16.2.4.4.2. Пайданың iшкi нормасы
Пайданың iшкi нормасы Келісім-шартқа қол қою (жасасу) күнiне
қолданыстағы Салық заңнамасына сәйкес есептеледi.
16.2.5. Әлеуметтiк салық
Мердігep әлеуметтiк салықты салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 11-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
16.2.6. Жер салығы
Мердігер жер салығын салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 12-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
16.2.7. Көлiк құралдары салығы
Mepдiгep көлiк құралдары салығын салық мiндеттемелерi пайда болған
кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 13-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
16.2.8. Мүлiк салығы
Mepдiгep Мүлiк салығын салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 14-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
16.2.9. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
Мердiгер заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алымды салық
міндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексінің
68-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.10. Жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге
құқықтарды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
Мердігер жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге
құқықтарды мемлекеттік тiркегенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда
болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 70-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.11. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi
құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
Mepдiгep радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi
құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда
болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 71-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.12. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттік
тiркегенi үшiн алым
Mepдігер механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттік
тiркегенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 72-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.13. Теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi
мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
Mepдiгep теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi
мемлекеттік тiркегенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 73-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.14. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
Мердiгер азаматтың әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алымды
салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң
74-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.15. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша жүргенi үшiн алым
Mepдiгep автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша жүргенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 76-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.16. Аукциондардан алынатын алым
Mepдiгep аукциондардан алынатын алымды салық мiндеттемелерi пайда
болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 77-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.17. Елтаңбалық алым
Мердiгер елтаңбалық алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 78-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.18. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн
лицензиялық алым
Мердiгер жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн
лицензиялық алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы
Салық кодексiнiң 79-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.19. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
Мердiгер жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық
мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексінің
81-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.20. Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн
төлемақы
Мердiгер жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаңы үшін
төлемақыны салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық
кодексiнiң 82-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.21. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы
Мердiгер қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақыны салық
мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң
83-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.22. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
Мердiгер жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық
мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң
84-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.23. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы
Mepдiгep орманды пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық мiндеттемелерi
пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 85-тарауына сәйкес
төлейдi.
16.2.24. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем
ақы
Мердігер ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн
төлемақыны салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық
кодексiнiң 86-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.25. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
Мepдiгep радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық
мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң
87-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.26. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшін төлем ақы
Мердiгер кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық
мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң
88-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.27. Сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны үшiн төлемақы
Мердiгер сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны үшiн төлемақыны
салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң
89-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.28. Мемлекеттік баж
Мердiгер мемлекеттік бажды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде
қолданыстағы Салық кодексiнiң 90-тарауына сәйкес төлейдi.
16.2.29. Кеден төлемдерi
Мердiгер кеден төлемдерiн «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi
туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңына және
оның кейiнгi өзгерістерi мен толықтыруларына сәйкес төлейдi.
16.3. Қызметкерлерге салық салу
Салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi
Мердiгердiң қызметкерлерi салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша мiндеттемелер пайда болған кезде
қолданыстағы Салық заңнамасына сәйкес төлейдi.
16.4. Қосалқы мердiгерлерге салық салу
16.4.1. Мердiгерге қызметтер (жұмыстар) жасайтын қосалқы мердiгерлер
мен олардың қызметкерлерiне салық салу салық және бюджетке төленетiн
басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша мiндеттемелер пайда болған
кезде қолданыстағы Салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
16.4.2. Мердiгердiң төлем көздерiнен салық ұстау жөніндегі
мiндеттемелерiн қоспағанда, Мердiгер өзiнiң қосалқы мердігерлерінiң
салықтық мiндеттемелерi үшiн жауапты болмайды.
16.5. Трансферттiк баға тағайындау
16.5.1. Салық қызметi органдары мен кеден органдары мәмiлелер
бойынша бағалардың дұрыс қолданылуына Қазақстан Республикасының
трансферттiк бағалардың қолданылуын мемлекеттік бақылау мәселелерiн
реттейтiн заңнамалық кесiмiнде көзделген тәртiппен және жағдайларда
бақылау жасайды.
16.5.2. Мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактiсi анықталған
жағдайда салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
айыппұлдар мен өсiмпұлдарды қолдана отырып, салық салу объектiлерi мен
салық мiндеттемелерiне түзету енгiзедi.
16.6. Жалпы салықтық жауапкершiлiк
Келісім-шарт ережелерi бойынша төленетiн салықтар мен бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер Мердiгердi Келісім-шарт ережелерiнде
көзделмеген қызметтi жүзеге асырғаны үшiн салық мiндеттемелерi пайда
болған күнге заңнамалық кесiмдермен белгiленген салықтар мен бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу мiндеттемелерiнен
босатпайды.
16.7. Салық шекарасы
Mepдiгep салық режимiне сәйкес Келісім-шартпен көзделген салық
мiндеттемелерiн есептеу үшiн жеке есептi және осы Келісім-шарт шегiнен
тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеудi жүргiзуге мiндеттi.
Бұл ереже кең тараған пайдалы қазбаларды және (немесе) жерасты
суларын өндiру жөніндегі Келісім-шарттарға қолданылмайды.
16.8. Салықтар мен төлемдердi төлеу және аудару
16.8.1. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер
бойынша салық мiндеттемесi Қазақстан Республикасының заңнамалық
кесiмдерiмен және Келісім-шарт ережелерiмен заттай нысанда төлеу немесе
шетелдiк валютамен төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, теңгемен
орындалады.
16.9. Салық заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Салық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық тиiстi заңнамалық
кесiмдермен реттеледi.
16.10. Өсiмпұлдарды төлеу
Уақыты өткен салық мiндеттемелерi сомасына өсiмпұлдарды есептеу осы
соманы төлеy күнiне қолданыстағы Салық заңнамасымен белгiленген мөлшерде
қолданылады.
16.11. Салық режимiнiң тұрақтылығы
16.11.1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда
белгiленген салық салу ережелерi салық заңнамасының өзгеруiне байланысты
тараптардың келісімi бойынша түзетiлуi мүмкін.
Салық заңнамасындағы өзгерістер нәтижесi болып табылатын жер
қойнауын пайдаланушыға салық салу ережелерi жақсарған жағдайда, Қазақстан
Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында жер
қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардағы салық салу ережелерiне
түзетулер енгiзiледi.
16.11.2. Келісім-шартта көзделген салықтардың және бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерi жойылған
жағдайда, осы Келісім-шарттың 16.11.1-тармағында белгiленген тәртiппен
келісім-шартқа тиiстi өзгерістер енгiзiлгенге дейiн жер қойнауын
пайдаланушы Келісім-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды
бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.
16.12. Ақпаратқа қол жеткiзу
16.12.1. Мердiгер банктегi шоттарына Қазақстан Республикасы салық
органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткiзу
мүмкiндiгi бар екендiгiн мойындайды.
16.12.2. Мердiгер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық
қызметiнiң қызметкерлерiне Келісім-шарт шектерiнде жүзеге асырылатын
қызметке жататын ақпаратты беруге мiндеттi.
16.12.3. Мердiгер салық төлеушiлер мониторингiн жүзеге асыратын
уәкiлеттi органға салық заңнамасымен белгiленген жағдайларда және
тәртiпте қаржы-шаруашылық қызметi жөніндегі ақпаратты бередi.»;
ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. № 889 қаулысымен 16-1-бөліммен
толықтырылды
16.1. Зейнетақымен қамтамасыз ету
Мердiгер өз жұмыскерлерiнiң мiндеттi зейнетақы жарналарын мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес ұстайды және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.
17-бөлiм. Бухгалтерлік есеп
17.1. Мердiгер Мемлекет заңнамасымен белгiленген бухгалтерлiк есеп жүргiзу тәртібіне сәйкес Келісім-шартты жүзеге асыруға байланысты барлық кiрiстер мен шығыстардың толық және дәл бухгалтерлiк есебiн жүзеге асыруға мiндеттенедi.
17.2. Мердiгердiң барлық бухгалтерлiк кiтаптары мен есептiк құжаттары Мемлекеттің заңнамасымен белгiленген олардың құзыреттерiне сәйкес Құзыреттi органдар мен мемлекеттік органдардың тексерiсi үшiн қол жеткiзiлiмде болады.
18-бөлiм. Сақтандыру
18.1. Мердiгер Келісім-шарт күшiне енген күннен соң _________ күн
ішiнде ______________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетілсін
байланысты болатын кәсiпкерлiк тәуекелдердi, мүлiктi және жауапкершiлiкті
сақтандыру бағдарламасын дайындайды және Құзыреттi органға келiсуге
бередi.
18.2. Сақтандыру _________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн
жүргiзу орнына жеткiзiлген жүктердi тасымалдау және жинап қоюмен;
______________________________________________________ жүргізу процесінде
Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн жалға алынған
немесе лизинг бойынша пайдаланылатын мүлiктi қоса алғанда Мердiгердiң
мүлкiмен;
жердi қоса алғанда, қоршаған табиғи ортаның ластануымен және жердi суландыру мен қалпына келтiрудi қоса алғанда, қоршаған табиғи ортаға келтiрiлген зиянның салдарын жоюға арналған шығыстармен;
Yшiншi тұлғалардың алдындағы жалпы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiкпен байланысты мүлiктiк тәуекелдер мен жауапкершiлiк үшін көзделедi.
18.3. Мердігер өзінің қызметшілерін сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
18.4. Мердігер өзінің қалауы бойынша Мемлекеттің заңнамасына сәйкес сақтандыру компаниясын таңдап алады.
19-бөлiм. Тарату және тарату қоры
19.1. Келісім-шарт күшiнiң мерзiмi бiтуiне дейiн _____ күнде, ал Өндiруге арналған Келісім-шартта Келісім-шарттың қолданылуының басталуынан екi жыл кешiктiрмей, Мердiгер таратуға кететiн шығындардың сметасын қоса алғанда, өзiнiң қызметiн тарату салдарының бағдарламасын Құзыреттi органға бекітуге тапсыруы тиiс.
19.2. Тарату бағдарламасында Келісім-шарт аумағында Мердiгердiң қызмет процесiнде пайдаланылған ғимараттары мен жабдықтарын қашықтату немесе тарату көзделiнуi тиiс.
19.3. Тарату бағдарламасын орындауды толық қаржыландыруды қамтамасыз
ету үшiн Мердiгер ________________________________________ мөлшерiнде
тарату қорын құрады.
19.4. Тарату қорына ______________ мөлшерiнде қаржыны ____________
______________________________________________ Мердiгер Қазақстан
кезеңдiлiгi анықталсын
Республикасының аумағындағы кез-келген банкiге арнаулы депозиттiк шотқа
аударады және _________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн
жөніндегі шығындар құрамына енгiзедi.
Мердiгер қорды пайдалануды Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі өкiлетті органмен келiсумен Құзыреттi органның рұқсатымен жүзеге асырады.
19.5. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерiнен асып кетсе, Мердiгер тарату жұмыстарын қосымша қаржыландыруды жүзеге асырады.
19.6. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерiнен кем болып шықса, ақшалай қаражаттың артығы мердiгерге берiледi және салық салынатын табысқа енгiзiледi.
19.7. Егер Мемлекет Келісім-шарт күшiнiң мерзiмi бiткен соң, Мердiгердiң оған берген ғимараттардың барлығын немесе бір бөлiгiн өз жауапкершiлiгіне алып, пайдалануды жалғастыру туралы шешiм қабылдаса, мұндай жағдайда Мердiгер тарату бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ешқандай жауапкершiлiк алмайды және тарату қорында жинақталған барлық активтерге қатысты барлық құқықтарды Мемлекетке бередi.
20-бөлiм. Жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау
20.1. Келісім-шартты орындау процесiнде Мердiгер Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауға қатысты Мемлекет заңнамасын сақтауға, және тұрғындардың өмiрi мен денсаулығын қорғау;
Пайдалы қазбаларды ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету;
табиғи ландшафтты сақтау және бүлiнген жерлердi, басқа да геоморфологиялық құрылымдарды қалпына келтiру;
жер сiлкiнiстерiнiң, көшкiндердiң, су басулардың, топырақтың шөгуiнiң алдын алу мақсатында Жер қойнауының жоғарғы бөлiктерiнiң энергетикалық жай-күйінiң қасиеттерiн сақтау мақсатында барлық қажеттi шараларды қолдануға міндеттi:
20.2. __________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн
жүргізу кезiнде Мердiгер басымдылық тәртiппен мынадай талаптарды
орындауға мiндеттi:
1) экологиялық талаптар:
қоршаған табиғи ортаны сақтау;
жердiң техногендiк шөлейттенуiн болдырмау;
топырақтың су және жел эрозиясына ұшырауын болдырмау;
ластануды болдырмау үшiн тартылатын және тұщы сулы жерлердi оқшаулау;
жер асты суларының сарқылуының және ластануының алдын алу;
жер қойнауын пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заңнамаға сәйкес келетiн басқа да талаптар.
2) Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар:
Жер қойнауын пайдалануға, оның iшiнде Кен өндiруге байланысты емес
мақсаттар үшiн берiлген _____________________________________________
Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін
Кен орындары мен Жер қойнауының учаскелерiндегі қорлардың шамасы мен
құрылымын анық бағалау үшiн Жер қойнауының озымды толық геологиялық
зерделенуiн қамтамасыз ету;
__________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн барлық кезеңдерінде Жер қойнауын ресурстарын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету;
__________________________________________________________ толық
Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін
шығарылуын қамтамасыз ету;
Кен орнын әзiрлеу кезiнде Жер қойнауынан шығарылған және Жер қойнауында қалған Пайдалы қазбалар мен iлеспе компоненттерiне, минералды шикiзаттарды Ұқсату өнiмдерi мен өндiрiс қалдықтарына нақтылы есеп жүргiзу;
Жер қойнауын _______________________________________________
(Барлау, Өндіру, сондай-ақ Өндірумен
________________________________________________________________________
байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және пайдалану)
кезіндегі қауiптi техногендiк процестерден сақтандыратын қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі Мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес Жер қойнауын пайдалану;
Жер қойнауын су басудан, өрттен, қопарылыстан, жоғарғы қабаттардың төмен опырылуынан, сондай-ақ оның сапасын төмендететiн немесе Кен орнын пайдалануды және әзiрлеудi қиындататын басқа да апаттық факторлардан қорғау;
_______________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану операциясының түрiн көрсету керек жүргiзу
кезiнде Жер қойнауының ластануын болдырмау;
Келісім-шарттың 29-бөлiмiмен белгіленген _________________________
Жер қойнауын пайдалану
________________________________________________________________________
операциясының түрi көрсетiлсiн
тоқтата тұру, тоқтату тәртібін және Келісім-шарттың 19-бөлiмiмен
белгiленген Кен орындарын әзiрлеу объектілерiн тарату тәртібін сақтау;
су жинау алаңдары мен жер асты су қорлары қабаттарының орындарында оларды қордалануды болдырмау мақсатында, өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды үю және орналастыру кезiнде санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету;
3) санитарлық-гигиеналық талаптар:
санитарлық қорғау аумағын ұйымдастыру;
санитарлық қорғау аумағының көрiктендiрiлуiн қамтамасыз ету;
барлық жабдықтар, құбырлар, қолданылатын химиялық құралдар және соған ұқсас санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының рұқсат еткендерiнен болуы тиiс;
санитарлық-гигиеналық жағдайды қалпында ұстауға бағытталған санитарлық-гигиеналық iс-шараларды жүзеге асыру, өндiрiстiк сырқаттар мен жарақаттың алдын алу;
қызметкерлердiң денсаулығын нығайту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу;
қоршаған ортаның мониторингiн қамтамасыз ету.
Мердiгер _______________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетілсiн
объектілерінiң геологиялық, гидрогеологиялық, экологиялық,
инженерлiк-геологиялық және технологиялық зерделеудiң толықтығын және
нақтылығын қамтамасыз етедi.
20.3. Мердiгер осы Келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметiн бастамас бұрын жоспарланған қызметтiң қоршаған табиғи ортаға ықпалын бағалауды жүргiзуi және мемлекеттік табиғат қорғау органдарынан табиғатты пайдалануға рұқсат алуы керек.
20.4. Мердiгер осы Келісім-шарт бойынша өз қызметiнiң нәтижесiнде жер қойнауына және қоршаған ортаға әсерiн зерделеу және терiс ықпалды уақытылы жою жөнiндегі шаралар қабылдау мақсатында олардың мониторингiн жүргiзуi тиiс.
20.5. Мердiгер қоршаған ортаның жай-күйiн бұзушылықты жою, қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге және табиғатқа келтiрiлген шығынды толық көлемде өтеуге міндеттi.
20.6. Жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың сақталуы үшiн Мемлекеттік бақылауды уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
20.7. Мердiгер Келісім-шарттық аумақтың қоршаған ортасының жай-күйін сақтау жөніндегі жұмыстарды орындайды.
20.8. Мердiгер Мемлекет заңнамасына сәйкес Келісім-шарт күшi тоқтатылғаннан кейiн немесе Келісім-шарт аумағын кезең-кезеңiмен қайтару кезiнде, Келісім-шарт аумағын тiкелей мақсаты бойынша одан әрi пайдалану үшiн жарамды жағдайда тапсырады.
20.9. Келісім-шартты қолдану уақытында қоршаған ортаның жай-күйiнiң, сондай-ақ Келісім-шарттық аумақтың бүлінуi (нашарлауы) тiкелей, мақсатқа пайдалануға жарамды жай-күйге дейiн Мердiгердiң есебiнен қалпына келтiрiледi.