6.3. Мемлекеттiң Мердiгерден ____________________________________
Пайдалы қазбаның түрi көрсетiлсiн
әлемдiк рыноктың бағаларынан аспайтын баға бойынша ____________________
сатып алынатындарының
_______________________________________________________________________
шекті көлемi белгіленсін
_______________________________________________________________________
Пайдалы қазбаның түрi, олардың бағасын белгiлеу тәртібі мен төлем түрi
_____________________ алдыңғы кезекте сатып алуға құқығы бар.
көрсетілсін
7-бөлiм. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері
7.1. Мердiгердiң:
7.1.1. Келісiм-шарттық аумақта ___________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі
________________________________________ ерекше негiзде жүргiзуге;
операцияның түрi көрсетілсiн
7.1.2. Келісім-шартта белгіленген шарттарға сәйкес өзiне берiлген Келісім-шарттық аумақ шектерiнде жер қойнауын пайдалану жөніндегі кез келген заңды iс-қимылдарды дербес жасауға;
7.1.3. Таңдауы бойынша өз қызметінiң нәтижелерiн, оның iшiнде
___________________________________ пайдалануға;
Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін
7.1.4. Келісім-шарттық аумақта, қажет болған жағдайда белгiленген
тәртіппен Мердігерге бөлінген өзге де жер учаскелерінде _______________
Жер қойнауын
_______________________________________________________ жүзеге асыру
пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
үшiн қажет өндiрiстiк және әлеуметтiк сала объектілерін салуға;
7.1.5. Иелерiмен уағдаластық бойынша Келісім-шарттық аумақта да, одан тыс жерлерде де жалпы пайдаланудағы объектiлер мен коммуникацияларды пайдалануға;
7.1.6. Келісім-шарттың 3.3-тармағына сәйкес Келісім-шарт күшiнiң мерзімiн ұзарту туралы келiссөздердi бірiншi кезектегi тәртiппен жүзеге асыруға;
7.1.7. ____________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрi көрсетілсін жүргiзуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерiн орындау үшiн Қосалқы мердiгерлердi тартуға;
7.1.8. Келісім-шартпен және Мемлекет заңнамасымен белгiленген шарттарды сақтай отырып, өзiнiң барлық құқығын немесе оның бір бөлiгін үшiншi тұлғаларға беруге;
7.1.9. Келісім-шартпен және Мемлекет заңнамасымен белгiленген шарттарда өз қызметiн тоқтатуға;
7.1.10. Келісім-шарт тоқтатылған жағдайда егер келісім-шартта өзгеше белгiленбесе, Мердiгердiң өз меншiгіндегі мүлiкке дербес билiк жасауға құқығы бар.
7.1.11. Мердiгердiң құқығы, егер ол Мемлекет заңнамасына қайшы келмесе, Тараптардың келісімi бойынша толықтырылуы мүмкiн.
7.2. Мердiгер:
7.2.1. Тараптардың келiскен Жұмыс бағдарламасын орындауға __________
____________________________________________________________ кiрiсуге;
мерзімi белгiленсін
7.2.2. ____________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияның түрi көрсетілсін жүргiзу кезiнде әлемдiк тәжiрибеде қабылданған стандарттарға негiзделген неғұрлым тиiмдi әдiстер мен технологияларды таңдауға;
7.2.3. Келісім-шарттық аумақты Келісім-шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдалануға:
7.2.4. ____________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
Мемлекет заңнамасы мен Жұмыс бағдарламасына қатаң сәйкестікте жүргізуге;
7.2.5. Басқа тұлғаларға Келісім-шарттық аумақ шектерінде еркін
жүрiп-тұруға, ортақ пайдаланудағы объектілер мен коммуникацияларды
пайдалануға немесе жұмыстың кез келген түрiн, оның ішінде ______________
_______________________________________________ басқа табиғи ресурстарды
Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін
Барлау мен Өндiруге, егер бұл қауiпсiздiктiң ерекше шарттарымен байланысты
болмаса және мұндай қызмет ________________________________________
Жер қойнауын пайдалану
_______________________________________________ жүргiзуге кедергi
жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
келтiрмесе, бөгет жасамауға;
7.2.6. ____________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияның түрi көрсетілсiн жүргізу жөнiндегі қызметшiлер құрамы мен тұрғындардың қауiпсiздiгін қамтамасыз ететiн белгiленген тәртiппен келісілген технологиялық сызбалар мен жобаларды сақтауға;
7.2.7. Қазақстан Республикасының ?кіметi белгілеген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында конкурс өткiзумен олардың стандарттарға және басқа да талаптарға сәйкестігі кезiнде Мемлекетте өндiрiлген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнiмдердi мiндеттi түрде қолдануға;
7.2.8. ____________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрi көрсетiлсiн жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының ?кіметi белгілеген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында конкурс өткiзумен, әуе, темір жол, су және көлiктiң басқа да түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi орындау үшiн қазақстандық кәсiпорындарды және ұйымдарды мiндетті түрде тартуға;
7.2.9. Қызмет көрсетудiң қандай да бір түрi Қазақстан Республикасында болмаған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсаты бойынша шетелдiк ұйымдардың қызмет көрсетулерiн пайдалануға;
7.2.10. ____________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрi көрсетiлсiн жүргiзу кезiнде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге және жұмыс орындарын құруға;
7.2.11. Құзыреттi органға Жұмыстың бағдарламасын, сондай-ақ оны iске асыру процесi туралы толық мәлiметтер беруге;
7.2.12. Келісім-шарт бойынша жұмысқа тартылған қазақстандық
қызметкерлердiң кәсiптiк дайындығын ____________________________________
инвестициялардың жалпы көлемінің
____________________ қаржыландыруға міндетті.
кемінде - %-ы
Бұл ретте қазақстандық кадрларды оқытуға арналған мiндеттеме бойынша қаражат сомасы тартылған қызметшiлердi оқытудағы нақты қажетінен артылған жағдайда, Мердiгер қаражаттың қалған сомасын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің өзара іс-қимылы туралы келісімге сәйкес орта білім беру жүйесiнiң басымдықты мiндеттерiн қаржыландыруға пайдаланады. Оқытуға арналған қаражаттың қалған бөлiгi туралы ақпарат жылдық Жұмыс бағдарламасы мен кезектi жылдың бюджетi бекітілген соң құзыреттi органға берiледi;
7.2.13. Қызметтiк функцияларын орындау кезiнде мемлекеттік бақылау органдарына қажеттi құжаттарды, ақпараттарды кедергiсiз беруге және жұмыс орындарына бөгетсiз өтуге және олар анықтаған тәртiп бұзушылықты уақытында түзетуге мiндеттi.
7.2.14. ____________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн
Мазмұны туралы ақпаратты, егер мұндай қажеттiлiк туындаса ғана, _________
____________________________________________________________ тек екiншi
егер Келісім-шартта өзгеше көзделмесе
Тараптың жазбаша келісімiмен үшiншi Тарапқа беруге.
7.2.15. Салықтар мен бюджетке, басқа да мiндеттi төлемдердi, сондай-ақ жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшiн айыппұлдарды уақытында төлеуге.
7.2.16. Өз қызметi процесiнде Келісім-шарттық аумақта орналасқан мәдени-тарихи маңызы бар объектiлердi сақтауға.
7.2.17. Келісім-шартты орындау жөніндегі өз қызметiнiң ұзақ мерзiмдi экологиялық салдарын болжауға және бұл болжамдарды Құзыреттi орган мен қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік органдарға Келісім-шарт күшiнiң мерзiмi аяқталуына дейiн кемiнде ________ жылдан кешiктiрмей беруге.
7.2.18. Келісім-шарттық аумақты кен және санитарлық қадағалау, жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы ережелердiң талаптарына сәйкес күйде қалдыруға.
7.2.19. Жай-күйi Мердiгердiң Келісім-шарт жөніндегі қызметi кесiрiнен бұзылған жер учаскелерi мен басқа да табиғат объектілерін Мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес одан әрі пайдалануға болатындай жағдайға дейін қалпына келтіруге міндетті.
7.3. Құзыреттi органның мiндеттерi:
7.3.1. Келісім-шарт шарттарының орындалуы мен бұзылуын Мемлекет заңнамасында көзделген тәртiппен және негiздерде қамтамасыз ету;
7.3.2. Жердi пайдалану құқығында Мердiгерге Келісім-шартқа сәйкес жер учаскесiнiң берiлуiн қамтамасыз ету.
7.4. Құзыреттi органның құқықтары:
7.4.1. Келісім-шарт шарттары бойынша Мердiгермен келiссөздерде Мемлекеттi таныту;
7.4.2. Мердiгерден Келісім-шарт талаптарының орындалуының есебiн берудi үнемi талап ету. Келісім-шарт шарттарына қатысты өзге де ақпаратты сұрату.
7.4.3. Мердiгердiң, оның iшiнде ____________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі
________________________________________ Келісім-шарттың шарттарын
операцияның түрi көрсетiлсiн
орындау жөніндегі қызметiне қатысты құжаттаманы жүргiзуiн тексеру.
7.4.4. Келісім-шарт аумағында _____________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі
________________________________________ жататын кез-келген жұмысқа қол
операцияның түрі көрсетілсін
жеткiзу.
8-бөлiм. Жұмыс бағдарламасы
8.1. Мердiгер _____________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияның түрi көрсетілсін
Құзыреттi органмен келісілген Жұмыс бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады;
8.2. Жұмыс бағдарламасы Кен орындарын әзiрлеудiң оң тәжiрибесi ескерiле отырып, техникалық-экономикалық есептер мен негiздемелердiң, Кен орны қорларының (егер ол ашылған және қорды тиiстi мемлекеттік орган бекiткен болса) сараптамалық бағалануы не болмаса Жер қойнауы учаскелерi (блоктары) және басқа да материалдар негiзiнде әзiрленедi.
8.3. Мердiгер келісілген Жұмыс бағдарламасын өзгерту және/немесе толықтыру туралы ұсыныстар енгiзе алады. Жұмыс бағдарламасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер Тараптардың екеуара келісімімен жазбаша түрде енгiзiледi.
8.4. Мердiгер жыл сайынғы Жұмыс бағдарламасын жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiседi.
9-бөлiм. Барлау кезеңі
9.1. Барлау кезеңi Келісім-шартқа сәйкес ___________________________
(бірақ алты жылдан аспайды)
тізбектi жылдан тұрады және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес
келiсушi Тараптардың өзара келісімi бойынша ұзартылуы мүмкiн _________
_________________________________________________________________________
(бірақ әр кезеңi екі жылға дейiнгi ұзақтықпен кемiнде екi рет болуы керек)
Бұл ретте Тараптар Келісім-шарттық аумақта Барлау жүргiзудi жалғастыру үшiн қалдырған бөлiктi алдын ала белгiлеуге және Жұмыс бағдарламасына тиiстi өзгерістер енгізуге тиiс.
9.2. Мердiгер Барлауды Келісім-шарт күшiне енгеннен кейiн __________
_________________________________________________________________________
(Келісім-шартта белгіленген мерзiмнен кешiктiрмей)
бастауы тиiс. Мердiгер Барлауды бастаудың нақты күнi туралы Құзыреттi
органды ______ күн бұрын, алдын ала хабардар етедi.
9.3. Барлаудың жүргiзiлу шамасына қарай Мердiгер Келісім-шарт пен Жұмыс бағдарламасына сәйкес Коммерциялық табу жасалған аумақты қоспағанда, Келісім-шарт аумағын қайтаруға мiндеттенедi.
9.4. Мердiгер Келісім-шартқа сәйкес Жер қойнауының қайтарылатын учаскелерiн айқындайды және бұл туралы Құзыретті органға _________________ мерзімін көрсету керек күн бұрын ____________________ дейiн хабарлайды. мерзiмi көрсетiлсiн
9.5. Қайтарылатын учаскелер Мемлекеттiң қоршаған табиғи ортаны
қорғауға қатысты заңнамаларының барлық талаптарына сәйкес болуы тиiс.
Мердiгер қайтарылатын аумақтар мен тiкелей мақсатта пайдалану үшiн
жарамды жағдайға дейiн ________________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
________________________________________ жүргiзу салдарынан бүлiнген басқа
операцияның түрі көрсетілсін
да табиғи объектiлердi өз есебiнен қалпына келтiредi.
9.6. Егер Келісім-шарттық аумақта Коммерциялық табу жасалмаса немесе Кен өндiру кезеңiне көшу туралы шешiм қабылданбаса, онда Келісім-шарт өз күшiн Барлау кезеңi, оның мерзiмi ұзартылу мүмкiндiгi ескерiле отырып, аяқталысымен тоқтатады. Егер Мердiгер Келісім-шарт бойынша жұмысын жалғастырудан бас тартса, онда ол Келісім-шарттық аумаққа деген барлық құқығынан айырылады және бұдан әрі Келісім-шарт бойынша шеккен зиянының орнын қалай да бір толтыруға таласа алмайды.
10-бөлiм. Коммерциялық табу
10.1. Егер Мердiгер оның айтуы бойынша Өндiруге қолайлы болатындай
Кен орнын __________________________________________ ашса, бұл туралы
Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін Құзыреттi органға дереу хабар бередi және қорларға сараптамалық баға беру жөніндегі Уәкiлеттi органға тапсыру үшiн қорлардың есебi және олардың бағалануы туралы _______ күн ішiнде есеп даярлайды.
10.2. Уәкiлеттi орган Жер қойнауын пайдалану туралы заңнамада белгiленген тәртiппен Кен орны қорларына мемлекеттік сараптамалық баға берудiң орындалуын қамтамасыз етедi.
10.3. Коммерциялық табу Мердiгерге Өндiру кезеңiне көшуге (өндiруге арналған Келісім-шарт, егер де тек Барлауға Келісім-шарт бірiншi рет жасалса) ерекше құқық бередi.
10.4. Коммерциялық табу кезiнде Мердiгердiң Коммерциялық табуға байланысты шеккен шығындарының орнын толықтай немесе iшiнара толтыруға құқығы болады.
10.5. Егер Барлау нәтижесiнде Коммерциялық табу болмаса, онда Мердiгердiң Барлау кезеңiнде шеккен шығындарының орнын толтыру құқығы болмайды.
11-бөлiм. Өндіру кезеңі
11.1. Мердiгерге Келісім-шарт аумағында ________ тiзбектi жыл бойы
__________________________________________________________________________
(бірақ жиырма бес жылдан артық емес, ал iрi және бірегей кен орындары
бойынша 45 жылға дейiн)
Өндiруге ерекше құқық берiледi.
11.2. Мердiгер Өндiруге _______________________________ күннен
(мерзiмi белгіленуi керек)
кешiктiрмей немесе Өндiру бағдарламасы келісілгеннен кейiн (Барлауға
және Өндiруге арналған Келісім-шарттар үшiн) _____________________________
(Келісім-шарт күшiне енген
______________________________________________ кiрiседi.
күнi (Өндiруге арналған Келісім-шарттар үшiн)
12-бөлiм. Есепке алу және есеп беру
12.1. Мердiгер Мемлекет заңнамасына сәйкес Келісім-шарт бойынша
_____________________________________________________________ қатысты есеп
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрi көрсетілсін
жүргiзуге және есепке алу құжаттарын белгiленген мерзiмде сақтауға
міндеттенедi.
12.2. Мердiгер дейiн 1-3 ЛКУ нысаны (лицензиялық-келісім-шарттық
ережелердiң орындалғаны туралы есеп) бойынша есеп-қисап тіркелген өткен
_______________ қызметi туралы Құзыреттi органға толық ақпарат бередi.
жылы, тоқсаны
12.3. Мердiгер Мемлекет белгiлеген заңнамадағы мерзiм мен тәртiппен мемлекеттік органдарға өз қызметi туралы есеп берiп отырады.
12.4. Құзыреттi органның Мердiгердiң Келісім-шарт қағидаларын
сақтауына тексеру жүргiзуге құқығы бар және өзiнiң өкiлдерi арқылы
Мердiгердiң _____________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияның түрі көрсетілсін
жүргiзуi кезiнде қатыса алады.
13-бөлiм. ________________________ Өлшеу
Пайдалы қазбаның түрі
13.1. Келісім-шарттық аумақта өндiрiлген _________________________
Пайдалы қазбаның түрi
_______________________ өлшеу және таразылау жұмыстарын Мердiгер
көрсетілсін
Мемлекетте қолданылатын әдiстер мен тәжiрибеге сәйкес жүргiзедi.
13.2. Мердiгер әр __________________________ сайын метрология
мерзімділігі көрсетілсін
және стандарттау жөніндегі Уәкiлеттi орган өкiлдерiнiң қатысуымен
__________________________________________________ өлшеу және таразылау
Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін
үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен аспаптарын сынақтан өткiзедi.
13.3. Егер сынақ немесе тексеру кезiнде жабдықтар немесе аспаптарда ақау байқалса, бүлiну мерзiмін анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, ақау мерзiмi ақау табылған күнге дейiнгi алдыңғы өлшеу уақытының жартысы ретiнде белгiленедi.
13.4. Егер Мердiгер қолданылып жүрген әдiстерге өзгерістер енгізудi қажет деп тапса немесе орнатылған өлшегіш аспаптарды ауыстырғысы келсе, онда ол бұл туралы Метрология және стандарттау жөніндегі уәкілетті органды оның өкілдерінің осы өзгерістер мен ауыстыруларға қатысуларына мүмкіндік беру үшін ________ күннен кешіктірмей хабардар етуі тиіс.
14-бөлім. Қосалқы мердігерлік жұмыстарды орындау
14.1. Мердiгер Құзыреттi органға жылдық Жұмыс бағдарламасының құрамында келесi күнтiзбелiк жылда жасалуы қажет қосалқы мердiгерлiк жұмыстардың жоспарын, материалдарды, жабдықтарды жеткiзуге және қызмет көрсетуге арналған қосалқы келісім-шарттардың тiзбесiн, сондай-ақ қазақстандық және шетелдiк әлеуеттi қосалқы мердiгерлердiң тiзбесiн ұсынады.
14.2. Мердiгер Қосалқы мердiгерлердi, әдетте, жұмысқа конкурстық негiзде алады.
14.3. Қосалқы мердiгерлiк келісім-шарттардың орындалуына Мердiгер Мемлекет заңнамасына сәйкес жауап бередi.
15-бөлiм. Қаржыландыру
15.1. Мердiгер Келісім-шарт бойынша өз қызметiн толық қаржыландыруды Тараптармен келісілген Жұмыс бағдарламасына сәйкес өз жауапкершiлiгiне алады.
15.2. Мердiгер, егер Мемлекет заңнамасына қайшы келмесе, өз қызметiн қаржыландыру үшiн несиенi Мемлекет ішiнде және одан тысқары жерлерде кез-келген валютамен еркiн ала алады.
15.3. Мердiгердiң Келісім-шартты орындау мақсатында Келісім-шарт бойынша түсiмдер мен кiрiстердi бiлдiретiн ақша қаражатын алу үшiн Мемлекеттiң банктерiнде сияқты одан тысқары жерлерде де ұлттық та және шетел валютасындағы да шоттары болуы мүмкiн.
15.4. Келісім-шартқа сәйкес есеп айырысудың барлық түрлерi Мемлекет заңнамасымен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
15.5. Мердiгер мен Қосалқы мердiгерлер валюталық операцияларды валюталық реттеу туралы Мемлекет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. № 889 қаулысымен 16-бөлім жаңа редакцияда
16-бөлiм. Салық салу
16.1. Мердiгер Келiсім-шарт негiзiнде жүзеге асыратын қызметi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына, соның iшiнде, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық Шартта өзгеше ереже белгiленбеген болса, Салық кодексiне сәйкес салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттенедi.
Өнiмдердi бөлу туралы келісім-шарттарда салық салу ережелерi Салық заңнамасына сәйкес белгiленедi.
16.2. Мердiгер мынадай салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердi төлейдi:
16.2.1. Корпорациялық табыс салығы
Мердiгер корпорациялық табыс салығын Салық кодексiнiң 4 және 7-бөлiмдерiне сәйкес төлейдi.
16.2.2. Қосылған құн салығы
Мердiгер қосылған құн салығын Салық кодексiнiң 8-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
16.2.3. Акциздер
Мердiгер акциздердi Салық кодексiнiң 9-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
16.2.4. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi және үстеме пайда салығы
Mepдігep жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен үстеме пайда салығын Салық кодексiнiң 10-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
16.2.4.1. Қол қойылатын бонус
16.2.4.1.1. Мердiгер ______ мөлшердегi қол қойылатын бонусты Келісім-шарт күшiне енген күнiнен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен кешiктiрмей төлейдi.
16.2.4.2. Коммерциялық табу бонусы
Мердiгер коммерциялық табу бонусын Салық кодексiне сәйкес Келісім-шартта белгiленген ставка бойынша төлейдi.
16.2.4.3. Роялти
Mepдiгep роялтидi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн пайдалы қазбалардың әр түрi бойынша, оны сатып алушыларға өткiзiлгенiне (тиеп жөнелтiлгенiне) немесе өз қажетiне пайдаланылғанына қарамастан, Салық кодексi 300-бабының 3-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке төлейдi.
16.2.4.3.1. Мердiгер роялти төлеудi ______ ставка бойынша жүргiзедi.
16.2.4.3.2. Роялтидi ақшалай төлеу нысаны Қазақстан республикасы Үкіметінiң шешiмiмен Құзыреттi органмен қосымша келісімде белгiленген тәртiпте заттай нысанмен ауыстырылуы мүмкiн.
16.2.4.3.3. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндiрген жағдайда Мердiгер роялтидi мiндеттемелер пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiне сәйкес төлейдi.
16.2.4.4. Yстеме пайда салығы
16.2.4.4.1. Мердiгер yстеме пайдаға салынатын салықты есептеудi салық кезеңiнiң аяғында қол жеткен пайданың iшкi нормасы деңгейiн негiзге ала отырып, мынадай ставкалар бойынша жүргiзедi:
Пайданың iшкi нормасы (ПIН), % | Есептi жылдағы таза кіріске %-бен алғанда үстеме пайда салығының ставкасы |
20-дан кем немесе оған тең | 0 |
20-дан артық, бірақ 22-ден кем немесе оған тең | 4 |
22-ден артық, бірақ 24-тен кем немесе оған тең | 8 |
24-тен артық, бірақ 26-дан кем немесе оған тең | 12 |
26-дан артық, бірақ 28-ден кем немесе оған тең | 18 |
28-ден артық, бірақ 30-дан кем немесе оған тең | 24 |
30-дан артық | 30 |