томарларды, тамырларды, жапырақтарды, ағаш бүршiктерi мен бұталарды)
дайындағаны;
4) орманды жанама пайдаланғаны (шөп шабу, мал жаю, марал
шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бақша
шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, шипалы
өсiмдiктер мен техникалық шикiзат, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар,
саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман
төсенiштерi мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру мақсатында,
рекреациялық, туристiк және спорт мақсаттарында пайдаланғаны;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы қажеттерi үшiн
пайдаланғаны;
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында
пайдаланғаны үшін алынады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы
Қазақстан Республикасының орман заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген
ағаш кесуге рұқсат билетi мен орман пайдалануға орман билетiнiң негiзiнде
берiледi.»;
4-тармақта «Орман шаруашылығын басқару жөніндегі аумақтық уәкiлеттi
органдар мен» деген сөздер «Мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
153) 471-баптың 2-тармағында:
1) тармақшада «орман иелерi» деген сөздердiң алдынан «мемлекеттік»
деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жекеше орман қоры учаскелерi меншiгiнде болатын жеке және
мемлекеттік емес заңды тұлғалар;";
154) 474-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе орман шаруашылығы
саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
өз құзыретi шегiнде ормандардың қурауы немесе құрып кетуi қатерi төнген
кезде орман ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешiм қабылдауын
қоспағанда, төленген соманы қайтару жүргiзiлмейдi.
Бұл ретте төлеушi орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi орган
берген ағаш кесуге рұқсат билетiн, орман пайдалануға орман билетiн
пайдаланбағанын растайтын құжатты бергеннен кейiн қайтару жүргiзiледi.»;
155) 482-баптың 7-тармағы алып тасталсын;
156) 495-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда
жазылсын:
«9) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;";
157) 497-баптың 1) тармақшасында:
төртінші абзацта «мәміле құнының 5 проценті» деген сөздер «100
процент» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы «мәміле құнының 10 проценті» деген сөздер «300
процент» деген сөздермен ауыстырылсын;
158) 500-баптың 3) тармақшасында:
екінші абзацта «азаматының паспорты» деген сөздерден кейін»,
азаматтығы жоқ адамның куәлігі» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацта «жеке куәлігі» деген сөздерден кейін», шетелдіктің
Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, уақытша жеке куәлігі» деген
сөздермен толықтырылсын;
159) 501-баптың 14) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«апелляциялық шағымға қосылу туралы;";
он бесінші абзац алып тасталсын;
160) 506-бапта:
1-тармақта:
3) тармақшадағы «мемлекеттік баж төлеуден босатылады.»деген сөздер
алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен
толықтырылсын:
«4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі
Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын қыран», «Халық қаһарманы»,
«Отан» ордендерімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған,
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері және Қазақстан
Республикасының заң актілеріне сәйкес, оларға теңестірілген адамдар; бала
кезінен мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; Чернобыль апатының
салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.»;
3-тармақта:
1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;
3) тармақшадағы «мемлекеттік баж алынбайды.» деген сөздер алып
тасталып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен
консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қою
кезінде;
5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық
мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтарға азаматтық хал актілерін
тіркеу туралы қайта куәліктер берілгені үшін мемлекеттік баж алынбайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке
куәліктері, сондай-ақ, шет ел азаматының Қазақстан Республикасында
тұруына ықтиярхат берілгені үшін: Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік
Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек даңқы, «Алтын
Қыран», «Халық қаһарманы», «Отан» ордендерімен наградталған адамдар,
«Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен
наградталған көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның
мүгедектері және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оларға
теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, І және ІІ топтағы
мүгедектер, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар
мемлекеттік баж төлеуден босатылады.»;
161) 507-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда
жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке
куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел
азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін
тиісті құжаттарды бергенге дейін;";
162) 517-бапта:
1-тармақ «жарналарының» деген сөзден кейiн «және Мемлекеттік
әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың» деген сөздермен
толықтырылсын;
2-тармақтың 10) тармақшасы «сақтауды» деген сөзден кейiн»,
сондай-ақ мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктiң толық және уақтылы
берiлуiн» деген сөздермен толықтырылсын;
163) 521-баптың 1-тармағында:
2) тармақшада «мекеме құрмай» деген сөзден кейiн «қызметiн Қазақстан
Республикасында жүзеге асыра бастаған күннен бастап отыз жұмыс күнiнен
астам кез келген он екi айлық кезеңнiң шегiнде» деген сөздермен
толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңдарында
айқындалған уәкiлеттi тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша бiрлескен жеке
кәсiпкерлiк;";
7) тармақшада «1)-4)»деген цифрлар «1)-3), 5) және 6)»деген
цифрлармен ауыстырылсын;
164) 522-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
165) 525-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық төлеушiнi Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерiнiң
мемлекеттік тiзiлiмiнен шартты түрде шығарып тастау салық төлеушi
әрекетсiз заңды тұлға белгiлерiне сәйкес келген және салық берешегi
болмаған жағдайда тiркеу нөмiрi сақтала отырып жүргiзiледi.
Осы тармақтың мақсатында әрекетсiз заңды тұлға болып корпорациялық
табыс салығы туралы декларацияны немесе жеңiлдетiлген декларацияны осы
Кодексте белгiленген оларды беру мерзiмiнен бiр жыл өткеннен кейiн
бермеген заңды тұлға танылады, бұған аталған декларацияларды беру
жөніндегі талаптар қолданылмайтын салық төлеушiлер қосылмайды.»;
166) 526-бапта:
3) тармақшада «құрылымына» деген сөзден кейiн «(қалыптастыру
алгоритмiне)»деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшаның төртiншi абзацы «екiншi кезекте» деген сөздерден
кейiн «клиенттiң жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы
жарналарын аудару жөніндегі мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ» деген
сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада «тоқтатуға» деген сөз «тоқтата тұруға» деген сөздермен
ауыстырылсын;
167) 527-баптың 5-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасында резидент еместiң қызметiн жүзеге
асыруын бастау күнi мына күндердiң бiрi:";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасында жеке тұлғамен бiрiншi жеке еңбек
шартын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де шарт жасасқан күн не
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген келісім-шарттың талаптарын
орындау үшiн қызметкердiң Қазақстан Республикасына келу күнi болған кезде
айқындалады. Бұл ретте Қазақстан Республикасында резидент еместің
қызметiн жүзеге асыруды бастау күнi осы тармақтың 2) тармақшасында
көрсетiлген алғашқы күндердiң бiрiне қарағанда ерте болмауға тиiс.»;
3) тармақша алып тасталсын;
168) 530-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бюджетке мiндеттi төлемдер жинауды, салық салу объектiлерiнiң
және салық салуға байланысты объектiлердiң есебiн және (немесе)
мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырушы уәкілеттi органдар берiлетiн
мәлiметтерде салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн көрсетуге мiндеттi.»;
169) 531-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «жүзеге асырудың
басталуы мен тоқтатылуы туралы салық органына мәлiмдеуге мiндеттi.»деген
сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) темекi өнiмдерiн өндiрудi, көтерме сатуды және импортқа шығаруды
жүзеге асырудың басталуы мен тоқтатылуы туралы салық органына мәлімдеуге
міндетті.»;
170) 533-бапта:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тақырыптық тексеру -
салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;
міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына және
әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық
және уақтылы ұстап қалуды және (немесе) есептеуді;
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;
трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау
мәселелері бойынша;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен
айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша тексеру;";
5-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салық қызметі органдарының құзыретінде болатын акцизделетін
тауарлардың жекелеген түрлерін және қызмет түрлерін лицензиялау
ережелерін және өндіру, сақтау мен өткізу шарттарын орындау мәселелері
бойынша жүргізіледі.»;
171) 535-баптың 1-1-тармақшасы алып тасталсын;
172) 536-баптың 5-тармағында «ұзартылған» деген сөзден кейін «және
(немесе) тексеруді жүргізетін адамдардың саны өзгерген» деген сөздермен
толықтырылсын;
173) 549-баптың 1-тармағында «1)-4)»деген цифрлар «2)-4)»деген
цифрлармен ауыстырылсын; «сыраны» деген сөз «Шарап материалдары мен
сыраны» деген сөздермен ауыстырылсын;
174) 550-баптың 1-тармағында», сондай-ақ» деген сөз «және» деген
сөзбен ауыстырылсын; «бақылауды» деген сөзден кейін», сондай-ақ
уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мемлекет меншігіне
айналдырылған мүлікті беруді» деген сөздермен толықтырылсын;
175) 553-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық төлеушінің осы бапта белгіленген тәртіппен және осы
Кодекстің 554-бабында айқындалған нысаны мен мазмұнын сақтай отырып
берген шағымы салық органында ол келіп түскен күні міндетті түрде
тіркелуге тиіс.»;
176) 557-4-баптың 1 тармағында «он бес» деген сөздер «отыз» деген
сөзбен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., №
24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., №
17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24,
198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат):
22-1-баптың 1-тармағының бірінші сөйлеміндегі «төлем көзінде салық
салынуға тиіс» деген сөздер «осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын
тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын» деген сөздермен
ауыстырылсын.
4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу
туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12,
169-құжат; № 15-16, 224-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 1, 2-құжат; №
6, 73-құжат; № 19-20, 171-құжат):
1) 2-баптың 1-тармағында:
екiншi абзацтағы», 179-бабының 9-тармағы» деген сөз алып тасталсын;
үшiншi абзацтағы «34-бабының 1-тармағының 7) тармақшасы,» деген сөздер
алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы оныншы, он бiрiншi және он екiншi абзацтармен
толықтырылсын:
«2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiн жоятын 57-бабының 1-тармағының
17) тармақшасы, 61-1-бабы;
2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болатын мынадай редакциядағы
179-бабының 9-тармағы:
«9. Қызметiн машина жасау, тоқыма, тiгiн, былғары-аяқ киім, резина
және пластмасса бұйымдары немесе химия өнеркәсiбi салаларында жүзеге
асыратын заңды тұлғаларда, мұндай қызметтен түсетiн табыс жылдық жиынтық
табыс көлемiнiң елу бiр процентiнен кем болмаған жағдайда, 1999 жылғы 3
тамыздағы жағдай бойынша жинақталып қалған және 2004 жылғы 1 қаңтардағы
жағдай бойынша төленбеген салықтар және айыппұл санкциялары сомаларын
(толық көлемде жергiлiктi бюджеттерге түсетiн салықтардан және
акциздерден басқа) төлеу мерзiмi ұзартылады. Бұл ретте 2003 жылғы 1
қаңтардан бастап 1999 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша жинақталып қалған
салық сомаларына (толық көлемде жергiлiктi бюджеттерге түсетiн
салықтардан және акциздерден басқа) өсiмпұл есептелмейдi.»;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiн жоятын 34-бабының 1-тармағының
7) тармақшасы, 57-бабының 1-тармағының 19) тармақшасы;";
2) мынадай мазмұндағы 5-3-баппен толықтырылсын:
«5-3-бап. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қабылданған
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жекелеген шешiмдерi бойынша кредит
берушiлердiң талаптарын қанағаттандыруды тоқтата тұру нәтижесiнде
құралған дебиторлық берешек бойынша бюджетке салықтар мен Қазақстан
Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру
жарналарының тиесілі сомаларын төлеу олардың өтелуiне қарай салық
жарналары мен Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi
сақтандыру жарналарының уақтылы төленбегенi үшiн өсiмпұл есептелмей
жүргiзiледi.».
5. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы,
2003 ж., № 10, 55-құжат):
32-бапта:
тақырыпта «Қоғамның» деген сөз «Жарғылық капиталына мемлекет
қатысатын қоғамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ «Егер» деген сөзден кейiн «жарғылық капиталына мемлекет
қатысатын» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап
қолданысқа енгізілді)
алынып тасталды (бұр. ред. қара)
3-бап. Осы Заң:
2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың
4-тармағының 2) тармақшасын;
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың
4-тармағы 1) тармақшасының алтыншы және жетiншi абзацтарын;
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың
2-тармағы 29) тармақшасының үшiншi - он алтыншы абзацтарын, 30) тармақшасын, 31) тармақшасының бiрiншi - жетiншi абзацтарын қоспағанда,
2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi | Н. Назарбаев |