Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 18 сәуірдегі № 596 қаулысы
(2006.12.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 Қаулысымен күші жойылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 7 маусымындағы Заңына және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесі бекітілсін.
2. Қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдар өздерінің бұрын қабылдаған нормативтік құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. "Білім беру мекемелерінің білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия беру тәртібін, білім беру мекемелерін бітіргені және білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары туралы құжаттарды беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі № 1174 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 39, № 368-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 18 сәуірдегі
№ 596 қаулысымен бекітілген
Білім беру қызметін лицензиялаудың
ережесі
1. Жалпы ережелер
2. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі
3. Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары
4. Лицензияны кері қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2005.20.12. № 1253 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Заңды тұлғалардың білім беру қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан лицензиялануға тиіс.
2. Мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың, жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарының білім беру қызметі лицензиялануға тиіс.
3. Білім беру ұйымының білім беру қызметін жүргізу құқығы оған лицензия (рұқсат) берілген күннен басталады және заңдарда белгіленген тәртіппен ол қайтарып алынған немесе жарамсыз деп танылған сәттен бастап тоқтатылады.
ҚР Үкіметінің 28.02.01 ж. № 297 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 250 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияны:
1) жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта білімнің (арнаулы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын және спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда) негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарға - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы (лицензиар);
2) кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білімнің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған және арнаулы білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ спорт жөніндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға - облыстың жергілікті атқарушы органы (лицензиар);
3) жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта білімнің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын, арнаулы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарға - республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы (лицензиар);
4) жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын, республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мамандандырылған білім беру бағдарламаларын және кәсіптік орта білімнің білім беру бағдарламаларын, діни білім беру бағдарламаларын (діни оқу орындарына) іске асыратын, сондай-ақ халықаралық және шетелдік заңды тұлғаларға - Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы (лицензиар) береді
ҚР Үкіметінің 07.12.04 ж. № 1281 қаулысымен 5-тармақ толықтырылды
5. Білім беру ұйымдарының филиалдары білім беру ұйымдарының құрамында лицензияланады. Филиал туралы ереже мен тіркеу құжаттары лицензиарға табыс етілуге тиіс.
Жоғары кәсiптiк білім беру ұйымының филиалына берiлетін лицензияның қосымшаларында мемлекеттік жалпыға бiрдей мiндетті білім беру стандарттарының әлеуметтiк-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндерi циклдарының көлемiнде кәсiптiк білім беру бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз ететiн оқыту мерзiмдерi көрсетіледі.
6. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік оқу орындары немесе олардың филиалдары Қазақстан Республикасының оқу орындары сияқты шарттармен және дәл сондай тәртіппен лицензиялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 07.12.04 ж. № 1281 қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Қысқа мерзiмдi курстар, тағылымдамалар нысанындағы және мемлекеттік қорытынды аттестаттаумен және мемлекеттік үлгiдегi білімi және (немесе) біліктілігі туралы құжаттар берумен аяқталмайтын басқа да оқыту түрлерiнің білім беру қызметi лицензиялауға жатпайды.
2. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі
ҚР Үкіметінің 07.12.04 ж. № 1281 қаулысымен 7-тармақ толықтырылды
7. Білім беру ұйымдары білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін лицензиарға мына құжаттарды:
1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) лицензиаттың біліктілік талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжаттарды;
3) кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығын алу үшін алым енгізгенін растайтын құжатты;
4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
5) жұмыс бабындағы оқу жоспарларын;
6) штаттағы оқытушылардың бар екенін растайтын құжатты;
7) меншiк оқу-материалдық базасының бар екендігін растайтын құжаттарды тапсырады.
Лицензия құжаттар тапсырылған күннен бастап екі айлық мерзімнен кешіктірілмей беріледі.
Лицензия беруден бас тартылған жағдайда лицензия беру үшін белгіленген мерзімде, өтініш иесіне жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді
8. Лицензия беру, оны қайтарып алу немесе оның қолданылуын тоқтата тұру мәселелерін алқалы және жариялы түрде қарау үшін, лицензиар консультативтiк-кеңесші орган құрады.
ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді
9. Лицензиар білім беру ұйымының өтінішін қарау процесінде, консультативтік-кеңесші органның ұсынымы болған кезде білім беру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды тексеру мақсатында, білім беру ұйымы орналасқан жерге барып, сараптама жүргiзедi.
10. Лицензия беру не оны беруден бас тарту туралы шешім құжаттардың иесі ұсынған өтініш, сондай-ақ егер тексеру жүргізілген болса, оның нәтижелері зерделенгеннен кейін қабылданады.
11. Егер лицензия белгіленген мерзімде берілмесе немесе өтініш иесі бар тартуды негізсіз деп таныса, онда ол бір айлық мерзімде осы әрекеттерге сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
12. Лицензия беруден мынадай негіздер бойынша:
1) білім беру ұйымының осы тұрпаты мен түрі үшін нақты мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заң актілерімен тыйым салынса;
2) осы Ереженің 7-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттар түгел тапсырылмаса. Өтініш иесі аталған кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негізде қаралады;
3) кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым енгізілмесе;
4) өтініш беруші осы Ережеде белгіленген біліктілік талаптарына сай келмесе;
5) өтініш иесіне қатысты оның білім беру қызметімен айналысуына тыйым салатын сот шешімі болса, бас тартылуы мүмкін.
13. Білім беру қызметімен тиісті лицензиясыз айналысу заңдармен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
14. Білім беру ұйымының білім беру қызметімен лицензиясыз айналысудан алған табысы, заң актілерінде белгіленген жағдайлардан басқа кезде мемлекеттік бюджетке алынып қойылуы тиіс.
15. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
3. Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 2005.20.12. № 1253 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне:
1) мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауды тәрбиеленушілердің жас шамасына және санитарлық нормалар мен ережелерге орай топтың толымдылығына сәйкес жүзеге асыруы;
2) жоғары және бірінші санаттағы тәрбиешілер үлесі - олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмауы;
3) оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі;
4) тәрбиеленушілердің дене тәрбиесі, ой-өрісі жағынан және жеке өзінің дамуы үшін ойын материалы мен жабдықтарының, оқу және балалар әдебиеттерінің болуы;
5) тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
6) меншікті оқу-материалдық базасының болуы.
ҚР Үкіметінің 2005.20.12. № 1253 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Жалпы бастауыш білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне:
1) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесі - олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмау;
2) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі;
3) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 15 басылымнан келуі;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету және оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
5) меншікті оқу-материалдық базасының болуы.
ҚР Үкіметінің 2005.20.12. № 1253 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
18. Жалпы негізгі білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне:
1) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесі - олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы;
2) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі;
3) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда, бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 15 басылымнан келуі;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету және оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
5) меншікті оқу-материалдық базасының болуы.
ҚР Үкіметінің 2005.20.12. № 1253 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19. Жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне:
1) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесі - олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы;
2) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі;
3) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда, бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 25 басылымнан келуі;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету және оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
5) меншікті оқу-материалдық базасының болуы.
ҚР Үкіметінің 2005.20.12. № 1253 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
20. Мектептен тыс ұйымдардың қызметіне:
1) жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі - олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы;
2) оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі;
3) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда, бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 15 бірлік басылымнан келуі;
4) балалар жасының 6-18 жас аралығында болуы;
5) меншікті оқу-материалдық базасының болуы.
ҚР Үкіметінің 2005.20.12. № 1253 қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
21. Кәсіптік бастауыш білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне:
1) штаттағы оқытушылар үлесі - олардың жалпы санының 70 пайызынан кем болмауы;
2) жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар үлесі - олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы;
3) топтардың толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі;
4) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда, бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 25 басылымнан келуі;
5) тиісті мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандартының талаптарын орындау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін оқытудың арнаулы базасы мен техникалық құралдарының болуы;
6) білім беру ұйымдарының практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері анықталуы тиіс;
7) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
8) меншікті оқу-материалдық базасының болуы.
ҚР Үкіметінің 2005.20.12. № 1253 қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
22. Кәсіптік орта білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне:
1) штаттағы оқытушылар үлесі - олардың жалпы санының 70 пайызынан кем болмауы;
2) жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар үлесі - олардың жалпы санының 40 пайызынан кем болмауы;
3) топтардың толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық нормалар мен ережелерге (СНЕ) сәйкес келуі;
4) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының мөлшері - оқушылар құрамына шаққанда, бір оқушыға толық оқу цикліне кемінде 40 басылымнан келуі;
5) тиісті мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандартының талаптарын орындау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін білім берудің арнаулы базасы мен техникалық құралдарының болуы;
6) білім беру ұйымдарының практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері анықталуы тиіс;
7) білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
8) меншікті оқу-материалдық базасының болуы.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1747; 02.08.02 ж. № 861; 07.12.04 ж. № 1281 (бұр. ред. қара); 2005.20.12. № 1253 (бұр.ред.қара); 2006.12.12. № 1195 (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 23-тармақ өзгертілді
23. Кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының қызметіне:
1) жоғары мектептерді, жоғары училищелерді қоса алғанда, институттарға және оларға теңдестірілген білім беру ұйымдарына:
жоғары кәсіптік білімнің 6 және одан да көп мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруы;
ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуі;
бiр оқытушыға шаққанда студенттер құрамы өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 4, музыка және ән-күй мамандықтары бойынша 6, шет тілі, шетел филологиясы және аударма iсi бойынша 7, бейнелеу өнерi және сызу мамандықтары бойынша 7 адамнан артық болмауы; басқа мамандықтар үшiн күндiзгіде - 8, кешкiде - 16, сырттай оқыту нысанында - 32 адамнан артық болмауы;
штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша 45 пайызынан кем болмауы;
ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылар үлесi штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 30 пайызынан кем болмауы;
оқу процесінде инновациялық ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану;
білім алушылар контингентiн және оқу құнын негiзге ала отырып анықталатын, бiрақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша анықталатын мөлшерден кем емес, білім алу үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi материалдық-қаржылық активтерiнiң болуы;
студенттiң бiр жылғы оқуына жоспарлы ең аз шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi оқу жылына кәсiптiк жоғары білімдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысымен көзделген шығыстар деңгейiне сәйкес болуы тиiс;
оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының мөлшері - студенттердің келтірілген құрамына шаққанда, бір білім алушыға толық оқу цикліне кемінде 100 басылымнан келуі; Бұл ретте кітапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы табиғи, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негізгі оқу әдебиеті басылымдарын қамтуға тиіс. Электрондық және магниттiк тасымалдаушылардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң 10 пайызынан кем болмауы;
меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың күндізгі нысанда оқитын бір білім алушыға келетін жалпы алаңының, оқу сабақтарының ауысымдылығын ескергенде, қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келуі, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарында көзделген оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігі;
білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті және қазіргі заман талаптарына жауап беретін оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;
практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері анықталуы тиіс);
білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
2) консерваторияларды қоса алғанда, академияларға және оларға теңдестірілген білім беру ұйымдарына;
жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орнының 3 және одан да көп мамандық бойынша мамандануы;
іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің орындалуы;
бiр оқытушыға шаққанда студенттер құрамы өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 4, музыка және ән-күй мамандықтары бойынша 6, шет тілі, шетел филологиясы және аударма iсi бойынша 7, бейнелеу өнерi және сызу мамандықтары бойынша 7 адамнан артық болмауы; басқа мамандықтар үшiн күндiзгiде - 8, кешкiде - 16, сырттай оқыту нысанында - 32 адамнан артық болмауы;
штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 55 пайызынан кем болмауы;
ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылар үлесi штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 35 пайызынан кем болмауы;
оқу процесінде инновациялық ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану;
білім алушылар контингентiн және оқу құнын негiзге ала отырып анықталатын, бiрақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша анықталатын мөлшерден кем емес, білім алу үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi материалдық-қаржылық активтерiнiң болуы;
студенттiң бiр жылғы оқуына жоспарлы ең аз шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi оқу жылына кәсiптiк жоғары білімдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысымен көзделген шығыстар деңгейiне сәйкес болуы тиiс;
оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының мөлшері - студенттердің келтірілген құрамына шаққанда, бір білім алушыға толық оқу цикліне кемінде 120 басылымнан келуі; Бұл ретте кітапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы табиғи, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негізгі оқу әдебиеті басылымдарын қамтуға тиіс. Электрондық және магниттiк тасымалдаушылардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң 15 пайызынан кем болмауы;
меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесiлі дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың күндізгі нысанда оқитын бір білім алушыға келетін жалпы алаңының, оқу сабақтарының ауысымдылығын ескергенде, қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келуі, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарында көзделген оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігі;
білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті және қазіргі заман талаптарына жауап беретін оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;
практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері анықталуы тиіс);
білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы;
3) университеттерге:
жоғары кәсіптік білімнің 12 және одан да көп мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орнының көп салалығы;
іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің жүргізілуі;
бiр оқытушыға шаққанда студенттер құрамы өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 4, музыка және ән-күй мамандықтары бойынша 6, шет тілі, шетел филологиясы және аударма iсi бойынша 7, бейнелеу өнерi және сызу мамандықтары бойынша 7 адамнан артық болмауы; басқа мамандықтар үшiн күндiзгiде - 8, кешкiде - 16, сырттай оқыту нысанында - 32 адамнан артық болмауы;
штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 65 пайызынан кем болмауы;
ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылар үлесi штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша - 40 пайызынан кем болмауы;
оқу процесінде инновациялық ақпараттық және білім беру төхнологияларын пайдалану;
білім алушылар контингентiн және оқу құнын негiзге ала отырып анықталатын, бiрақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша анықталатын мөлшерден кем емес, білім алу үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi материалдық-қаржылық активтерiнiң болуы;
студенттiң бiр жылғы оқуына жоспарлы ең аз шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi оқу жылына кәсiптiк жоғары білімдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысымен көзделген шығыстар деңгейiне сәйкес болуы тиiс;
оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының мөлшері - студенттердің келтірілген құрамына шаққанда, бір білім алушыға толық оқу цикліне кемінде 140 басылымнан келуі; Бұл ретте кітапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы табиғи, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негізгі оқу әдебиеті басылымдарын қамтуға тиіс. Электрондық және магниттiк тасымалдаушылардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң 20 пайызынан кем болмауы;
меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесiлі дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың күндізгі нысанда оқитын бір білім алушыға келетін жалпы алаңының, оқу сабақтарының ауысымдылығын ескергенде, қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келуі, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарында көзделген оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігі;
білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті және қазіргі заман талаптарына жауап беретін оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;
практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда білім беру ұйымының, практикадан өткізу базалары болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері анықталуы тиіс);
білім алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру мүмкіндігінің болуы жөнінде біліктілік талаптары қойылады.
ҚР Үкіметінің 07.12.04 ж. № 1281 қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды ; ҚР Үкіметінің 2006.12.12. № 1195 Қаулысымен 23-1-тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
23-1. Магистр академиялық дәрежесін тағайындай отырып, жоғары кәсіптік білім және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін университеттердің, академиялардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) университеттер үшін 12 және одан да көп мамандық бойынша, академиялар үшін 3 және одан да көп мамандық бойынша жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру;
2) тиісті мамандықтар бойынша бакалавриат бағдарламаларын жүзеге асыру;
3) магистрлерді даярлау бейінінің білім беру ұйымдары ғылыми зерттеулерінің тақырыбына сәйкес келуі;
4) тиісті даярлау бағыттары бойынша жетекші деп танылған ғылыми, ғылыми-білім беру, өндірістік және ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімнің болуы;
5) әрбір даярлық бейіні бойынша ғылым докторының болуы;
6) олардың жалпы санындағы штаттағы оқытушылардың үлесі, оның ішінде әрбір даярлық бейіні бойынша да университеттер үшін кемінде 65 пайыз; академиялар үшін кемінде 55 пайыз;
7) штаттағы оқытушылар санындағы ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі, оның ішінде әрбір даярлық бейіні бойынша да университеттер үшін кемінде 45 пайыз; академиялар үшін кемінде 40 пайыз;