Ғылым қорының кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 24 қыркүйектегі № 1048 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 30 қаңтардағы № 113 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Ғылым қоры туралы ереже бекітілсiн.
2. Қаржы министрлігі белгiленген тәртiппен Ғылым қорының қаржылық активтерiн жинақтау үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң тиiстi шотын ашсын.
3. "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгі жанындағы Ғылым қоры туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 наурыздағы № 218 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 8, 100-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 24 қыркүйектегi
№ 1048 қаулысымен
бекітiлген
Ғылым қоры туралы
ереже
Осы Ереже "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және Ғылым қорын (бұдан әрi Қор) қалыптастыру, оның жұмыс iстеуi және басқару мәселелерiн реттейдi.
1. Анықтамалар
Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Қор - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қазынашылық органдарындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң есебiне жинақталатын қаржылық активтердiң жиынтығы.
Уәкiлеттi орган - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Ұлттық ғылым академиясы - "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесi.
Қор Кеңесi - осы Ережеде көзделген тәртіппен құрылатын Қор қаражатын басқарудың жоғары органы.
Грант туралы келісім - Ұлттық ғылым академиясы мен грант алушы арасында жасалатын келісім.
Грант алушы - осы Ережеде көзделген және Қор Кеңесiнiң шешiмiне сәйкес Қор қаражатынан қаржыландырылатын жобалар мен iс-шараларды iске асырушы тұлға.
2. Жалпы ережелер
1. Қор республикалық бюджеттен Қорға түскен қаражат және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердiң есебiнен iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулердi грант түрiнде мақсатты қаржыландыру үшін пайдаланылады.
2. Қорды басқару мен оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi уәкiлеттi органмен келiсе отырып, Ұлттық ғылым академиясы жүзеге асырады.
3. Қорды қалыптастыру көздерi
3. Қор мынадай түсiмдердiң есебiнен қалыптасады:
1) ғылымға көзделген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстерден.
4. Қазақстан Республикасы ?кіметінiң Қор қаражатын
басқару аясындағы құзыретi
4. Үкiмет Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде айқындалған тәртiппен Қорды қаржыландыруды қамтамасыз етедi.
5. Уәкiлеттi органның Қор қаражатын басқару аясындағы құзыреті
5. Уәкiлеттi орган:
1) Қордан қаржыландырылатын iргелi, бастамашылық және тәуекелдi зерттеулердiң бағдарламаларын бекiтедi;
2) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қор қаражатын пайдалану нәтижелерi туралы есептi ұсынады;
3) Қордың сыртқы аудитiн жүргізудi қамтамасыз етедi;
4) белгіленген тәртiппен бекітілген iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулер бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
5) Грант туралы келісімнiң үлгiлiк нысанын бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде көзделген өзге де өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
6. Ұлттық ғылым академиясының Қор қаражатын басқару
аясындағы құзыретi
6. Ұлттық ғылым академиясы:
1) Қор қаражатын басқаруды жүзеге асырады;
2) уәкiлеттi орган бекiткен iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулер бағдарламалары шеңберiнде Қордан қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер жобаларының бағыттары мен құрылымын айқындайды;
3) Қор Кеңесi құрамын қалыптастыру мен өзгерту, соның iшiнде Қор Кеңесi мүшелерiнiң өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату мәселелерiн шешедi;
4) Қорды басқару мәселелерi бойынша Қор Кеңесi үшiн мiндеттi тапсырмалар бередi;
5) Қор қаражатынан қаржыландырылуға өтiнiш бiлдiрiлген жобаларды iрiктеу, бағалау және олардың мониторингi жөніндегі iс-шараларға әдiстемелiк басшылықты, оларды үйлестiрудi жүзеге асырады;
6) Грант туралы келісім жасасады;
7) Қор қаражатының пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етедi;
8) жыл сайын уәкiлеттi органға Қор қаражатын басқару нәтижелерi туралы есеп береді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Ұлттық ғылым академиясының Жарғысына қайшы келмейтiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
7. Қор Кеңесiнiң құрамы мен функциялары
7. Қор қаражатын басқару жөніндегі Ұлттық ғылым академиясының өкiлеттiктерiн iске асыру мақсатында Ұлттық ғылым академиясы құрамы 9 адамнан тұратын Қор Кеңесiн құрады.
8. Қор Кеңесiнiң жұмысына Ұлттық ғылым академиясы тағайындаған төраға басшылық етедi. Қор Кеңесiнiң отырысы, егер оған мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқанда, заңды болып саналады. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Қор Кеңесiнiң отырыстары ашық өтеді және хаттамалармен ресiмделедi.
9. Қор Кеңесi:
1) осы Ережеде көзделген тәртiппен Қор қаражатын тiкелей басқаруды жүзеге асырады;
2) Қор қаражатын пайдалану туралы шешiмдер қабылдайды;
3) жыл сайын Ұлттық ғылым академиясына Қордан қаржыландырылатын орындалған ғылыми зерттеулер, жобалар мен iс-шаралар, қаржыландыру жоспарының орындалуы және Қорға түскен түсiмдер мен Қорды басқаруға байланысты өзге де мәлiметтер туралы есептер бередi;
4) Ұлттық ғылым академиясына Қорды басқару және пайдалану мәселелерi бойынша ұсынымдар бередi;
5) Ұлттық ғылым академиясының бекітуiне iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулердi конкурстық iрiктеудi мен сараптамалық бағалауды жүргiзу тәртібі туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
6) Қор қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
7) осы Ережеде көзделген тәртiппен өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
8. Қор қаражатын пайдалану тәртібі
10. Қор қаражатынан қаржыландыру үшiн өтiнiш бiлдiрiлген жобаларды дайындау, бағалау және iрiктеу жөнiндегі iс-шараларды Қор Кеңесi жүзеге асырады.
11. Қор қаражатынан қаржыландыру үшiн өтiнiш бiлдiрiлген жобаларды дайындау, бағалау және iрiктеу жөніндегі iс-шараларға әдiстемелiк басшылықты, оларды үйлестiрудi Ұлттық ғылым академиясы жүзеге асырады.
12. Қорға республикалық бюджеттен түскен қаражат есебiнен iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулердiң жобаларын грант түрiнде қаржыландыруға арналған өтiнiмдердiң нысандарын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
13. Қорға республикалық бюджеттен түскен қаражат есебiнен iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулер жобаларын грант түрiнде қаржыландыру бойынша Қор Кеңесi осы жобаларды конкурстық iрiктеудi ұйымдастырады және осы жобаларды қаржыландыруға конкурс өткізу туралы ықтимал үмiткерлердi хабарландыруды қамтамасыз етедi.
14. Iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулердiң конкурстық жобалары мынадай өлшемдердi ескере отырып бағаланады:
1) жобаның белгiленген тәртiппен бекітілген iргелi зерттеулердiң басымдықтарына, негiзгi бағыттары мен бағдарламаларына сәйкестiгi;
2) жоспарланып отырған зерттеулердiң жаңалығы, өзектiлігі, жинақтылығы және практикалық маңыздылығы (табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтары туралы жаңа білім алуға, түбегейлi жаңа техника мен технологиялар жасау үшiн ғылыми негiздердi әзiрлеуге бағытталушылық), олардың Қазақстан Республикасында, таяу және алыс шет елдерде бұрын жүргiзiлген (жүргiзiлiп жатқан) ұқсас зерттеулерден айырмашылығы;
3) шешу жолдарының және күтiлетін нәтижелердiң зерттеулер мiндеттерiне сәйкестiгi;
4) ғылыми негiздiң болуы (негiзгі жарияланымдар, авторлық куәлiктер, патенттер және басқалары);
5) қойылған мiндеттердi орындау үшiн орындаушылар ұжымы біліктiлiгінiң және олардың тәжiрибесiнiң сәйкестігі (кадрлық құрам, жоба тақырыбы бойынша жарияланымдар, соңғы 3 жылдағы ғылыми зерттеулерінің қорытындылары);
6) зерттеулердiң ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiнiң болуы;
7) сұраныс жасалған қаржыландырудың негiздiлiгi.
15. Қорға түскен қаражат есебiнен қаржыландырылатын iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулер жобаларын конкурстық iрiктеу, осы жобаларға мiндеттi түрде мемлекеттік ғылыми-техникалық, сараптама жүргiзе отырып жүзеге асырылады.
16. Конкурстық iрiктеу өткізу мақсатында Қор Кеңесi Ұлттық ғылым академиясының, уәкiлеттi органның қызметкерлерiн, тәуелсiз консультанттар мен сарапшылар тартуға құқылы.
17. Қорға түскен қаражат есебiнен қаржыландырылатын iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулер жобаларының конкурстық iрiктеу қорытындылары бойынша шешiмдi Қор Кеңесi қабылдайды және хаттама түрiнде ресiмделедi.
18. Осы Ережеде көзделген тәртiппен конкурстық iрiктеуден өткен Қорға республикалық бюджеттен түскен қаражат есебiнен қаржыландырылатын iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулер жобалары бойынша Ұлттық ғылым академиясы мен грант алушы арасында грант туралы келісім жасалады.
19. Грант туралы келісімде мiндеттi түрде грантты пайдалану мақсаттары мен оның шарттары, грант алушының Қор Кеңесiне ғылыми зерттеулердiң орындалу барысы, олардың нәтижелерi, грантты пайдалану тәртібі және Грант туралы үлгiлiк келісімнiң өзге де негiзгi шарттары туралы есептердi беру мiндетi көзделуi тиiс.
Грант алушы тоқсан сайын Қор Кеңесiне Қордан қаржыландырылатын iске асырылатын жоба немесе iс-шаралар бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей есеп бередi.
9. Қорды қалыптастыру мен пайдалану туралы есептiлiк
20. Қор қаражатын есептеудi Ұлттық ғылым академиясы жүзеге асырады.
21. Ұлттық ғылым академиясы жыл сайын уәкiлеттi органға Қорды басқару нәтижелерi туралы есептi ұсынады.
22. Қорды қалыптастыру мен пайдалану туралы жылдық есеп мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс:
1) есептi кезеңдегi Қор қаражатының түсiмдерi мен жұмсалуы туралы;
2) жобалар мен iс-шаралардың тiзбесi және олардың есептi кезеңдегi қысқаша нәтижелерi;
3) өзге де қажеттi мәлiметтер.
23. Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептер белгiленген тәртiппен Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институтында мемлекеттік тiркеуден өтеді.