- Қазiр бар 43 спутник станциясына қосымша Қазақстан Республикасының кеден шекарасында 65 станция комплектiсiн орнату;
- Қолда бар есептегiш техника мен спутник байланысы құралдарының сервистiк қызмет көрсетуiн жақсарту, аумақтық кеден органдарында қосалқы бөлшектер қоймаларын жасау.
- Спутниктiк байланыс арналарының өткізу қабiлетiн орталық кеден органында 1024 Кб/с, аумақтық кеден органдарында - 268 Кб/с, кеден бекеттерiнде - 64/128 Кб/с мөлшерiне дейiн арттыру.
КӨЛIК
Кеден органдарын көлiкпен жабдықтау бiрiншi кезекте шешiлуге қажеттi мiндет болып табылады.
Кеден органдары жұмысының белгiлi ерекшелiктерiне сәйкес қажеттi мөлшерде көлiк құралдарының болмауы бөлiмшелердiң жалпы материалдық-техникалық және моральдық деңгейiне едәуiр керi әсер етедi.
Қолда бар автокөлiк паркiнiң моторесурсы таусылуға жақын. Тек 230 автомашина ғана 1995 жылдан кейiнгi шығарылған.
Ауыр жолдарға арналған шетелдiк көлiк (джиптер) сатып алу жолымен автомашиналар паркiн жаңарту қажет. Жедел топтардың ұланғайыр аумақты күзетуi үшiн жылытылатын кунгалары бар жүк автомобильдерiн ("Урал", "Камаз") сатып алу қажет. Қатал қыс жағдайындағы солтүстiк облыстар "Боран" немесе "Рысь" үлгiсіндегі қаркөлiктермен жабдықтауды қажетсiнедi. Мұнан басқа, Каспийде теңiз көлiгiне (әскери катерлер) және Маңғыстау, Қызылорда және Қостанай облыстарының аумақтарында әуе көлiгiне (тiкұшақтар) қажеттілік туындап отыр.
Қазақстан Республикасының кеден органдарын жабдықтау үшiн қажеттi қаржы қаражаттарын бөлу.
| Жыл | Ақша қаражаты, мың теңге |
Материалдық техникалық жабдықтау | 2000 | 824954 |
Кеден посттарын салу | 2000 | 519997 |
Мемлекеттік шекарада түрлi мақсаттағы өту пункттерiн салу, қайта
жаңарту, жайластыру және техникалық жарақтау бойынша үлкен жұмыс көлемi
көзделiп отыр.
Жүйелi бюджеттік қаржыландырудан басқа материалдық-техникалық базаны
дамыту үшiн инвесторлардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражатын
тартудың есебiнен кеден маңындағы инфрақұрылымды құру мен дамытуға жағдай
жасау және ынталандыру жоспарлануда.
Кедендiк қызмет көрсетулер рыногын дамыту мүдделi кәсiпорындардың
қызметтiң кеден iсiмен байланысты түрлi салаларында жобалар жасауы арқылы
конкурстық негiзде жүзеге асырылуы тиiс.
Тауарлар мен көлiк құралдарының үдей өсiп отырған ағынын үздiксiз
кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз ету мақсатында шекарада тиiстi
инфрақұрылымдар құру көзделуде, бұл үшiн:
- Қазақстан шекарасында өткізу пункттерiн, қызметтiк-өндiрiстiк
ғимараттар мен қойма үй-жайларын қайта жаңарту, жайластыру және техникалық
жарақтау (шекара маңындағы: "Жiбек жолы" (Өзбекстанмен шекара), "Қайрақ"
(Ресеймен шекара), "Бақты"(ҚХР-мен шекара), "Қордай" (Қырғызстанмен
шекара) 4 кеден постын халықаралық стандарттарға дейiн жеткізу көзделiп
отыр).
- кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртібін қолдана отырып өткізу
пункттерiн, уақытша сақтау қоймаларын және кеден инфрақұрылымының басқа да
объектiлерiн ұйымдастыру қажет.
- Аталған жұмыстарды жүзеге асырудың және қаржыландырудың тәртібін
регламенттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу керек.
3-БӨЛIМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨТУ ПУНКТТЕРI МЕН КЕДЕН
ПОСТТАРЫН ДАМЫТУ
МАҚСАТТАР МЕН МIНДЕТТЕР:
- Республика экономикасының әлемдiк шаруашылыққа тиiмдi интеграциялануына жәрдемдесу;
- Мемлекеттiң кiрiсiн ұлғайту;
- Республиканың көлiктiк мүмкiншiлiктерiн дамыту;
- Шекара маңындағы аудандардың саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту;
- Кеден бақылауының тиiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету, тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудi жеделдету және жеңiлдету, сервистiк қызмет көрсетулердi құру, сондай-ақ тасымалдаушылардың әлеуметтiк сұраныстарын қанағаттандыру;
- Автокөлiк ағындарына талдау жүргiзу және жүк пен жолаушылар тасымалдарының дамуын болжау;
- Кедендiк тексеруге және басқа да бақылау түрлерiне бейiмделген, халықаралық талаптар мен стандарттарға жауап беретiн арнаулы алаңдар мен үй-жайларды, сондай-ақ кеден мен өзге де бақылаушы органдардың қызметкерлерi, сондай-ақ техникалық қызметшiлер үшiн дайындау және салу;
- Меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң сыртқы экономикалық қызметiн мемлекеттік бақылауды жетiлдiру;
- Мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң, экономикалық мүдделерiн қорғаудың қажеттілігi;
- Кеден шекарасында кедендiк бақылаудың сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында өткізу пункттерiн нығайту және жайластыру жөніндегі жұмысты үйлестiру мен ұйымдастыру;
- Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарының, оның iшiнде қару-жарақ пен оқ-дәрiлердiң, есiрткi және психотропты заттардың, улы және жарылғыш заттардың, ядролық және радиоактивтi материалдардың және т.б, заңсыз өтуiнiң жолын кесу.
1992 жылға дейiн Қазақстанның күзетiлетiн КХР-мен ғана шекарасы болды, онда тек "Қорғас", "Бақты" және "Достық" өткізу пункттерi ғана жұмыс iстедi.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында кеден органдары халықаралық мәнi бар 14, республикалық мәнi бар 73, 17 темір жол магистралдарын, 13 әуежайды бақылайды, оларда:
121 автомобиль;
28 темір жол;
12 авиациялық;
1 теңiз ("Ақтау" теңiз порты) еткізу пунктi жұмыс iстейдi.
Қазақстан Республикасының шектес елдермен (ҚХР-ды қоспағанда, бұл - Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркменстан) кеден шекарасының жалпы ұзындығы 14 мың км құрайды. Осы жағдайларда көршiлес мемлекеттермен және әлемдiк қоғамдастықпен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшiн өткізу пункттерiн ашу және оларға тиiстi: халықаралық және екiжақты мәртебе беру мәселесi өткiр тұрды.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының ?кіметi өткізу пункттерiнің құрылысын салуға және нығайтуға, сондай-ақ оларды техникалық жарақтауға бағытталған бiрқатар қаулылар қабылдады.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 30.10.92 жылғы № 906 қаулысымен ҚХР-мен шекарадағы "Бақты" өткізу пунктiне халықаралық мәртебе берiлдi, оның құрылысын салу және нығайту көзделген болатын. Алайда 1993 жылдан берi кеден кешенiнiң құрылысы аяқталмай келедi. Кеден қызметi қалыпты жұмыс iстеу үшiн бейiмделмеген және халықаралық деңгейге сәйкес келмейтiн үй-жайға орналасқан. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Бақты" кеденi қызметiнiң жекелеген мәселелерi туралы" 12.03.99 жылғы № 231 жаңа қаулы қабылдауының бiр себебi болды, осыған сәйкес заңды және жеке тұлғалардың кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау бойынша iс-әрекетiн кiдiре отырып тауарлар мен көлiк құралдарын өткізуi уақытша тоқтатылды.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 26.04.95 жылғы № 557 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының өткізу пункттерiн дамытудың 1995-1996 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілдi, соған сәйкес нақты объектiлер айқындалды, қажеттi қаражат сомасы жоспарланды және жұмыстарды аяқтаудың мерзiмдерi белгiлендi. Алайда бюджет қаражатының тапшылығына байланысты көзделген бағдарлама iске асырылған жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасының Кеден комитетi туралы" 4.10.96 жылғы № 1226 және "Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 1996 жылғы 4 қазандағы № 1226 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 20.07.97 жылғы № 1003 қаулыларын орындау үшiн 140 БӨП-тiң құрылысын салу, монтаждау және техникалық жарақтау көзделiндi.
1998-1999 жылдары модулдiк үлгiдегi 57 БӨБ мен стационарлық үлгiдегi 16 БӨБ-тің құрылысы аяқталды. Кеден посттарын салуға және техникалық жарақтауға ақша қаржысының уақытында бөлiнуi республиканың экономикалық тәуелсiздiгiн нығайтуға және мемлекеттік бюджетке түсiмдердiң өсуiне мүмкiншiлiк бередi.
Қазiргi уақытта өткізу пункттерiне кеден маңындағы ондаған және жүздеген километр шекарасының учаскелерi iс жүзiнде күзетiлмейдi, теңiз жағалауы бүкiл ұзына бойында - тауарларды кеден бақылауынан тыс өткізуге жарамды. Автомобиль және темір жол пункттерiнiң техникалық нашар жарақталуы кеден бақылауын, сапалы жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi. Кеден органдары кеден бақылауын бақылаудың басқа түрлерiн жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың тарапынан тауарларды тиiстi түрде ресiмдеусiз және тексерусiз жүргiзедi, бұл республиканың рыногына сапасыз, бабына келмеген тауарлардың енiп кетуiне септiгiн тигiзедi.
Қазақстанмен шектес мемлекеттерде импорттық тауарларға салық салуы деңгейi әлдеқайда төмен және экономикалық терiс пиғылды импортшылар қомақты пайданы республикаға кеден бақылауынан тыс өтетiн тауарларды сатудан алады. Қазақстанға бақылаусыз әкелiнетiн тауарлар мемлекетке елеулi экономикалық зиян келтiредi.
Қазақстандық тұлғалардың сыртқы экономикалық белсендiлiгiнiң өсуi, сыртқы сауда саласындағы белсендi жаңғыртулар Қазақстан Республикасының кеден органдарының алдына жаңа ауқымды мiндеттер қойып отыр: экономиканың секторлары бойынша кәсiптiк жұмысқа бағдарланған құрылымдық өзгерістер, кеден шекарасын күзетудi ұйымдастыру, жаңа институттарды - кеден аудитiн, кеден анықтауын, тергеуi мен т.б. ұйымдастыру. Мұның бәрi бiр басты мақсатты көздейдi - контрабандаға тосқауыл қоюды қамтамасыз ету және кедендiк төлемдер мен салықтарды толық көлемде өндiрiп алу. Кеден шекарасын толық жаппайынша бұл проблема шешiлмейдi.
Бұл күндерi республиканың кеден қызметi жеткiлiктi дәрежеде материалдық-техникалық базаға ие емес, өткізу пункттерiн салу және жайластыру үшiн елеулi күрделi қаржы талап етiледi. Энергетика, су ресурстары, жылумен жабдықтау, кедендiк бақылауды көлiк құралдарымен, отынмен, техникалық құралдармен, орнықты байланыспен, оның iшiнде электрондық және радиотелефонмен қамтамасыз ету мәселелерi шешiлген жоқ.
Инфрақұрылым объектiлерiнiң жеткiлiктi түрде дамыған желісінiң болмауы (уақытша сақтау қоймалары, автотұрақтар, тамақтану пункттерi, қонақүйлер, техникалық қызмет көрсету станциялары, банк, медицина, брокерлiк мекемелер және т.б.) тауарлар мен көлiк құралдарын тiкелей кеден шекарасында өткізу пункттерiнде толық қанды кедендiк ресiмдер мен кедендiк бақылауды жүзеге асыру мүмкiншiлiгiн тежейдi.
Кеден шекарасында өткізу пункттерiн салу, қайта жаңарту, жетiлдiру, кеңейту, жайластыру мен техникалық жарақтау республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
Болжанылып отырған нәтижелер:
Тiкелей кеден шекарасында өткізу пунктiнде автомобиль көлiгiмен өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын толық кедендiк ресiмдеу жүзеге асырылған жағдайда мынадай көрiнiстердiң ықтималдығына жол берiледi:
- басқа мемлекеттердiң аумағын пайдалана отырып көлiк транзитiнiң бағыттарын өзгерту;
- сыртқы сауда белсендiлiгi деңгейiнiң төмендеуi.
Оң аспектiлер:
- Кеден ресiмдеуiн жеделдету және оңайлату;
- Тауарлар мен көлiк құралдарын, оның iшiнде акцизделетiн өнiмнiң әкелiнуiне бақылауды күшейту;
- Контрабанданы тiкелей кеден шекарасында ұстау;
- Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізу кезiнде рұқсат беру тәртібінiң сақталуын ұйымдастыру бойынша тиiмдiлiктi арттыру;
- Республиканың мүддесi үшiн стратегиялық маңызды материалдардың әкетiлуiне бақылауды күшейту;
- Тауарлар мен көлiк құралдарын республика аумағы бойынша өткізу кезiнде сыбайлас жемқорлық фактiлерiн болдырмау;
- Шекара маңындағы елдi мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру;
- Елдiң аумағының iшiнде кедендiк ресiмдеу мен бақылауды жүзеге асыратын кеден органдарын ұстауға арналған шығыстарды үнемдеу;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік және кеден шекарасын нығайту.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiрудiң 2002 жылдарға дейiнгi тұжырымдамасы құқықтық негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасаған немесе қабылдаған халықаралық Шарттар мен Келісімдер болып табылатын көзқарастар мен басымдықтардың жүйесi болып табылады.
Оны кезең-кезеңмен iске асыру кеден қызметiн нақты жағдайларға барынша жақындатуға, тауарларды кедендiк бақылау және ресiмдеу тетiктерiн жетiлдiруге, кеден iсi бойынша Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кіру үшiн жағдайлар жасауға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасының кеден қызметiн елдiң сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға септiгiн тигiзетiн және сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудiң тарифтiк және тарифтiк емес шараларының көмегiмен отандық рынокты қорғайтын тиiмдi жұмыс істейтiн құралға айналдыру осы Тұжырымдамада көзделген шаралар жүйесiнiң iске асырылуы кезiнде табысты болады.
Тұжырымдаманы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң мемлекеттік басқаруымен және басқа да министрлiктермен және ведомстволармен, құқық қорғау органдарымен және өзге де органдармен өзара iс-қимыл жасаумен Кеден комитетi жүзеге асырады, бұл кеден қызметiн қазiргi заманғы талаптарға жауап беретiн деңгейге көтеруге мүмкiндiк бередi.