"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 197ап қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 370-қосымшасында:
4 және 5-тармақтар мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген және 2004 жылы келген 3 оралман отбасына бір жолғы жәрдемақы төлеу және 24 оралман отбасына көліктік шығыстарын өтеу.";
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанының реттік нөмірі 3-жолында:
2) тармақша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген және 2004 жылы келген 3 оралман отбасына біржолғы жәрдемақы төлеу.";
3) тармақша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген және 2004 жылы келген 24 оралман отбасына көліктік шығыстарын өтеу.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілген және 2004 жылы келген 3 оралман отбасына бір жолғы жәрдемақы төлеу және 24 оралман отбасына көліктік шығыстарын өтеу.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |