Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
158-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Акцияларының мемлекеттік пакеттерi республикалық
меншiктегi акционерлік қоғамдардың жарғылық
капиталдарының ең төменгi мөлшерiн қамтамасыз ету"
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 213030 мың теңге (екi жүз он үш миллион отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдiң экономикасы үшiн маңызы бар, оның iшiнде "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына сәйкес 2006 жылға дейiн жекешелендiруге жатпайтын акционерлік қоғамдардың ұйымдық-құқықтық нысанын сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: акцияларының мемлекеттік пакеттерi республикалық меншiктегi кейбір акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 023 Акцияларының Мынадай акционер- Бiр Қазақстан мемлекеттік лiк қоғамдардың: жылдың Республи- пакеттерi "Мұнай және газ iшiнде касының республикалық өнеркәсiбiнiң бас Қаржы меншiктегi диспетчерлiк министрлігі акционерлік басқармасы" ЖАҚ, қоғамдардың "Қазқарамет- жарғылық автоматика" ААҚ, капитал- "Қазтеңiзкөлiкфлот" дарының ең ұлттық кеме жүзу төменгi теңiз компаниясы" мөлшерiн ЖАҚ, "Ақтөбе" қамтамасыз халықаралық әуежай" ету ААҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" ЖАҚ, "Егемен Қазақстан" республикалық газетi" ААҚ, "Казахстанская правда" республикалық газетi" ААҚ, "Қазақ ақпарат агенттігi" ҰК" ААҚ жарғылық капиталдарын көбейту. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: елдiң экономикасы үшiн маңызы бар, оның iшiнде 2006 жылға дейiн жекешелендiруге жатпайтын 8 акционерлік қоғамның жарғылық капиталын олардың ұйымдық-құқықтық нысанын сақтау үшін толтыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
159-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары
бойынша сыйлықақылар төлеу
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1990 мың теңге (бiр миллион тоғыз жүз тоқсан мың теңге).
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңы, "Tұрғын үй құрылыс жинақ банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуiрдегі № 364 қаулысы, "Тұрғын үй құрылыс жинақтауларына салымдар бойынша сыйлық (мемлекет сыйлығы) төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 439 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 444 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғын үй құрылыс жинақтаулары бойынша салымшыларға сыйлықтарды төлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тұрғын үй құрылыс жинақтаулары бойынша салымшыларға сыйлықтарды төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 024 Тұрғын "Қазақстан тұрғын үй Жылдың Қазақстан үй құрылысы жинақ банкi" iшiнде Республи- құрылыс акционерлік қоғамының касының жинақ салымшыларына Қаржы салымдары мемлекеттік министрлігі бойынша сыйлықтар төлеу сыйлықақы- лар төлеу |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: тұрғын үй құрылыс жинақтаулары бойынша салымшыларға сыйлықтарды төлеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
160-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорын құру"
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 45950 мың теңге (қырық бес миллион тоғыз жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңы, "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы, "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 12 қарашадағы № 277-ө өкімі, "Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 886 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлік қоғамын құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 025 Мемлекеттік "Мемлекеттік Жылдың Қазақстан әлеуметтік әлеуметтiк iшiнде Республи- сақтандыру сақтандыру қоры" касының қорын құру акционерлік Қаржы қоғамының жарғылық министрлігі капиталын қалыптастыру |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысатын азаматтардың аударымдарын шоғырландыру және инвестициялау мақсатында мамандандырылған институт ретiнде "Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлік қоғамын құру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
161-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жойылған шахталардың қызметкерлерiнiң денсаулығына
келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі "Қарағанды
көмiр шахтасы" мiндеттемелерiн орындау"
деген 039 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 484000 мың теңге (төрт жүз сексен төрт миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қарағанды көмiр бассейнiнiң кәсiпорындарын қаржы-экономикалық сауықтыру жөнiндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 16 шiлдедегі № 908 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Қарағандышахткөмiр" жабық үлгiдегi акционерлік қоғамының (бұдан әрi - "Қарағандышахткөмiр" ЖYАҚ) бұрынғы қызметкерлерiнiң денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Жойылған шахталардың қызметкерлерiнiң денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегі берешектердiң орнын толтыру жөніндегі "Қарағандышахткөмiр" ЖYАҚ мiндеттемелерiн орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 039 Жойылған "Қарағандышахт- Бiр Қазақстан шахталардың көмiр" ЖҮАҚ жылдың Республи- қызмет- бұрынғы шахталары iшiнде касының керлерiнiң қызметкерлерiнiң Қаржы денсаулығына денсаулығына министрлiгі келтiрiлген келтiрiлген зиянды зиянды өтеу өтеу жөніндегі жөніндегі соманы төлеу "Қарағанды көмiр шахтасы" мiндетте- мелерiн орындау |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: "Қарағанды көмiр шахтасы" ЖYАҚ қызметкерлерiнiң алдындағы кемiмелi қуынулар бойынша берешектi өтеу мақсатында сот бекiткен кредиторлардың тiзiлiмiне сәйкес жойылған шахталар қызметкерлерiнiң денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі мiндеттемелерді өтеу.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 161-1 қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
161-1-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
""Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ жарғылық капиталын
ұлғайту" деген 053 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 1500000 мың теңге (бiр миллиард бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңы, "Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесiн дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 21 тамыздағы № 1290 қаулысы, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 364 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толтыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ. дар. лама коды | Кiшi бағ. дар. лама коды | Кiшi бағдарлама. лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау. шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 053 "Қазақстанның "Қазақстанның тұр. 2004 Қазақстан тұрғын ұй ғын үй құрылыс жылғы Республи. құрылыс жинақ жинақ банкi" акцио. 2-тоқ. касының банкi" АҚ нерлiк қоғамының саны Қаржы жарғылық жарғылық капиталын министрлігі капиталын толтыру ұлғайту |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толтыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
162-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Республикалық бюджеттен Ұлттық
қорға берiлетiн ресми трансферттер"
деген 066 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 9309670 мың теңге (тоғыз миллиард үш жүз тоғыз миллион алты жүз жетпiс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы 543 Жарлығымен бекітілген ереженiң 7-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 36-бабы, Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекет жинағының қалыптасуы.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жинақ функциясының орындалуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 066 Республикалық Ұлттық қорға 2004 Қазақстан бюджеттен республикалық жылдың Республи- Ұлттық бюджеттен ақша ішінде касының қорға қаражатының бөлiнуi Қаржы берiлетiн министрлігі ресми трансферттер |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Республикалық бюджеттен алынатын ресми трансферттер есебiнен Ұлттық қордың жинақтаушы функцияларының орындалуы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
163-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге субвенциялар беру"
деген 400 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 134395118 мың теңге (бір жүз отыз төрт миллиард үш жүз тоқсан бес миллион бір жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңының 1-бабы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 20-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын қамтамасыз ету үшiн жергілiктi бюджеттерді қаржылық қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: облыстық бюджеттердi субвенциялық қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кiшi бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 400 Облыстық Республикалық 2004 Қазақстан бюджеттерге бюджеттен Ақмола жылдың Республи- субвенциялар облысының бюджетiне iшiнде касының беру - 13866205 мың Қаржы теңге, Ақтөбе министрлігі облысының бюджетiне - 1865067 мың теңге, Алматы облысының бюджетiне - 13908593 мың теңге, Шығыс Қазақстан облысының бюджетiне - 14913135 мың теңге, Жамбыл облысының бюджетiне - 14923777 мың теңге, Батыс Қазақстан облысының бюджетiне - 2494466 мың теңге, Қарағанды облысының бюджетiне - 6605669 мың теңге, Қостанай облысының бюджетiне - 8884864 мың теңге, Қызылорда облысының бюджетiне - 10629369 мың теңге, Павлодар облысының бюджетiне - 1490669 мың теңге, Солтүстік Қазақстан облысының бюджетiне - 11407502 мың теңге, Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетiне - 27955336 мың теңгe қаражат бөлудi қамтамасыз етсiн- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: республикалық бюджеттен көзделген қаражатты жергiлiктi бюджеттерге 100% аудару.