Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі
жанындағы Ғылым қоры туралы Ереженi бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 19 наурыздағы № 218 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 24 қыркүйектегі № 1048 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Ғылым қоры туралы осыған қосылған Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 19 наурыздағы
№ 218 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар
министрлігі жанындағы Ғылым қоры туралы
Ереже
Жалпы Ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа техникалар министрлігі жанындағы Ғылым қоры (бұдан әрi - Қор) "Қазақстан Республикасындағы ғылым мен мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасында ғылымды және ғылыми-техникалық бағдарламаларды жоспарлау мен қаржыландыруды жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы № 61 қаулысына сәйкес республиканың өндiрiстiк әлеуетiн дамытуда принциптi маңызы бар iргелi және iздестiру зерттеулерiн мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн құрылған.
Қор Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы қоғамдық-мемлекеттік ұйым болып табылады.
2. Қор өз қызметiнде "Қазақстан Республикасындағы ғылым мен мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы" Заңды, Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі туралы Ереженi, осы Ереже мен тиiстi нормативтiк құжаттарды басшылыққа алады.
3. Қор қаражаты:
республикалық бюджеттен ғылымға көзделген 3 процент мөлшеріндегі аударымдар есебiнен;
министрлiктердiң, ведомстволардың және мемлекеттік басқарудың басқа да органдарының мақсатты жәрдем ақшаларынан;
кәсiпорындардың, ұйымдардың, бiрлестiктердiң тапқан пайдасынан ерiктi түрде аударымдарынан;
нақтылы ғылыми бағыттар мен проблемалар бойынша зерттеулер жүргiзуге мүдделi тапсырыс берушiлердiң мақсатты жарналарынан;
республикалық және шетелдiк ұйымдардың, жекелеген азаматтардың қайырымдылық үлестерiнен құралады.
4. Қор Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiне салық төлеуден босатылады.
Қордың мақсаттары мен мiндеттерi
5. Қазақстандық және әлемдiк ғылымның деңгейiн талдау негiзiнде Қор Кеңесi қордан қаржыландырылатын iргелi және iздестiру ғылыми зерттеулердiң тақырыбын белгiлейдi.
Бұл ретте Қор Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі, Экономика министрлігі, Ұлттық ғылым академиясы белгiлеген республикадағы ғылым мен ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарын негiзге алады.
6. Қор қызметiнiң негiзгi бағыттары:
ғылыми ұйымдар мен ұжымдардың, жоғары оқу орындарының және жекелеген ғалымдардың ұсыныстары iшiнен тәуелсiз сараптаудың қорытындылары бойынша iрiктеп алынған iргелi және iздестiру зерттеулердi, бастамалы да тәуекелдi тақырыптарды, сондай-ақ республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды гранттар түрiнде мақсатты қаржыландыру;
шетелдерде кадрлар даярлауды қосқанда, ғылым мен техниканың перспективалы және жаңа бағыттары жөніндегі кадрларды даярлау бағдарламаларын iске асыру;
ғылыми-техникалық әлеуеттi қалыптастыруда республиканың аймақтық ғылыми орталықтарына көмек көрсету;
ғылымның жаңа бағыттары бойынша халықаралық ғылыми бағдарламалардың негiзiнде бiрлескен зерттеулердi ұйымдастыру жөніндегі шетелдермен халықаралық байланыстарды дамыту болып табылады.
Қор қаражатын қаржыландыру мен бөлу тәртібі
7. Қордан iргелi және iздестiру жұмыстарын қаржыландыру конкурстық таңдау мен тәуелсiз сараптаудың қорытындысы негiзiнде жүргiзiледi.
Қордан қаржыландыруға оларға Қор қаражатының көпшiлiк бөлiгi бағытталатын iргелi және iздестiру ғылыми зерттеулерi басымдылық алады.
8. Қор қаражатын Қор Кеңесi бөледi және ол Қор мен жұмыстарды орындайтын заңды ұйымдар арасында жасалған шарттар бойынша қаржыландырылады. Заңды ұйымдар жұмыс аяқталғаннан кейiн бөлiнген қаржының пайдаланылуы туралы қаржылық есеп түсiредi.
9. Еңбектердi Қор қаражаты есебiнен қаржыландыру iсi бiр жылға ашылады. Қор Кеңесi жыл сайын жұмыстарды жалғастыру немесе тоқтату туралы шешiм қабылдайды.
10. Жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiз болған жағдайда Қор Кеңесi қаржыландыруды тоқтатады да қаражатты қайтадан бөлудi жүзеге асырады.
Қорды басқару
11. Қордың жоғары органы Қор Кеңесi болып табылады, оның құрамына Кеңестiң Төрағасы, орынбасары, мүшелерi кiредi. Қор Кеңесiнiң жеке құрамын Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінiң алқасы үш жыл мерзiмге бекiтедi. Аталған мерзiм өткеннен кейiн Кеңес құрамының кем дегенде үштен бiрi жаңартылады.
12. Қордың Кеңесi:
Қордан қаржыландыру үшiн iргелi және iздестiру ғылыми зерттеулердiң басым бағыттарын айқындайды;
конкурстың шарттарын бекiтедi, өткiзiлген жобалардың конкурстық таңдалуын қаржыландыру туралы шешiм қабылдайды;
Қордың қаражатын бөледi және оның пайдаланылуына бақылау жасайды;
мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, соның iшiнде халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Қордың еркiн бiлдiредi.
13. Кеңестiң жұмысына Төраға басшылық етедi. Кеңестiң мәжілісi, егер оған мүшелерiнiң кемiнде екiден үшi қатысқанда өкiлеттi деп есептеледi. Кеңестiң шешiмдерi дауыстың жай көпшiлiгiмен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда Төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
Кеңестiң мәжілістерi ашық өткiзiледi, хаттамалармен ресiмделедi.
14. Қордың ағымдағы қызметiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінiң аппараты жүзеге асырады.
15. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінiң Болжамдау мен ғылыми-техникалық прогрестi дамыту Бас басқармасы:
iргелi және iздестiру зерттеулерiн қаржыландыруға ғылыми мекемелерден, жоғары оқу орындарынан, шетелдiктермен қоса, ұжымдар мен жекелеген ғалымдардан түскен жобаларды (өтiнiмдердi) қабылдайды және оларды Кеңес мәжілістерiнде қарау үшiн әзiрлейдi;
конкурс өткiзедi әрi түскен жобаларға тәуелсiз сараптау ұйымдастырады және қаржыландыру үшiн қажеттi қаражаттың мөлшерi туралы Кеңеске ұсыныстар әзiрлейдi;
орындаушылардың жұмыстарды тындыру мерзiмдерiн сақтауын, сондай-ақ бөлiнген қаражаттың мақсатты түрде пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етедi;
Қордың шығыстары мен кiрiстерi сметаларының орындалуы туралы есептердi Қор Кеңесiнiң бекітуiне ұсынады, қор Кеңесiнiң iс қағаздарын жүргiзедi.
16. Қор қаражатының есебiн жүргiзудi Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінiң Бас жоспарлау-экономикалық басқармасы мен бухгалтерлiк есеп пен есеп беру бөлiмi жүзеге асырады.
17. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру Қор Кеңесiнiң Төрағасы бекiткен тақырыптар бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігімен жасалған шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.