Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 28 ақпандағы № 297 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 219-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесінде:
4-тармақтың бірінші абзацындағы ", оның ішінде оқытудың нысандары бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі