- Қазақстан Республикасының мүддесiнде ақпараттық кеден индустриясын құру және дамыту;
- Кеден органдарының корпоративтiк ақпараттық жүйесi мен желісін қолдау, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгіндегі сыйысымдылығы мен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
- Кеден төлемдерiн есептеу мен алудың орталықтандырылған бақылауын қамтамасыз ету;
- Контрабандаға және кеден ережелерiн бұзушылықтарға қарсы күрестi ақпараттық қолдау;
- Лицензиялар мен квоталардың орындалуын бақылау.
Қазақстан Республикасының кеден органдарын
ақпараттандырудың басымдықты мiндеттері
Кеден органдарын ақпараттандырудың аса маңызды мiндетi кеден органдарының және қаржылық мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарының ақпараттық инфрақұрылымын құру және дамыту болып табылады.
Кеден жүйесiнiң ақпараттық индустриясының мiндеттерiне мыналар жатады:
- ақпараттық технологиялардың дамуының қазiргi заманғы әлемдiк деңгейiн ескере отырып кеден органдарын ақпараттандыру саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
- ақпараттандыруды басқарудың құрылымын ұйымдық қамтамасыз ету және қалыптастыру кеден органдарын ақпараттандыруды қамтамасыз ету бойынша әдiстемелiк және ұйымдастыру-құқықтық материалдарды әзiрлеу;
- кеден органдарының бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде ақпараттық қауiпсiздiк пен деректердi кешендi қорғаудың ұйымдастыру-құқықтық және техникалық мәселелерiн шешу;
- қолданылып жүрген және жобаланып отырған ақпараттық кешендер мен жүйелерде ақпараттық қауiпсiздiк проблемаларын шешу;
- озық әлемдiк тәжiрибенiң және ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар құралдарының және оқыту технологияларының қазiргi даму үрдiсi негiзiнде Қазақстан Республикасы кеденiнiң ақпараттық ортасының жұмыс iстеуi мен дамуын қамтамасыз ететiн мамандарды даярлау мен қайта даярлау жүйесiн қайта ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының кеден қызметi мен
мемлекеттік өкiмет органдарының интеграцияланған
ақпараттық ортасы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік өкiмет органдарының интеграцияланған ақпараттық ортасы бiр-бiрiмен өзара байланысты және өзара iс-қимыл жасайтын салалық корпоративтiк және проблемалық-бағдарланған ақпараттық жүйелердiң, оның iшiнде:
- Қазақстан Республикасы кеден органдарының;
- Қазақстан Республикасы салық органдарының;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының;
- Банк жүйесiнiң;
- Қазақстан Республикасы телекоммуникация қызметтерi органдарының және т.б. кешенi ретiнде қарастырылады.
Қазақстан Республикасы кеден органдарының интеграцияланған ақпараттық ортасы Қазақстан Республикасының бiртұтас ақпараттық кеңiстiгiнiң бiр бөлiгi ретiнде мынадай басты компоненттердi:
- телекоммуникациялық ортаны;
- ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелер мен солардың негiзiнде оларды берудiң тетiктерiн;
- ақпараттық ортаның жұмыс iстеуi мен дамуын қамтамасыз ететiн ұйымдастыру инфрақұрылымын;
- мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың және ақпараттық ортаны пайдаланушылардың жүйесiн қамтиды.
Ақпараттық қауiпсiздік пен деректердi қорғаудың жағдайларын жасау корпоративтiк, салалық және заттық-проблемалық ақпараттық орталардың бiрыңғай ақпараттық кеңiстiкке интеграциялаудың аса маңызды факторы болады.
Интеграцияланған ақпараттық ортаның жұмыс iстеуi мен орнықтылығының мiндеттi және аса маңызды шарты Қазақстан Республикасында ақпараттық процестерге және ақпараттандыруға қатысушы субъектiлердiң қатынастарын реттеудiң негiздерiн айқындайтын нормативтiк құқықтық база болып табылады.
Кеден органдарының телекоммуникациялық ортасын
қалыптастырудың негiзгi принциптерi мен мiндеттерi
Кеден органдарының телекоммуникациялық ортасы тұтыныстарға тиiсiнше сәйкес келуi, республикалық және аумақтық, аймақаралық сипаттағы ақпараттық ағындарды ұтымды ұйымдастыруға жәрдемiн тигiзуi және тиiмдi басқаруды қамтамасыз етуi тиiс. Қазақстан Республикасы кеденiнiң қазiргi барларын дамыту және жаңа коммуникацияларды құру мемлекеттік басқарудың бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiнiң шеңберiнде олардың жұмыс iстеу мүмкiншiлiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл үшiн мынадай принциптердi сақтау қажет:
1. Мемлекеттік және әлемдiк телекоммуникациялардың желісінiң құрамдас бөлiгi бола отырып, Қазақстан Республикасы кеден органдарының желісі Халықаралық Электр байланысы Одағының құжаттарына және ұлттық талаптарға қатаң сәйкестiкте дамуы және жетiлдiрiлуi тиiс.
2. Кеденнiң телекоммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының қазiргi бар телекоммуникациялық ресурстарының мүмкiншiлiгiн толықтыра және дамыта отырып дамуы тиiс.
3. Телекоммуникациялық ортаның қауiпсiздiгiн физикалық қауiпсiздiктi, аппараттық құралдардың қауiпсiздiгiн, бағдарламалық-математикалық қамтамасыз етудiң қауiпсiздiгiн және байланыстың қауiпсiздiгiн интеграциялау жолымен алгоырғақтық және ұйымдастыру-техникалық шараларының, құралдары мен тәсiлдердiң кешенi негiзiнде қамтамасыз ету.
Ақпараттандыру мiндеттерiн шешу телекоммуникациялық желiлерге мынадай талаптар қояды:
- байланыстың құрамын одан әрi кеңейту және сапасын арттыру;
- жаңа телекоммуникациялық қызметтердi енгізу және дамыту;
- ҚР қазiргi бар барлық байланыс желiлерi мен қызметтерiн белгiлердi беру мен өңдеудiң сандық әдiстерiнiң базасында бiрыңғай телекоммуникациялық ортаға интеграциялау;
- кеденнiң, салық жүйесiнiң, банк жүйесiнiң ақпараттық жүйелерi мен желiлерiнiң арасында, ТМД елдерiнiң аймақтарымен және Әлемдiк қоғамдастықпен өзара ақпарат алмасу;
- пайдаланушыларға аудиовизуалды, мәтiндiк және басқа да ақпаратты беру үшiн кең өрiстi қызмет көрсетулерiн ұсыну.
Кеден телекоммуникациялық желісінiң қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiгiн құраушылардың бiрi болып табылады және оны қамтамасыз ету мәселелерi мемлекеттік деңгейде қаралуы, шешiлуi және бақылануы тиiс. Бұл ретте мынадай факторлардан:
- тiкелей телекоммуникациялық ортаның жұмыс iстеуiн бұзуға бағытталған кешендi әсер етуден;
- желiнiң жұмысына байланысы бар технологиялық (қызметтiк) және өзге ақпаратқа рұқсат етiлмеген қол жеткізуден;
- қондырылған қорғау құралдарын бұзудан қорғауды қамтамасыз ету қажет.
Желiлiк сервистiң негiзгi инфрақұрылымы:
- байланыстың бөлiнген магистралдық каналдарын беру жөніндегі қызмет көрсетулердi қамтамасыз ететiн бастапқы желi;
- деректердi маршруттау және қатынастарды коммутациялау тораптарын қамтамасыз етудi қамтитын базалық телекоммуникациялық сервис қызметi;
- стандарттық бағдарламалық қамтамасыз етудiң және байланыстық жабдықтың көмегiмен iске асырылатын түпкi пайдаланушының қызметi болып табылады.
ҚР кеден қызметiнiң Бiрыңғай автоматтандырылған
ақпараттық желісі мен ҚР МКМ КК деректерiн
алмасудың Республикалық желісін дамытудың
басымдықты бағыттары
Қазiргi уақытта мемлекет ауқымындағы бақылаудың кез келген процесi түрлi мемлекеттік бақылаушы құрылымдардың көп деңгейлi өзара iс-қимылын ұйымдастыру үшiн кең ауқымды ақпараттық ресурстарды жұмылдыруды көздейдi.
ҚР кеден қызметiнiң Бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық желісі және ҚР МКМ КК Республикалық деректердi алмасу желісі (КР КҚ БААЖ және ҚР МКМ КК РДАЖ) ақпараттық жүйенi iске асырудың құралы ретiнде тек өздерiнiң құзыретiне кiретiн ақпаратты тұрақты түрде тұтынушылар болып табылатын аймақтық кеден бөлiмшелерiнiң, орталық кеден органы мен мемлекеттік бақылаушы органдардың арасында ақпараттық блоктармен алмасудың тетiгi түрiнде ғана емес, кедендiк бақылаудың белсендi құралы, мемлекеттiң бiрыңғай кеден саясатын және кеден органдарының қызметiн қалыптастырудың және жүзеге асырудың құралы ретiнде де көрiнедi.
РДАЖ-ды дамыту - салаға қазiргi заманғы бағдарламалық-техникалық кешенге негiзделген жаңа ақпараттық технологияларды кезең-кезеңмен әзiрлеу мен енгізу процесi.
Уақыттың талабына сәйкес қазiрдiң өзiнде декларанттарды бақылау топтарына (жасыл және қызыл дәлiздер) бөлудi енгізу қажет.
Бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң түсулерiн ұлғайту кеден органдарының iшкi де, сондай-ақ сыртқы да рыноктағы өзгерістерге жедел көңiл бөлмеуiнсiз, байланыс пен кедендiк ресiмдеу орнынан басқару органдарына деректердi берудiң тармақталған және көп деңгейлi жүйесiнсiз мүмкiн емес.
Жазылған тезистерге сәйкес мынадай
бағдарламаларды жүзеге асыру ұйғарылып отыр:
1 - БАҒДАРЛАМА
Бағдарлама аумақтық үйлестiрiлетiн кеден органдарында жергiлiктi есептеу желiлерiнiң қазiргi бар инфрақұрылымын дамыта отырып Қазақстан Республикасы кеден шекарасының бүкiл периметрi бойынша басымдықты шекаралық шектес кеден посттарын дамытуды көздейдi. Кеден бақылауын бiрдейлендiрген бағдарламалық қамтамасыз етудi жасау, енгізу және қолдау, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтiң барлық түрi бойынша кең ауқымды деректер базасын құру және кәмiл арнаулы кеден статистикасын қалыптастыру.
Бағдарлама шекаралас кеден постыларында спутниктiк байланыс станцияларын орнатуды, кедендiк ресiмдеу залдарын жабдықтауды, жергiлiктi есептеу желiлерiн тек кеден посттарында ғана емес, аумақтық кеден органдарында да дамыту. Қажеттi қаржы қаражатының үлгiлiк есебi техникалық жабдықты сатып алу мен монтаждауды, сервистiк қолдауды қамтиды.
Бұдан басқа, осы бағдарламаның шеңберiнде Internet желісі бойынша барлық мүдделi адамдарға ашық ақпарат беруге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыруға арналған кеден қызметiнiң Web-серверiн құру көзделiп отыр.
Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасының кеден қызметiнiң қазiргi бар бағдарламалық қамтамасыз етуiн одан әрі жетiлдiрудi көздейдi. Клиенттiк те, сондай-ақ бағдарламалық өнiмнiң сервистiк бөлiгi ретiнде де одан әрi әзiрлеу және жетiлдiру үшiн лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi қосымша сатып алу көзделiнедi.
2-БАҒДАРЛАМА
Сыртқы экономикалық қызметтiң барлық түрi бойынша кең ауқымды деректер банкiн құру және анық арнаулы кеден статистикасын қалыптастыру. Бағдарлама бүкiл түсетiн ақпарат кеден қызметiнiң орталық серверiнде жиналатын орталық кеден органындағы (Астана қаласы, ҚР МКМ КК ғимараты) кеңейтiлген көл қырлы жергiлiктi есептеу жүйесi мен орталық торабы болады. Орталық серверде сақталатын деректер базасында арнаулы кеден статистикасы жүргiзiлуi тиiс, жұмыс 1-бағдарламаны орындау шеңберiнде жүредi.
3-БАҒДАРЛАМА
Кеден комитетiнiң ақпараттық жүйесiнiң екiншi деңгейдегi уәкiлеттiк берiлген банктерiмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақпараттық жүйелерiмен Өзара iс-қимылы. Осылайша, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Валюталық-банктiк бақылаудың ақпараттық жүйесiн әзiрлеу.
Қазiрдiң өзiнде Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп валюталық-банктiк бақылауды жүзеге асыруда. Осы бағдарламаны iске асыру банк жүйесiмен интеграциялануды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен тiкелей жедел ақпарат алуды көздейдi.
4-БАҒДАРЛАМА
Кеден одағына қатысушы елдердiң ақпараттық технологияларымен өзара iс-қимылдың тетiктерiн әзiрлеу. Бағдарламаны iске асыру жоғарыда аталған барлық үш бағдарламаның орындалуын көздейдi. Бұл Кеден одағына қатысушы елдермен, көптеген халықаралық кеден ұйымдарымен толық қанды ақпараттық өзара iс-қимыл жасау.
Бағдарламаларды iске асыру
Осы бағдарламаларды жүзеге асыру мыналарды кезең-кезеңмен игерудi көздейдi (мың теңге):
2000 жыл
1-бағдарлама 645 489,5
2-бағдарлама 89 855,5
3-бағдарлама 114 380
4-бағдарлама 47 442
Барлығы 897 167
Қазақстан Республикасы кеден органдарының БААЖ-ы түпкi кезеңiнде кеден қызметiнiң процестерiн басқарудың автоматтандырылған жүйесiн, тек мемлекеттiң шеңберiнде ғана емес, кеден одағы бойынша әрiптестермен де өзара ақпараттық iс-қимыл жүйесiн бiлдiредi.
Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кеден статистикасы:
- "Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының тиiстi ережелерiнен туындайтын құқықтық негiзде;
- Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу мен бақылау үшiн сыртқы экономикалық қызметтiң қатысушылары ұсынатын жүк кеден декларацияларындағы көрсеткiштердiң жиынтығын бiлдiретiн құжаттық ақпараттан қалыптастырылады.
Қазiргi сәтте методологиялық та, сондай-ақ конструкциялық та, яғни халықаралық тәжiрибесiнде қабылданған бiрдейлендiрiлген ресми жариялауларды ұсынудың, шығу нысандары мен кезеңдiлiгiн дамытудың қажеттілігi пiсiп-жетiлдi.
Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiрудiң 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметiнiң кедендiк статистикасын оңтайландыруға арналған мынадай iс-шараларды жүзеге асыруды көздейдi:
- тауар айналымының негiзгi үрдiстерiн, құрылымын және серпiнiн макроэкономикалық жағдайды талдаумен байланысты талдау;
- бюджеттiң кiрiс бөлігi баптарының орындалуын бақылау;
- жедел пайдаланушыларды елдiң сыртқы саудасы кеден статистикасының агрегирленген деректерiмен жедел қамтамасыз ету;
- кеден органдары құзыретiнiң шегiнде рыноктың конъюнктурасына талдау жасау;
- кеден саясаты саласында ұсыныстар әзiрлеу;
- төлемдердiң қозғалысын талдау және жалпы картинасын қалыптастыру;
- қазақстандық экспортшыларға олардың экспорттаған тауарлары үшiн тиесiлi төлемдердi толық және уақытылы репатриациялау;
- қазақстандық импортершылардың импорттаған тауарлар үшiн төлемдердi жүзеге асырудың заңдылығын бақылау;
- баға базасын қалыптастыру және реттеу үшiн статистикалық деректердi пайдалану отандық өндiрiстi қолдау үшiн кедендiк-тарифтiк реттеу;
- елдiң сыртқы саудасының түрлi аспектiлерi бойынша регламенттелмеген сұрау салулардың кең спектрiн қамтамасыз ету.
Қазiргi заманғы байланыс құралдарын пайдалана отырып, ТМД елдерiмен, шектес мемлекеттермен, сондай-ақ бiздiң республикамен белсендi сауда жасайтын мемлекеттермен сыртқы сауданың статистикалық деректерiмен алмасуды тұрақты негiзде жолға қою қажет.
Кеден қызметiнiң мемлекеттiң кеден-тариф саясатын қалыптастыруға белсендi қатысуын қамтамасыз ету қажет, сонда сыртқы сауданың кеден статистикасы кеден тарифiн айқындауда аса маңызды құрал ретiнде қызмет ететiн болады.
2-БАСЫМДЫҚ. Халықаралық кеден
ынтымақтастығын дамыту
МАҚСАТ:
Кеден қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жан-жақты жәрдем көрсету, кеден заңдарын халықаралық стандарттармен үндестiрудi және бiрдейлендiрудi қамтамасыз ету, кеден қызметiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру, халықаралық саудада жүрiп жатқан кең ауқымды процестерге интеграциялау.
МIНДЕТТЕР:
- Қазақстан Республикасының кеден iсiне қатысты бөлiгіндегі халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету.
- Шет мемлекеттердiң кеден және өзге де құзыреттi органдарымен, кеден iсiмен айналысатын халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Республиканың кеден қызметi жалпы қабылданған халықаралық нормалармен және iс-тәжiрибесiмен жақындасу бағытында даму үстiнде және әлемдiк кеден-құқық тәжiрибесiн қабылдау мен қолдану табалдырығында тұр. Бұл ынтымақтастық үш негiзгi бағыттарға апаруы мүмкiн.
- Кеден одағы елдерiмен, ТМД елдерiмен кедендiк-құқықтық ынтымақтастық
- Шетелдiк мемлекеттермен кедендiк-құқықтық ынтымақтастық
- Кеден iсiне қатысы бар халықаралық ұйымдармен кедендiк-құқықтық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасының аймақтық кеден саясатының аса маңызды бағыты Кеден одағын, кейiн ТМД-мен бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру және нығайту болуы тиiс. Кеден одағының негiзгi жәйттерi мыналар болуы тиiс:
саудадағы тiкелей және жанама шектеулердi, баламды қолданылуы бар салықтар мен алымдарды алып тастау саясатын жүргiзу, үшiншi елдермен өзара қарым-қатынастарда бiрыңғай көзқарастарды әзiрлеу, экономикада тұтастай алғанда Достастық елдерiн қолдаудың және оның жекелеген салаларында, адал бәсекелестiк үшiн жағдайлар жасаудың қажеттілігiн ескере отырып, Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң iшкi рыногын және ұлттық тауар өндiрушiлердi шетелдiк жеткізушiлердiң басқыншылығынан қорғау;
өтемдiк, толингтiк және лизингтiк операцияларды қоса алғанда, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тiкелей сауда-экономикалық байланыстарын қолдау мен ынталандырудың тетiктерiн қалыптастыру;
келісілген кеден саясатын жүргiзу, тарифтi келісілген реттеудiң тетiгiн қалыптастыру.
Бұл бәрiнен бұрын:
- тарифтiк мәселелер, номенклатура мәселелерi;
- шыққан елiн айқындау;
- кеден құны;
- кедендiк рәсiмдер мен кедендiк реттеу;
- кедендiк режимдер;
- кеден жеңiлдiктерiн беру мәселелерi;
- кеден төлемдерiн алудың тәртібі;
- тауарларды Кеден одағының шеңберiнде, Кеден одағынан тысқары өткізудiң тәртібі секiлдi кедендiк мәселелердiң тұтастай бiр кешенiне құрылатын болады.
Қуатты сауда-экономикалық блоктарын құру тұрғысында Кеден одағының, ТМД елдерiнiң үшiншi елдерге қатысты кеден саясатын жүргiзуде барған сайын бiрыңғай көзқарастың қажеттілігi, ЕҚ, ДСҰ, басқа да аймақтық бiрлестiктермен олармен қатынасты жалғыз-жалғыздан құрғаннан гөрi, бiрлесе отырып iс-қимыл жасаған жеңiлiрек болатындығы барған сайын айқын болып отыр. Кеден саясатын аймақтық бiрлестiктердiң шеңберiнде iске асыру Кеден одағы кеден қызметтерiнiң, ТМД, Интеграциялық комитеттiң, Атқарушы комитеттiң Басшылары кеңесiнiң жұмысына белсендi қатысу жолымен жүзеге асырылатын болады.
Мәселелердiң келесi топтамасы - шетелдiк кеден қызметтерiмен қарым-қатынастар. Мұндай қарым-қатынастар әлемдiк кеден тәжiрибесiн дәйектi түрде пайдалануға құрылуға тиiс. Бiрқатар елдермен негiзгi ережелерi ДСҰ-мен(кеден) ынтымақтастық туралы меморандумда жазылған талаптарға жауап беретiн кеден ынтымақтастығы және өзара көмек туралы келісімдерге қол қою және оны практикалық қамтамасыз ету көзделiнiп отыр. Әлемдiк кедендiк әкiмшiлiктермен байланыс орнату халықаралық стандарттарға сәйкес кадрларды даярлау және қайта даярлау, техникалық көмек, контрабандаға, экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша алмасу мәселелерiнде, кеден қызметтерiн реформалау және жетiлдiру жөніндегі тәжірибенi зерделеу, кеден рәсiмдерiн үндестiру және оңайлату мәселелерiнде жәрдем алуға бағытталатын болады. Кеден қызметтерiмен қалыптасатын екi жақты қатынастардың негiзгi жәйттерiнiң бiрi шетелдiк iскер топтармен байланыс орнату болуы тиiс, бұл сыртқы экономикалық қызметтi әлемдiк сауда талаптарының шеңберiнде жүргiзуге және мұнымен бiр мезгiлде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қорғауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
ҚХР-мен шекараның ұзақтығын, бұл аймаққа бiздiң мемлекетiмiздiң мүдделiлiгiн ескере отырып, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының кеден қызметтерiнiң арасында қатынастар орнату ерекше көкейкестi болады. ҚХР-мен қол қойылған Кеден iсіндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімдi практикалық iске асыру, шекара маңындағы кеден қызметтерiнiң арасында екi мемлекеттiң арасында сауданы дамытуға жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты дамыту негiзгi мiндетке айналады.
АҚШ кеден қызметiмен өзара тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi дамытуға айтарлықтай көңiл бөлiнетiн болады, бұл осынау маңызды әрi Қазақстан үшiн перспективалық әрiптеспен сауда-экономикалық байланыстарды күшейтуге мүмкiндiк бередi. Бұл ретте АҚШ-тың әлемдiк экономикадағы озықтығы, Қазақстан экономикасына негiзгi инвесторлар болып табылатын iрi американдық компаниялардың көп санының болуы, қажеттi ресурстар мен тәжiрибесi бар АҚШ кеден қызметiнiң зор әлеуетi ескерiледi.
Еуропалық Одақ мемлекеттерiнiң кеден қызметтерiмен байланысты жолға қою iсi алда тұр, олардың тәжiрибесi республиканың кеден қызметiнiң жұмысында пайдаланылатын болады. Негiзiнен бұл жұмыс ТАСИС бағдарламасының шеңберiнде жүргiзiлiп, Еурокеденмен тығыз байланыс орнатылатын болады.
Шетелдiк мемлекеттермен өзара iс-қимыл екi жақты байланыстардың негiзiнде де, сондай-ақ аймақтық бiрлестiктермен (ЕҚ ОЭС, АПЕК) ынтымақтастықты iске асыру негiзiнде де құрылатын болады.
Қазiргi заманғы жағдайларда әлемнiң барлық елi iшкi рынокты ұлттық өндiрiсшiлердi қолдаудың тарифтiк және тарифтiк емес әдiстерi, валюталық және несиелiк қаражат пен тағы басқалары кiретiн бәсекелестiктен қорғаудың кең ауқымды құралдар кешенiн пайдаланады. Бұл құралдардың көпшiлiгiн қолдану көп тарапты мемлекетаралық келісімдермен және конвенциялармен бекітілген халықаралық қағидалармен реттеледi.
Кеден қызметiнiң жақын арадағы негiзгi мiндетi кеден iсiне қатысы бар халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу болады. Бұл бәрiнен бұрын ДСҰ (кеден), ДСҰ (сауда), КЕС (атап айтқанда, XXI Директорат). ДСҰ (кеден) мен ДСҰ (сауда) кеден iсiнiң кеден саясатының және кеден заңдарының түрлi аспектiлерi бойынша мемлекеттер ынтымақтастығының кең ауқымды және мейлiнше бағалы тәжiрибесi жинақталған. ДСҰ (кеден) мен ДСҰ (сауда) құқықтық негiзiн құрайтын мұндай келісімдердiң аса iрi кешенi қазiргi уақытта зерделенiп, қорытылу үстiнде. ДСҰ (сауда) талаптары "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Заңға енгiзiлген өзгерістер мен толықтыруларды дайындауда ескерiлдi. Бұл мiндет болашақта кедендiк-құқықтық реттеудiң ДСҰ (кеден) мен ДСҰ (сауда) келісімдеріндегі нормалар мен қағидаларға көшуiн қамтамасыз ету үшiн одан әрi жалғастыруды талап етедi.
Кеден қызметi ДСҰ әзiрлеген және ХВҚ мен ХДБ қолдаған Кеден қызметтерiн жетiлдiру мен реформалаудың бағдарламасын ескере отырып реформалау жүргiзу көзделiп отыр. Мұндай бағдарлама Кеден қызметiн дамытудың тұжырымдамасының болуы мен ?кіметтiң тиiсiнше қолдауын көздейдi. Бұл топтаманы практикалық iске асыру үшiн жақын арада ДСҰ(кеден) әзiрлеген және әкiмдендiретiн мынадай құжаттарға қосылу мiндетi тұр:
- Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үндестiрiлген жүйесi туралы конвенция;
- Найроби конвенциясы;
- Кеден рәсiмдерiн үндестiру және оңайлату жөніндегі Киот конвенциясы.
Киот конвенциясына қосымшаға енгiзiлген өзгерістердi ескерумен оның ережелерiн пайымдау және кеден қызметiнiң алдында тұрған бiрiншi кезектегi мiндеттердi ескере отырып, кейiн Конвенцияға қосылу және бiрте-бiрте оның қосымшаларына қосылу мiндетi алда тұр. Бұл республикадағы кеден iсiн реттейтiн негiзгi Заңға, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерістер енгізудi талап етедi.
Кеден қызметiнiң ДСҰ (кеден) Саяси комиссиясының жұмысына, мәжілістерi мен комитеттерiне бiрте-бірте қатысуды қамтамасыз ету қажет, Жақын арадағы кезеңде бұл жұмыс ДСҰ-мен белсендi түрде жазба алысулар, методологиялық ұсынымдарды зерделеу әлемдiк кеден саясатының дамуы үрдiсiне талдау жүргiзу жолымен жүргiзiлетiн болады.
3-БАСЫМДЫҚ. Кедендiк бақылау мен кедендiк
ресiмдеудiң тетiгiн жетiлдiру
МАҚСАТ:
Кедендiк ресiмдеу рәсiмдерiн бiрдейлендiру
МIНДЕТТЕР:
- Тиiмсiз немесе басы артық кедендiк рәсiмдердi жою
- Кедендiк ресiмдеу мен бақылаудың сараланған технологияларын әзiрлеу
- Ақпараттық ашықтық.
Кеден органдарына жүктелген функциялардың кешенiн iске асыру үшiн бәрiнен бұрын кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүзеге асыру қажет.
Кедендiк ресiмдеу мен бақылау кедендiк ресiмдердi оңайлату, оларды әлемдiк стандарттарға жақындату, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын толық сақтау (тауарлар мен көлiк құралдарын тiкелей өткізу пункттерiнде ресiмдеу, СЭК адал қатысушылары үшiн "жасыл" дәлiздер құру) жолымен Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудi жеделдету бағытында дамитын болады.
"Жасыл дәлiз" ретiнде мынадай шараларды сипаттауға болады:
- тауарларды мерзiмдi және алдын ала декларациялау рәсiмi бойынша ресiмдеу;
- кедендiк төлемдердi төлеуден босатылған тауарларды ГТД пайдалана отырып декларациялаусыз ресiмдеу;
- кедендiк төлемдердi төлеуден босатылған, құны белгiленген аз шамадан төмен тауарларды декларациялаусыз ресiмдеу;
- тауарларды пост-кедендiк аудит рәсiмiн пайдалану жолымен ресiмдеу;
- кедендiк бақылаудың сол немесе өзге де нақты жағдайларда кеден iсi туралы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын нысандарын пайдалану.
Кедендiк шекарада тауарларды пәрмендi кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудi ұйымдастыру үшiн мынадай қадамдар жасау қажет:
- жүк айналымының көлемiне, кедендiк және кеден маңы инфрақұрылымының даму дәрежесiне сүйене отырып, тауарлар мен көлiк құралдары қозғалысының (автоөтулер) бағыттарының жеткiлiктi және қажеттi санын айқындау;