Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 шiлдедегi № 1015 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 9 тамыздағы № 889 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған модельдiк келісім-шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 шiлдедегi № 1015 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, № 28, 356-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге арналған модельдiк келісім-шартта:
1) 1-бөлiмде:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Салық заңнамасы - Салық кодексi және қабылдануы Салық кодексiнде көзделген басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдер.»;
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Салық кодексi - Келісім-шартқа қол қою (жасасу) күнiне қолданыстағы Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексi (Салық кодексi).»;
2) 16-бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бөлiм. Салық салу
16.1. Мердiгер Келiсім-шарт негiзiнде жүзеге асыратын қызметi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына, соның iшiнде, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық Шартта өзгеше ереже белгiленбеген болса, Салық кодексiне сәйкес салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттенедi.
Өнiмдердi бөлу туралы келісім-шарттарда салық салу ережелерi Салық заңнамасына сәйкес белгiленедi.
16.2. Мердiгер мынадай салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердi төлейдi:
16.2.1. Корпорациялық табыс салығы
Мердiгер корпорациялық табыс салығын Салық кодексiнiң 4 және 7-бөлiмдерiне сәйкес төлейдi.
16.2.2. Қосылған құн салығы
Мердiгер қосылған құн салығын Салық кодексiнiң 8-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
16.2.3. Акциздер
Мердiгер акциздердi Салық кодексiнiң 9-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
16.2.4. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi және үстеме пайда салығы
Mepдігep жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен үстеме пайда салығын Салық кодексiнiң 10-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
16.2.4.1. Қол қойылатын бонус
16.2.4.1.1. Мердiгер ______ мөлшердегi қол қойылатын бонусты Келісім-шарт күшiне енген күнiнен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен кешiктiрмей төлейдi.
16.2.4.2. Коммерциялық табу бонусы
Мердiгер коммерциялық табу бонусын Салық кодексiне сәйкес Келісім-шартта белгiленген ставка бойынша төлейдi.
16.2.4.3. Роялти
Mepдiгep роялтидi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн пайдалы қазбалардың әр түрi бойынша, оны сатып алушыларға өткiзiлгенiне (тиеп жөнелтiлгенiне) немесе өз қажетiне пайдаланылғанына қарамастан, Салық кодексi 300-бабының 3-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке төлейдi.
16.2.4.3.1. Мердiгер роялти төлеудi ______ ставка бойынша жүргiзедi.
16.2.4.3.2. Роялтидi ақшалай төлеу нысаны Қазақстан республикасы Үкіметінiң шешiмiмен Құзыреттi органмен қосымша келісімде белгiленген тәртiпте заттай нысанмен ауыстырылуы мүмкiн.
16.2.4.3.3. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндiрген жағдайда Мердiгер роялтидi мiндеттемелер пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiне сәйкес төлейдi.
16.2.4.4. Yстеме пайда салығы
16.2.4.4.1. Мердiгер yстеме пайдаға салынатын салықты есептеудi салық кезеңiнiң аяғында қол жеткен пайданың iшкi нормасы деңгейiн негiзге ала отырып, мынадай ставкалар бойынша жүргiзедi:
Пайданың iшкi нормасы (ПIН), % | Есептi жылдағы таза кіріске %-бен алғанда үстеме пайда салығының ставкасы |
20-дан кем немесе оған тең | 0 |
20-дан артық, бiрақ 22-ден кем немесе оған тең | 4 |
22-ден артық, бiрақ 24-тен кем немесе оған тең | 8 |
24-тен артық, бiрақ 26-дан кем немесе оған тең | 12 |
26-дан артық, бірақ 28-ден кем немесе оған тең | 18 |
28-ден артық, бiрақ 30-дан кем немесе оған тең | 24 |
30-дан артық | 30 |
16.2.4.4.2. Пайданың iшкi нормасы
Пайданың iшкi нормасы Келісім-шартқа қол қою (жасасу) күнiне
қолданыстағы Салық заңнамасына сәйкес есептеледi.
16.2.5. Әлеуметтiк салық
Мердігep әлеуметтiк салықты салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 11-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
16.2.6. Жер салығы
Мердігер жер салығын салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 12-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
16.2.7. Көлiк құралдары салығы
Mepдiгep көлiк құралдары салығын салық мiндеттемелерi пайда болған
кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 13-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
16.2.8. Мүлiк салығы
Mepдiгep Мүлiк салығын салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 14-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
16.2.9. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
Мердiгер заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алымды салық
міндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексінің
68-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.10. Жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге
құқықтарды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
Мердігер жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге
құқықтарды мемлекеттік тiркегенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда
болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 70-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.11. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi
құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
Mepдiгep радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi
құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда
болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 71-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.12. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттік
тiркегенi үшiн алым
Mepдігер механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттік
тiркегенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 72-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.13. Теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi
мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
Mepдiгep теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi
мемлекеттік тiркегенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 73-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.14. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
Мердiгер азаматтың әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алымды
салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң
74-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.15. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша жүргенi үшiн алым
Mepдiгep автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша жүргенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 76-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.16. Аукциондардан алынатын алым
Mepдiгep аукциондардан алынатын алымды салық мiндеттемелерi пайда
болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 77-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.17. Елтаңбалық алым
Мердiгер елтаңбалық алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 78-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.18. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн
лицензиялық алым
Мердiгер жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн
лицензиялық алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы
Салық кодексiнiң 79-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.19. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
Мердiгер жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық
мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексінің
81-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.20. Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн
төлемақы
Мердiгер жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаңы үшін
төлемақыны салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық
кодексiнiң 82-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.21. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы
Мердiгер қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақыны салық
мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң
83-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.22. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
Мердiгер жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық
мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң
84-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.23. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы
Mepдiгep орманды пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық мiндеттемелерi
пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 85-тарауына сәйкес
төлейдi.
16.2.24. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем
ақы
Мердігер ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн
төлемақыны салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық
кодексiнiң 86-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.25. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
Мepдiгep радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық
мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң
87-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.26. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшін төлем ақы
Мердiгер кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық
мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң
88-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.27. Сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны үшiн төлемақы
Мердiгер сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны үшiн төлемақыны
салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң
89-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.28. Мемлекеттік баж
Мердiгер мемлекеттік бажды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 90-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.29. Кеден төлемдерi
Мердiгер кеден төлемдерiн «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi
туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңына және
оның кейiнгi өзгерістерi мен толықтыруларына сәйкес төлейдi.
16.3. Қызметкерлерге салық салу
Салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi
Мердiгердiң қызметкерлерi салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша мiндеттемелер пайда болған кезде
қолданыстағы Салық заңнамасына сәйкес төлейдi.
16.4. Қосалқы мердiгерлерге салық салу
16.4.1. Мердiгерге қызметтер (жұмыстар) жасайтын қосалқы мердiгерлер
мен олардың қызметкерлерiне салық салу салық және бюджетке төленетiн
басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша мiндеттемелер пайда болған
кезде қолданыстағы Салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
16.4.2. Мердiгердiң төлем көздерiнен салық ұстау жөніндегі
мiндеттемелерiн қоспағанда, Мердiгер өзiнiң қосалқы мердігерлерінiң
салықтық мiндеттемелерi үшiн жауапты болмайды.
16.5. Трансферттiк баға тағайындау
16.5.1. Салық қызметi органдары мен кеден органдары мәмiлелер
бойынша бағалардың дұрыс қолданылуына Қазақстан Республикасының
трансферттiк бағалардың қолданылуын мемлекеттік бақылау мәселелерiн
реттейтiн заңнамалық кесiмiнде көзделген тәртiппен және жағдайларда
бақылау жасайды.
16.5.2. Мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактiсi анықталған
жағдайда салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
айыппұлдар мен өсiмпұлдарды қолдана отырып, салық салу объектiлерi мен
салық мiндеттемелерiне түзету енгiзедi.
16.6. Жалпы салықтық жауапкершiлiк
Келісім-шарт ережелерi бойынша төленетiн салықтар мен бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер Мердiгердi Келісім-шарт ережелерiнде
көзделмеген қызметтi жүзеге асырғаны үшiн салық мiндеттемелерi пайда
болған күнге заңнамалық кесiмдермен белгiленген салықтар мен бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу мiндеттемелерiнен
босатпайды.
16.7. Салық шекарасы
Mepдiгep салық режимiне сәйкес Келісім-шартпен көзделген салық
мiндеттемелерiн есептеу үшiн жеке есептi және осы Келісім-шарт шегiнен
тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеудi жүргiзуге мiндеттi.
Бұл ереже кең тараған пайдалы қазбаларды және (немесе) жерасты
суларын өндiру жөніндегі Келісім-шарттарға қолданылмайды.
16.8. Салықтар мен төлемдердi төлеу және аудару
16.8.1. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер
бойынша салық мiндеттемесi Қазақстан Республикасының заңнамалық
кесiмдерiмен және Келісім-шарт ережелерiмен заттай нысанда төлеу немесе
шетелдiк валютамен төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, теңгемен
орындалады.
16.9. Салық заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Салық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық тиiстi заңнамалық
кесiмдермен реттеледi.
16.10. Өсiмпұлдарды төлеу
Уақыты өткен салық мiндеттемелерi сомасына өсiмпұлдарды есептеу осы
соманы төлеy күнiне қолданыстағы Салық заңнамасымен белгiленген мөлшерде
қолданылады.
16.11. Салық режимiнiң тұрақтылығы
16.11.1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда
белгiленген салық салу ережелерi салық заңнамасының өзгеруiне байланысты
тараптардың келісімi бойынша түзетiлуi мүмкін.
Салық заңнамасындағы өзгерістер нәтижесi болып табылатын жер
қойнауын пайдаланушыға салық салу ережелерi жақсарған жағдайда, Қазақстан
Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында жер
қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардағы салық салу ережелерiне
түзетулер енгiзiледi.
16.11.2. Келісім-шартта көзделген салықтардың және бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерi жойылған
жағдайда, осы Келісім-шарттың 16.11.1-тармағында белгiленген тәртiппен
келісім-шартқа тиiстi өзгерістер енгiзiлгенге дейiн жер қойнауын
пайдаланушы Келісім-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды
бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.
16.12. Ақпаратқа қол жеткiзу
16.12.1. Мердiгер банктегi шоттарына Қазақстан Республикасы салық
органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткiзу
мүмкiндiгi бар екендiгiн мойындайды.
16.12.2. Мердiгер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық
қызметiнiң қызметкерлерiне Келісім-шарт шектерiнде жүзеге асырылатын
қызметке жататын ақпаратты беруге мiндеттi.
16.12.3. Мердiгер салық төлеушiлер мониторингiн жүзеге асыратын
уәкiлеттi органға салық заңнамасымен белгiленген жағдайларда және
тәртiпте қаржы-шаруашылық қызметi жөніндегі ақпаратты бередi.»;
3) мынадай мазмұндағы 16.1-бөлiммен толықтырылсын:
«16.1. Зейнетақымен қамтамасыз ету
Мердiгер өз жұмыскерлерiнiң мiндеттi зейнетақы жарналарын
мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы зейнетақымен қамтамасыз
ету туралы заңнамаға сәйкес ұстайды және жинақтаушы зейнетақы қорларына
аударады.»;
4) 28-бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бөлiм. Келісім-шарт тұрақтылығының кепiлдiктерi
28.1. Заңнамаға Мердiгердiң жағдайын нашарлататын өзгерістер мен
толықтырулар осындай өзгерістер мен толықтыруларға дейiн берiлген және
жасалған Келісім-шартқа қолданылмайды.
Осы тармақпен белгiленген кепiлдiктер Қазақстан Республикасының
қорғаныс қабiлетiн, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы,
экологиялық қауiпсiздiк және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының
өзгерістеріне қолданылмайды.
28.2. Заңнамаға Келісім-шарт бойынша қызметтi одан әрi жүзеге асыру
мүмкiн еместiгiне алып келетiн өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген
жағдайда Тараптар мүдделердiң бастапқы белгiленген тепе-теңдiгiн қалпына
келтіру үшін Тараптардың жазбаша келісімімен Келісім-шартқа тиісті
өзгерістер енгізе алады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |