орта есеппен алынған бағасы ретінде қалыптасады.
3. Егер жер қойнауын пайдаланушының шикі мұнайы сапасының
көрсеткіштерi магистральдық құбыр арқылы тасымалданатын шикі мұнай
қоспалары көрсеткіштерінен төмен болса, шикі мұнай сапасына арзандату
белгiленедi. Егер жер қойнауын пайдаланушының шикі мұнайы сапасының
көрсеткіштері магистральдық құбыр арқылы тасымалданатын шикі мұнай
қоспалары көрсеткіштерінен жоғары болса, шикі мұнай сапасына үстеме баға
қойылады.
4. Шикі мұнайдың ұқсас сорттарының тізбесін Қазақстан
Республикасының Yкіметі айқындайды.
Шикі мұнай бағамын белгілеудің күн сайынғы орташа бағасы биржаны ашу
және жабу кезіндегі бағалардың арасындағы орташа арифметикалық баға
ретінде айқындалады.
304-4-бап. Экспортталатын шикі мұнайға рента салығы ставкалары
Экспортталатын шикі мұнайға рента салығы мынадай мөлшерлерде
белгіленеді:
Биржалық баға деңгейіндегі нарықтық баға | Ставкасы |
бiр баррель үшін 19 АҚШ доллары бiр баррель үшін 20 АҚШ доллары бiр баррель үшін 21 АҚШ доллары бiр баррель үшін 22 АҚШ доллары бiр баррель үшін 23 АҚШ доллары бiр баррель үшін 24 АҚШ доллары бiр баррель үшін 25 АҚШ доллары бiр баррель үшін 26 АҚШ доллары бiр баррель үшін 27 АҚШ доллары бiр баррель үшін 28 АҚШ доллары бiр баррель үшін 29 АҚШ доллары бiр баррель үшін 30 АҚШ доллары бiр баррель үшін 31 АҚШ доллары бiр баррель үшін 32-33 АҚШ доллары бiр баррель үшін 34-35 АҚШ доллары бiр баррель үшін 36 АҚШ доллары бiр баррель үшін 37 АҚШ доллары бiр баррель үшін 38-39 АҚШ доллары бiр баррель үшін 40 АҚШ доллары және одан жоғары | 1 процент 4 процент 7 процент 10 процент 12 процент 14 процент 16 процент 17 процент 19 процент 21 процент 22 процент 23 процент 25 процент 26 процент 28 процент 29 процент 30 процент 31 процент 33 процент |
304-5-бап. Салық кезеңі
Экспортталатын шикі мұнайға рента салығын төлеу бойынша салық кезеңі
күнтізбелік ай болып табылады.
304-6-бап. Төлеу мерзімдері
Жер қойнауын пайдаланушы бюджетке салықтың есептелген сомасын салық
кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей төлеуге міндетті.
304-7-бап. Салық декларациясы
Экспортталатын шикі мұнайға рента салығы бойынша декларация тіркеу
орны бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 10-ынан
кешіктірілмей беріледі.»;
110) 305-баптағы «және кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты
суларын өндіруге» деген сөздер», кең таралған пайдалы қазбалар мен
жерасты суларын өндіруге, сондай-ақ барлау мен өндіруге байланысты емес
жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға» деген сөздермен
ауыстырылсын;
111) 306-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«306-бап. Салық салу объектісi
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңіндегі әрбiр жекелеген
келісім-шарт бойынша таза табысының бір бөлiгi үстеме табысқа салық салу
объектiсi болып табылады.»;
112) мынадай мазмұндағы 306-1-баппен толықтырылсын:
«306-1-бап. Салық базасы
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңіндегі әрбiр жекелеген
келісім-шарт бойынша таза табысының салық кезеңiнiң аяғына осы Кодекстiң
92-103, 105-114-баптарында көзделген шегерiмдер сомасының 20 процентінен
асатын бөлiгi салық базасы болып табылады.
Үстеме пайда салығының сомасы қазақстандық кадрларды оқытуға
жұмсалған iс жүзiндегі шығындардың және (немесе) тiркелген активтер
өсiмiнiң сомасына түзетiледi, бiрақ ол салық салынатын соманың он
процентiнен аспауға тиiс.»;
113) 307 және 308-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«307-бап. Есептеу тәртібі
Салық кезеңi ішінде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстің
306-1-бабына сәйкес айқындалатын салық базасына осы Кодекстің 308-бабында
белгiленген ставканы түзетулер ескеріле отырып қолдану арқылы
жүргiзiледi.
308-бап. Үстеме пайда салығы ставкалары
Үстеме пайда салығы ставкалары салық төлеушінiң таза табысының
шегерiмге қатынасының жиырма процентiнен асатын мөлшерге процент есебiмен
мынадай мөлшерде белгiленедi:
Таза табыстың шегерiмге қатынасы 20 проценттен асатын мөлшер | Ставкасы |
5 процентке дейiн 5 проценттен 15 процентке дейiн 15 проценттен 30 процентке дейін 30 процент және одан жоғары | 15 процент 30 процент 45 процент 60 процент |
114) 49-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«49-тарау. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi»;
115) 312-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«312-бап. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт аясында жүзеге
асырылатын қызметке салық салу ерекшелiктерi
1. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт соған сәйкес Қазақстан
Республикасы белгілi бір мерзiмге жер қойнауын пайдаланушыға ақылы
негiзде, келісім-шарт аумағындағы мұнай операцияларын қоса алғанда, жер
қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу және оның есебiнен
осыған байланысты жұмыстарды жүргiзу құқығын беретiн шарт болып табылады.
2. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт мынадай негiзгi талаптарды:
1) өлшеу орнынан өткен өндiрiлген өнiмнің жалпы көлемiн және оның
құнын айқындауды;
2) роялти төлегеннен кейiн келісiм-шарт бойынша жұмыстарды орындауға
арналған шығындарды өтеу үшiн жер қойнауын пайдаланушының, меншiгiне
берілетiн өндiрілген өнiм бөлiгiн (өтемдік өнiм) айқындауды;
3) роялти мен өтемдiк өнiм шегерiп тасталғаннан кейiн бөлуге жататын
өндiрілген өнiм бөлігін (пайда түсiретiн өнім) айқындауды;
4) Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушының арасындағы
бөлiс үлесін (процент);
5) Осы Кодексте белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының
пайда түсiретiн өнімдегі үлесiн айқындау тәртібін қамтуға тиiс.»;
116) мынадай мазмұндағы 312-1-баппен толықтырылсын:
«312-1-бап. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының
үлесiн айқындау
1. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жер қойнауын
пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесі шегеріліп, Қазақстан
Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөліске түсетiн пайда
түсіретін өнімнің жиынтық құны ретінде айқындалады.
2. Пайда түсіретiн өнімнің құны осы Кодекстiң 304-3-бабының
2-тармағына сәйкес айқындалатын нарықтық бағаның негізінде белгiленедi.
3. Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлес
төмендегі үш триггерге:
1) R-фактор (табыс көрсеткіші) - жер қойнауын пайдаланушының
жинақтаған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасына;
2) мердігер рентабельдiгінiң iшкi нормасы (PIH) - нақты таза
дисконтталған табыс өзiнің нөлдік белгісiне жететін дисконтталған
ставкасына;
3) Р-фактор (баға коэффициентi) - жер қойнауын пайдаланушы табысының
есепті кезеңдегі өндiру көлеміне қатынасына сәйкес келетін проценттiк
мәндерінiң ең төменгiсi ретінде айқындалады.
Жоғарыда аталған триггерлер осы баптың 4-6-тармақтарында көрсетiлген
әдiстемеге сәйкес айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушыға беруге жататын
пайда түсіретін өнімдегі үлестің проценттік мәнін айқындау үшін әрбiр
триггерден алынған нәтиже осы бапта көрсетiлген төменгi мәндермен
салыстырылады.
4. R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) есепті кезеңдегi мәнi (Rn) жер
қойнауын пайдаланушының жинақталған табысының жоба бойынша жинақталған
шығыстарға қатынасы ретiнде айқындалады.
Жоба бойынша жинақталған табыс өтемдік өнімнiң нақты жиынтық құны
мен жер қойнауын пайдаланушының бюджетке төленген нақты жиынтық табыс
салығы шегерiлген пайда түсіретін өнiм үлесінiң нақты жиынтық құнының
сомасы ретiнде есептеледi.
Жоба бойынша жинақталған шығыстар нақты жиынтық өтелетiн пайдалану
шығыстарының, барлауға және бағалауға жұмсалатын нақты жиынтық өтелетiн
шығыстардың және жep қойнауын пайдаланушының басқа да нақты жиынтық
өтелетiн шығыстарының сомасы ретiнде есептеледі.
Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретiн өнiмдегі үлесін айқындау
үшiн қажеттi төменгі мәндер:
R-Фактордың (кiрiс көрсеткiшiнiң) мәнi | Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнiмдегi үлесiнiң проценттік мәнi |
1,2-пен аз немесе соған тең 1,5-тен аз немесе соған тең | 70 процент 10 процент |
R-фактордың (табыс көрсеткішiнiң) алынған мәнi 1,2-ден көп және
1,5-тен аз болса, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнiмдегі
үлесi мынадай формула бойынша есептеледі:
жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесі = (70% -
(2,068* (Х - 1,2)* 100 %), мұнда X - жобаның iске асырылуы кезеңiндегі
R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) ic жүзінде алынған мәні.
R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) мәні үтірден кейінгі екінші
белгіге дейін дәлдікпен айқындалады.
5. Рентабельдiлiктiң iшкi нормасы (РIН) жер қойнауын пайдаланушының
өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт күшiне енген кезден бастап әр есептi
кезеңдегi және осындай есептi кезеңдi қоса алғанда, жер қойнауын
пайдаланушының нақты қолма-қол таза ақша ағынының мәнi бойынша есептелген
таза ағымдағы құны нөлге тең болатын дисконттың жылдық ставкасы ретiнде
(процентпен) айқындалады.
Таза ағымдағы құнды есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:
Таза ағымдағы құн = ДЧДП0 + ДЧДП1/(1 + СД1)1 + ДЧДП2/(1+СД2)2+...+
ДЧПn /(1+СДn)n;
ДЧДПn - есепті кезеңдегi қолма-қол ақшаның нақты таза ағыны;
СДn - есептi кезеңдегi дисконт ставкасы (процентпен көрсетілген);
n - есептi кезең.
Есептi кезеңдегi нақты таза қолма-қол ақша ағыны мынадай формула
бойынша айқындалады:
ДЧДПn = (ДСКПn + ДСДППn) - (ДВЭРn + ДВРРОn + ДВРОn + СДНn + ДБКОn
+ДПБn);
ДСКПn - жер қойнауын пайдаланушының есептi кезеңде алған өтемдi
өнiмiнің нақты құны;
ДСДППn - жер қойнауын пайдаланушының есептi кезең iшiнде алған пайда
түсiретiн өнiм үлесiнің нақты құны;
ДВЭРn - есептi кезең iшiнде төленген өтелетiн пайдалану шығыстарының
нақты құны;
ДВРРОn - есептi кезең iшiнде төленген, барлауға және бағалауға
жұмсалатын өтелетiн шығыстардың нақты құны;
ДВРОn - есептi кезең iшiнде төленген, игеруге жұмсалатын өтелетiн
шығыстардың нақты құны;
СДНn - пайда түсiретiн өнiмдегi Қазақстан Республикасының үлесiн
қоспағанда, есептi кезең iшiнде төленген салықтардың нақты құны;
ДБКОn - осындай есептi кезең iшiнде әрбiр жағдайда төленген
коммерциялық табу бонусының нақты құны;
ДПБn - осы игеру учаскесiне жатқызылған және есептi кезеңде төленген
қол қойылатын бонус бөлiгiнiң нақты құны.
Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiн айқындау
үшiн қажетті төменгi мәндер:
Рентабелділiктiң iшкi нормасының (РIН) мәнi | Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесінің проценттік мәнi |
12 проценттен кем немесе соған тең 20 проценттен кем немесе соған тең | 70 процент 10 процент |
Егер рентабельділiктiң iшкi нормасының (РIН) алынған мәнi он екi
проценттен астам және жиырма проценттен кем болған жағдайда, жер қойнауын
пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесi мынадай формула бойынша
есептеледi:
жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесi = (70% -
7,51* (X-12%)), мұнда X - жобаның iске асырылуы кезеңiнде
рентабельдiлiктiң iшкi нормасының (РIН) iс жүзiнде алынған мәнi.
Рентабельділіктiң iшкi нормасының (РIН) мәнi үтірден кейiн екiншi
белгiге дейінгi дәлдiкпен айқындалады.
6. Р-фактор (баға коэффициентi) есептi кезеңдегi өтемдiк өнiмнiң
нақты құны мен жер қойнауын пайдаланушының есептi кезеңдегi пайда
түсiретiн өнiм үлесiнiң нақты құны сомасының есептi кезеңдегі мұнай
өндiру көлемiне қатынасы ретiнде айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушының
өтемдiк өнiм құнының және оның пайда түсiретiн өнімдегi үлесiнің есебi
өткізу жөніндегі шығыстардың есебiнсiз жүргiзiледi.
Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiн айқындау
үшiн қажеттi төменгi мәндер:
Р-фактордың (баға коэффициентiнің) мәнi | Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнің проценттiк мәнi |
1 баррель үшін 12 АҚШ долларынан кем немесе соған тең 1 баррель үшін 27 АҚШ долларынан астам немесе соған тең | 70 процент 10 процент |
Егер Р-факторының (баға коэффициентiнiң) алынған мәнi 1 баррель үшiн
12 АҚШ долларынан астам және 27 АҚШ долларынан кем болған жағдайда, жер
қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнімдегі үлесi мынадай формула
бойынша есептеледі:
жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретін өнiмдегi үлесі =
(70%-0,04*(X-12)*100%),
мұнда Х - жобаны iске асыру кезеңiнде Р-фактордың (баға
коэффициентiнің) нақты алынған мәнi.
Р-фактордың (баға коэффициентiнің) мәнi үтірден кейiнгi екiншi
белгiге дейiнгi дәлдiкпен айқындалады.
7. Осы баптың мақсаттары үшiн «нақты» терминi жобаны iске асырудың
есептi кезеңіндегі жағдай бойынша инфляцияның орташа жылдық индексi
ескерiле отырып есептелген соманы бiлдiредi.
8. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шартты iске асыру жағдайлары
нашарлаған кезде өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi, жер
қойнауын пайдаланушының пайда түсiретін өнiмдi айқындаған кезде мұндай ең
жоғары мәнге Р-фактор (баға коэффициентi) триггерi есебiнен қол
жеткiзілген жағдайды қоспағанда, жағдай нашарлаған кезге дейiн тiркелген
өзiнің ең жоғары мәнiнен төмендемеуге тиiс.
9. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi болып
табылатын сома, жер қойнауын пайдаланушының салықтары және бюджетке
төлейтiн басқа да мiндеттi төлемдерi, қандай да бiр салық кезеңiнде
өндiрудiң басталған кезiнен салынған инвестицияларды қайтару кезiне дейiн
өндiрiлген өнiмнің жалпы көлемiнiң жиырма процентiнен кем болмауы және
келесi кезеңде өндiрiлген өнiмнiң жалпы мөлшерiнiң алпыс процентiнен кем
болмауға тиiс.
Егер қандай да бiр салық кезеңiнде осы сома жоғарыда көрсетiлген
мәндерден кем болса, жер қойнауын пайдаланушы тиiстi айырманы өнiмдi бөлу
бойынша Қазақстан Республикасы үлесiнің есебiне бюджетке төлейдi.»;
117) 313-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«313-бап. Өтелетiн шығындар
1. Өтелетiн шығындар - осы Кодекстiң 313-1-бабында көрсетiлген
шығындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының жұмыстар
бағдарламасына және бюджеттерге сәйкес өнiмдi бөлу туралы жасалған
келісім-шарт шеңберiнде жұмыстарды орындаған кезде iс жүзiнде жұмсаған,
негiзделген және құжатпен расталған шығындары.
2. Өтелетiн шығындардың құрамына мынадай шығындар:
1) жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт күшіне енгенге дейiн
жұмсаған, оның iшiнде:
келісім-шарт жасасу алдындағы сатыда техникалық-экономикалық
негiздемені дайындауға және әзiрлеуге арналған;
келісім-шарт бойынша алғашқы жұмыс жылы жер қойнауын пайдаланушының
шығындар сметасында көрсетілуге тиiс, келісім-шарт күшіне енгенге дейiн
және оның орындалуымен тiкелей байланысты жүргiзiлген бағалауға және
барлауға арналған;
2) 313-1-бапта көрсетiлген шығындарды қоспағанда, келісім-шарт
күшіне енген күннен бастап және ол қолданылатын барлық кезең ішінде іс
жүзінде жұмсалған шығындар енеді.
Құрамына жер қойнауын пайдаланушы офистерінің, оның ішінде Қазақстан
Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан офистерінің жалға алу
ақысын төлеуге, оларды күтіп-ұстауға арналған, ақпараттық және
консультациялық қызмет көрсетуге арналған шығыстар, өкілдік шығыстар,
жарнамаға арналған шығыстар кіретін, келісім-шартты орындауға байланысты
әкімшілік шығыстар және келісім-шарт талаптары бойынша басқа да әкімшілік
шығыстар келісім-шартта белгіленген, бірақ есепті кезеңде жер қойнауын
пайдаланушыға өтелетін шығыстардың жалпы сомасының бір процентінен
аспайтын норматив мөлшерінде өтеледі.
3. Жер қойнауын пайдаланушы өтейтін шығындар:
келісім-шарт бойынша жасалған не сатып алынған мүлікті жалға бергені
үшін жалдау ақысын алуға байланысты операциялық табыстар сомасына, оларды
алуға байланысты шығындар шегеріле отырып;
келісім-шарт шеңберіндегі қызметтен алынған басқа да табыстар
(тұрақсыздық төлемдері (айыппұлдар, өсімпұлдар) және басқалар) сомасына
азайтылады.
4. Егер жер қойнауын пайдаланушы мен Қазақстан Республикасы арасында
жер қойнауын пайдаланушының өз өнiмдерiмен қоса өнімдi бөлу туралы
келісім-шарт бойынша мемлекеттiң үлесiн өткізу мүмкiндiгi көзделетiн
болса, онда осындай өткізуге байланысты шығындар және жер қойнауын
пайдаланушы мен құзыреттi орган арасындағы қосымша келісімге сәйкес, жер
қойнауын пайдаланушының iс жүзіндегі шеккен шығындары өтелуге тиiс.»;
118) мынадай мазмұндағы 313-1 және 313-2-баптармен толықтырылсын:
«313-1. Өтелмейтiн шығындардың құрамы
Өтемдiк өнiм есебiнен өтелмейтiн шығындарға мынадай шығын түрлерi:
1) өнiмдi бөлу шарттарына орай жер қойнауын пайдалану құқығын алуға