үшiншi сөйлем алып тасталсын;
8) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің кiрiсi
Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылы iшіндегі таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстер мен шығыстар арасындағы айырма (алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шотына жатқызылатын iске асырылмаған кiрiстiң пайда болған сомасын қоспағанда) ретiнде айқындалады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің банк активтерi бойынша құрылған жалпы провизиялардың (резервтердiң) сомасына азайтылған таза кiрiсi қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыруға жұмсалады.
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебiн бекiткеннен кейiн, алынған таза кiрiстiң қалған бөлiгi келесi қаржы жылында республикалық бюджетке аударылады.
Алынған пайда жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, пайда болған айырма Қазақстан Ұлттық Банкінің келесi қаржы жылдарындағы таза кiрiсi есебiнен өтеледi.»;
9) 15-бапта:
б) тармақшасында «банк қызметiне» деген сөздер «банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есепке алудың, ақша төлемдерi мен аударымдарының, вексель айналысының, валюталық операцияларды жүзеге асырудың және олардың сақталуын қадағалаудың жекелеген мәселелерiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
д), е-3), н) және т) тармақшалары алып тасталсын;
е) тармақшасында «ломбардтарға, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкiлеттi ұйымдарға берiлетiн лицензияларды қоспағанда,»деген сөздер «осы Заңда көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
л) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«л) Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қарау және бекіту;»;
с) тармақшасында «бухгалтерлiк есептiң қазақстандық стандарттарын» деген сөздер «қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ц) және ч) тармақшаларымен толықтырылсын:
«ц) Қазақстан Ұлттық Банкінің таза кiрiсiн бөлу;
ч) өкiлеттiгiне Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын мүлiктi сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзiнде берiлген активтердi сенiмгерлiкпен басқару жөніндегі шешiмдердi шұғыл қабылдау кiретiн лауазымды адамды (Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау.»;
10) 19-бапта:
алтыншы бөлiк алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiнiң құрылымын айқындайды.»;
11) 24-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметін Қазақстан Ұлттық Банкінің тiкелей қаржыландыруына жол берiлмейдi.»;
12) 27-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң мемлекеттік бағалы қағаздары бастапқы рынокта орналастырылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің оларды өз меншiгiне сатып алуға құқығы жоқ.»;
13) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Мемлекеттік бағалы қағаздар айналысын реттеу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады.»;
14) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бiрден-бiр орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын инфляцияның төмен деңгейiн және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Ақша-кредит саясаты:
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерiн;
ең төменгi мiндеттi резервтердiң нормативтерiн (резервтiк талаптарды);
ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.»;
15) 30, 31, 33-36-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Ақша-кредит саясаты операцияларының түрлерi
Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
5) мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;
6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.
31-бап. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуды жүргiзедi.
Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары үшiн сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады.»;
«33-бап. Бағалы қағаздарды сатып алу және сату
Мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.
34-бап. Ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша
сыйақы ставкалары
Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.
35-бап. Қарыздар
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.
Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi қарыздарды өтiмдiлiгі жоғары және қауiпсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бiр жылдан аспайтын мерзiмге бередi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ұзартуы мүмкiн. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкi соңғы инстанциядағы қарыз берушi ретiнде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiппен, шарттарда және мерзiмдерде беруге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген мүлiк Қазақстан Ұлттық Банкінің қарыздары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн кепiл заты бола алады.
36-бап. Валюталық интервенциялар
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық интервенциялары Қазақстан теңгесiнiң бағамына әсер ету мақсатында банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын сатып алу-сату және валюталық мәмiлелердiң басқа да түрлерiн жүргiзу жолымен дербес жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.»;
16) мынадай мазмұндағы 36-1, 36-2 және 36-3-баптармен толықтырылсын:
«36-1-бап. Депозиттер
Депозиттердi тарту мен өтеу тәртібін, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.
36-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталары
Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссиялайтын мемлекеттік бағалы қағаздар.
Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес қысқа мерзiмдi ноталарды ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
36-3-бап. Коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу
Қазақстан Ұлттық Банкi коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу тәртібін және Қазақстан Ұлттық Банкінің коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуға қабылдауы үшiн қойылатын талаптарды белгiлейдi.»;
17) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«46-бап. Тозған және бүлiнген банкноттар
Тозған және бүлiнген, өзiнiң толық көлемiнiң кемiнде жетпiс процентi сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының банктерi шектеусiз айырбастайды.
Тозған және бүлiнген, елу процентiнен астамы сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi қабылдайды және өзi белгiлеген ережелерге сәйкес айырбастайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге мiндеттi емес.»;
18) 47-1-бапта «банктер», «банктердiң» деген сөздерден кейiн тиiсiнше», банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар»,», банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
19) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын:
«48-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің төлем жүйелерiн
ұйымдастыру мен реттеудегi өкiлеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерi жұмыс істеуінің тиiмдiлігi мен сенімдiлігiн қамтамасыз етуге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз құзыретi шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесiн ұйымдастыру iсiне қатысуға құқылы.»;
20) 52-1-бапта:
1) және 2) тармақшаларда «алты айдан» деген сөздер «бiр жылдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада», өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын» деген сөздер алып тасталсын;
21) 53 және 55-баптар алып тасталсын;
22) 56-баптың д) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«д) Қазақстан Ұлттық Банкінің басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;»;
23) 58-бапта:
бiрiншi бөлiктiң үшiншi абзацы алып тасталсын;
Yшiншi бөлiктегi «осы Заңмен» деген сөздер «Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«60-бап. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты
Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылы iшіндегі, Қазақстан Ұлттық Банкінің алтыннан немесе шетел валютасынан немесе алтынның құнынан тұратын активтерiн немесе мiндеттемелерiн бағалаудағы өзгерістердiң салдары болып табылатын iске асырылмаған кiрiстерi iске асырылған кiрiстер мен шығыстарды шегерiп тастағаннан кейiнгi айырманы қайта бағалау шотына жатқыза отырып қаржы жылы iшiнде жүргiзiлетiн қайта бағалаумен реттеледi.
Алтын-валюта активтерiнiң жинақталған қайта бағалау сомасы ағымдағы жылдың алтын-валюта активтерiн қайта бағалаудан iске асырылмаған кiрiстер мен шығыстардың таза позициясы бойынша пайда болған терiс соманы өтейдi, сондай-ақ активтер шығарылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкi белгiленген тәртiппен iске асырылған кiрiстерге жатқызылады.»;
25) 61-бапта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалауға қатысады.»;
үшiншi бөлiкте «Оның реттеушiлiк функциясы» деген сөздер «Қазақстан Ұлттық Банкінің реттеушiлiк функциялары» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiкте «банктердiң» деген сөзден кейiн», банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын, бесiншi бөлiкте «банктерден,»деген сөзден кейiн «банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан,»деген сөздермен толықтырылсын;
26) 62-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«62-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық ұйымдардың
қызметiн реттеу мен қадағалау жөніндегі негiзгi
өкiлеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес қаржылық ұйымдарға лицензия берудi, оларды бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
Осы мақсаттарда Қазақстан Ұлттық Банкi:
1) қаржылық ұйымдар мен олардың клиенттерi орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға;
2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың банк операцияларын жүргiзуiне лицензиялар берудiң шарттары мен тәртібін айқындауға;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаржылық ұйымдар мен өзге де тұлғалардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер алуға өкiлеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi басқа мемлекеттердiң орталық банктерiмен және қадағалау органдарымен ынтымақтастық жасайды және өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпарат алмасуға құқылы.»;
27) 62-1, 63 және 64-баптар алып тасталсын;
28) 66-баптың үшiншi бөлiгiнде «жылдық балансы және қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп» деген сөздер «жылдық бухгалтерлiк балансын және кiрiстерi мен шығыстары туралы есебiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 67-бапта:
бiрiншi бөлiктiң төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн;»;
екiншi бөлiк алып тасталсын;
30) 68-баптың үшiншi бөлiгiнде «қаржы-шаруашылық» деген сөздер алып тасталсын;
31) 70-бапта «Банк қадағалауы мен бақылауы» деген сөздер «Қадағалау мен бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын; «банкте» деген сөзден кейiн», банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 70-1-баптың екiншi бөлiгiнде «Ұлттық қорын» деген сөздерден кейiн», өзге де қорлар мен ұйымдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
33) 73-бап алып тасталсын.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тауар биржалары туралы» 1995 жылғы 7 сәуірдегі заң күшi бар № 2170 Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 26-құжат; 1997 ж., № 11, 143-құжат):
20-баптың 2-тармағында «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар; № 11, 69-құжат):
1) 6-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
«Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жасауға арналған лицензияның нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Осы Заңның 11-бабының 1), 2-1), 3) - 8) тармақшаларында көзделген, қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.»;
2) 11-баптың 1-тармағында:
бiрiншi абзацта «1.»деген цифр алып тасталсын;
1) тармақшадағы «банктер» деген сөзден кейiн «және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi;»;
3) тармақшада «ұйымдарын аудиторлық тексеру» деген сөздер «ұйымдарының аудитi» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35 құжат; № 15-16, 109 құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат):
6-баптың екiншi және төртiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, банк және сақтандыру қызметi нысанасы болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшін - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсаты, ал банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын есептiк тiркеу үшiн аталған органның келісімi қосымша талап етiледi.»;
«Зейнетақы жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қызмет нысанасы болып табылатын заңды тұлғаларды тiркеу үшiн оны ашуға қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсаты қосымша талап етiледi.».
10. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжат):
1) 1-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрi - Ұлттық Банк)»деген сөздер «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi уәкiлеттi орган)»деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптағы»(оның iшiнде Ұлттық Банкке)»деген сөздер», оның iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (бұдан әрi - Ұлттық Банк)»деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi.
Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.»;
4) 4-баптағы «Ұлттық Банкінің қалыптық» деген сөздер «уәкiлеттi органның, Ұлттық Банктiң нормативтiк» деген сөздермен ауыстырылсын; «өз құзыретiне» деген сөздер «өздерiнiң құзыретiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 5-баптағы «Ұлттық Банкінің» деген сөздер «уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 6-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы және 2-тармағындағы «Ұлттық Банкінің» деген сөздер «уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 7-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгіндегі «Ұлттық Банк» деген сөздер «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 8-баптың 2-тармағында:
а) тармақшадағы «мемлекеттік емес» деген сөздер алып тасталсын; «қор биржасында листингтен өткен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғары санаттағы тiзiмiне енгiзiлген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы а-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«а-1) банктердiң бiр заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы, г) тармақшасында аталған жағдайларды қоспағанда, банктiң өз капиталының он процентiнен аспауға тиiс;»;
г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«г) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына осы ұйымдардың кепiл ретiнде қабылданған акциялары (қатысу үлестерi) банктердiң оларды өткiзгенге дейiн кепiл туралы шарттарының талаптарына сәйкес банктердiң меншiгiне ауысқан реттерде банктердiң қатысуы (заңды тұлғаның жарғылық капиталына бұрын кепiлге қабылданған акциялардың банктiң меншiгiне ауысуы арқылы банктiң тiкелей қатысуы банктiң өз капиталының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс, бұл ретте оларды өткізу мерзiмi бiр жылдан аспауға тиiс);»;
е-1) тармақшасындағы «қор биржасында листингтен өткен» деген сөздер «қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғары санаттағы тiзiмiне енгiзiлген» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 9-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «Ұлттық Банк» деген сөздер «Уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi «Ұлттық Банк» деген сөздер «Уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Ұлттық Банкінің» деген сөздер «уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 11-бапта:
мәтіндегі «Ұлттық Банк», «Ұлттық Банкінің» деген сөздер тиiсiнше «уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының резидент банкінің өкiлдiктерi уәкiлеттi органның келісімiмен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ашылады.»;
11) 11-1-баптың мәтiніндегі «Ұлттық Банктiң», «Ұлттық Банкке», «Ұлттық Банк» деген сөздер тиiсiнше «уәкiлеттi органның», «уәкiлеттi органға», «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Банктi құру және оның жарғылық капиталына қатысу»;
13) 12-бап алып тасталсын;
14) 13-бапта:
баптың тақырыбындағы «Ұлттық Банктiң» деген сөз «Уәкiлеттi органның» және мәтiніндегі «Ұлттық Банктiң», «Ұлттық Банк», «Ұлттық Банкке» деген сөздер тиiсiнше «уәкiлеттi органның», «уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «қабылдаған жағдайда» деген сөздерден кейiн», сондай-ақ осы Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша рұқсат керi қайтарып алынған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 15-бапта:
тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Банктiң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы
1. Банктер акционерлік қоғамдар нысанында құрылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады.
Банктiң атауында «банк» деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.»;
16) 16-бапта:
1-тармақтағы «төленедi» деген сөз «көрсетiледi және қалыптастырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы», осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банктiң құрылтайшылары және акционерлерi - заңды тұлғалар акцияларға орналастырылған активтердi және басқа тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесiн шегере отырып, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына сәйкес есептелген өз капиталы шегiнде банк акцияларын сатып алады.»;
7 және 8-тармақтардағы «Ұлттық Банк» деген сөздер «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;