ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 41-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
41. Республикалық бюджет бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын және республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарларын Қаржы министрлігінiң бiрiншi басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға, жергiлiктi бюджеттер бойынша - тиiстi жергiлікті уәкілеттi органның бiрiншi басшысы бекiтедi, олардың әзiрленуіне жауапты бөлімшенiң бiрiншi басшысы қол қояды және олардың мөрімен расталады.
Қаржы министрлігінiң немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғаның және жергiлiктi уәкілеттi органдардың бiрiншi басшылары болмаған жағдайда, қаржыландырудың жиынтық жоспарын оларға мiндеттердi жүктеу туралы бұйрыққа сәйкес жауапты тұлғалар бекiтедi.
42. Қаржы министрлігі және жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiне шығыстардың ведомстволық және экономикалық сыныптамасы бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарларының бекiтілген сомасын, ал бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерi - ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге бередi.
43. Жергiлiктi уәкілеттi орган жергіліктi бюджеттi қаржыландыру жиынтық жоспарының бiр данасын ол бекiтілгеннен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде қазынашылықтың аумақтық органына ұсынады.
Жергiлiкті бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарын қазынашылықтың аумақтық органдарына уақытылы беруге тиiстi уәкiлеттi жергiлiктi органның басшысы бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 44-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
44. Қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейiн Қаржы министрлігі мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органға және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органға республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарын жібередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 45-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
45. Мемлекеттік мекеме қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіткеннен кейiн бес жұмыс күнi ішiнде бекітілген мемлекеттік мекеменің мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларын қазынашылықтың аумақтық, органына жiбередi.
46. Қазынашылықтың аумақтық органдарына бекітілген мемлекеттік мекеменiң мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларын уақытылы ұсынуға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi мемлекеттік мекеменiң басшысы жауап бередi.
4-бөлiм. Бюджетке түсетiн түсімдер бойынша және мемлекеттік
мекемелердiң түсiмдерi бойынша бюджеттiң атқарылу рәсiмдерi
4-тарау. Ұлттық валютада түсетiн түсiмдер бойынша бюджеттiң
атқарылу рәсімдерi
47. Бюджет жүйесi туралы заңға, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңына және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бекіту туралы мәслихаттардың шешiмдерiне және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес ұлттық валютада бюджетке түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының бекітілген кiрiстер сыныптамасы кодтарына сәйкес Бiрыңғай қазынашылық шотына (бұдан әрi - БҚШ) есептеледi.
48. БҚШ-ға бюджеттен түсетiн түсiмдердi аудару Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi (бұдан әрi - ҚҰБ) белгiлеген нысанда төлем құжатының негiзiнде жүзеге асырылады. "Бюджеттік сыныптама кодтары" жолындағы деректемелердi төлеушiлерге Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен аумақтық салық органдары жеткізеді.
49. Қаржы министрлігі облыстық, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен алынатын бюджеттік алымдарды республикалық бюджетке аударудың күн сайынғы мөлшерiн анықтайды.
Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы аудандық (қалалық) бюджеттен алынатын бюджеттік алымдарды тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттi бекіту туралы мәслихаттың шешiмiмен бекітілген соманың шегiнде облыстық бюджетке аудару сомасын анықтайды, бюджеттік алымдарды күн сайын аударудың ақпаратын қазынашылықтың тиiстi аумақтық органына жеткізеді.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
50. Қаржы министрлігі:
күн сайын уақыттың нақты режимiнде заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (бұдан әрi - ҚБЕО) арқылы екiншi деңгейдегi банктерден және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан бюджетке түсетiн түсiмдер бойынша электронды төлем құжаттарын қабылдайды;
күн сайын белгiленген тәртiппен кiрiстердi бөлудiң нормативтерi бойынша республикалық бюджет пен облыстардың, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнің арасындағы бюджетке түсетiн iс жүзіндегі түсiмдердi бөлудi жүргiзедi;
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы Жарлығымен (бұдан әрi - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы) белгiленген тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбе бойынша) (бұдан әрi - шикiзат секторының ұйымдары) республикалық бюджетке түсетiн бекітілген жылдық көлеммен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына оларға бекiтілген жергiлiктi бюджетке түсетiн тоқсандағы көлемнен үдемелi қорытындымен асып түсетiн салық және бюджетке төленетiн өзге де төлемдердiң бөлiгiн аударады;
шикiзат секторы ұйымдарынан жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердiң бекітілген тоқсандық көлемдерi болмаған жағдайда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жылдық сомалар шегiнде түсiмдердің бөлігін аударады.
51. Қазынашылықтың аумақтық органы кiрiстердi бөлудiң нормативтерi бойынша облыстық бюджет пен аудандардың (қалалардың) бюджеттерi арасындағы облыстың бюджетiне түсетiн iс жүзіндегі түсiмдердi бөлудi жүргiзедi.
Егер, тиiстi қаржы жылының басына дейiн облыстық бюджет бекітілмеген жағдайда, бөлу алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен белгіленген кiрiстердi бөлудің нормативтерi бойынша жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 52-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
52. Бюджетке артық төленген, қате немесе дұрыс түспеген соманы қайтару, аумақтық салық органдарының арасында кiрiстердiң бiр сыныптама кодынан екiншiсiне түсiмдердi көшiру (бұдан әрi - қайтару және/немесе көшiру) Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен аумақтық салық органдары қорытындыларының және төлем құжаттарының негiзiнде жүргiзiледi.
Қайтаруға немесе көшiруге арналған құжаттар аудан, қала бойынша Бiрыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттiң кiрiс сыныптамасының тиiстi iшкi сыныбы бойынша жылдың басынан бастап iс жүзiнде түскен сома шегiнде қабылданады.
Егер, бюджет кiрiстерiнiң тиiстi сыныптама ерекшелiгi (iшкi сыныбы) бойынша қаланың, ауданның бюджетiне түсетiн түсiмдердiң iс жүзіндегі көлемi қайтаруды немесе көшiрудi жүзеге асыруға жол бермесе, онда аумақтық салық органы тұтастай алғанда облыс бойынша бюджет кiрiстерiнiң тиiстi сыныптама ерекшелiгi (ішкi сыныбы) бойынша жылдың басынан бастап бюджетке түскен iс жүзіндегі түсiмдердiң сомасы шегiнде қайтаруды және көшiрудi жүзеге асыруға арналған жоғары тұрған салық органының шешiмiн тиiстi аумақтық қазынашылық органына ұсынады. Егер, қайтару немесе көшiру сомасы тұтастай алғанда облыс бойынша бюджет кiрiстерiнiң тиiстi ерекшелiгi (iшкi сыныбы) бойынша жылдың басынан бастап бюджетке iс жүзiнде түскен түсiмдердiң сомасы артық болса, онда қайтару немесе көшiру тұтастай алғанда республика бойынша бюджет кiрiстерiнің тиiстi ерекшелiгiмен (iшкi сыныбымен) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң рұқсаты бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте, бюджет кiрiстерiнiң осы сыныптама ерекшелігi (iшкi сыныбы) бойынша дебеттiк қалдықтарға жол берiледi.
5-тарау. Шетел валютасында түскен түсімдер бойынша
бюджеттiң атқарылу рәсiмдерi
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 53-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
53. Шетел валютасындағы бюджетке түсетiн түсiмдер ҚҰБ келісім бойынша Қаржы министрлігі анықтайтын тәртiппен Қаржы министрлігінiң ҚҰБ шетел валютасындағы корреспонденттiк шоттарына есептеледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 54-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
54. Қаржы министрлігінiң шетел валютасындағы корреспонденттiк шоттарынан кейiннен БҚШ аудара отырып, шетел валютасын айырбастауды ҚҰБ келісім бойынша Қаржы министрлігі анықтайтын тәртiппен ҚҰБ жүргiзедi.
55. Несие шотынан мемлекеттік (үкiметтiк) сыртқы заемдар қаражатын алу бюджеттi атқару кезiнде мынадай түрде:
инвестициялық жобаның арнайы шотына аударған кезде Бiрыңғай бюджеттік сыныптама кiрiстерiнің бюджеттік сыныптамасына сәйкес түсiмдер түрiнде;
берушiге тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) аударған кезде Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасы кiрiстерiнiң сыныптамасына (бұдан әрi - кiрiстер сыныптамасына) сәйкес түсiмдер түрiнде ескерiледi.
56. Осы Ережеде көзделген инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражатты аударуды заем туралы шарттың (келісімнің) ережелерiне сәйкес несие шотынан алуға арналған бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өтiнiмi негiзiнде ?кіметке заем қаражатын немесе кепілдер беретiн шетел несие берушiсi немесе донор жүргiзедi.
57. Инвестициялық жобаның арнайы шотына осы шоттан бұрын жүргiзiлген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, заем туралы шарттың (келісімнiң) ережелерiне сәйкес көрсетілген шотты толықтыруға арналған мемлекеттік заем қаражатынан басқа, өзге қаражат есептеле алмайды.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 58-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
58. Шоттарға инвестициялық жобаның арнайы шотының валютасынан өзгешеленетiн валютада тек инвестициялық жобаның арнайы шотынан айырбасталған қаражат қана есептеледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 59-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
59. Шоттан осы шоттардан бұрын жүргiзiлген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, ұлттық немесе шетел валюталарындағы инвестициялық жобалармен байланысты бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) қаржыландырылады.
60. Бюджетке түсетiн түсiмдер қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарында көрсетiледi.
6-тарау. Зат түріндегі түсiмдер бойынша бюджеттiң атқарылу рәсiмдерi
61. Зат түрiнде бюджетке түсетiн түсiмдер заң актілеріне сәйкес қазынашылық органдарында ашылған бюджеттік шоттарда ақшалай нысанда көрсетіледi.
62. Бюджетте зат түріндегі түсiмдердi көрсету үшiн заңдарда бюджеттердiң алдында тауар немесе зат түріндегі мiндеттемелердi орындайтын заңды және жеке тұлғалардың тiзбесi және бюджет алдындағы мiндеттемелердiң сомасы анықталады.
63. Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес зат түрiнде бюджеттердiң алдында мiндеттемелердi орындайтын заңды тұлғалар (бұдан әрi - заңды тұлға) қазынашылықтың аумақтық органдарына олардың бюджет алдындағы мiндеттемелердi орындағанын растайтын олардың мемлекеттік мекемелерге жеткiзiп берген тауарлары (жұмыстары, қызметтерi) бойынша төлеуге шот түрiнде ұсынады.
64. Қазынашылықтың аумақтық органдары мемлекеттік мекемелерге тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) заңды тұлғалардың бюджет алдындағы мiндеттемелерiн растайтын беруi бойынша ақы төлеуге берiлген Шоттың негiзiнде оларды Қаржы министрлігінде ашылған шотта көрсетедi.
7-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң түсiмдерi бойынша операцияларды
көрсету рәсiмдерi
65. Мемлекеттік мекемелер заң актілеріне сәйкес ақылы қызметтi, демеушілiк және қайырымдылық көмектi iске асырудан түскен қаражатты алады және депозиттік қаражатқа иелiк етедi.
66. Мемлекеттік мекемелерін ақылы қызметтi, демеушiлiк және қайырымдылық көмектi iске асырудан түскен қаражат, депозиттiк қаражат Бiрыңғай шоттар жоспарының стандарттарына сәйкес тиiстi шоттарға есептеледі.
67. Ақылы қызмет, демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсетуден түскен қаражатты аудару "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
68. Төлеу құжатында ақылы қызметтi, демеушiлiк және қайырымдылық көмектi iске асырудан алынған қаражатты, депозиттiк қаражатты алушының деректемелерi төлеушілерге дейiн мемлекеттік мекемелерге жеткізіледi.
69. Мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтердi iске асырудан түскен қаражаты (бұдан әрi - ақылы қызметтен түсетiн қаражат), демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түсетiн қаражат, депозиттік қаражат берушіден аудару арқылы, не қолма-қол ақшаны мемлекеттік мекеменiң кассасына тiкелей енгізуi арқылы түседi.
70. Ақылы қызмет демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң және депозиттiк қаражаттың қаражаты есебiнен қате жүргiзiлген төлемдердi қайтару (бұдан әрi - қалпына келтiру) бюджетке қаражатты өтеу жолымен жүзеге асырылады.
71. Мемлекеттік мекеменiң қолма-қол ақшасын кассаға қабылдауды мемлекеттік мекеменің басшысы тағайындаған жауапты тұлға жүзеге асырады. Қолма-қол ақшаны қабылдау туралы төлеушiлерге мемлекеттік мекеме төлеу құжаттарымен бiрдей сақтайтын қолма-қол ақшаның тағайындалуын көрсете отырып, кассалық кiрiс ордерлерiне белгiленген үлгідегi түбiртектер немесе түбiртек түбiршектерi берiледi. Мемлекеттік мекеме кассаға қабылдаған қолма-қол ақша қабылданған күннен бастап үш банктiк күннен кешiктiрiлмей БҚШ-ның тиiстi шоттарына есептелуi тиiс.
Мемлекеттік мекемелерге кассадан қолма-қол ақшаны оларды тиiстi шоттарға алдын ала тапсырмастан жұмсауға тиым салынады.
72. Ақылы қызметтен, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түскен қаражатты және депозиттiк қаражатты аудару және қолма-қол ақшаны БҚШ-ның тиiстi шоттарына есептеу үшiн төлем құжаттарының дұрыс ресiмделуiне мемлекеттік мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi жауап бередi.
73. Бюджетке түсетiн түсiмдер қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарында (бұдан әрi - ҚБШ) көрсетiледi.
5-бөлiм. Рұқсаттар беру, мiндеттемелер қабылдау,
төлемдерді жүзеге асыру рәсiмдерi
Шығыстары бойынша бюджеттiң атқарылуы Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы актілеріне және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бeкітy туралы шешiмдерге, бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына, Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасына және қаржыландырудың жиынтық жоспарына, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша тиiстi қаржыландыру жоспарларына және оларға есептемелерге сәйкес жүзеге асырылады.
8-тарау. Бюджетке ақша түсiмдерiнің күтiліп
отырған көлемiн анықтау
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 74-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
74. Қаржы министрлігі және жергiлiктi уәкiлеттi орган кезеңдер бойынша ағымдағы қаржы жылына бюджетке ақшалай түсiмдердiң күтіліп отырған көлемiн мына деректер негiзiнде айқындайды:
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiнiң статистикалық деректерi;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы;
капитал рыногында сатылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың пайыздық ставкасы;
тиiстi қаржы жылына арналған, бекітілген немесе нақтыланған бюджет;
үкiметтiк заемдар туралы келісімдер (негiзгi үкiметтiк борышты өтеу, үкiметтiк борышқа қызмет көрсету кестесi);
жеке және заңды тұлғаларды бюджет қаражаты есебінен кредиттеу туралы келісімдер (бюджет алдындағы борыштың негiзгi сомасын өтеу, сыйақыларды (мүдделердi) төлеу кестесi);
мемлекеттік меншiктi жекешелендiру кестелерi туралы ақпарат;
тиiстi бюджеттердiң ҚБШ-дағы қаражаттардың қалдығын;
келесi айлардағы бюджетке түсетiн түсiмдердiң ай сайынғы жоспарын.
75. Бюджетке түсетiн ақшалай түсiмдердің күтіліп отырған көлемi Қаржы министрлігі мен жергiлiктi уәкiлеттi орган осы Ереженiң 9-тарауының 5-Бөлiмiне сәйкес рұқсаттар берудiң жалпы сомасын анықтау және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын жүргізу үшін пайдаланылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 76-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
76. Қаржы министрлігі және жергiлiктi уәкiлеттi орган:
республикалық және тиiстi жергiлiктi бюджеттерге ақша түсiмдерiнiң күтіліп отырған көлемiн ай сайын нақтылайды;
ағымдағы айдың аяғында тиiстi бюджеттердiң мiндеттемелерi бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкес келесi айда мемлекеттік мекемелер қабылдайтын көлемiн нақтылайды;
төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес алдағы айлары төлемдер жүргiзу үшiн алдағы айларда бюджетке ақша түсiмдерiнен күтілiп отырған көлемi жеткілiксiз болған жағдайда мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру, қарыз алу және бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сату арқылы ақша таратудың процесiн ұйымдастырады;
мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру, қарыз алу және бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында мемлекеттік бағалы қағаздарды сату арқылы ақша тарту процесін ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда осы Ереженiң 5 және 6-Бөлiмдерiнде белгiленген тәртiпте қабылдаған мiндеттемелердi және жасалған төлемдерді ескере отырып, тиiстi бюджеттердi қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу қажеттілігi туралы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне ақпарат бередi.
9-тарау. Рұқсаттар беру рәсiмдерi
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 77-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
77. Қаржы министрлігі және жергiлiктi уәкiлеттi орган ағымдағы қаржы жылының бiрiншi және соңғы айын қоспағанда, ай сайын ағымдағы айдың 10-күнiне дейiн:
тиiстi бюджеттерге ақшаның күтiлетiн түсу көлемiн ескере отырып, тиiстi бюджеттердiң бекітілген паспорттары және мiндеттемелерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары болған кезде 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиiстi бюджеттік бағдарламалардың әкімшiлерiне рұқсаттар бередi;
оларды Қаржы министрлігінің аумақтық органдары арқылы бюджеттік бағдарламалардың тиiстi әкімшiлерiне жеткізеді.
Ағымдағы қаржы жылының бiрiншi айында Қаржы министрлігі және жергiлiктi уәкілеттi орган қаржыландырудың жиынтық жоспарларының бекiтілуiне қарай бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар бередi.
Ағымдағы қаржы жылының соңғы айында Қаржы министрлігі және жергiлiктi уәкілеттi орган ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн тиiстi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар бере алады.
Ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiне сәйкес Қаржы министрлігі және жергілiктi уәкілеттi орган ағымдағы айдың 10-күнiнен кейiн, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейiн рұқсаттар бере алады.
9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет қаражатын мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн нұсқамалар түсуiне қарай Қаржы министрлігі және жергiліктi уәкілеттi орган тиiстi бюджеттердiң мiндеттемелерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiне рұқсаттар бередi.
78. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қаржы министрлігі және жергiлiктi уәкiлеттi орган оларға рұқсаттар бергеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар бередi.
Мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiнің мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспарына, паспорттарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің рұқсаттары шегiнде берiледi және қазынашылықтың аумақтық органдарына жеткiзiледi.
79. Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясы "Сайлаулар жүргiзу" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес рұқсат бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 80-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
80. алынып тасталды
81. Есептi кезеңде қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) жөніндегі рұқсаттардан басқа рұқсаттар ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн әрекет етедi.
10-тарау. Мiндеттемелердi қабылдау және тiркеу рәсiмдерi
82. Мемлекетке қызмет көрсететiн заңды және жеке тұлғалардың алдындағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік бюджет есебiнен (бұдан әрi - бюджет қаражатын алушылар) мiндеттемелерi Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне сәйкес қабылданады.
83. Бекiтiлген паспорттарға сәйкес бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау және бюджеттік бағдарламалардың, мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспарлардың және мемлекеттік мекемелерге берiлген рұқсаттардың бекітілген сомадан тыс мiндеттемелерiн қабылдауға жол бермеу мақсатында мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiлермен жасасқан шарттарына (бұдан әрi - берушiлер) қабылданған мiндеттемелердi тiркеудi жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 84-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. № 320 қаулысымен 84-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
84. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 (бұр. ред. қара); 27.10.04 ж. № 1101 қаулыларымен 85-тармақ өзгертілді
85. Мiндеттемелердi тiркеу рәсiмi шығыстардың мынадай топтасуын көздейдi:
бiрiнші топ - өтеусiз негізде мемлекеттік мекеме мен жеке тұлғалардың - бюджет қаражатын алушының арасындағы азаматтық құқықтардың және мiндеттемелердiң туындауына әкеп соқтыратын шығыстардың түрлерi;
екіншi топ - стипендияларды, зейнетақыларды және жәрдемақыларды қоса алғанда, оның қызметкерлерiнен басқа, мемлекеттік мекеме мен бюджет қаражатының алушыларының арасындағы шарт жасалмайтын азаматтық құқықтар мен мiндеттемелердiң туындауына әкеп соқтыратын шығыстардың түрлерi;
үшiншi топ - тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) алуға арналған шарттарды (бұдан әрi - шарт) жасаса отырып және көрсетілген шарттың талаптарына сәйкес "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-1-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу мәнi болып табылмайтын тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) сатып алуға мiндеттемелердi қоса алғанда, өтeуciз негiзде мемлекеттік мекеме мен бюджет қаражатын алушылардың арасындағы азаматтық құқықтар мен мiндеттемелердiң туындауына әкеп соқтыратын шығыстардың түрлерi;
төртiншi топ - Қазақстан Республикасының Yкіметі немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi негiзiнде қайтарымды негiзде шарт жасасу жолымен және көрсетiлген шарттың ережелерiне сәйкес Қаржы министрлігі немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган мен бюджет қаражатын алушылардың арасында азаматтық құқықтар мен мiндеттемелердiң туындауына әкеп соқтыратын шығыстардың түрлерi;
шығыстардың бесiншi тобы - шарттар жасалмастан, олардың арасында бюджетаралық қатынастар туындайтын, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлiнген Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнiң қаражатын қоса алғанда, ресми трансферттер.
Мемлекеттік талаптар тiзiлiмi Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдар талаптарының тiзiлiмiн қамтиды, олар уәкiлеттi орган мемлекеттік кредиттер бойынша мiндеттемелердi орындауға байланысты бюджеттен берілген кредиттер бойынша бюджетке қаражатты және бюджеттен алынған қаражатты қайтару жөнiндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органның талаптарын тiркеудi жүргiзетiн құжат болып табылады.
ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. № 320 қаулысымен 85-1-тармақпен толықтырылды
85-1. Мемлекеттік мекемелердiң шығыстардың бiрiншi және екiншi топтары бойынша мiндеттемелерiн тiркеудi жүзеге асыру рәсімі мемлекеттік мекемелердiң ақы төлеуге шоттарын, ал үшінші және төртiншi топтар бойынша - 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеме ұсынатын Мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтiнiмдi және 12-1, 12-2, 12-3, 12-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бюджет қаражатын алушылар алдындағы Міндеттемелерді тiркеу туралы хабарламаны (Тапсырысты) (бұдан әрi - Өтінiм және Хабарлама (Тапсырыс) бекітуге негiзделедi.
Ерекше және өзге ағымдағы шығындарды жүзеге асыру, атқару құжаттарын орындау, сондай-ақ шығындарды жабуға заңды тұлғаларға ағымдағы трансферттердi, заңды тұлғаларға мақсатты ағымдағы трансферттердi, заңды тұлғаларға күрделі трансферттердi, өзге де күрделі трансферттердi мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) берушілерге немесе үш миллион теңгеден асатын сомаға бюджет қаражатын алушыларға бөлу кезiнде аумақтық қазынашылық органдары мемлекеттік мекеменiң ақы төлеуге шотының негiзiнде 12-1, 12-2, 12-3, 12-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Өтінiмдi және Хабарламаны (Тапсырысты) қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 86-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
86. Шарт жасасуды талап ететiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тiзбесiн және олар бойынша шарттар жасасуды талап етпейтiн шығыстардың тiзбесiн Қаржы министрлігі белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 87-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)