Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1465
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қарашадағы № 1111 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1465 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 40, 508-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың бiрiншi абзацы "денсаулығын сақтау" деген сөздерден кейiн "медициналық және фармацевтикалық білім беру" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
1) тармақша "денсаулығын сақтау" деген сөздерден кейiн "медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшада "және оларды жарақтандыруды қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақта:
1) тармақшада "денсаулық сақтауды" деген сөздерден кейiн "медициналық және фармацевтикалық білім берудi"деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада "денсаулық сақтау" деген сөздерден кейiн "медициналық және фармацевтикалық білім беру" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) медициналық және фармацевтикалық білім берудi қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды, денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатураларын, олардың қызметi туралы ереженi, дәрiгерлiк лауазымдар мен мамандықтардың номенклатураларын, құрылымдар мен үлгі штаттарды және штаттық нормативтердi, халыққа медициналық қызмет көрсетудің көлемi мен деңгейiнiң нормативтерiн, бастапқы медициналық-санитарлық, білікті стационарлық, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің, қалыпқа келтiрiп емдеу мен медициналық оңалтудың түрлерi мен көлемiн, азаматтарға ақылы қызмет көрсету кезiнде медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргiзудің нысандарын, сондай-ақ кеңейтудiң салалық жүйесiн әзiрлеу және бекіту;
6-2) санаторийлiк-курорттық емдеу, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың санаттары, сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібi мен азаматтарды дәрi-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету көрсетiлген аурулар мен денсаулықтың бұзылуларының тізбecін айқындау;";
9) тармақша "ұйымдардың" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) төтенше жағдайлар кезiнде азаматтарға тегiн медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру және оларды дәрі-дәрмек құралдарымен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету";
15) тармақшада "сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптама" деген сөздер "медициналық сараптамалардың түрлерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) біліктiлiк емтихандарын өткізу тәртібін айқындау;";
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"21) дәрі-дәрмек құралдарын әкелуге және әкетуге келiсудi жүзеге асыру";
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"23) медицина ғылымының дамуын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтi үйлестiру";
мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"24-1) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды сақтауды және денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық емдеуде болған науқастарды дәрiлiк қамтамасыз етудi бақылауды жүзеге асыру";
"24-2) мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергiлiктi органдары басшылары мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсiптiк құзыреттілiгіне аттестаттау жүргiзу";
29) тармақшада "санитарлық" деген сөз "санитарлық-эпидемиологиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) және 33) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"32) медициналық жабдықтардың, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдарды өндiру мен олардың сапасын, сондай-ақ дәрi-дәрмек құралдары айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
33) амбулаториялық емдеу кезiнде оларға дәрі-дәрмек құралдары, мамандандырылған емдеу тағамдары рецепт бойынша тегiн немесе жеңiлдiктi шартпен берiлетiн негiзгi (өмiрлiк маңызды) дәрі-дәрмек құралдарының тiзiмiн, аурулардың түрлерi мен халықтың жекелеген санаттарының тiзбесiн бекіту";
34) тармақша ", сондай-ақ денсаулық сақтау саласында мемлекеттік статистикалық есепке алу мен есеп берудi жүргiзудi қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
"34-1) денсаулық сақтау саласында, оның iшiнде дәрі-дәрмек құралдарын басқару жөніндегі республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;";
12-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғандығы үшiн әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолдану";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында қызметпен айналысуға арналған лицензиялауға қорытынды ұсыну және қатысу, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарын аккредитациялауды жүргiзу;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д.К. Ахметов |