Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
148-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Алматы қаласын сумен қамтамасыз
ету және суды бұру жобасын кредиттеу"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1 106400 мың теңге (бiр миллиард бiр жүз алты миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Француз Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Yкіметі арасындағы қаржыландыру туралы хаттаманы (Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету және кәрiз инфрақұрылымын оңалту мен жаңғырту жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылы 11 шiлдедегi Заңы, "Алматы қаласын сумен жабдықтау мен су қашыртқы жүйесiн жаңғыртуды және қайта құруды жетiлдiру жобасына арналған Франция Үкіметінiң сыртқы заемын тарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылы 27 маусымдағы № 960 қаулысы, "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегі № 1000 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету және кәріз инфрақұрылымын оңалту мен жаңғырту" жобасы бойынша қаржыландыру туралы хаттамаға сәйкес Алматы облысының жергiлiктi бюджетiне республикалық бюджеттен кредит бөлу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жобаны iске асырылуын жүзеге асыру үшiн қаражатпен қаржыландыруды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
┌────┬────┬────┬─────────────┬───────────────────┬───────┬─────────────┐
│ N │Бағ-│Кiшi│ Кiшi │ Бағдарламаны іске │ Іске │ Жауапты │
│ п/п│дар-│бағ-│ бағдарлама- │ асыру жөніндегі │ асыру │ орындау- │
│ │лама│дар-│ лардың │ іс-шаралар │мерзімі│ шылар │
│ │коды│лама│ атауы │ │ │ │
│ │ │коды│ │ │ │ │
├────┴────┴────┴─────────────┴───────────────────┴───────┴─────────────│
│ 1 2 3 4 5 6 7 │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 1 009 Алматы Төлеуге ұсынылған 2004 Қазақстан │
│ қаласын шоттарға сәйкес жылдың Республи- │
│ сумен қаржы қаражатының iшiнде касының │
│ қамтамасыз бөлiнуiн қамтамасыз Қаржы │
│ ету және ету Министрлігі, │
│ суды бұру Алматы │
│ жобасын қаласының │
│ кредиттеу әкімі │
└──────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Алматы қаласын сумен қамтамасыз ету жүйесiнiң техникалық жағдайын жақсарту, жаңа технологияларды енгізу, Алматы қаласының су құбыры-кәрiз қызметiнiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
149-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар
үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң резервi"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 9428000 мың теңге (тоғыз миллиард төрт жүз жиырма сегiз миллион теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстан Республикасының Yкіметі резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiмен анықталған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар жөнiнде iс-шаралар өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 010 Табиғи және Қазақстан Бiр Республи- тexногендiк Республикасы жылдың калық сипаттағы Үкіметінiң iшiнде бюджеттік төтенше шешiмдерiмен бағдарла- жағдайларды анықталады малардың жою және өзге әкiмшiлерi, де күтпеген облыс- шығыстар үшiн тардың, Қазақстан Астана, Республикасы Алматы Үкіметінiң қалала- резервi рының әкiмдерi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстарды жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
150-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 12100980 мың теңге (он екi миллиард бір жүз миллион тоғыз жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 17, 25-баптары, "Үкiметтiк заемдарды, жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын және мемлекеттік кепiлдiктерi бар мемлекеттік емес заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 88 қаулысы, "Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiлiк және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 4-тармақ өзгерді
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қарыз алушы қарыз туралы шартқа (келісімге) сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және (немесе) таратылған қарыз алушы үшiн мемлекет кепiлдiк берген қарызды мерзiмiнен бұрын өтеудi көздейтiн "Мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 25-бабына сәйкес одан тиесiлi төлемдердi төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасының кредит берушiлер алдындағы мiндеттемелерiн орындауы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес қарыздар бойынша дефолт фактiсiне жол бермеу.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 5-тармақ өзгерді
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қарыз алушы кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген қарызды төлем мерзiмi басталған күнi және 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және (немесе) таратылған қарыз алушы үшiн мемлекет кепiлдiк берген қарызды мерзiмiнен бұрын өтеудi көздейтiн "Мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 25-бабына сәйкес толық немесе iшiнара өтемеген жағдайда, мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес қарыздар бойынша негiзгi борышты, сыйақыны, басқа да төлемдердi өтеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 011 Мемлекеттік Заңнамада Жылдың Қазақстан кепiлдiктер белгiленген iшiнде Республи- бойынша тәртiппен касының мiндетте- мемлекет кепiлдiк Қаржы мелердi берген қарыздарды министрлiгі орындау өтеу және оған қызмет көрсету |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: кепiлдiктер бойынша міндеттемелердi орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
151-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Касса алшақтығын жабуда төмен тұрған бюджеттердi кредиттеу
үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арнайы резервi"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 600000 мың теңге (алты жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 13, 22-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: кассалық алшақтық болған жағдайда төмен тұрған бюджеттердiң шығын бөлiгiн орындауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 012 Касса Қазақстан Жылдың Қазақстан алшақтығын Республикасы iшiнде Республи- жабуда төмен Үкіметінiң шешiмi касының тұрған болған кезде Қаржы бюджеттердi кассалық министрлігі кредиттеу алшақтықты жабуға үшін төмен тұрған Қазақстан бюджеттерге Республикасы кредит беру Yкіметінiң арнайы резервi |
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: қаржы жылы шегiнде мерзiмi алты айға дейiн төмен тұрған бюджеттердiң шығыс бөлiгiн орындауды қамтамасыз ету үшiн кассалық айырманы жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
152-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Үкiметтiк қарызды қамтамасыз ету"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 37548987 мың теңге (отыз жетi миллиард бес жүз қырық сегіз миллион тоғыз жүз сексен жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы № 464-I Заңының 11-бабы, "Қазақстан Республикасының Үкiметтiк қарыз алуын және жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 маусымдағы № 874 қаулысы, "Үкiметтiк заемдары, жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 88 қаулысы, "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының үкiметтiк борышына қызмет көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: үкiметтiк қарыздар бойынша сыйақыларды (мүдделердi) төлеу үкiметтiк қарыздарды тартудың комиссиондық сыйақыларын төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
┌─────┬────┬────┬─────────────┬───────────────────┬───────┬──────────────┐
│ N │Бағ-│Кiшi│ Кiшi │ Бағдарламаны іске │ Іске │ Жауапты │
│ п/п│дар-│бағ-│ бағдарлама- │ асыру жөніндегі │ асыру │ орындау- │
│ │лама│дар-│ лардың │ іс-шаралар │мерзімі│ шылар │
│ │коды│лама│ атауы │ │ │ │
│ │ │коды│ │ │ │ │
├─────┴────┴────┴─────────────┴───────────────────┴───────┴──────────────┤
│ 1 2 3 4 5 6 7 │
├────────────────┬───────────────────────────────────────────────────────┤
│ 1 013 Үкiметтiк │
│ қарызды │
│ қамтамасыз │
│ ету │
│ 2 100 Займдар Үкіметтік қарыздар Жылдың Қазақстан │
│ бойынша бойынша сыйақыларын iшiнде Республи- │
│ сыйақыларды (мүдделердi) төлеу касының │
│ (мүдделердi) Қаржы │
│ төлеу министрлігі │
│ 3 101 Займдарды ?кіметтiк Жылдың Қазақстан │
│ орналас- қарыздарды iшiнде Республи- │
│ тырғаны тартудың касының │
│ үшiн комиссиондық Қаржы │
│ комиссиялық сыйақыларын төлеу министрлігі │
│ төлем │
└────────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасымен үкiметтiк борышқа қызмет көрсету жөніндегі мiндеттемелердiң орындалуы.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 152-1 қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
152-1-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Семей қаласында Ертіс өзенi арқылы көпiр салу жобасының
шеңберiнде Шығыс Қазақстан облысының бюджетiне берiлетiн
мақсатты инвестициялық трансферттер" деген 014 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 22015 мың теңге (жиырма екi миллион он бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Жапонияның Халықаралық Ынтымақтастық Қоры мен Қазақстан Республикасы арасындағы Ертіс өзенiне салынатын көпiр құрылысының жобасы бойынша қарыз туралы 1997 жылғы 12 наурыздағы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 мамырдағы Заңы; "Ертіс өзенiне салынатын көпiрдiң жобасын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 4 тамыздағы № 1212 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Семей қаласында Ертіс өзенi арқылы өтетiн көпiр салу жобасын аяқтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Семей қаласында Ертіс өзенi арқылы өтетiн көпiр салу жобасы шеңберiнде құрылыстық қадағалауды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ. дар. лама коды | Кiшi бағ. дар. лама коды | Кiшi бағдарлама. лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау. шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 014 Семей қала. Семей қаласында 2004 Шығыс сында Ертіс Ертіс өзенi арқылы жылдың Қазақстан өзенi арқылы өтетiн көпiр салу ішінде облысының көпiр салу жобасы шеңберінде әкімі жобасының құрылыстық қадаға. шеңберiнде лауды жүзеге асыру Шығыс Қазақ. үшін Әкімшілікті стан облысы. ұстау ның бюджетiне берілетін мақсатты инвестициялық трансферттер |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: көпiрдiң құрылысын аяқтау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
153-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жекешелендiру, мемлекеттік мүлiктi басқару,
жекешелендіруден кейiнгi қызмет және осымен әрi
кредит беруге байланысты дауларды реттеу,
кредиттер және мемлекеттік кепiлдiктер бойынша
мiндеттемелердi орындау есебiнен алынған немесе
өндірiп алынған мүлiктi есепке алу, сақтау"
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 466552 мың теңге (төрт жүз алпыс алты миллион бес жүз елу екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 Заң күшi бар Жарлығының 2, 14, 17-баптары; "Ұлттық қауiпсiздiк туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 18-бабы; "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңының 6-бабы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 5 шiлдедегi № 930 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi туралы ереже; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасы; "Кейбiр акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысы; "Мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң, сондай-ақ меншiгiнде мемлекеттiң үлесi бар объектiлердiң жұмыс iстеуiне және оларды басқарудың тиiмдiлiгiне кешендi мониторинг жүйесiн енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 шiлдедегi № 998 қаулысы; "Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 3 мамырдағы 491 қаулысы; "Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингіне жататын жекешелендiрiлген ұйымдардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 тамыздағы № 872 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік меншiктi басқару тиiмдiлігі мен жекешелендiрудi қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жекешелендiрудiң барлық құралдарын пайдалана отырып, оның iшiнде брокерлердi тарту жолымен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында жекешелендiру объектiлерiн сатуды жүзеге асыру; жекешелендiруден кейiнгi бақылауды қамтамасыз ету; мемлекеттік меншiктiң, мемлекеттiң меншiк үлесi бар кәсiпорындардың, Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған экономиканың стратегиялық салаларындағы жекешелендірiлген ұйымдар меншiгiнiң активтерiн басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингі; мониторинг есебiнiң бiрыңғай ақпараттық деректер қорын жасау; несиелер мен мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындау есебiне алынған не өндiрiп алынған мүлiктi есепке алу және сақтау; сотқа дейiнгi тәртіпте, сондай-ақ заңды кеңесшiлердi тартумен жекешелендiруге, мемлекеттік меншiктi басқаруға және жекешелендiруден кейiнгi қызметке байланысты дауларды шешу кезiнде және халықаралық төрелiк органдарда мемлекет мүдделерiн қорғау.