, телекоммуникациялық байланыстарды, жергілiктi-есептеуiш желiлерiн және ақпараттық жүйелердi қолдауды қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер деректерiнiң көшуiн қамтамасыз ету, компьютерлiк, желiлiк және коммуникациялық жабдықтардың техникалық сүйемелдемесi, оның iшiнде есептеуiш техника құралдарын жөндеу және қызмет көрсету; компьютерлiк жабдықтармен және ақпараттық жүйелермен жұмыс iстеуге үйрету бойынша қызмет көрсетулер, есептеуiш техникаға арналған шығыс материалдарымен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету; ақпараттық жүйелердi инсталляциялау және көбейту бойынша қызмет көрсетулер; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң салық органдарының және Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығына мүше-мемлекеттердiң салық ведомстволарының арасында бейнеконференцияларды қамтамасыз ету үшiн байланыс қызметтерiн көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
┌─────┬────┬────┬─────────────┬───────────────────┬───────┬───────────┐
│ N │Бағ-│Кiшi│ Кiшi │ Бағдарламаны іске │ Іске │ Жауапты │
│ п/п│дар-│бағ-│ бағдарлама- │ асыру жөніндегі │ асыру │ орындау- │
│ │лама│дар-│ лардың │ іс-шаралар │мерзімі│ шылар │
│ │коды│лама│ атауы │ │ │ │
│ │ │коды│ │ │ │ │
├─────┴────┴────┴─────────────┴───────────────────┴───────┴───────────┤
│ 1 2 3 4 5 6 7 │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────│