Кредиторлар комитетiн құрудың және оның қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.»;
4-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорын таратуды аяқтаған кезде белгiленген тәртiппен құжаттарды сақтау үшiн мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен танылған талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген кезектiлiкпен қанағаттандырылады.
Тиiстi кезектiлiк басталғаннан кейiн кредитордың талабы оның келісімiмен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн тәсiлдермен, оның iшiнде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың барабарлық принципiн сақтай отырып мүлiктi заттай нысанда беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
Тарату iсiн жүргiзуге байланысты, оның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының негiзгi функцияларын қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты түрде жүзеге асырылады.»;
11) мынадай мазмұндағы 45-1, 45-2, 45-3 және 49-1-баптармен толықтырылсын:
«45-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде тарату
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды алған күннен бастап бiр ай iшiнде қарауы тиiс.
Өтiнiшке мына құжаттар:
1) акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi түрде тарату туралы шешiмi;
2) тарату туралы шешiм қабылданған күнге зейнетақы активтерiн бағалау;
3) зейнетақы активтерiн тапсыру мерзiмi мен кезеңдерi туралы iс-шаралар жоспары және акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен жинақтаушы зейнетақы қорының өзiнiң қызметiн тоқтатуға әзiрлiк жоспары;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуы үшiн оның қаражатының жеткiлiктi екенiн куәландыратын баланстық есеп;
5) тарату комиссиясының мүшелерiне кандидаттардың, оның iшiнде филиалдарда не өкiлдiктерде құрылатын бөлiмшелерiнiң тiзiмi;
6) басқа да қажеттi мәлiметтер қоса берiлуге тиiс.
2. Уәкiлеттi орган ерiктi түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өз шешiмiн негiздеуге және бас тартуды жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерi мен акционерлерiнiң назарына жеткізуге тиіс.
Уәкiлеттi органның ерiктi түрде таратуға рұқсатын алған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалдар мен өкiлдiктердi ескере отырып, тарату комиссиясын құрады.
3. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның таратылуға рұқсатын алған күннен бастап он күн iшiнде салымшылар мен алушыларға Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын екi мерзiмдiк баспасөз басылымында хабарландыру жариялау арқылы жинақтаушы зейнетақы қорының таратылуы туралы хабарлауға мiндеттi.
4. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры банкроттық негiзi бойынша мәжбүрлеп таратылуға жатады.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде таратуды аяқтаудың мүмкiн болмауына байланысты уәкiлеттi орган оны мәжбүрлеп тарату туралы талап-арызбен сотқа шағымдануға құқылы.
45-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп
таратудың ерекшелiктерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының банкрот болуына;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қоры лицензияларының керi қайтарылып алынуына;
3) уәкiлеттi мемлекеттік органдардың, жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген басқа да негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтату туралы талап-арызына байланысты жүзеге асырылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негiздер бойынша осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қоры мәжбүрлеп таратылған жағдайда сот он күн iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы шешiмнiң көшiрмесiн уәкiлеттi органға жiбередi.
Сот жинақтаушы зейнетақы қорын лицензияны керi қайтарып алуға байланыссыз негiздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның лицензиясын керi қайтарып алу туралы мәселенi қарайды.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиясын қайтарып алу туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi тағайындайды.
Жинақтаушы зейнетақы қоры жұмысының, оның уақытша әкiмшiлiгiн тағайындаудың тәртібі, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң өкiлеттiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгi өз қызметiн уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн уақытша әкiмшiлiктiң қызметiне бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiнiң есебi уәкiлеттi органға және жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа табыс етiледi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгi атқарған жұмыс туралы есептi сот бекiтедi.
Уақытша әкiмшiлiк тарату комиссиясын тағайындау туралы шешiм қабылданған күннен бастан он күннен аспайтын мерзiмде жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн тарату комиссиясына бередi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етiп жасалатын қабылдау-өткізу актiсiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы iс материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының төлем қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi сотқа ұсынылатын пруденциялық нормативтердi есептеу әдiстемесiн және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, жинақтаушы зейнетақы қоры капиталының мөлшерiн ескере отырып уәкiлеттi органның жасаған қорытындысымен белгiленедi.
Жинақтаушы зейнетақы қоры сот шешiмiмен белгiленген тәртiп бойынша ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз жинақтаушы зейнетақы қорын оның кредиторларының және жинақтаушы зейнетақы қорының өз шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi. Тараптардың жинақтаушы зейнетақы қорының банкроттығы туралы iс бойынша бiтiмгершiлiк келісім жасауына болмайды.
6. Сот жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы iс қозғаған күннен бастап:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (қатысушылары), жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiне билiк етуге құқылы емес;
2) бұрын қабылданған сот шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
3) кредиторлардың жинақтаушы зейнетақы қорына кез келген талаптары, жинақтаушы зейнетақы қорын ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тарату iсiн жүргiзу барысында ғана қойылуы мүмкiн;
4) кредиторлардың, салық органдарының, оның iшiнде даусыз (акцептсiз) тәртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының банк шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiнен өндiрiп алу жөнiнде өтiнiм жасауына жол берiлмейдi;
5) жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдарының өздерiне тиесiлi жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын иелiктен шығаруына жол берiлмейдi.
7. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн жүргiзудi қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын құру жөнiнде уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.
Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясын тағайындау тәртібі және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерге төленетiн сыйақының ай сайынғы мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он еселенген ең төменгi жалақы мөлшерiнен аспауы тиiс.
Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансын және кредиторларының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы уәкiлеттi органға атқарған жұмысы туралы есептi және оның жазбаша сұрауы бойынша өз қызметi туралы қосымша мәлiметтердi және таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты деректердi ұсынуға мiндеттi.
Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сатуды оның тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен жүргiзедi.
Тарату тәртібі және мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.
8. Тарату комиссиясы уәкiлеттi органмен келісілген тарату туралы есептi және тарату балансын сотқа ұсынады.
Сот тарату жөніндегі есептi және тарату балансын бекітіп, тарату iсiн жүргiзудiң аяқталуы туралы ұйғарым шығарады.
Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органы мен уәкiлеттi органға жiбередi.
Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
45-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорларының
таратылу процесіндегі бақылау өкiлеттiктерi
1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясының қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган:
1) тарату комиссияларынан атқарған жұмысы туралы есептi, қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты алуға;
2) тарату комиссияларының есептердi және қосымша ақпаратты ұсыну нысанын, мерзiмiн және кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
3) тарату комиссияларының қызметiне тексеру жүргiзуге;
4) тарату комиссияларының қызметiнен Қазақстан Республикасының заңдарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою жөнiнде тарату комиссияларының орындауы мiндеттi жазбаша ұйғарым шығаруға, ұйғарымды орындау мерзiмiн белгiлеуге;
5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда, кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге құқылы.
2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
«49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн уәкiлеттi органның лицензиясы болған жағдайда аудиторлық ұйым жүргiзедi.
2. Жыл қорытындысы бойынша аудиторлық есеп жинақтаушы зейнетақы қорының жылдық қаржылық есептiлiгiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы туралы аудиторлық ұйымның аудиторлық есебi коммерциялық құпия болып табылмайды.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының аудитiн жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.»;
12) 50-баптың 4-тармағының 6) тармақшасындағы «берiлуi мүмкiн.»деген сөздер алып тасталып, нүктелi үтiр қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға берiлуi мүмкiн.»;
13) 53-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгіндегі «Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органмен» деген сөздер «уәкiлеттi органмен оның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiп бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 55-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Осы Заңның 58-бабында көзделген қызмет түрлерiн, сондай-ақ өзiнiң жеке мүддесi үшiн алған мүлiктердi сауда-саттыққа салуды және жалға берудi қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
15) 58-баптың екiншi бөлiгіндегі «уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен» деген сөздер алып тасталсын, «жөніндегі қызметтi» деген сөздерден кейiн «және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар рыногында қызметтiң өзге де түрлерiн» деген сөздермен толықтырылсын.».
15. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2003 жылғы 20 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2003 жылғы 14 маусымда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сақтандыру мәселелерi бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: «Банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн жүргiзуге лицензияны аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар болған жағдайда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган өзi белгiлеген тәртiппен бередi.»;
2) 18-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) аудит жүргiзiлген субъектiлердi банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылықтар туралы хабардар ете отырып, қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға хабарлауға мiндеттi.».
16. «Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы» 1999 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 784-құжат; 2001 ж., № 21-22, 282-құжат):
4-баптың 4-тармағының 6) тармақшасында және 6-тармағының 3) тармақшасында «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Қаржы лизингi туралы» 2000 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат):
10-баптың бiрiншi бөлiгiнде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздер «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 20, 378-құжат):
13-баптың 5-тармағында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздер «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 21, 382-құжат): 4 - 8-баптарда «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздер тиiсiнше «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның», «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2003 жылғы 20 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2003 жылғы 14 маусымда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
1) мәтіндегі «уәкiлеттi мемлекеттік органның», «уәкiлеттi мемлекеттік органға», «уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздер тиiсiнше «уәкiлеттi органның», «уәкiлеттi органға», «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың 2-тармағында «Уәкiлеттi мемлекеттік органның (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттік орган)»деген сөздер «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның (бұдан әрi - уәкiлеттi органның) және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрi - Ұлттық Банк)»деген сөздермен ауыстырылып, «сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын;
3) 6-баптың 5-тармағында екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру полисiн бере отырып қосылу шарты нысанында сақтандыру шартын жасасу жөніндегі қызметтi уәкiлеттi органмен сақтандыру ережелерiн келiскеннен кейiн ғана жүзеге асыруға құқылы.»;
4) 8-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
5) 11-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «аталған қызметтi» деген сөздерден кейiн нүктелi үтiр қойылып, «жүзеге асыруға құқылы.»деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар портфелiн басқару жөніндегі қызметтi («өмiрдi сақтандыру» саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшiн) жүзеге асыруға құқылы.»;
6) 15-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Трансшекаралық сақтандыру және қайта сақтандыру»;
1-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру ұйымының басқа мемлекеттiң аумағында сақтандыру қызметiн көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға байланысты сақтандыру трансшекаралық сақтандыру болып табылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы резидентінің - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге қайта сақтандыруға беруi тiкелей Қазақстан Республикасының резидентi емес қайта сақтандыру ұйымына, онда рейтингтi агенттiктердiң белгiлi бiр рейтингi болған жағдайда, жүзеге асырылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы резидентінің - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiн жоғарыда аталған резидент емес сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға беруi рейтингтi агенттiктердiң белгiлi бiр рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру брокерi арқылы не Қазақстан Республикасының резидентi - сақтандыру брокерi арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
Рейтингтi агенттiктердiң тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
7) 16-баптың 3-тармағындағы «қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi» деген сөздер «кiрiстерi мен шығыстары» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 25-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
9) 26-бапта:
2-тармақтағы «акционер» деген сөз «жеке және заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «тартуға» деген сөзден кейiн «және берiлген рұқсатты керi қайтарып алуға» деген сөздермен толықтырылсын; «акционердiң» деген сөз «өтiнiш берушiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 27-баптың 1-тармағында:
4) тармақшадағы «қаржы-шаруашылық қызметi» деген сөздер «кiрiстерi мен шығыстары» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша «таяудағы үш жылға арналған» деген сөздерден кейiн «актуариймен куәландырылған» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) басшы қызметкерлер лауазымдарына сайланатын (тағайындалатын) тұлғалар туралы мәлiметтер;»;
11) 34-бапта:
тақырып «басшы қызметкерлерiне» деген сөздерден кейiн «және сақтандыру брокерiне» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төрағасы мен басқарма мүшелерi, директорлар кеңесiнiң төрағасы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бap сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшылары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтерi және оның орынбасарлары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi (болған жағдайда) сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымының) басшы қызметкерлерi болып табылады.
Сақтандыру брокерiнiң бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi және олардың орынбасарлары, сондай-ақ сақтандыру брокерiнiң атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру брокерiнiң активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бар өзге де тұлғалар сақтандыру брокерiнiң басшы қызметкерлерi болып табылады.»;
2-тармақта «ұйымының басшы қызметкерлерi» деген сөздерден кейiн «және сақтандыру брокерi» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «ұйымының басшы қызметкерiн» деген сөздерден кейiн», сақтандыру брокерiн» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «сақтандыру қызметiне» деген сөздерден кейiн», сақтандыру брокерiнiң қызметiне» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
3) тармақшаның бiрiншi сөйлеміндегі «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерi» деген сөздерден кейiн», сақтандыру брокерi» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «тарату» деген сөзден кейiн», акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқарма, директорлар кеңесi төрағасының қызметiне және сақтандыру брокерiнiң бiрiншi басшысы және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бар орынбасарларын сайлау (тағайындау) үшiн жоғары білімнiң болуы мiндеттi шарт болып табылады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң және сақтандыру брокерi бас бухгалтерiнiң жоғары білімi немесе жұмыс профилiне сәйкес келетiн арнаулы орта білімi болуы тиiс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң басшы қызметкерлерiнiң, әдеттегiдей, қаржылық қызмет көрсету саласында мынадай: сақтандыру брокерiнiң бiрiншi басшысының, бас бухгалтерiнiң және олардың сақтандыру брокерiнiң атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бар орынбасарларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқармасы, директорлар кеңесi төрағасының және бас бухгалтерiнiң - кемiнде үш жыл; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бacқарма мүшелерiнiң және бас бухгалтерi орынбасарының - кемiнде екi жыл; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшыларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң - кемiнде бiр жыл жұмыс стажы болуға тиiс.»;
6-тармақта:
бiрiншi бөлiгiнде «ұйымының басшы қызметкерi» деген сөздерден кейiн», сақтандыру брокерi» деген сөздермен толықтырылсын; «ұйымы» деген сөзден кейiн «сақтандыру брокерi» деген сөздермен толықтырылсын;