Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі
№ 596 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі № 250 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 596 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 219-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияны:
1) жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта білімнің (арнаулы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын және спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда) негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарға - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы (лицензиар);
2) кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білімнің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған және арнаулы білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ спорт жөніндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға - облыстың жергілікті атқарушы органы (лицензиар);
3) жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта білімнің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын, арнаулы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарға - республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы (лицензиар);
4) жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын, республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мамандандырылған білім беру бағдарламаларын және кәсіптік орта білімнің білім беру бағдарламаларын, діни білім беру бағдарламаларын (діни оқу орындарына) іске асыратын, сондай-ақ халықаралық және шетелдік заңды тұлғаларға - Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы (лицензиар) береді».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |