Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж.
16 қарашадағы № 1465 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 10.01.02 ж. № 20; 10.01.02 ж. № 21; 28.03.02 ж. N
366; 07.05.02 ж. № 500; 22.05.02 ж. № 553; 17.07.02 ж. № 795;
02.10.02 ж. № 1081; 03.02.03 ж. № 123; 14.03.03 ж. № 249; 20.05.03 ж. № 463;
19.06.03 ж. № 577; 29.09.03 ж. № 989;07.11.03 ж. № 1111
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен күші жойылды
(Бұрынғы ред. қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік басқаруды жетiлдiру туралы" 2001 жылғы 17 қазандағы № 705 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 03.02.03 ж. № 123; 19.06.03 ж. № 577 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiне оның төрт, соның ішінде бір бірінші вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң штат санының лимитi 109 бiрлiк мөлшерiнде белгiленсiн.
4. 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мына ведомстволары: Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi мен Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi құрылсын.
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң ведомстволары туралы ережелердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;
2) ережелер бекітілгеннен кейiн әдiлет органдарында ведомстволардың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1852 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 527-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | | | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 16 қарашадағы
№ 1465 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 07.11.03 ж. № 1111 қаулысымен 1- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте арнайы атқарушылық, бақылау, қадағалау функцияларын және азаматтардың денсаулығын сақтау , медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары болады: Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi, Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, құқығы бар.
4. Министрлiк Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66.
7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" мемлекеттік мекемесi.
8. Министрлiктiң құрылтай құжаты осы Ереже мен Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік басқаруды жетiлдiру туралы" 2001 жылғы 17 қазандағы № 705 Жарлығы болып табылады.
9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде арналған кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
ҚР Үкіметінің 07.11.03 ж. № 1111 қаулысымен 10- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
1) халықтың денсаулығын сақтау медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүргiзу;
2) азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепiлдiк берген көлем шегiнде тегiн медициналық көмек алуын қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау;
4) халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрi-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
5) денсаулық сақтауды, фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн дамыту жөніндегі іс-шараларды белгiлеу;
6) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту және оларды жарақтандыруды қамтамасыз ету;
7) Министрлiктiң құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады.
ҚР Үкіметінің 07.11.03 ж. № 1111 қаулысымен 11- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Министрлiктiң заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын функциялары мыналар болып табылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы тұжырымдамаларды, денсаулық сақтауды, медициналық және фармацевтикалық білім берудi дамыту стратегияларын, мемлекеттік және мақсатты бағдарламаларды, даму жоспарларын, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу, өз құзыретi шегiнде оларды іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру және олардың орындалуын бақылау;
2) денсаулық сақтау , медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы жобаларды дайындауға қатысу және заңнамада белгiленген тәртiппен халықаралық шарттар мен келісімдердi жасасу;
3) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi функцияларын атқару;
4) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық, дәрi-дәрмектiк қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және бекіту;
5) бюджеттік болжамды әзiрлеуге және республиканың денсаулық сақтау саласын индикативтiк жоспарлауға қатысу;
6) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiн әзiрлеу;
6-1) медициналық және фармацевтикалық білім берудi қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды, денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатураларын, олардың қызметi туралы ереженi, дәрiгерлiк лауазымдар мен мамандықтардың номенклатураларын, құрылымдар мен үлгі штаттарды және штаттық нормативтердi, халыққа медициналық қызмет көрсетудің көлемi мен деңгейiнiң нормативтерiн, бастапқы медициналық-санитарлық, білікті стационарлық, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің, қалыпқа келтiрiп емдеу мен медициналық оңалтудың түрлерi мен көлемiн, азаматтарға ақылы қызмет көрсету кезiнде медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргiзудің нысандарын, сондай-ақ кеңейтудiң салалық жүйесiн әзiрлеу және бекіту;
6-2) санаторийлiк-курорттық емдеу, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың санаттары, сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібi мен азаматтарды дәрi-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету көрсетiлген аурулар мен денсаулықтың бұзылуларының тізбecін айқындау;
7) заңнамамен белгiленген жағдайларда ведомстволық бағыныстағы ұйымдар көрсететiн ақылы қызметтерге бағаларды бекіту;
8) медициналық ғылымның басым бағыттарын дамытуды қамтамасыз ету жолымен денсаулық сақтауды реформалау жөніндегі шараларды жүзеге асыру және ғылыми зерттеулер мен талдамалардың нәтижелерiн емдеу-алдын алу ұйымдарының практикасына енгізудi ұйымдастыру;
9) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың , сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi және оларға басшылық жасауды жүзеге асыру;
10) денсаулық сақтау саласында жекешелендiру саясатын жүргізуге қатысу;
11) денсаулық сақтау объектiлерiн жекешелендiру мәселелерiн шешуге қатысу;
12) меншiк нысанына қарамастан жергiлiктi атқарушы органдар арқылы аумақтық денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асыру;
13) өз құзыретiнiң мәселелеріндегі салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру, сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік, мақсатты және кешендi бағдарламаларды iске асыру жөнiнде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекет жасау;
14) төтенше жағдайлар кезiнде азаматтарға тегiн медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру және оларды дәрі-дәрмек құралдарымен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;
15) өз құзыретi шегiнде медициналық сараптамалардың түрлерi жөніндегі қызметтi ұйымдастыру және оған басшылық жасауды жүзеге асыру;
16) фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
17) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорыту, оны жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу, азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын дайындауға қатысу;
18) денсаулық сақтау саласына шетел несиелерi мен инвестицияларын тарту және пайдалану жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
19) денсаулық сақтау кадрларын даярлауды және біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және жүргiзу;
19-1) біліктiлiк емтихандарын өткізу тәртібін айқындау;
20) мынадай қызметтердi лицензиялауды жүзеге асыру:
Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, медициналық және дәрiгерлiк қызметтi;
емдiк препараттарды дайындауға және сатуға байланысты қызметтi (жануарлардың, өсiмдiктер мен шөптердiң құрамында есiрткi құралдары мен психотроптық заттар жоқ емдiк өнiмдердi өсiруден, жинау мен сатудан басқа);
Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындауға, өндiруге, қайта өңдеуге және көтерме саудада сатуға байланысты қызметті, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң түрлерiн;
денсаулық сақтау жүйесіндегі есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметтiң түрлерiн: тасымалдауды, сатып алуды, сақтауды, бөлудi, сатуды, пайдалануды, жоюды;
21) дәрі-дәрмек құралдарын әкелуге және әкетуге келiсудi жүзеге асыру;
22) өтiнiш иесiнiң біліктiлiк деңгейiнiң лицензия алуға сәйкестiгiне сараптамалық бағалау жүргiзуге заңды және жеке тұлғаларды тiркеудiң тәртібін белгiлеу және жүзеге асыру;
23) медицина ғылымының дамуын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтi үйлестiру;
24) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау сапасын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
24-1) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды сақтауды және денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық емдеуде болған науқастарды дәрiлiк қамтамасыз етудi бақылауды жүзеге асыру;
24-2) мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергiлiктi органдары басшылары мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсiптiк құзыреттілiгіне аттестаттау жүргiзу;
25) медицина және фармацевтика қызметкерлерiне біліктiлiк санаттарын беру;
26) Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң жұмысына басшылық жасауды жүзеге асыру;
27) жұқпалы ауруларға қарсы халықты алдын алу егулерiн ұйымдастыру;
28) Қазақстан Республикасының аумағын аса қауiптi және карантиндi жұқпалы аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан сақтауды ұйымдастыру;
29) Қазақстан Республикасының ведомстволық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерiнде мемлекеттік органдармен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнiнде өзара iс-қимыл жасау, өз өкiлеттiктерi шегiнде санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi бекіту;
30) Мемлекеттік фармокопея мен Дәрiлiк құралдардың мемлекеттік тiзiлiмiн, медициналық мақсаттағы дәрi-дәрмек құралдары, бұйымдар мен техника жөніндегі нормативтiк-техникалық құжаттаманы бекіту;
31) медициналық практикада дәрi-дәрмек құралдарын қолдануға рұқсаттарды берудi және тiркеудi жүзеге асыру, дәрi-дәрмек құралдарының жарнамасына рұқсаттарды беру;
32) медициналық жабдықтардың, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдарды өндiру мен олардың сапасын, сондай-ақ дәрi-дәрмек құралдары айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
33) амбулаториялық емдеу кезiнде оларға дәрі-дәрмек құралдары, мамандандырылған емдеу тағамдары рецепт бойынша тегiн немесе жеңiлдiктi шартпен берiлетiн негiзгi (өмiрлiк маңызды) дәрі-дәрмек құралдарының тiзiмiн, аурулардың түрлерi мен халықтың жекелеген санаттарының тiзбесiн бекіту;
34) халық денсаулығының жай-күйiне талдау жасау, медициналық-статистикалық ақпаратты әзiрлеу және ұйымдастыру, медициналық құжаттаманы есепке алу-есеп берудi жетiлдiру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында мемлекеттік статистикалық есепке алу мен есеп берудi жүргiзудi қамтамасыз ету;
34-1) денсаулық сақтау саласында, оның iшiнде дәрі-дәрмек құралдарын басқару жөніндегі республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
35) өз құзыретi шегiнде басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың медициналық ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;
36) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды орындау жөнiнде өз қызметi аясында халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау және ынтымақтастықта болу;
37) заңнамамен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 07.11.03 ж. № 1111 қаулысымен 12- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
12. Өзiнiң негiзгi мiндеттерiн іске асыру және функцияларын жүзеге асыру мақсатында Министрлiктiң өз құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай құқықтары бар:
1) медициналық қызметтер көрсетудiң, дәрi-дәрмек құралдарының қауiпсiздiгiне, тиiмдiлiгi мен сапасына, фармацевтикалық қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру әрi медициналық қызметтер көрсету, дәрi-дәрмек құралдарының айналымы бойынша заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныстар енгізу;
2) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғандығы үшiн әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолдану;
3) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгізу, олардың жарғыларын бекіту;
4) халыққа медициналық көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруды, сондай-ақ денсаулық сақтау кадрларын даярлауды, біліктiлiктерiн арттыруды, жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн кәсiби білім берудi жүзеге асыру;
4-1) медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында қызметпен айналысуға арналған лицензиялауға қорытынды ұсыну және қатысу, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарын аккредитациялауды жүргiзу;
5) денсаулық сақтау кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктiлiктерiн арттыру жөніндегі республикалық оқу-әдiстемелiк бiрлестiктi құру;
6) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының бюджет қаражатын пайдалануын тексерудi жүзеге асыру;
7) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұрату және алу;
8) мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды iске асыру мәселелерiнде қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды, салааралық және аймақаралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
9) азаматтардың денсаулығын қорғау iсiне және денсаулық сақтауды дамытуға айрықша үлес қосқан медицина қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсыну;
10) Министрлiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткізу;
11) Министрлiктiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдау;
12) денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулердi үйлестiру мақсатында медицина ғылымы саласындағы жетекшi ғалымдар мен мамандардан тұратын консультациялық-кеңесшi орган - Денсаулық сақтау проблемалары жөніндегі ғылыми кеңес құруға;
13) азаматтардың денсаулығын сақтау iсiне сiңiрген айрықша еңбегi үшiн медицина қызметкерлерiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Құрмет грамотасымен марапаттау;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Министрлiктiң мүлкi
13. Министрлiктiң оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
14. Министрлiкке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Министрлiктiң өзiне бекітілген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк жасауға құқығы жоқ.
Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Министрлiк қызметiн ұйымдастыру
16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдiң Қазақстан Республикасының ?кіметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлерi болады, бұлардың арасында мiндеттердi бөлуге сәйкес олардың бiрi қызметi бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi болады.
17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы әрi өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн дербес жауапты болады.
18. Осы мақсаттарда Министр:
1) Министрлiктiң құрылымын бекiтедi, сондай-ақ вице-министрлердiң, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттiктерi шеңберiн белгiлейдi;
2) Министрлiктiң қызметкерлерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiн ынталандыру, материалдық көмек көрсету және тәртiптiк шаралар қолдану мәселелерiн шешедi;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық өзара қатынаста Министрлiктi бiлдiредi;
5) бұйрықтарға қол қояды;
6) Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
19. Министрлiкте консультациялық-кеңесшi орган - алқа құрылады, оның сан және дербес құрамын Министр бекiтедi. Алқа шешiмдерi қаулымен ресiмделедi және Министрдiң бұйрықтарымен iске асырылуы мүмкiн.
5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 16 қарашадағы
№ 1465 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінiң қарауындағы ұйымдар
ТIЗБЕСI
ҚР Үкіметінің 10.01.02 ж. № 20; 10.01.02 ж. № 21; 28.03.02 ж. № 366; 07.05.02 ж. № 500; 22.05.02 ж. № 553; 17.07.02 ж. № 795; 02.10.02 ж. № 1081; 14.03.03 ж. № 249; 20.05.03 ж. № 463; 29.09.03 ж. № 989 қаулыларымен тізбеге өзгерістер енгізілді
1. Мемлекеттік мекемелер
1. алынып тасталды
2. Арал теңiзi обаға қарсы күрес станциясы
3. Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы
4. Атырау обаға қарсы күрес станциясы
5. алынып тасталды
6. Қазақ республикалық лепрозорийi
7. Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы
8. Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы
9. Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы
10. Отан соғысының мүгедектерiне арналған республикалық клиникалық госпиталь
11. "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы
12. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталық
13. Республикалық жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық аурухана
14. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық
15. Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
16. "Бурабай" республикалық балалар-жасөспiрiмдер туберкулез санаторийi
17. Республикалық ғылыми-медициналық кiтапхана
18 "Бурабай" республикалық туберкулез санаторийi
19. Республикалық арнаулы медициналық қамтамасыз ету орталығы
20. алынып тасталды
21. Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы
22. Орал обаға қарсы күрес станциясы
23. Апаттар медицинасы орталығы
24. Сот медицинасы орталығы
25. алынып тасталды
26. Шымкент обаға қарсы күрес станциясы
26-1. Шалқар обаға қарсы күрес станциясы
26-2. Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы
2. Мемлекеттік кәсiпорындар
27. Алматы мемлекеттік дәрiгерлер білімiн жетiлдiру институты
28. Қазақ мемлекеттік медицина академиясы
29. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы
30. алынып тасталды
31. Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты
32. "Құрмет белгiсi" ордендi Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты
33. Кардиология және ішкi аурулар ғылыми-зерттеу институты
34. Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндiк және зооноздық жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы
35. С.Ж. Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетi
36. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
37. Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана жанындағы емдеу-өндiрiстiк шеберханасы
38. Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана жанындағы емдеу-еңбек шеберханасы
39. С.Х. Сұбханбердин атындағы Қазақстан медицинасы мен денсаулық сақтау тарихы мұражайы
40. А.Н. Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталығы
41. Академик Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы
42. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы
43. Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы
44. Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығы
45. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы
46. Терi-венерология ғылыми-зерттеу институты
47. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты
48. Ана мен бала денсаулығын сақтау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы
49. Республикалық қан орталығы
50. "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы
51. Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлау жөніндегі колледж
52. "Ақсай" республикалық балалар клиникалық ауруханасы
53. "Алатау" балалар клиникалық санаторийi
54. Республикалық консультативтiк орталығы
55. Республикалық оқу-әдiстеме орталығы
56. Семей мемлекеттік медицина академиясы
57. Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы
58. Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебi
59. Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы
60. Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы
61. Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы
62. Республикалық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты
63. Республикалық дәрi-дәрмек құралдарын сараптау және стандарттау жөніндегі базалық зертхана
64. Ұлттық ғылыми медициналық орталық
65. Еңбек гигиенасы мен кәсiби аурулар ұлттық орталығы
66. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық басқармасы