қаржы лизингіне негізгі қаражатты беруден түскен табыстар жатпайды.»;
61) 183-баптың 1-тармағы «мемлекеттік бағалы қағаздарды» деген
сөздерден кейiн «және агенттiк облигацияларды» деген сөздермен
толықтырылсын;
62) 186-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«186-бап. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарына жекелеген
жағдайларда салық салу тәртібi
1. Салық органында тiркемеген резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан
Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметiнен алатын
табыстарына төлем көзінен жиырма проценттік ставка бойынша шегерім
жасалмай табыс салығы салынуға тиіс.
Бұл ретте салық агентінің төлем көзінен ұстаған табыс салығы тұрақты
мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент еместің салық
міндеттемелерін өтеу шотының eceбiнe жатқызылуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге
асыратын резидент емес салық төлеуші куәлігiнің нотариат куәландырған
көшiрмесi резидент емес заңды тұлғаның салық органында тiркелуiн растау
болып табылады.»;
63) мынадай мазмұндағы 187-1-баппен толықтырылсын:
«187-1-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан
Республикасындағы көздерден төленетін резидент
емес жеке тұлғалар табыстарының жекелеген
түрлерiнен жеке табыс салығын есептеу және
төлеу тәртібі
1. Осы Кодекстiң 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында
көрсетілген резидент емес жеке тұлғалар табыстарынан жеке табыс салығын
есептеу және төлеу мынадай шарттар бiр мезгілде орындалған:
1) ocы Кодекстің 10-бабына сәйкес салық агенті болып табылатын,
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы
жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға жұмыс беруші болып табылған;
2) жеке еңбек шарты (келісім-шарт, келiсім) резидент емес жеке тұлға
мен осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық агенті арасында
жасалған;
3) резидент емес жеке тұлғaғa табыстарын төлеу Қазақстан
Республикасынан тыс жерде жүргізілген кезде осы баптың ережелеріне сәйкес
жүргізіледі.
2. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан бiрiншi салық кезеңі
үшін жеке табыс салығын есептеуді салық агентi осы Кодекстiң 145-бабының
1-тармағында белгіленген ставканы қолдана отырып, салық шегерімдерін
есепке алмай, жеке еңбек шартында (келісім-шартта, келісімде) көрсетілген
резидент емес жеке тұлғаның табыс сомасынан жүргізедi.
Бұдан кейінгі салық кезеңдерінде жеке табыс салығын салық агенті
ағымдағы салық кезеңі үшiн жеке табыс салығының болжамды сомасын ескере
отырып, өткен салық кезеңiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ
тұлғалардың табыстарынан алынған жеке табыс салығының есебiнде
көрсетілген резидент емес жеке тұлғаның іс жүзіндегі салық
міндеттемесінің сомасын негізге ала отырып есептейді.
3. Жеке табыс салығын төлеуді салық кезеңiнiң ішiнде ай сайын
ағымдағы айдың 20-сынан кешiктірмей аванстық төлемдерді тең үлестермен
енгізу арқылы салық агенті жүргізеді.
Салық агентi салық кезеңiнiң ішінде төлеуге тиiсті жеке табыс салығы
бойынша аванстық төлемдердiң сомалары шетелдік азаматтар мен азаматтығы
жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық
төлемдер сомасының есебiнде көрсетіледі.
Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан
алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiн
салық агенті осы Кодекстiң 188-бабының 2-тармағында белгіленген мерзiмнен
кешіктірмей, өзiнің тiркелген жері бойынша салық органына бередi.
4. Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс
салығы бойынша салық кезеңiнiң iшiнде енгiзілген аванстық төлемдердің
сомалары резидент емес жеке тұлғаның салық кезеңі үшін есептелген
табысынан алынатын жеке табыс салығын төлеу есебiне есептеледі.
5. Салық aгeнтi салық кезеңiнің қорытындылары бойынша шетелдiк
азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс
салығының есебiн тапсыру үшін белгiленген мерзімнен кейiн он жұмыс
күнiнен кешiктiрмей салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша резидент емес
жеке тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының түпкілікті
есебiн (төлеуді) жүзеге асырады.
Салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша шетелдiк азаматтар мен
азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығының
есебiн салық агенті осы Кодекстің 188-бабының 2-тармағында белгіленген
мерзiмнен кешiктiрмей, өзiнің тiркелген жері бойынша салық органына табыс
етеді.
6. Салық агенті салық кезеңінің алдағы айларына шетелдiк азаматтар
мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынатын жеке табыс салығы
бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетілген есебiн салық органына
салық кезеңiнiң iшiнде беруге құқылы. Резидент емес жеке тұлғаның
табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң
сомаларын азайту жағына қарай түзету кезінде салық агенті салық органына
жазбаша өтiнiш беруi қажет.
7. Осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған кезде
резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан алынатын жеке табыс салығын
есептеудi, ұстауды және төлеуді осы Кодекстiң 187-бабына сәйкес салық
агенті жүргізеді.
8. Осы баптың 1-тармағына қарамай, салық агенті осы Кодекстің
187-бабына сәйкес резидент емес жеке тұлғалардың табыстарынан алынатын
жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеуді жүргізуге құқылы.
9. Жеке табыс салығын есептеудiң және төлеудің таңдап алынған
тәртібі салық кезеңінің ішiнде өзгермейтiн болуға тиіс.»;
64) 188-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«188-бап. Салық есептілігін табыс ету
1. Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша
есепті тіркелген жepi бойынша салық органдарына ocы Кодекстiң 182-бабында
белгіленген мерзімдерде табыс етуге міндетті.
2. Осы Кодекстiң 187-1-бабына сәйкес жеке табыс салығын есептеуді
және төлеудi жүзеге асыратын салық агенттерi тiркелген жері бойынша салық
органдарында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың
табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер
сомасының есебiн олар Қазақстан Peспубликасына келген күннен бастап
жиырма бес жұмыс күнінен кешiктірмей және келесі салық кезеңдерінде
күнтiзбелiк жылдың 20 қаңтарынан кешiктірмей табыс етуге міндетті.
Осы Кодекстің 187-1-бабына сәйкec салық кезеңінің қорытындылары
бойынша шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан
алынатын жеке табыс салығының есебiн салық агенті тіркелген жері бойынша
салық органына есептi салық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан
кешіктiрмей табыс етеді.»;
65) 190-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бапқа сәйкес резидент емес жеке тұлғалардың Қазақстан
Республикасындағы көздерден алынған табыстарының мынадай түрлерiне:
осы Кодекстің 191-бабына сәйкес салық салынуға жататын табыстарды
қоспағанда, осы Кодекстiң 10-бабына сәйкес салық агенттерi болып
табылмайтын тұлғалардан алынған табыстарға;
сатылатын күні қор биржасының «А» және «В» ресми тізімдеріндегі
акциялар мен облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар мен
агенттік облигацияларды қоспағанда, резиденттер шығарған бағалы
қағаздарды сату кезіндегі құн өсімінен түскен табыстарға салық салынуға
тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент емес жеке
тұлғалардың табыстарына осы Кодекстiң 180-бабында белгіленген ставкалар
бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай салық салынуға тиіс.»;
66) 191-бапта:
1-тармақта:
1-тармақша «Қазақстан» деген сөздің алдынан «Осы Кодекске сәйкес
арнайы салық режимдерiн қолданатын тұлғаларды қоспағанда,» деген
сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «14)-17) деген цифрлар «14), 16) және 17)» деген
цифрлармен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Түпкiліктi есеп айырысу және жеке табыс салығын төлеу салық
кезеңi үшін жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшiн белгіленген
мерзімнен кейiн он жұмыс күнiнен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
67) 192-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«192-бап. Жеке табыс салығының болжамды сомасы туралы
мәлiмдеме және жеке табыс салығы жөнiндегі
декларация
1. Осы Кодекстің 191-бабында көрсетілген резидент емес жеке тұлғалар
осы Кодекстің 527-бабында белгіленген тіркелу күнінен бастап жиырма бес
жұмыс күнінен кешіктірмей және келесі жылдары күнтiзбелiк жылдың 20
қаңтарынан кешiктiрмей қызметiн жүзеге асыру кезеңіндегі жеке табыс
салығының болжамды сомасы туралы мәлiмдеменi тiркелген жері бойынша салық
органдарына табыс етуге мiндетті.
2. Мыналар:
1) осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағында көрсетілген;
2) осы Кодекстiң 190-бабының 1-тармағында белгіленген табыстарды
алатын;
3) Қазақстан Республикасында отыз күнтiзбелiк күннен астам уақыт
кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын және салық кезеңі iшiнде Қазақстан
Республикасындағы көздерден тиiсті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген 500 айлық есептік көрсеткiштен астам
табыс алатын резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстің 172-бабында
белгiленген мерзiмнен кешiктірмей тiркелген жерi бойынша салық
органдарына жеке табыс салығы жөнiндегі декларацияны табыс етедi.»;
68) 198-бапта:
тақырып «салығын» деген сөзден кейiн «шартты банк салымдары арқылы»
деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта «Халықаралық» деген сөз «Қазақстан Республикасында
жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) аяқталуына қарай және халықаралық»
деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ «Салық органы» деген cөздерден кейiн «уәкiлеттi мемлекеттік
орган белгiлеген мерзiмнен кешіктiрмей» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта «он жұмыс күнi iшiнде» деген сөздерден кейiн «не
белгіленген мерзім өткен соң салық органының шешімі болмаған жағдайда»
деген сөздермен толықтырылсын;
69) мынадай мазмұндағы 198-1-баппен толықтырылсын:
«198-1-бап. Резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы
көздерден алған табыстарынан төленген табыс
салығын мемлекеттік бюджеттен қайтару тәртібі
1. Тиiсті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар резидент еместің
Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарынан мемлекеттік
бюджетке табыс салығы төленген жағдайда мұндай резидент еместің төленген
табыс салығын осы Кодекстiң 38-бабында белгіленген талап қою мерзiмiнiң
ішінде мемлекеттік бюджетін қайтарып алуға құқығы бар.
Бұл ретте Резидент емес салық органына уәкілетті мемлекеттік орган
белгілеген тәртіппен және нысанда халықаралық шартты қолдануға өтінiш
бередi.
2. Салық органы уәкілетті мемлекеттік орган белгiлеген мерзiмнен
кешiктірмей өтінiш қарайды және өтiнiште көрсетілген ақпарат дұрыс болған
жағдайда резидент емеске осы Кодекстiң 40-бабында белгiленген тәртіппен
мемлекеттік бюджеттен табыс салығы сомасын қайтаруды жүргiзедi.
3. Халықаралық шарттың ережелерiн қолдану заңсыз болған жағдайда
салық органы одан бас тартуын негiздеп, резидент емеске жауап жiбередi.
4. Салық органының бұл шешімiмен келіспеген жағдайда резидент
еместiң мұндай шешiм алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде не
белгіленген мерзiм өткен соң салық органының шешімі болмаған жағдайда
уәкілетті мемлекеттік органға (қажет болған жағдайда резиденттік елдiң
құзыретті органын тарта отырып) халықаралық шарттардың ережелерiн
қолданудың заңдылығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы өтініш жасауға
құқығы бар.»;
70) 200-баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«200-бап. Халықаралық шартты резидент еместің Қазақстан
Республикасындағы көздерден алған табыстарының
жекелеген түрлерiне салық салуға қатысты қолдану
тәртібі
1. Салық агентінің табыстарды резидент емеске төлеу кезінде, егер
осындай резидент емес табыстарды түпкіліктi алушы болып табылса және
халықаралық шартты қолдануға құқылы болса, оны қолдануға өтініш бермесе
де, резидент емес ұсынған резиденттіктi растаушы құжат негізiнде осындай
халықаралық шартты қолдануға құқығы бар.
Ocы бапта белгіленген халықаралық шарттардың қолдану тәртібі
резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының
мынадай түрлерiне:
1) дивидендтерге;
2) сыйақыларға (проценттерге);
3) роялтиге;
4) сенiмгерлік басқару мен кастодиандық қызмет көрсету үшін
комиссияларға;
5) осы Кодекстің 178-бабының 2) тармақшасында көрсетілген, ол
бойынша Қазақстан Республикасының аумағында осы резидент емес жұмыстар
орындайтын келісім-шарттарға (жобаларға) байланысты емес, тек қана
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қызмет көрсетуден алынатын
табыстарға;
6) осы Кодексте халықаралық шарттарды қолдану жөніндегі әкiмшiлiк
рәсiмдер белгiленбеген, халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан
Республикасында салық салудан босатуға жататын, Қазақстан
Республикасындағы көздерден алынған өзге де табыстарға салық салуға
қатысты қолданылады.»;
71) 201-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«201-1-бап. Халықаралық шартты резидент емес жеке тұлғаның
Қазақстан Республикасындағы көздерден алған
табыстарына салық салуға қатысты қолдану тәртібі
1. Салық агентінің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған
табыстарды резидент емес жеке тұлғаға төлеу кезiнде, егер осындай
резидент емес жеке тұлға табыстардың түпкілiкті алушысы болып табылса
және халықаралық шартты қолдануға құқығы болса, резидент емес жеке тұлға
оны қолдануға өтініш бермесе де, резиденттіктi растайтын құжаттың
негізінде тиісті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар.
Салық агенті салық органына берiлетiн төлем көзiнен табыс салығы
жөніндегі есепте халықаралық шарттарға сәйкес төленген (есептелген) және
салық төлеуден босатылған табыстардың сомаларын, табыс салығының
ставкаларын және осындай халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге
мiндеттi.
Халықаралық шартты мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе
толық төлемеуге әкеп соқтырған заңсыз қолдану кезiнде салық агенті
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2. Төлем көзінен салық салынбайтын, Қазақстан Республикасындағы
көздерден табыстар алатын резидент емес жеке тұлға халықаралық шарттың
талаптарын орындау кезiнде осы шартты қолдануға құқылы.
Бұл ретте резидент емес жеке тұлға осы Кодекстің 527-бабында
белгіленген тiркеу күнiнен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешіктiрмей
тiркеу орны бойынша салық органына, не осы Кодекстiң 190-бабында
көрсетiлген, халықаралық шартқа cәйкec Қазақстан Республикасында салық
салудан босатылуға жататын табыстарды алған жағдайда осы Кодекстің
172-бабында белгіленген жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру
мерзiмiнен кешіктірмей резиденттікті растайтын құжатты беруге мiндетті.
Резидент емес жеке тұлға резиденттіктi растайтын құжатты осы
тармақта көрсетілген мерзім ішінде бермеген кезде резидент емес жеке
тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына осы
Кодексте белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.
Бұл ретте тиісті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар резидент
емес жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстардан
мемлекеттік бюджетке табыс салығын төлеген жағдайда, мұндай резидент
еместің төленген табыс салығын осы Кодекстiң 198-1-бабында белгiленген
тәртiппен мемлекеттік бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.»;
72) 202-бап алып тасталсын;
73) 203-бапта:
1-тармақта «1.»деген цифр алып тасталсын; «198-бабын» деген сөздер
«198 және 198-1-баптарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
74) 209-баптың 2-тармағының үшінші бөлiгi «есепке қою туралы
куәлiгi» деген сөздерден кейiн «атауы өзгерген соң 10 жұмыс күнi ішінде
уәкілеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен» деген сөздермен
толықтырылсын;
75) 210-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда
жазылсын:
«Салық органы қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және осы
Кодексте белгіленген салық есептiлiгiн беру мерзiмiнен кейiн алты ай
кезең iшiнде оны бермеген тұлғаны тапқан жағдайда, салық органы қосылған
құн салығы бойынша есептен шығаруды қосылған құн салығын төлеушiнi
хабардар етпестен, уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен
жүргiзедi.»;
76) 216-бапта:
2-1-тармақ «мүлiктi» деген сөзден кейiн «қайтарымды лизинг шарты
бойынша берудi қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi
мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде мүлiктi қаржы
лизингiне берген күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.»;
77) 217-бапта:
8-тармақтың бiрiншi абзацы «мүлiктi» деген сөзден кейiн «қайтарымды
лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi
мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде өткізу бойынша
айналым мөлшерi осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.»;
78) 220-бап «сондай-ақ» деген сөзден кейiн «импортқа» деген сөзбен
толықтырылсын;
79) 223-баптың 1-тармағында:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тауарлар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асыратын кеден
органының белгiсi соғылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден
шекарасындағы бекетте орналасқан кеден органының белгiсi соғылған
кедендiк жүк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып
табылады.
Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр
тарату желiлерi бойынша не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн
қолдана отырып экспорт режимiнде шығарған жағдайда кедендік ресiмдеудi
жүргiзген кеден органының белгiсi бар толық кедендiк жүк декларациясы
экспортты растаушы болып қызмет етедi;
3) тауардың ілеспе құжаттарының көшiрмелерi тауарлар экспортын
растайтын құжаттар болып табылады.
Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр
тарату желiлерi бойынша экспорт режимiнде шығарған жағдайда тауардың
iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-өткізу актiсi
табыс етiледі;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге
асыратын уәкiлеттi органның магнит жеткiзгiште тауардың және оған
авторлық құқықтардың болуы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншiк объектiсiн
экспорттаған жағдайда оның құны туралы растамасы тауарлар экспортын
растайтын құжаттар болып табылады.»;
80) 225-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік
қажеттiлiктер үшiн сатып алынған мүлiк;"; 13) тармақшадағы «бойынша
айналымдар қосылған құн салығынан босатылады» деген сөздер алып тасталып,
мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) ұлттық валюта;
15) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк
ұйымдары мына шарттарға сәйкес келсе:
осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51
процентi мүгедектер болса;
мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша
жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентi (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен
айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде
35 процентi) болса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың тауарлары
(жұмыстары, қызмет көрсетулерi) бойынша айналымдар (сауда-делдалдық
қызметтен түскен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу
жөніндегі айналымдардан және акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерiн
өндiру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа);
16) экспортқа шығарылатын түстi және қара металдар сынығын өткізу