21-бөлім. Тұрғындар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі
21.1. Мердiгер Келісім-шартқа сәйкес _______________________________
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
_________________________________________________________________________
операциясының түрі көрсетілсін
__________________________________________________________ жүргізу
Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін
кезiнде Мемлекет заңнамасында көзделген жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу
жөніндегі нормалар мен ережелердiң орындалуын қамтамасыз етуi, сондай-ақ
апаттар мен кәсiби сырқаттардың алдын алу және жою жөніндегі iс-шараларды
жүргізуi тиiс.
21.2. Егер адамдардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп туғызатын болса
_________________________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін жүргiзуге тыйым салынады.
21.3. ______________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
жүргiзу кезiнде техникалық қауiпсiздiк және өндiрiстiк тазалық ережелерi
мен нормаларын сақтауға мемлекеттік бақылауды уәкілеттi мемлекеттік
органдар өз құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.
21.4. ______________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
жүргізу кезінде қауiпсiз жүргiзудi қамтамасыз ету жөніндегi негiзгi
талаптар мыналар болып табылады:
жұмыстарға арнайы дайындығы мен біліктiлiгi бар адамдарға, ал тау-кен жұмыстарын басқаруға - тиiстi білімi бар адамдарға рұқсат беру;
_________________________________________________________ жүргізу
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін кезiнде онымен айналысатын адамдарды арнайы киiмдермен, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;
тиiстi қауiпсiздiк талаптары мен тазалық нормаларына сәйкес келетiн машиналарды, жабдықтар мен материалдарды қолдану;
жарылғыш заттар мен жару құралдарын тиiсiнше сақтау және жұмсау, есебiн жүргiзу, сондай-ақ оларды дұрыс және қауiпсiз пайдалану;
жұмыстардың технологиялық циклын және қауiптi жағдайларды болжауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi және жеткiлiктi геологиялық, маркшейдерлiк және өзге де бақылаулар кешенiн жүргiзу, қауіптi аймақтарды дер кезiнде анықтау және тау-кен жұмыстарының жоспарларына енгізу;
техникалық құжаттамалар мен апаттарды жою жоспарларын, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу шекараларын нақтылайтын мәлiметтермен уақытылы толықтырып отыру;
Кен орындарын әзiрлеудiң жобалық жүйелерiн (Қатты пайдалы қазбалар үшiн), Әзiрлеудiң және Кен орындарын (мұнай, газ және жер асты сулары үшiн) жайластырудың жобалары мен технологиялық сызбаларын сақтау.
21.5. Мердiгердiң лауазымды адамдары, қызметкерлердiң және/немесе тұрғындардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төнуi туындаған кезде жұмыстарды жедел тоқтатуға және адамдарды қауiпсiз жерге тасуға және бұл туралы Құзыреттi және жергiлiктi атқару органдарына хабардар етуге мiндеттi.
21.6. Мердiгер оның шарттық мiндеттемелер мен еңбек мiндеттерiн атқаруы кезiнде азаматтың денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толтырады.
22-бөлiм. Мердігердің келісім-шарттың
Шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілігі
22.1. Мердiгер жасасқан мәмiлелер Мемлекет заңнамасында көзделген негiздер бойынша заңсыз деп танылады .
22.2. Мердiгер Келісім-шарттың 22.1-тармағында көрсетiлген iс-қимылдардың салдарлары үшiн Құзыреттi органның және Yшiншi тұлғалардың алдында толық жауапкершiлiкте болады.
22.3. Көрсетiлген мәмiлелердi жасауда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларын басқа да бұзылушылықтарға кiнәлi адамдар заңмен белгiленген тәртiптiк, материалдық, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкте болады.
23-бөлiм. Кездейсоқ оқиға
23.1. Келісім-шарт бойынша қандай да болмасын мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер бұл орындамаушылық немесе тиiсiнше орындамаушылық тежеусiз күшке (кездейсоқ оқиғаға) байланысты болса Тараптардың ешқайсысы ешқандай жауапкершiлiкке тартылмайды.
23.2. Тежеусiз күштiң мән-жайларына мынадай мән-жайдың жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген жағдаяттар жатады, мысалы: әскери жанжалдар, табиғат апаттары, табиғи зiлзалалар (өрт және т.с.). Келтiрiлген тiзбе бәрiн толық қамтыған болып табылмайды.
23.3. Тежеусiз күш мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шегушi Тарап бұл туралы кездейсоқ оқиға мән-жайлары басталған күнiн және сипаттамасын анықтаған жазбаша хабарламаны тапсыру немесе поштамен жiберу жолымен екiншi Тарапқа дереу хабарлайды.
23.4. Кездейсоқ оқиға мән-жайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешімін іздеу үшін дереу кеңес өткізеді және мұндай мән-жайлардың салдарларын барынша азайту мәліметі үшін барлық құралдарды пайдаланады.
23.5. Кездейсоқ оқиға мән-жайларымен байланысты Келісім-шарт бойынша жұмыстардың толық немесе ішiнара тоқтауы кезiнде, бұл жұмыстардың жүргiзiлу кезеңі кездейсоқ оқиғаның қолданылу мерзiмiне ұзартылады және кездейсоқ оқиға тоқтатылған сәттен бастап қайта жаңғыртылады.
24-бөлiм. Құпиялылық
24.1. Келісім-шартты орындау процесiнде қандай да болмасын Тараптың алған немесе сатып алған ақпараты құпия болып табылады. Тараптар Мемлекет заңнамасында көзделген қажетті есеп берулер құрастыру үшiн құпия ақпаратты пайдалана алады.
24.2. Тараптардың екiншi Тараптың келісімiнсiз құпия ақпаратты Үшiншi тұлғаларға мынадай жағдайларды қоспағанда беруге құқығы жоқ:
егер бұл ақпарат сотта іс қарауды жүргiзу барысында пайдаланылса;
ақпарат Мердiгерге қызмет көрсететiн Үшiншi тұлғаға мұндай Yшiншi Тарап мұндай ақпаратты құпия қарап және оны Тараптар белгiлеген мақсаттарға және белгiленген мерзiмдерде ғана пайдалануға мiндеттеме алу шартымен берiлген жағдайда;
ақпарат Мердiгер қаржылық қаражат алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпаратты құпия деп қарап және оны тек көрсетiлген мақсаттарға ғана пайдалануға мiндеттеме алу шартымен берiлген жағдайда.
24.3. Тараптар, Мемлекет заңнамасына сәйкес, Келісім-шарттық аумақта
______________________________________________________________ жүргiзуге
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін қатысты
барлық құжаттардың, ақпараттардың және есептердiң құпиялығын сақтау
мерзiмiн айқындайды.
25-бөлiм. Құқықтар мен міндеттерді тапсыру
25.1. Келісім-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi Үшiншi тұлғаға тапсыруға, жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге тапсыруды қоспағанда, тек Құзыретті органның жазбаша рұқсатымен ғана жол берiледi. Құзыреттi орган, егер негiзгi ұйым Құзыретті органға Келісім-шарт бойынша мiндеттемелерiн толық орындауға еншiлес заңды тұлғамен ортақ кепілдік берсе, Жер қойнауын пайдалану құқығын кез-келген жағдайда, еншілес ұйымға кез-келген тапсырудан бас тартуға құқығы жоқ.
25.2. Келісім-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi тапсыруға байланысты шығыстарды Мердiгер көтередi және мемлекет тарапынан орны толтырылмайды.
25.3. Мердiгер Келісім-шартта қандай да болмасын қатысуын сақтаған уақытқа дейiн, ол және ол құқықтар мен мiндеттердi берген Yшiншi тұлға Келісім-шарт бойынша ортақ жауапкершiлiкте болады.
26-бөлім. Қолданылатын құқық
26.1. Келісім-шарт және Келісім-шарт негiзiнде қол қойылған басқа да келісімдер үшiн, егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
26.2. Мердiгер өзіне Келісім-шарттық аумақта және онымен iргелес учаскелерде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Мемлекет алған Халықаралық мiндеттемелердi сақтауға өзiне міндеттеме қабылдайды.
27-бөлiм. Дауларды шешу тәртібі
27.1. Тараптар Келісім-шарттан туындайтын барлық даулар мен келiспеушiлiктердi келiссөздер жолымен шешу үшiн барлық шараларды қабылдайды.
27.2. Егер дау туындаған сәттен бастап _____________ күн ішiнде даулы мәселе келiссөздер жолымен шешiлмесе, онда Тараптар оны шешу үшiн мынадай органдарға тапсырады:
заңнамаға сәйкес осыған ұқсас дауларды қарауға уәкiлеттi Мемлекеттiң сот органдарына немесе;
мынадай арбитраж органдарының біреуіне _________________________
(тек шетелдік
_______________________________________________________________________;
Мердігерлер және бірлескен кәсіпорындар үшін)
Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі конвенцияға (ИКСИД конвенциясы) сәйкес 1995 жылғы 18 наурызда Вашингтонда құрылған қол қою үшін ашық инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталығы (бұдан әрi - орталық), егер Мердiгердiң мемлекетi осы конвенцияның мүшесi болса немесе;
егер Мердiгердiң мемлекетi ИКСИД конвенциясының мүшесi болмаса, орталықтың қосымша мекемесiне (қосымша органның тәртібі бойынша қызмет ететін) немесе;
Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНСИТРАЛ) Халықаралық Сауда құқығы жөніндегі комиссиясының арбитраждық регламентіне сәйкес құрылатын арбитраж органдарына немесе;
Стокгольмдегi Халықаралық Сауда палатасының Арбитраждық институты жанындағы арбитраждық қарауға, немесе:
Мемлекеттiң Сауда-өнеркәсiптiк палатасы жанындағы арбитраж
комиссиясына _________________________________________________________
Жоғарыда көрсетілген органдардың бірін
______________________________________________________________________
таңдап алу керек
ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. № 889 қаулысымен 28-бөлім жаңа редакцияда
28-бөлiм. Келісім-шарт тұрақтылығының кепiлдiктерi
28.1. Заңнамаға Мердiгердiң жағдайын нашарлататын өзгерістер мен толықтырулар осындай өзгерістер мен толықтыруларға дейiн берiлген және жасалған Келісім-шартқа қолданылмайды.
Осы тармақпен белгiленген кепiлдiктер Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауiпсiздiк және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының өзгерістеріне қолданылмайды.
28.2. Заңнамаға Келісім-шарт бойынша қызметтi одан әрi жүзеге асыру мүмкiн еместiгiне алып келетiн өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда Тараптар мүдделердiң бастапқы белгiленген тепе-теңдiгiн қалпына келтіру үшін Тараптардың жазбаша келісімімен Келісім-шартқа тиісті өзгерістер енгізе алады.
29-бөлiм. Келісім-шарттың қолданылуын тоқтату
және тоқтата тұру шарттары
29.1. Құзыреттi орган егер:
Келісім-шарттың қызметiмен байланысты жұмыстардың ықпал ету аумағында жұмыс iстейтiн немесе тұратын адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнсе, Келісім-шарттың қолданылуын мiндеттi түрде тоқтатады.
29.2. Құзыреттi орган Келісім-шарттың қолданылуын мынадай жағдайларда:
Мердiгер Келісім-шартта және Жұмыс бағдарламасында көзделмеген қызметтi жүзеге асырған кезде;
Мердiгер өз қызметiнiң процесiнде Мемлекеттiң жер қойнауын, қоршаған табиғи ортаны қорғау және жұмыс жүргiзудiң қауіпсiздiгi бөлiгiнде Мемлекет заңнамасын бұзған кезде;
Мердiгер өзiнiң қызметiнiң процесiнде Келісім-шартта белгiленген салық төлеу және басқа да міндеттi төлемдердi төлеу тәртібін бұзған кезде;
Мердiгер Келісім-шарттағы құқықтарын Үшiншi тұлғаға тапсыруды Келісім-шарттың 25-бөлiмiн толықтай немесе ішiнара бұза отырып тапсыру кезiнде;
Жұмыс бағдарламасының шеңберiнде тежеусiз күш жағдайларында (кездейсоқ оқиға) байланысты жағдайларды қоспағанда, Мердiгер өндiрiстi мерзiмiнен артық ________ күнге тоқтатса;
осы Келісім-шарт бойынша ақпараттық құпияны сақтау туралы шарттарды бұзған кезде тоқтата тұруға құқылы.
29.3. Мердiгер Келісім-шарттың қолданылуын тоқтата тұруға мәжбүр еткен себептердi жойғанын хабарлағаннан кейiн оның қолданылуы одан әрi жалғастырылады.
29.4. Келісім-шарт тек мынадай жағдайларда ғана қолданылуы мерзiмiнен бұрын:
Мердiгер Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес Барлауды Өндiрудi, бірлескен Барлау мен Өндiрудi не Құрылысты және (немесе) жерасты құрылыстарын пайдалануды тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауды туғызған себептердi жоюдан бас тартқан кезде не осы себептердi жою үшiн жеткiлiктi мерзiмде оларды жоймаған кезде;
егер жер қойнауын пайдаланушы Келісім-шартта белгiленген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға кiрiспеген жағдайда;
адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп туғызумен байланысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұруды туғызған себептердi жою мүмкiн емес жағдайда;
Мердiгер Келісім-шартпен не жұмыс бағдарламасымен белгiленген мiндеттемелерiн айтарлықтай бұзған жағдайда;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Жер қойнауын пайдалану құқығы қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кепiлдiкке салынғаннан басқа жағдайларды қоспағанда, Мердiгер банкрот деп танылған жағдайда ;
Жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес Келісім-шарт заңсыз деп танылса тоқтатылады.
29.5. Келісім-шарттың қолданылуы осы Келісім-шарттың 29.4-тармағында көрсетiлген себептер бойынша Мердiгер Құзыреттi органнан Келісім-шарттың қызметiн қолданылу мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы жазбаша хабар алғаннан кейiн ________ күннен соң тоқтатылады.
29.6. Тараптар Мердігерге Келісім-шарттың қолданылуын тоқтату туралы ескертудi тапсыру сәтiне орындалмай қалған ағымдағы мiндеттемелерiн орындаудан босатылмайды.
30-бөлiм. Келісім-шарт тілі
30.1. Осы Келісім-шарттың мәтiнi қазақ және орыс (басқа) тiлдерiнде жүргiзiледi және барлық даналары бірдей.
30.2. Мәтiннiң нұсқалары арасында келiспеушiлiктер мен даулар
туындаған жағдайда _______________________ нұсқасы артықшылықты күшке
қалайтын тілді көрсету
ие болады.
30.3. Тараптар ________ тiлдерi қатынас тiлдерi ретiнде
қолданылатындығына уағдаласады. Келісім-шарт күшiне енген күннен бастап
_________________________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрi көрсетілсін
жүргiзуге қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат ______________________
тiлдерiнде жүргізiледi.
30.4. Әкiмшiлiк қызметке қатысты құжаттама мен ақпарат мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жасалады.
31-бөлiм. Қосымша ережелер
31.1. Осы Келісім-шартты iске асыруға байланысты талап етiлетiн барлық хабарламалар мен құжаттар, осы Келісім-шарт бойынша Тараптардың әрқайсысына ұсынылған және жеткiзiлген деп, оларды алу фактiсi бойынша есептеледi.
31.2. Хабарламалар мен құжаттар тiкелей қолға тапсырылады немесе мынадай мекен-жайларға: пошта, тапсырыс авиапоштасы, факс, телекс немесе телеграф бойынша жiберiледi.
Құзыреттi органның мекен-жайы: Мердiгердiң мекен-жайы: телекс телекс телеграф телеграф Құзыреттi органның атынан Мердiгердiң атынан _________________________ _______________________
31.3. Осы Келісім-шарт бойынша мекен-жайлар өзгерген кезде Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама ұсынуы тиiс.
31.4. Келісім-шарттың барлық қосымшалары оның құрамды бөлiктерi ретінде қаралады. Қосымшалардың және Келісім-шарттың өзінің ережелерінің арасында қандай да бір айырмашылық болған кезде, Келісім-шарттың негiз қалаушы мәнi болады.
31.5. Келісім-шарт ережелерiне қайшы келмейтiн Келісім-шартқа енгiзiлетін түзетулер мен толықтырулар Тараптардың жазбаша келісімiмен ресiмделедi. Мұндай келісім Келісім-шарттың құрамдас бөлігі болып табылады.
Осы Келісім-шартты 200__ жылғы _____________ (айы) _________ (күні)
Қазақстан Республикасының қаласында Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi жасасты.
Құзыреттi орган Мердiгер
қолы __________________ қолы __________________
лауазымы ______________ лауазымы ______________