бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.»;
81) 227-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы «зейнетақы активтерiн»
деген сөздерден кейiн», сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру
қорларының активтерiн» деген сөздермен толықтырылсын;
82) 228-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«228-бап. Қаржы лизингiне берiлген мүлiк
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мынадай талаптар сақталған
жағдайда:
1) мұндай беру осы Кодекстiң 74-бабында белгiленген талаптарға сай
келсе;
2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал ретiнде алса, мүлiктi қаржы
лизингiне беру лизинг берушi алуға тиiс сыйақы сомасы бөлiгiнде қосылған
құн салығынан босатылады.
2. Мүлiктi қаржы лизингiне беру осы баптың 1-тармағында белгiленген
талаптар сақталған кезде, сондай-ақ егер берілетiн мүлiктің импорты осы
Кодекстiң 234-бабының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан
босатылған болса, қосылған құн салығын төлеуден босатылады.»;
83) 230-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«230-бап. Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру
жұмыстары
Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарын iске асыру
бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары деп
көмiрсутектi және минералдық шикiзат кен орындарын (кендерiн)
iздестiрудi, барлауды, бағалау мен игеруге дайындауды қамтамасыз ететiн,
өзара байланысты, белгiлi бiр кезекпен қолданылатын жұмыстардың жиынтығы
ұғынылады.
Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын
пайдалануға жасалған:
жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) барлау
жөнiнде жұмыстарды жүргiзуге;
барлау жүргiзу кезеңiнде жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық
бөлiп берiлген жерде) бiрлескен барлау және өндiру жөніндегі жұмыстарды
жүргiзуге арналған келісім-шарттың;
2) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеудi жүзеге асыру
жөнiнде жұмыстарға мемлекеттік сатып алу туралы шарттың аясында салық
төлеушi (мердiгер, қосалқы мердігер) жүзеге асыратын геологиялық барлау
және геологиялық-iздестiру жұмыстарына қатысты босату қолданылады.
Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары нақты
түрлерiнiң, сондай-ақ геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру
жұмыстарының құрамдас бөлiгi болып табылатын арнайы жұмыстардың жекелеген
түрлерiнiң тiзбесi, олардың көлемi және құны геологиялық объектiнi
зерттеу мақсаты мен оның ерекшелiктерiн, ғылыми-техникалық
мүмкiндiктердi, геологиялық барлау және геологиялық-іздестіру жұмыстарын
жүргiзуге қойылатын геологиялық-әдiстемелiк талаптарды, жер қойнауын және
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды ескере отырып, әрбір
геологиялық (ғылыми-геологиялық) объектіге арналған жобалау-сметалық
құжаттамада айқындалуға тиіс.»;
84) 234-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен
толықтырылсын:
«12) қаржы лизингi шарты бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында
лизинг беруші әкелген негізгі құралдар импорты.
Осы тармақшада көрсетiлген негiзгi құралдар тiзбесiн Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекiтедi.»;
85) 235-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасында «іс жүзiнде бюджетке енгiзiлген» деген
сөздер «бюджетке төленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшада «1-1) және 1-2)»деген сөздер «1-1), 1-2) және 1-3)»
деген сөздермен ауыстырылсын;
1-2) тармақша «5-1-тармағына сәйкес» деген сөздерден кейiн «қаржы
лизингi шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда)» деген
сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
«1-3) қайтарымды лизинг шарттары бойынша осы Кодекстiң 242-бабының
5-1-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге тиiс салық
сомасы;";
86) 236-баптың 4) тармақшасындағы «тауарлар мен қызметтердi» деген
сөздер «тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетудi)» деген сөздермен
ауыстырылсын;
87) 241-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қаржы лизингiне мүлiктi берген кезде есепке жатқызудың
барабарлық әдiсiн пайдаланатын лизинг берушінің қаржы лизингiне мүлiктi
беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын
есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.»;
88) 249-бапта:
4-тармақтың екiншi бөлiгi «қуаттарын» деген сөзден кейiн «және
үй-жайларын» деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде «тауарларға» деген сөзден кейiн
"(жұмыстарға, қызмет көрсетуге)»деген сөздермен толықтырылсын;
89) 251-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «тоқсан iшiнде» деген
сөздер «үш айдың әрқайсысы үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
90) 252-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы»(жұмыстар, қызмет көрсетулер)»деген
сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «басқа салықтар» деген сөздер
«аталған салық пен салықтың басқа да түрлерi» деген сөздермен
ауыстырылсын;
3-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегі «басқа» деген сөз алып тасталсын;
91) 257-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;
92) 279-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«279-бап. Осы бөлiмде реттелетiн қатынастар
1. Осы бөлiмде мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын
пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу жөніндегі қызметке салық салудың
ерекшелiктерi реттеледi және жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай
салықтары мен арнайы төлемдерiн:
1) үстеме пайда салығын;
2) экспортталатын шикi мұнайға рента салығын;
3) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiн:
а) бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу);
б) роялтидi;
в) өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн есептеу мен
төлеу тәртібі белгiленедi.
Осы Кодексте «жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар», «мұнай
операциялары», «мұнай» және «келісім-шарттық аумақ» ұғымдарының Қазақстан
Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мұнай
туралы заңдарында айқындалған маңызы бар.
2. Мұнай операцияларын қоса алғанда жер қойнауын пайдалану бойынша
операциялар жүргiзу жөніндегі қызметке осы Кодексте белгiленген тәртiппен
салық салынуға тиiс.»;
93) 280-бап алып тасталсын;
94) 282-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«282-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды
жүргізу жөніндегі қызметке салық салу
1. Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша
салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер пайда
болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына
сәйкес жүргізіледi.
2. Мiндетті салық сараптамасынан өткен, Қазақстан Республикасының
Үкіметі немесе құзыретті орган мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын
пайдаланушылар арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған
келісім-шарттарда айқындалған салық салу шарттары олардың қолданылуының
белгіленген бүкiл мерзiмi ішiнде сақталады және қолданылады әрі Қазақстан
Республикасы салық заңдарының өзгеруіне байланысты тараптардың келісімі
бойынша түзетiлуi мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 283-бабында көрсетілген екiншi үлгі бойынша салық
салу шарттары өнiмдi бөлу туралы Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен жасалған келісім-шартта ғана айқындалады.
Өнiмдi бөлу туралы келiсім-шартта белгіленетiн салық салу шарттары
келісім-шартқа қол қойылған (жасалған) күні қолданылатын жеке және заңды
тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді
төлеуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерiне
сәйкес болуға тиіс.
Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы
келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде Қазақстан
Республикасының салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама
жүргізіле отырып, салық режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.
4. Өнімді бөлу туралы бiр келісім-шарт бойынша жер қойнауын
пайдалануды бiрнеше салық төлеушi жүзеге асыратын жағдайда келісім-шартта
белгіленген салық режимi олардың барлығы үшін ортақ болып табылады. Бұл
ретте:
1) осындай келiсім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша
салық төлеушiлер салық салу мақсатында бірыңғай шоғырландырылған есеп
жүргізуге және келісім-шартта белгіленген барлық салық пен төлемдерді
төлеуге міндетті;
2) бiр келісiм-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын резидент емес
жер қойнауын пайдаланушыларға келісім-шартта белгіленген салықтар бойынша
осы Кодекстің 184-186-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс.
5. Жер қойнауын пайдаланушы келісiм-шарт аясында жүзеге асырылатын
қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу және осы келісiм-шарт
аясынан тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу үшін бөлек есеп
жүргізуге міндетті.
Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды және (немесе жер асты
суларын өндiру жөніндегі келісім-шарттарға қолданылмайды.»;
95) 283-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «1» деген цифр алып тасталсын; «келісім-шарттардың
негізгі түрлерiне қарай» деген сөздеp алып тасталсын;
1) тармақшада «төлемдердің барлық түрлерiн» деген сөздер
«төлемдердi» деген сөзбен ауыстырылсын; «бірiншi үлгі» деген сөзден кейін
«, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда,"
деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша
Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ осы Кодексте
көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға:
экспортталатын шикi мұнайға салынатын рента салығы;
газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайға салынатын акциз;
үстеме пайда салығы;
жер салығы;
мүлiк салығы қосылмайды.»;
2 - 4-тармақтар алып тасталсын;
96) 285-бапта:
тақырып «кезде» деген сөзден кейiн «өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт
бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде «Жер қойнауын пайдалануға жасалған»
деген сөздер «Өнiмдi бөлу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi
бөлiгiнде «жер қойнауын пайдалануға жасалған» деген сөздер «өнiмдi бөлу
туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «Келісім-шартта» деген сөздер «Өнiмдi бөлу туралы
келісім-шартта» деген сөздермен ауыстырылсын;
97) 286-бапта:
1-тармақта «жасаған» деген сөзден кейiн «өнiмдi бөлу туралы» деген
сөздермен толықтырылсын; «салық режимiн» деген сөздер «салық салу
шарттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу
шарттары өнiмдi бөлу туралы келісім-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне ешбiр
өзгертулер мен түзетулерсiз мiндеттi түрде енгiзілуге тиіс.»;
98) 287-бапта:
1-тармақтағы «және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартта
белгiленген мөлшерлерде және тәртiппен ақшалай нысанда төленедi» деген
сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
99) 288-бапта:
1-тармақтағы «және келісім-шарт жасалған кезде белгiленедi» деген
сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қол қойылатын бонустың түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын
пайдалануға құқық алуға өткізiлген инвестициялық бағдарламалар
конкурсының нәтижелерi бойынша комиссия белгiлейдi және ол жер қойнауын
пайдалану үшiн берiлетiн кен орындарының (келісім-шарт аумақтарының)
экономикалық құндылығы есепке алынып, келісім-шартта бекітіледi, бiрақ
бастапқы мөлшерлерден төмен болмауы керек.»;
100) 289-бапта «төленуге тиiс» деген сөздер «төленедi» деген сөзбен
ауыстырылсын; «келісім-шартта белгiленген мерзiмде, бiрақ» деген сөздер
алып тасталсын;
101) 291-бапта:
баптың атауындағы «белгiлеу» деген сөз «төлеу» деген сөзбен
ауыстырылсын;
2-тармақтағы «белгiленедi» деген сөз «төленедi» деген сөзбен
ауыстырылсын;
3-тармақтағы «белгiленбейдi» деген сөз «төленбейдi» деген сөзбен
ауыстырылсын;
102) 292-баптың екiншi бөлiгiнде:
2) тармақшада:
eкіншi сөйлемде «биржалық бағасын негiзге ала отырып белгiленедi»
деген сөздер «Халықаралық (Лондон) биржада белгiленген биржалық баға
бойынша есептеледi» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi сөйлеммен толықтырылсын:
«Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда шығарылатын
қордың құны құзыреттi орган бекiткен жұмыс бағдарламасында көрсетiлген
өндiруге жұмсалатын жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабельдiлiк
мөлшерiне түзетiлген сомасынан айқындалады;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) коммерциялық табу бонусы есептеу базасының 0,1 проценті ставкасы
бойынша бөлінедi.»;
103) 293-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«293-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмi
Коммерциялық табу бонусы осы мақсаттар үшiн уәкілеттік берiлген
мемлекеттік орган кен орнындағы пайдалы қазбалар қорының шығарылатын
көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.»;
104) 297-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«297-бап. Роялти төлеу тәртібі
1. Роялти мөлшерi салық салу объектісi, есептеу базасы мен ставка
негізге алына отырып айқындалады.
2. Пайдалы қазбалардың өндіріліп алынған көлемi немесе нақты
өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнің көлемi
салық салу объектiсi болып табылады.
Мыналар:
1) пайдалы қазбалардың өзi:
мұнай, табиғи газ және газ конденсаты;
көмiр және жанғыш тақтатастар;
тауарлы кендер;
жер асты сулары, оның ішінде бастапқы өңдеуден өткен сулар;
слюда, керіш, құрылыс материалдары өндiрісіне арналған шикізат;
металлургияға арналған кен емес шикізат;
2) қымбат бағалы металдар, құмда, кенде, концентратта болатын
металдар;
3) қара, түсті, сирек кездесетiн және радиоактивті металдардың,
кен-химия шикізатының концентраттары;
4) қымбат бағалы тастар, бастапқы өңдеуден өткен жарқырауық тас және
пьезооптикалық шикізат;
5) басқа пайдалы қазбалар бойынша - бастапқы өңдеуден өткен
минералдық шикізат алғашқы тауарлы өнiм болуы мүмкiн.
3. Осы Кодекстің 299-бабына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың
құны роялтиді есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
4. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, пайдалы
қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти:
1) мұнай бойынша - қызметтің әрбiр күнтізбелiк жылы үшiн мұнайдың
жинақталған өндiрілімінің көлемiне байланысты айқындалған процент ретiнде
жылжымалы шкала бойынша және мынадай:
2000 000 тоннаға дейiн - 2 процент;
2000 000-нан 3000 000 тоннаға дейiн - 3 процент;
3000 000-нан 4000 000 тоннаға дейiн - 4 процент;
4000 000-нан 5000 000 тоннаға дейiн - 5 процент;
5000 000 тоннадан жоғары - 6 процент ставка бойынша төленеді.
Егер газ тәріздес көмiрсутектердi сұйық көмiрсутектермен бiрге жер
бетiне шығару көзделген жағдайда, роялтидi есептеу мақсатында осындай газ
тәрiздес көмiрсутектер мынадай арақатынас арқылы шикi мұнайға
ауыстырылады: газ тәрiздес көмiрсутектердің 1 мың текше метрi шикi
мұнайдың 0,857 тоннасына сәйкес келедi;
2) алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен
қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша -
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ставкалар бойынша төленеді.
5. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша роялти осы
Кодекстің 300-бабында белгіленген ставкалар бойынша төленеді.»;
105) 298-бап алып тасталсын;
106) 299-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«299-бап. Пайдалы қазбалардың құнын айқындау тәртібі
1. Роялтидi есептеу мақсатында, алтынды, күмісті және платинаны
қоспағанда, өндірiлген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың
құны өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнің салық
кезеңіндегі орташа өлшемдi өткізу бағасы негiзге алына отырып, жанама
салықтар мен оларды сату (тиеп жөнелту) пунктiне дейiн тасымалдауға
кеткен iс жүзіндегі шығыстар сомасы есепке алынбай айқындалады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген алтынның,
күмiстiң және платинаның құны Халықаралық (Лондон) биржада салық кезеңi
ішінде қалыптасқан осы металдардың орташа құны негiзге алына отырып
есептеледi.
3. Алғашқы тауарлы өнiм сатылмаған жағдайда, алтынды, күмiстi,
платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген
мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны осындай сату орын
алған соңғы салық кезеңіндегі алғашқы тауарлы өнiмiнiң орташа өлшемдi
өткізу бағасы негiзге алынa отырып айқындалады.
4. Алғашқы тауарлы өнiм мүлде сатылмаған кезде алтынды, күмiстi,
платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген
мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны мұнайды, жер асты
суларын өндiруге және көрсетілген пайдалы қазбаларды өндiруге салық
кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып
айқындалады.
Келесi сату жағдайында жер қойнауын пайдаланушы алғашқы тауарлар
өнiмнің iс жүзiнде сатылған бағасын негiзге ала отырып, алғашқы сату орын
алған салық кезеңiнде есептелген роялти сомаларына түзету жүргiзуге
мiндеттi.
5. Кең таралған пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiм
сатылмаған кезде немесе оларды толығымен өз қажеттерi үшiн пайдаланған
жағдайда, кең таралған пайдалы қазбалардың құны жер қойнауын
пайдаланушының салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельділiк
нормасына ұлғайтылған, өндiру мен бастапқы өңдеуде iс жүзiнде қалыптасқан
шығындар сомасы негiзге алына отырып айқындалады.
Газ тәрiздес көмiрсутектерiн одан әрi өңдеу үшiн өтеусiз берген
жағдайда, осындай көмiрсутектерiнің құны Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайтын тәртіппен салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан
рентабельдiлік нормасына ұлғайтылған, оларды өндіру мен бастапқы өңдеуге
iс жүзінде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады. Бұл
ретте, газ тәрiздес көмiрсутектерi бойынша роялти ставкаларын айқындау
үшiн осы Кодекcтiң 297-бабында айқындалған ауыспалы коэффициент
пайдаланылады.
Жер асты суларын шығарылатын өнiмдердің және (немесе) көрсетiлетiн
қызметтердiң негiзгi компонентi ретiнде пайдаланған жағдайда, өндiрiлетiн
жер асты суларының құны салық кезеңінде iс жүзiнде қалыптасқан
рентабельділік нормасына ұлғайтылған, оларды өндiру мен бастапқы өңдеуде
iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.»;
107) 300-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацында «барлық», «үшiн»
деген сөздер алып тасталсын, «роялти» деген сөз «роялтидi» деген сөзбен,
«белгiленедi» деген сөз «төлейдi» деген сөзбен ауыстырылсын;
108) 303-бап алып тасталсын;
109) мынадай мазмұндағы 47-1-тараумен толықтырылсын:
«47-1-тарау. Экспортталатын шикi мұнайға салынатын рента салығы
304-1-бап. Төлеушiлер
Шикi мұнайды экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар, өнiмдi
бөлу туралы келісім-шарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды
қоспағанда, экспортталатын шикi мұнайға салынатын рента салығының
төлеушiлерi болып табылады.
304-2-бап. Салық салу объектiсi
Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың көлемi экспортталатын шикi
мұнайға рента салығын салу объектiсi болып табылады.
304-3-бап. Есептеу тәртібі
1. Экспортқа iс жүзiнде өткiзiлетiн шикi мұнай көлемі және шикі
мұнайды тасымалдауға кететін шығыстарды шегергеннен кейiнгі оның сапалық
сипаттамалары ескерілген нарықтық бағасы негізге алынатын, экспортталатын
шикі мұнай құны экспортталатын шикі мұнайға рента салығын есептеу базасы
болып табылады.
2. Сатылатын шикі мұнайдың нарықтық бағасы халықаралық мұнай
саудасында сатылатын шикі мұнайдың ұқсас сорттарының тiзбесiне қатысты
есепті кезеңде (күн сайын) рынокта сату кезінде басым болған бағалардың