екiншi бөлiгiнде «атқарған адам» деген сөздерден кейiн», сақтандыру брокерi» деген сөздермен толықтырылсын; «ұйымы» деген сөзден кейiн», сақтандыру брокерi» деген сөздермен толықтырылсын;
«алты» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақта:
бiрiншi бөлiгіндегі «ұйымының басшы қызметкерi» деген сөздерден кейiн», сақтандыру брокерiнiң» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiгіндегі «алты ай» деген сөздер «үш ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта «ұйымының басшы қызметкерiн» деген сөздерден кейiн», сақтандыру брокерiн» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 37-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктiң 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына сәйкес әзiрленген және актуарий куәландырған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспар (сақтандыру ұйымы үшiн);»;
екiншi бөлiгіндегі «5) - 8) тармақшалары» деген сөздер «6) - 8) тармақшалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияға сақтандырудың қосымша сыныптарын енгізу, сондай-ақ сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда лицензия сақтандырудың қосымша сыныптары көрсетiлiп не алып тасталып қайта ресiмделуге тиiс.»;
13) 38-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы», лицензия беруден бас тартылады.»деген сөздер алып тасталып, «жасамаса» деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) сақтандыру сыныптары бойынша бизнес-жоспар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына сәйкес келмесе лицензия беруден бас тартылады.»;
14) 43-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн және сақтандыру брокерлерiн сайлауға (тағайындауға) келісім бередi;»;
11) тармақшада «мерзiмiн» деген сөзден кейiн «Ұлттық Банкпен бiрлесiп» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша алып тасталсын;
20) тармақша мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«20) «уәкiлеттi» деген сөздiң алдынан «Ұлттық Банкпен бiрлесе отырып және» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 46-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қайта сақтандыруды жүзеге асырған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзiнiң ұстағаны, егер бұл ретте осы баптың 3-тармағының талаптары бұзылмайтын болса, қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру шарты бойынша мiндеттеменiң жалпы көлемiнiң кем дегенде бec процентiн құрауы тиiс.»;
16) 47-баптың 3-тармағындағы «әдiстемесiне» деген сөз «әдiстемесiн қалыптастыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 51-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жалпы санының бес процентiнен астам дауыс беретiн акцияларын меншiк құқығына немесе басқару құқығына алатын тұлға уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша күнтiзбелiк он күн iшiнде уәкiлеттi органға көрсетiлген мәмiленiң жасалғандығы туралы жазбаша хабарлама табыс етуге мiндеттi.»;
2-тармақ алып тасталсын;
18) 53-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Жазбаша нұсқама - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындалуы мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы нұсқамасы.»;
19) 55-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарын бұзушылықты жою жөніндегі жазбаша нұсқамасын бiрнеше мәрте (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамаған;»;
2-тармақтағы «Уәкiлеттi мемлекеттік органның керi қайтарып алу туралы шешiмiнде» деген сөздер «Керi қайтарып алу туралы шешiмде» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 56-бапта:
1-тармақтағы «Уәкiлеттi мемлекеттік органның» деген сөздер алып тасталып, «сақтандыру» деген сөз бас әрiппен жазылсын және 3-тармақтың екiншi бөлiгіндегі «уәкiлеттi мемлекеттік органның» деген сөздер алып тасталсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уақытша әкiмшiлiк өз қызметiн уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң қызметiне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң есебi уәкiлеттi органға және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа ұсынылады.
Уақытша әкiмшiлiктiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етiп жасалатын қабылдау-өткізу актiсiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы ic материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.»;
6-тармақта»(ал одан кейiн сот тағайындайтын арнайы басқарушының да)»деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақ «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының» деген сөздерден кейiн «және тарату комиссиясының» деген сөздермен, «қызметiн мәжбүрлеп тоқтату жөніндегі» деген сөздерден кейiн «сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi болмаған жағдайларда не осы шығыстарды жабу үшiн оның құны жеткiлiксiз болса, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдiк екi баспасөз басылымында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату жөнiнде сот қабылдаған шешiм туралы ақпаратты жариялау бойынша шығыстарын жабу үшiн» деген сөздермен толықтырылсын;
21) 61-баптың 4-тармағында:
«бағалы қағаздар рыногын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік органмен келiсе отырып» деген сөздер алып тасталсын;
22) 66-баптың 1-тармағында:
екiншi бөлiктегi «Өз еркiмен» деген сөздер алып тасталып, «таратылатын» деген сөз үлкен әрiппен жазылсын;
үшiншi бөлiк алып тасталсын;
23) 67-бапта:
5-тармақтағы «ұйымы» деген сөзден кейiн «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып,»деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы мұрағатта сақтауға арналған құжаттарды белгiленген тәртiппен тапсыруға және бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.»;
24) 69-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақта «арнайы басқарушыға» деген сөздер «тарату комиссиясының төрағасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
7-тармақта «Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес» деген сөздер», осы Заңның талаптары ескерiле отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 70-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату жөнiнде iс қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын құру жөнiнде уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссияларын тағайындау тәртібі және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талап уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалады.
2. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының аралық тарату балансы мен талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де жұмысқа тартылған қызметкерлерге төленетiн ай сайынғы сыйақы олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген он еселенген ең төменгi жалақыдан аспауы тиiс.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тарату комиссиясы уәкiлеттi органмен келісілген тарату туралы есептi және тарату балансын сотқа табыс етедi.
Сот тарату туралы есептi және тарату балансын бекiтедi және тарату жөніндегі iстi аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тіркеуді жүзеге асыратын тиiстi әдiлет органына, сондай-ақ уәкiлеттi органға жiбередi.
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату тәртібі және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды белгiленген тәртiппен мұрағатқа сақтау үшiн өткізуге және бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.»;
6-тармақ алып тасталсын;
26) 72-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату жөніндегі iске байланысты шығыстар, сондай-ақ соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн, не уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы шешiмi күшiне енгенге дейiн басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға арналған шығыстар кезектен тыс жүргiзiледi.»;
27) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«73-бап. Уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарын тарату процесіндегі бақылау өкiлеттiктерi
1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган:
1) тарату комиссияларынан iстелген жұмыс туралы есептердi, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты да алуға;
2) тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысанын, мерзiмдерiн және кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
3) тарату комиссияларының қызметiн тексерудi жүргiзуге;
4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталған кезде кемшiлiктердi жою жөнiнде, тарату комиссиялары орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар шығаруға, нұсқамалардың орындалу мерзiмiн белгiлеуге;
5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге құқылы.
2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
28) 76-бапта «қаржы-шаруашылық қызметi» деген сөздер «кiрiстер мен шығыстар» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Қазақстанның Даму Банкi туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2003 жылғы 21 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2003 жылғы 14 маусымда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстанның Даму Банкi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 17-баптағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат):
6-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiктiң 6) тармақшасында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздер «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздер», осы Заңның 4-бабы 3-тармағының 2), 14) және 15) тармақшаларын қоспағанда, қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының