Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы
күрес станциясы" мен "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік
мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 28 наурыздағы № 366 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604; 28.10.04 ж. № 1117;
29.10.04 ж. № 1125 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Обаның табиғи ошақтары аумақтарында осы жұқпаның алдын алу жөніндегі iс-шаралардың тиiмділігiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесi одан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Шалқар обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесiн (бұдан әрi - 1 Мекеме) бөлу жолымен;
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесi одан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесiн (бұдан әрi - 2 Мекеме) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. 1 және 2 Мекемелердi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) 1 және 2 Мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн және олардың Әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде:
8 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi" бөлiмiнде:
бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі", 3-бағанда: "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" жолындағы "106" деген сан "58" деген санмен ауыстырылсын;
"Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" жолындағы "150" деген сан "99" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы 51
Шалқар обаға қарсы күрес станциясы 48";
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1117 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1125 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |