екiншi бөлiктегi «баланстық есеп» деген сөздерден кейiн», тарату комиссиясының мүшелiгiне кандидаттар, оның iшiнде филиалдарда не өкiлдiктерде құрылатын оның бөлiмшелерiнiң тiзiмi» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «Ұлттық Банк» деген сөздер тиiсiнше «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «Ұлттық Банкiден» деген сөздер алып тасталсын;
«тарату комиссиясын» деген сөздердiң алдынан «банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып,»деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктегi «Ұлттық Банктiң» деген сөздер «уәкiлеттi органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1-тармақтағы «Ұлттық Банк» деген сөздер «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
«Ұлттық Банкке» деген сөздер «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.»;
7-1-тармақтағы «Ұлттық Банк» деген сөздер «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
56) 71-бапта:
1-тармақтағы «Ұлттық Банктiң» деген сөздер «уәкiлеттi органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Сот банктi банкрот деп тану және оны мәжбүрлеп тарату туралы шешiмдi уәкiлеттi органға жiбередi.»;
57) 72-бапта:
1-тармақтағы «Ұлттық Банктiң» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «Ұлттық Банкке» деген сөздер «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi «Ұлттық Банк» деген сөздер алып тасталсын;
58) 73-бапта:
мәтіндегі «Ұлттық Банктiң», «Ұлттық Банк», «Ұлттық Банктен» «Ұлттық Банкке» деген сөздер тиiсiнше «уәкiлеттi органның», «уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi органнан», «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот банктi мәжбүрлеп тарату туралы iстi қозғаған күннен бастап:
1) банк құрылтайшыларының (қатысушыларының), органдарының банктiң мүлкiне билiк етуге құқығы жоқ;
2) соттардың таратылатын банкке қатысты бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
3) кредиторлардың банкке қойған кез келген талаптары, банктi ұстап тұруға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тек тарату iсiнде ғана қойылуы мүмкiн;
4) кредиторлардың, салық органдарының талаптары бойынша банктiң банк шоттарынан ақшаны, оның iшiнде даусыз (акцептсiз) тәртiппен қанағаттандыруға жататын ақшаны өндiрiп алуға, сондай-ақ банктiң мүлкiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi;
5) банктiң лауазымды тұлғаларына оларға тиесiлi банк акцияларын иелiктен шығаруға тыйым салынады.»;
2-тармақтағы «барлық шығыстар» деген сөздерден кейiн», осы Заңның 48-1 бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Таратылатын банктiң аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.»;
6-тармақтағы «Банктi» деген сөз «Банктi, оның iшiнде банкрот болу негiзi бойынша таратылатын банктi» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-1-тармақтағы «Банктiң тарату комиссиясын тағайындаған» деген сөздер «Банктi тарату туралы шешiм қабылдаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келісілген тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын ұсынады.
Сот тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын бекітіп, тарату iсiнiң аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.
Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына және уәкiлеттi органға жiбередi.
Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.»;
59) 74-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi және үшiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
Банктi тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн қозғайды және уәкiлеттi органға оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, банктiң тарату комиссиясын құру жөнiнде мiндеттер жүктейдi.»;
«Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң тарату комиссияларын тағайындау тәртібі, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптар, сондай-ақ таратуды жүзеге асыру тәртібі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Банктiң тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерiне төленетiн ай сайынғы сыйақының мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн он еселенген ең төменгi жалақыдан аспауға тиiс.»;
3-тармақ алып тасталсын;
60) 74-2-баптың 3-тармағының г-1) және ж) тармақшаларындағы «таратылатын банктiң» деген сөздер», таратылатын банкте ашылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
61) 74-3-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Банкке қатысты оңалту рәсiмi соттың шешiмi бойынша банктi мәжбүрлеп тарату жөніндегі шаралар шеңберiнде, оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.»;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі «Ұлттық Банктiң» деген сөздер «уәкiлеттi органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Банк өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) анықталған кемшiлiктердi жою мүмкiндiгi болған кезде оның банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы мәселенi қарауына байланысты оған қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы сотқа өтiнiш мәлiмдеуге құқылы. Банктi оңалту жоспары банктiң өтiнiшiмен қоса берiлуге тиiс.
Банк өтiнiшiнiң бiр данасы қоса берiлетiн құжаттармен бiрге уәкiлеттi органға ұсынылады.
2-2. Банктiң оңалту жоспары уәкiлеттi органмен алдын ала келісілуi тиiс және оны ұсынылған күннен бастап он күн iшiнде сот бекiтедi.
Банктiң оңалту жоспарын өзгертуге сот шешiмi бойынша уәкiлеттi органның келісімiмен жол берiледi.
2-3. Банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүзеге асыру кезеңiнiң ұзақтығы алты айдан аспауға тиiс. Оңалту рәсiмдерiнiң басталу және аяқталу мерзiмдерiн сот айқындайды. Банктiң сот бекiткен оңалту жоспары банк пен оның лауазымды тұлғалары үшiн орындалуы мiндеттi құжат болып табылады.
2-4. Банк оңалту рәсiмiн уәкiлеттi органның бақылауымен жүргiзедi. Оңалту рәсiмi кезеңіндегі банк қызметi осы баптың талаптары ескерiле отырып, әдеттегiдей тәртiппен жүзеге асырылады.»;
3-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі «оны жүргiзу» деген сөздерден кейiн», осы баптың 2-1, 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды және оған қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзудi жүзеге асырудың өзге де мәселелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.»;
62) 74-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«74-4-бап. Уәкiлеттi органның банктердi тарату процесіндегі
бақылау өкiлеттiктерi
1. Уәкiлеттi орган ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын банктердiң тарату комиссияларының қызметiне бақылау жүргізуді жүзеге асыру мақсатында:
1) тарату комиссияларынан атқарылған жұмыс туралы есептер, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпарат алуға;
2) тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзiмдерi мен кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
3) тарату комиссияларының қызметiне тексеру жүргiзуге;
4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтар анықталған жағдайда, тарату комиссиялары орындауға мiндеттi бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамалар шығаруға, нұсқамалардың орындалу мерзiмiн белгiлеуге;
5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге құқылы.
2. Уәкiлеттi орган банктердiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату туралы iстi соттың қарауына қатысты банктерден қажеттi ақпарат алуға құқылы.
3. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
63) 9-1-тарау алып тасталсын;
64) 75-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгіндегі «Қазақстан Республикасының заң актілерімен» деген сөздер «осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен» деген сөздермен ауыстырылсын; «Ұлттық Банктiң» деген сөздер «өздерiнiң құзыретi шегiнде уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
65) 77-баптағы «Қазақстан Республикасы» деген сөздердiң алдынан «Уәкiлеттi органның және» деген сөздермен толықтырылсын.
11. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат):
21-баптың 1-тармағының 5-2) тармақшасы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің» деген сөздерден кейiн «және қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның» деген сөздермен толықтырылсын.
12. «Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 12, 116-құжат):
3-бапта:
4-тармақтағы «заңнамасына сәйкес» деген сөздер «заңдарына сәйкес қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға және» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
1) тармақшада:
бiрiншi абзацындағы «заңнамасына сәйкес» деген сөздер «заңдарына сәйкес қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға және» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңдарының талаптарын және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.».
13. «Валюталық реттеу туралы» 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 20-21, 404-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; 1999 ж., № 20 722-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; 2003 ж., № 1051-құжат; № 11, 56-құжат):
1) 1-1-баптың 10) және 11) тармақшаларындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер алып тасталсын;
2) 11-баптың 3-тармағындағы «бағалы қағаздар шығару мен оның айналысы саласындағы қатынастарды реттейтiн мемлекеттік органмен» деген сөздер «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 13-баптың 5-тармағындағы «бағалы қағаздардың шығарылуы, айналысы және тiркелуi саласындағы қатынастарды реттейтiн мемлекеттік органдар» деген сөздер «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж. № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат):
1) 27-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы «аударуға» деген сөздiң алдынан», уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 35-бап «келісім бойынша» деген сөздерден кейiн», ол белгiлеген тәртiппен» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 37-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Рұқсат берудiң шарттары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.»;
4) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн
жүзеге асыру жөніндегі қызметтi лицензиялау
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган лицензиялайды.»;
5) 40-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен келiсуден өтпеген адам;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерiнiң кандидатурасы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген тәртiппен онымен мiндеттi түрде келісілуге тиiс.
Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерiн сайлауға (тағайындауға) берiлген келісімдi:
1) келісім беру негiзiнде дұрыс емес мәлiметтер анықталған;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне байланысты бiр жыл iшiнде екi және одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылғаны туралы деректердiң болуы;
3) осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуi анықталған негiздерде қайта қарауға құқылы.»;
6) 41-бапта:
1-тармақтың 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi және бағалы қағаздар рыногындағы өзге де қызмет түрлерiн дербес жүзеге асыруға;»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 1-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн және осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында белгiленген жағдайларды қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметке;»;
7) 42-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы Заңның 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5 және 42-6-баптарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен консервациялауды енгізуге;»;
8) мынадай мазмұндағы 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5 және 42-6-баптармен толықтырылсын:
«42-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау ұғымы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау уәкiлеттi органның шешiмi бойынша әкiмшiлiк, заң, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да iс-шаралар кешенiн және жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалту мен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында оған қатысты рәсiмдердi мәжбүрлеп жүргiзудi бiлдiредi.
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы Заңның 42-бабының 1-1-тармағының 3) 6) тармақшаларында көрсетiлген негiздердiң бiрi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн.
3. Консервациялау режимiн белгiлеу уәкiлеттi органның шектелген мерзiмге (бiр жылға дейiн) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiктi немесе жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны тағайындауды көздейдi.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Уәкiлеттi органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерi сот тәртібімен он күн мерзiмде шағымдануы мүмкiн. Көрсетiлген шешiмге шағымдану жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды тоқтатпайды.
42-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі
уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын
уақытша басқарушы)
1. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) оның қызметкерлерiнiң iшiнен не оның қызметкерлерi болып табылмайтын, осы Заңның 40-бабының 2-тармағында белгiленген ең төменгi талаптарға сай келетiн адамдар iшiнен тағайындайды.
2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысының және оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ еңбекақы төлеу талаптары уәкiлеттi орган мен уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) арасында жасалатын шартта белгiленедi.
3. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорына келтiрiлген залал үшiн уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысы мен оның мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен оның мүшелерiне (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) әдеттегi өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
42-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына
консервация жүргiзу туралы шешiмi
1. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервация жүргiзу туралы шешiмi:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауын және оның орналасқан жерiн;
2) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау туралы шешiмнiң негiздемесiн;
3) консервациялауды қолданудың басталуын және мерзiмiн;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне салынған шектеулер тiзбесiн;
5) уақытша әкiмшiлiктiң дербес құрамын;
6) консервациялау режиміндегі жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы туралы есептi әзiрлеу жөніндегі нұсқаманы, кiрiс туралы декларацияны, меншiктiң бар екендiгi және оның мөлшерi және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынуы туралы мәлiметтердi;
7) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынымдарын қамтуы тиiс.
2. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервациялау жүргiзу туралы шешiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жариялайды.
42-4-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңiнде
басқару ерекшелiктерi. Жинақтаушы зейнетақы қорын
басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы
зейнетақы қорын уақытша басқарушының) өкiлеттiктерi
1. Консервация жасалуы басталысымен және оның мерзiмiнде:
1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң оны басқару жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;
2) жинақтаушы зейнетақы қоры органдарының және оның басшы қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi тоқтатыла тұрады;
3) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі бүкiл өкiлеттiктер уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) көшедi;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және оның есебiнен уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) мәлiм етпестен және оның жазбаша келісімiнсiз жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы): 1) осы Заңның 42-5-бабының талаптарын ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң барлық мәселелерi жөнiнде дербес шешiм қабылдауға;
2) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан шарттарға және құжаттарға қол қоюға;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және оның мүддесiне орай талап қоюға;
4) жұмыстан босату, лауазымын төмендету немесе лауазымынан уақытша босату, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерiнiң арасында мiндеттердi бөлу туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтар шығаруға құқылы.
42-5-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі уақытша
әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша
басқарушының) қызметiн бақылау
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол:
1) уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңіндегі iс-шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсынымдар беруге;
2) уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар беруге;
3) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) оның қызметi және жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi туралы кез келген ақпаратты беруiн талап етуге;
4) жасалған жұмыс туралы уақытша әкiмшiлiктiң жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) есебiн тыңдауға;
5) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;
6) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды аяқтау туралы шешiм қабылдауға құқылы.
2. Уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн егжей-тегжейлi регламенттеу және оның үшiншi тұлғалармен өзара қарым-қатынастарының принциптерi уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалады.
42-6-бап. Консервациялауды тоқтату
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
1) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген консервациялау мерзiмiнiң өтуi;
2) уәкiлеттi органның консервациялауды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалтуға және жұмыс сапасын жақсартуға байланысты жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын да) тоқтату жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) белгiлеген барлық шектеулердiң күшiн жоюға әкеп соғады. Бұл жағдайда консервациялау мерзiмi iшiнде құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулар, жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органдары және қызметкерлер құрамы күшiнде қалады.
3. Егер жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау оның қаржылық жағдайын оңалтуға және жұмыс сапасының жақсаруына әкеп соқпаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша зейнетақы жарналарын тарту және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша қызметке берiлген лицензияны қайтарып алуға құқылы.»;
9) 43-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша бiрiктiру, бөлiп шығару, жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтiк түрден ашық түрге өзгерту нысанында жүзеге асырылады. Pұқсат беру талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.»;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бөлiнiп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры (қорлары) бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегі қызметті және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға жаңа лицензия алуға мiндеттi.»;
үшiншi бөлiктегi «қайта ұйымдастыру жағдайында» деген сөздер «түрiн өзгерткен жағдайда» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 45-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «уәкiлеттi органның» деген сөздерден кейiн «өзi белгiлеген тәртiппен берген» деген сөздермен толықтырылсын;
1-1 тармақ алып тасталсын;
2-тармақтағы «осы баптың 3-7 тармақтарында» деген сөздер «осы Заңда» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiктi және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне олардың қатысуымен шешiм қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
Ерiктi немесе мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiнiң құрамын жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.