Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің 2000-2002
жылдарға арналған тұжырымдамасын мақұлдау туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 301 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.05.01 ж. № 643 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Кеден органдарының экономикалық қауіпсіздікті, заң базасын жетілдіруді, кеден рәсімдерін оңтайландыру мен оңайлатуды қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдірудің 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасын кезең-кезеңмен іске асыру жөнінде шаралар қолдансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 25 ақпандағы № 301 қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігі
Кеден комитеті
Қазақстан Республикасының кеден қызметін
жетілдірудің 2000-2002 жылдарға арналған
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы кеден органдарының қалыптасуы өте ауыр экономикалық жағдайларда жүрiп жатыр. Кеден қызметiнiң сегiз жылдық жұмыс тәжiрибесi стратегиялық мақсаттарды нақты айқындаусыз, анық басымдықтарды тұжырымдаусыз елеулi табыстарға қол жеткізудiң мүмкiн еместiгiн көрсеттi.
Қазiргi уақытта кеден қызметiн қазақстандық сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудiң нақты жұмыс iстейтiн құралына айналдыру үшiн күш-жiгер жұмсалып жатыр, бұл жаңа басқару жүйесi бар қазiргi заманғы кеден қызметiн құруды, бақылау және пайдаланылып жүрген дәстүрлi кеден рәсiмдерiн жетiлдiру саласында жаңа стратегия әзiрлеудi талап етедi.
Бұл талаптардың негiзгi мақсаты фискальдық саясат жүргiзу, сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мейлiнше тиiмдi және ұтымды жолдарын iздеу болып табылады.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына тиiмдi жәрдемдесудiң қажеттілігi қазақстандық кеденнiң алдына кеден iсiн дамытуға жаңа тәсiлдердi әзiрлеу мiндетiн қойды.
Осы Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiру тұжырымдамасы жинақталған тәжiрибенi жүйелеуге және осының базасында кеден органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша реформалардың мейлiнше ықтимал барысын алдын ала болжауға, басымдықтарды айқындауға әрекеттену болып табылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕН
ҚЫЗМЕТIНIҢ МИССИЯСЫ
Сыртқы сауданы ырықсыздандыру және елдiң географиялық орналасуын ескере отырып тауарлардың халықаралық транзитi үшiн қолайлы режим жағдайын жасау.
МАҚСАТТАР МЕН МIНДЕТТЕР:
- Мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгi мен экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету;
- Кеден төлемдерi мен салықтарын уақытында және толық алу, валюталық-банктiк кеден бақылауын жүзеге асыру;
- Елдiң сыртқы саудасын реттеудiң мемлекет белгiлеген тарифтiк және тарифтiк емес шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі кеден қызметiнiң рөлiн нығайту;
- Заң базасын қамтамасыз ету;
- Кеден iсi саласында контрабандаға және қылмыстарға, кеден ережелерiн бұзушылықтарға қарсы күрес;
- Кеден рәсiмдерiн оңтайландыру. Мемлекеттiң кеден шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге септiгiн тигiзетiн жағдайларды жасау;
- Стратегиялық мақсаттағы тауарлардың, екi ұдай мақсаттағы тауарлардың қозғалысын бақылауды қамтамасыз ету.
Проблеманың мазмұны және оны тұжырымдамалық
шешу қажеттілігінің дәйектемесі
Осы кезеңдегi экономиканың дамуы және Қазақстан Республикасының әлемдiк шаруашылықтар байланыстары жүйесiне бiрте-бiрте кіруiнiң қажеттілігi кеден қызметiне реформа жүргiзудi талап етедi. Бұл реформалардың негiзгi мақсаты сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мейлiнше тиiмдi және ұтымды жолдарын іздеу болып табылады. Жүргiзiлетiн реформаның негiзiне алынған принциптер қарапайым-реформа:
- кедендiк бақылау жүйесiн оңайлатуға;
- заңдар мен кеден рәсiмдерiнiң ашықтығына;
- кеден төлемдерiнiң түсуiн өсiрудiң стратегиясын әзiрлеуге бағытталған.
Тұжырымдаманы жасаудың негiзгi мақсаты - жақын арадағы перспективаға арналған мiндеттердi анық айқындау және ұзақ мерзiмдi басымдықтарға дәйектi түрде көшу.
Кеден органдарын жетiлдiрудiң тұжырымдамасын әзiрлей отырып бiз реформаларды жүзеге асыру жөніндегі шаралар аймақтық бiрлестiктердiң (ТМД, Кеден одағы) шеңберіндегі бiздiң уағдаластықтарымыздан туындайтын халықаралық мiндеттемелерiмiздiң орындалуына жәрдемiн тигiзуi, кеден iсiне қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы үшiн әлемдiк экономикалық жүйеге үйлесiмдi түрде кірудiң қажеттілiгiн негiзге аламыз.
Бұдан басқа, реформаларда Дүниежүзiлiк кеден ұйымының (ДКҰ), Дүниежүзiлiк сауда ұйымының конвенциялары мен келісімдерiнде өз көрiнiсiн тапқан халықаралық танылған практика көрiнiс табуы тиiс.
Кеден қызметiнiң қазiргi жай-күйi
Республика кеден жүйесiнiң қалыптасуы нақты тарихи: бiр жағынан - Кеңестiк мемлекеттiң құлауы, экономикалық дағдарыс, екiншi жағынан - егемендiк алу мен тәуелсiз мемлекет құру жағдайында жүзеге асырылды. 1991 жылы бiздiң мемлекетiмiз қазiргi заманғы кеден қызметiн құруға кiрiстi. Президенттiң алғашқы Жарлықтарының бiрi "Қазақстан Республикасының Кеден комитетiн құру туралы" 12.12.1991 жылғы Жарлығы болды. Республикада бұған дейiн тiкелей КСР Одағына бағынатын Қазақ республикалық кеденi, Қорғас кеденi, Гурьев кеденi жұмыс iстедi.
1991 жылы республиканың кеден органдарындағы адам саны 150-ден сәл асатын. Егемен мемлекет ретiнде Қазақстан Республикасы құрылғасын бұрынғы КСРО мемлекеттерiмен шекараларда кеден бақылауын жасау қажеттілігi туды, "ашық шекара" деп аталатынның ұзындығы 12760 км, бұдан басқа ҚХР-мен - 1560 км болды. Қазақстан Республикасының кеден шекарасының бүкiл периметрi бойынша кедендiк және шекаралық шарттылықтарды орындау үшiн бiрде бiр жайластырылған кедендiк өткізу орны болған жоқ.
1995 жылға дейiн қажеттi заң базасының, кадр құрамының, қаржыландырудың болмауы кеден қызметiнiң проблемасын елеулi түрде қиындатты. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" заң күшi бар Жарлығы (1995 жылғы маусым) қабылданғанға дейiн республикада кеден iсi көбiне бiрiне-бiрi қайшы келетiн 200-ден астам түрлi құжаттармен реттелдi.
Кеден қызметiнiң iсiне мыналар айтарлықтай ықпал етедi:
- Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн тауарлар мен көлiк құралдарының көлемi, сондай-ақ елдiң мемлекеттік шекарасынан өтетiн жеке адамдардың саны;
- сыртқы сауда айналымының қысқаруына қарамастан кеден төлемдерiнiң түсуi есебiнен мемлекеттік бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң толығу қарқынының өсуi;
- жағдайлардың саны бойынша да, сондай-ақ бұл ретте тәркiленетiн тауарлардың құны бойынша да кедендiк құқық бұзушылықтар ауқымының күрт өсуi;
- әлеуметтiк-қауiптi контрабанда көрiнiстерiнiң айтарлықтай және тұрақты түрде өсуi. Атап айтқанда, есірткі құралдарының контрабандасы. 1999 жылы 2 тонна есiрткi құралдары ұсталды. Алғаш рет "ауыр" есiрткiлер 26 кг героин, 133 кг апиын ұсталынды.
Ұлттық экономиканың қалыптасуы кезеңiнде кеден қызметтерi бюджеттiң кiрiс бөлiгiн толықтырудың негiзгi көздерiнiң бiрi болып табылады.
Өндiрiп алынды:
- 1997 ж. - 22 024 705 мың теңге
- 1998 ж. - 33 706 710 мың теңге
- 1999 ж. - 38 187 619 мың теңге
- Болжам:
- 2000 ж. - 58 237 763 мың теңге
1997 жылдан бастап кеден органдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп жүзеге асыратын кедендiк-банктiк валюталық бақылауы енгiзiлдi. Кедендiк-банктiк валюталық бақылаудың мақсаты валюталық түсiмнiң толықтығы мен уақытылы түсуiн, сондай-ақ ақша қаражатының импорттың мақсатына заңды және негiздi пайдаланылуын қамтамасыз ету. Кеден органдары жүргiзген iс-шаралардың нәтижесiнде СЭК қатысушылар тарапынан қаржы тәртібі күшейдi, валюталық мәмiлелердi жүзеге асыру кезіндегі ақша айналысының уақыты қысқарды.
Контрабандамен және кеден iсi саласындағы қылмыстармен, Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткiзiлетiн тауарларға қатысты кеден ережелерi мен салық заңдарының бұзылуларымен күрес барысында 1999 жылы осы бағытта кеден органдары жұмысының айтарлықтай жанданғанын көрсететiн нәтижелерге қол жеткiзiлдi.
356 қылмыстық iс қозғалды, оның iшiнде экономикалық контрабанда бойынша - 108; кеден төлемдерi мен салықтарын төлеуден жалтарғаны үшiн - 42 iс; есiрткi құралдарының, тыйым салынған және айналыстан шығарылған заттардың заңсыз айналымының анықталған фактiлерi бойынша - 78 iс, басқа да түрлi қылмыстар бойынша - 128 iс. Бүкiл 1998 жылы - 105 iс, 1997 жылы - 80 iс.
Кеден ережелерiн бұзғаны туралы iстер бойынша өндiрiп алынған айыппұлдардың және тауарлар мен көлiк құралдары құнының сомасы өткен жылы 4 млрд. теңгенi, 1998 жылы - 3,09 млрд. теңгенi құрады.
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлық енгiзiлген 1995 жылдан бастап осы уақытқа дейiнгi кезеңде республиканың кеден қызметi кеден бақылауын ұйымдастырудың сан алуан түрлi аспектiлерi бойынша белгiлi бiр жұмысты атқарды.
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Заңға сәйкес сенiмдi кеден бақылауын қамтамасыз етуге мүмкiншiлiк беретiн нормативтiк құжаттар әзiрлендi. Тауарлардың жеткiзiлуiн бақылау мәселелерi шешiлу үстiнде.
Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн стратегиялық және басқа да өмiрлiк маңызы бар материалдардың, екi ұдай мақсаттағы тауарлардың әкелiнуiн бақылау жолға қойылды. Сондай-ақ радиоактивтi және бөлiнетiн материалдарға да.
Өткен жылдан бастап бiз қолданылып жүрген кеден заңына өзгерістер енгізу мәселесiмен тығыз айналыстық. Тұтастай алғанда 236-бап өзгертiлдi. Өзгертулердiң негiзгi мақсаты - кеден шарттылықтарын оңайлату және жеделдету.
Өзгерістердiң бiрқатары Қазақстанның кеден заңын ДСҰ-ның талаптарына және Кеден одағы туралы келісімдерге сәйкестiкке келтiру үшiн жасалды. Бұл өзгерістер қазақстандық заңдарды ең озық халықаралық стандарттармен үйлестiруге қызмет етедi және кеден рәсiмдерiн оңайлату мен кедендiк шарттылықтардың өткiзiлуiн жеделдетуге, сондай-ақ кеден ресiмiн жүзеге асыру кезiнде импортшыларда туындайтын жекелеген практикалық проблемаларды шешуге бағытталған.
Кеден режимдерiнiң басым көпшiлiгiн қолдану жөніндегі рұқсат беру жүйесi осы жүйенi орындалуы түрлi жағдайларға қарамастан сол немесе өзге де режимнiң орындалуын қамтамасыз етуi тиiс талаптармен ауыстырыла отырып, алынып тасталды; уақытша сақтау қоймаларының (УСҚ) қызметіндегі "бұрмалаушылықтарды" жоюға қадам жасалды; кеден рәсiмдерi оңайлатылды; кеден декларациясын, құжаттарды тексерудiң және тауарларды қарап-тексерудiң мерзiмдерi (үш күнге дейiн) нақтыланды. Аталған өзгерістер сыртқы экономикалық қызметтiң адал қатысушыларын қолдауға бағытталған. Мұнымен бiр мезгiлде СЭҚ терiс пиғылды қатысушыларына қатысты талаптар өзгердi, кеден заңдарын бұзған жағдайларда қолданылатын санкциялар күшейтiлдi, сондай-ақ қолданылып жүрген кеден заңдарында көзделген жеңiлдiктер шектелдi немесе мейлiнше анық айқындалды.
Тауарларды алдын ала, кезеңдiк декларациялау жөніндегі рәсiмдер көзделдi. Заңға интеллектуалдық меншiк құқығын қорғау жөніндегі жаңа тарау енгiзiлдi. Транзиттiң кедендiк режимiне қатысты өзгерістер енгiзiлдi.
Қазiргi уақытта ТМД аумағында толық не белгiлі бiр шарттылықтармен қатысатын, 12 мемлекеттi бiрiктiрген еркiн сауда аймағы, Кеден одағы, ОАЭҚ жұмыс iстейдi. Өткен кезең iшiнде мемлекеттік және үкiметтiк деңгейде ТМД-ны, Кеден одағын қалыптастыру iсiнде принциптi маңызы бар бiрқатар құжаттарға қол қойылды. Бұл - ТМД қатысушы мемлекеттердiң кеден заңдарының негiздерi, Сыртқы сауданың кеден статистикасын жүргiзудiң бiрыңғай методологиясы, ТМД сыртқы сауда қызметiнiң бiрыңғай тауар номенклатурасы туралы келісім.
Кеден одағы туралы келісімдi дамытуда өзара саудадағы кеден рәсiмдерiн бiрдейлендiретiн және оңайлататын бiрқатар үкiметаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды және iске асырылып жатыр. Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң ресей кеден қызметiнiң жанындағы өкiлдiгi ашылды.
Қазақстан Республикасының кеден қызметi 1992 жылдан бастап Дүниежүзiлiк кеден ұйымының мүшесi болып табылады.
Кеден қызметiнiң маңызды шарты кеден инфрақұрылымының болуы болып табылады. Тұтастай алғанда кедендiк бақылаудың техникалық құралдармен, байланыспен, автокөлiк құралдарымен жарақтандырылуы республика бойынша 30% шамасында.
"Мемлекеттік шекарада бақылау-өткізу пункттерiнiң (БӨП) құрылысын салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 10.03.1998 жылғы № 193 қаулысымен 1998-1999 жылдары құрылысын салу жоспарланған 112 (БӨП) айқындалды. 1998 жылы 7 тұрақты кеден посты мен 25 модульдiк үлгiдегi пост пайдаланылуға қосылды. 1999 жылдың аяғында жайластырудың бiрiншi кезеңi аяқталады. Республика кеден шекарасының бүкiл периметрi бойынша 105 пост iске қосылды.
1999 жылы халықаралық стандарттарға жауап беретiн, шекарада мүддесi бар барлық қызметтер үшiн қажеттi жағдайлар жасауды көздейтiн "Жiбек жолы" (Өзбекстанмен шекарада) және Бақты (ҚХР-мен шекарада, СҰАР) өткізу пункттерiнiң құрылысы басталды.
Кеден комитетi қызметi тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тазартуды жеделдетуге септiгiн тигiзуге арналған кеден маңының инфрақұрылымын құру жөніндегі жоспарлы жұмысты жүргiздi. 1999 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi жағдай бойынша 94 уақытша сақтау орыны, 22 кеден қоймасы жасалды және бұлар жұмыс iстеп тұр.
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Заңның тиiстi баптарын атқару үшiн 1998 жылы кеден органдары елдiң сыртқы саудасының кеден статистикасын қалыптастыруға кiрiстi.
Кеден органдары бүгiнгi күнi: орталық кеден органы, кеден басқармалары мен кедендер, кеден постылары кiретiн бiрыңғай жүйенi құрайды. Мамандандырылған кеден ұйымдары - Орталық энергетикалық кеден, Ақпараттық статистикалық кеден, Орталық кеден сараптамасы құрылды. Республика кеден органдарының саны 1999 жылдың аяғында 5995 бiрлiк, оның iшiнде Орталық аппаратта 124 бiрлiк болды.
Жарлыққа енгiзiлген өзгерістердiң негiзгi мақсаты - СЭҚ қатысушылары үшiн кедендiк ресiмдеу процесiн жеңiлдету және шығынын барынша азайту. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Заңның жаңа ережелерi халықаралық сауданы жүзеге асыру кезiнде негiзсiз материалдық және уақыттың шығындалуына апарып соғатын (кеден құжаттамасының көптiгi, кедендiк ресiмдеудiң күрделiлiгi, кедендiк реттеудi қолданудың жеткiлiксiз "ашықтығы" мен болжанып болмайтындығы) әкiмшiлiк кедергiлердiң қысқаруына септiгiн тигiзетiн болады.
Озық әдiстердi қолдану, атап айтқанда, ақпараттық технологияны мейлiнше кең пайдалану мiндетi қойылып отыр. Кеден кадрларын кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауға ерекше көңiл бөлiнiп отыр, кеден органдары қызметкерлерiнiң арасындағы сыбайлас жемқорлық және парақорлық фактiлерiне қарсы күрес бойынша кешендi шаралар iске асырылуда. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын атқару үшiн және орталық аппарат пен аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерiнiң кәсiптiк жарамдылығын, теориялық білімдерiнiң деңгейiн, сондай-ақ iскерлiк сапаларын тексеру мақсатында тест жүргiзiлдi, оның нәтижесiнде аттестациядан өтпеген 118 адам кеден органдарынан босатылды, 230-ның лауазымы төмендетiлдi. 1999 жылдың басынан берi түрлi себептер бойынша 520 қызметкер босатылды.
Кеден рәсiмдерiн оңайлатуда ақпараттық технология жүйесiн құруға маңызды рөл бөлiнiп отыр. Енгiзiлмекшi Кеден қызметiнiң бiрыңғай автоматтандырылған жүйесi, өз қолданбалы жүйелерiн қолдану жүктердi кедендiк ресiмдеу процесiн одан әрi оңайлатуға, кеден шарттылықтардан өту уақытын қысқартуға, кеден органдарының қызметiн тиiмдi талдауға, контрабандаға және кеден ережелерiн бұзушылықтарға қарсы iс-қимыл жасауға септiгiн тигiзетiн болады.
Болашақта - Қазақстанның сауда әрiптестерi болып табылатын елдермен деректердi автоматтандырылған алмасу жүйесiн құру, халықаралық электронды жүйеге деректермен алмасуды енгізу бiр мезгiлде түрлi нысандағы құжаттарды қолмен толтыруға байланысты кедендiк шарттылықтарды оңайлата отырып, тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтуiн бақылауды күшейтуге мүмкiндiк бередi.
Кеден одағы және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы шарттарды практикада iске асыру тауарлардың, қызмет көрсетулердің ортақ рыногын құруға, капиталдардың құйылуы мен кетуiнiң процестерiн интенсификациялауға, жұмыс күшiнiң жылжуына бағытталған, бұл Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң экономикасының жандануына, сыртқы саудадағы алмасудың құрылымында прогрессивтi өзгерістердiң болуына септiгiн тигiзедi.
Кеден одағының негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
- Кеден одағына қатысушы елдердiң ортақ шекарасында кедендiк бақылау болмайтын бiртұтас аумақ;
- бiрыңғай кеден саясатын жүзеге асыру;
- ортақ кеден тарифiн немесе кеден баждарының келісілген ставкаларын пайдалану;
- тарифтiк және тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шараларын қолдану;
- үшiншi елдермен сауда режимдерiнiң бiрдейлiгiн қамтамсыз ету;
- кеден органдарын басқарудың тұтастығын қамтамасыз ету;
- өндiрiп алудың бiрыңғай тәртібін белгiлеу және кеден төлемдерiн Кеден одағына қатысушы елдердiң арасында бөлу.
1-БӨЛІМ. КЕДЕН САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
1-БАСЫМДЫҚ. Қазақстан Республикасы сыртқы
саудасының бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық
жүйесi мен кеден статистiк қалыптастыру
Жалпы ережелер
Қазiргi уақытта ақпарат аса маңызды стратегиялық ресурс болып отыр. Бұл күндерi мейлiнше экономикалық және әлеуметтiк табыс қазiргi заманғы коммуникация құралдарын, ақпараттық технологияларды және олардың желiлiк қосымшаларын: электрондық поштаны, қашықтықты оқытуды, мультимедианы, теледидарды, телеконференцияны, визуализацияны, моделдеудi, компьютерлiк графиканы және көптеген басқаларды пайдаланатын елдердiң жағында. Барлық осы қосымшалар және олармен байланысты қолданбалы мiндеттер телекоммуникациялық желiлердiң жаңа сыныбы мен ақпараттық ресурстарды басқарудың жүйелерiн құруды талап етедi. Электрондық көздерге көшiрiлген ақпараттық ресурстар сапалық жаңа күйге ие болады, белсендi болады, өйткенi осы сапасында компьютерлiк құралдар мен жүйелердiң, жалпы пайдаланыстағы, оның iшiнде қашықтық байланыс желiлерiнiң көмегiмен қол жетiмдi болады. Компьютерлiк өңдеу құралдарымен жедел қайта жаңғыртуға арналған қол жетiмдi ақпарат қоғамның әлеуметтiк дамуының аса маңызды факторына айналады.
Кеден органдарын ақпараттандыру мыналарды
көздейдi:
Әлеуметтiк және экономикалық проблемаларды шешу үшiн қажет ақпарат кез келген уақытта, кез келген нүктеде, кез келген әлеуеттi пайдаланушыға қол жетiмдi болуы үшiн құқықтық, экономикалық, технологиялық, әлеуметтiк және кәсiптiк-білім беру жағдайларын жасау.
Ақпаратты сақтауды, қайта өңдеудi, жаңғыртуды және берудi қоса алғанда ақпараттық ресурстарды қалыптастыруды және оған қол жетiмділiктi қамтамасыз ететiн аппараттық және бағдарламалық құралдарды, телекоммуникациялық жүйелердi құру.
Ақпаратты өндiруге кепiлдiк беретiн құрылымдарды бiрiншi кезекте дамытуды қамтамасыз ету.
Ұйымдастыру-методологиялық негiздердi және ақпараттық технологияларды Қазақстан Республикасының кеден органдарын басқару саласына дәйектi, мақсатты және тиiмдi енгізу бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесi ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдаланудың негiзiнде қаржылық мемлекеттік өкiмет органдарының, жергiлiктi басқару органдарының, министрлiктер мен ведомстволардың ақпараттық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн оңтайлы жағдайларын жасаудың ұйымдастырушылық әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесiн бiлдiредi.
Орталық кеден органының ақпараттық кеңiстiгi - бұл кеден органдары мен фискалдық ведомстволардың ақпараттық өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн бiрыңғай принциптердiң негiзiнде және жалпы қағидалар бойынша жұмыс iстейтiн деректер базасы мен банктерiнiң, оларды жүргiзу мен пайдалану технологияларының, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер мен желiлердiң жиынтығы.
Басқаша айтқанда, Қазақстан Республикасы кеден органдарының ақпараттық кеңiстiгi мынадай негiзгi компоненттердi қамтиды:
- ақпараттың тиiстi көздерiнде тiркелген деректер мен мәлiметтерi бар ақпараттық ресурстар;
- ақпараттық кеңiстiктiң жұмыс iстеуi мен дамуын, атап айтқанда, ақпаратты жинауды, өңдеудi, сақтауды, таратуды, iздеу мен берудi қамтамасыз ететiн ұйымдастыру құрылымдары;
- кеден және фискалдық органдардың ақпараттық өзара iс-қимыл жасауы құралдарын және олардың бағдарламалық-техникалық құралдары мен ұйымдастыру-нормативтiк құжаттарын қамтитын тиiстi ақпараттық технологиялардың негiзiнде ақпараттық ресурстарға қол жеткізуi.
Қазақстан Республикасының кеден қызметi
органдарын ақпараттандырудың негiзгi мақсаттары
Кеден органдарын ақпараттандырудың негiзгi мақсаты - кеден төлемдерiн жинауды әкiмшiлiктендiрудiң сапасы мен деңгейiн арттыруды, кеден рәсiмдерiн оңайлатуды, ақпараттық ресурстар мен технологияларды кең пайдаланудың есебiнен арнайы кедендiк статистика мен сыртқы сауда статистикасын жүргiзудi қамтамасыз ету, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтiң барлық субъектiлерi бойынша толық, кәмiл және қол жетiмдi деректер базасының есебiнен мемлекеттік, аумақтық немесе аймақтық деңгейлерде шешiм дайындауды және қабылдауды айтарлықтай жақсарту, сондай-ақ интеллектуалдық ақпараттық жүйелерді дамыту.
Ақпараттандыру мен ақпараттық кеден индустриясын құру:
- Кеден органдарын стратегиялық және ағымдағы басқарудың барлық базалық функцияларын қамтамасыз етудi (жағдайды талдау мен болжау, ақпарат алмасу, қызметтi жоспарлау мен үйлестiру, қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылау және т.б.);
- Кеден органдарының қызметiн тиiмдi бақылау және көлеңкелі экономикамен, сыбайлас жемқорлықпен және лауазымдық қылмыстармен күресудiң пәрмендi құралы ретiнде ақпараттық саясаттың ашықтығын пайдалануды;
- Кеден қызметiнiң ақпараттық аясын Қазақстан Республикасының және әлемдiк қоғамдастықтың бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiмен интеграциялауды;
- Ақпараттық ресурстарға билiк ететiн ақпараттық қызметтер мен құрылымдарды монополиясыздандыруды;
- Кедендiк ақпараттық индустрия саласында бәрiн қамтитын ақпараттандыруды дамыту үшiн жағдайлар жасауды iске асырудың аса маңызды тәсiлдерiнiң бiрi болып табылады.
Кеден органдарын ақпараттандырудың негiзгi бағыттары мен мақсаттары мыналар болып табылады:
- ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және бiрiктiру, ақпараттандыру және ақпаратқа құқықты қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты iске асыру;
- орнықты даму үшiн қажеттi ақпараттық инфрақұрылымдар мен ресурстарды жасау және қолдау;
- ақпараттық ресурстардың, қызмет көрсетулердiң, ақпараттық жүйелердiң, технологиялардың, оларды қамтамасыз ету құралдарының рыногын қалыптастыру;
- ақпараттық ресурстарды дамыту мен қорғауға арналған жағдайларды қамтамасыз ету;
- сапалы ақпараттық қызмет көрсету үшiн мемлекеттік, корпоративтiк құрылымдардың ақпараттық аясын пайдалану мен дамытуда мүдделердiң тепе-теңдiгiн қамтамасыз ету;
- ақпараттық өзара iс-қимыл жасаудың және ақпараттық және телекоммуникациялық қызмет көрсетулер рыногын қалыптастырудың нормативтiк құқықтық базасын әзiрлеу;
- кеден комитетiнiң құрылымдары мен несие-қаржы жүйесi құрылымдарының арасында құпия байланысты ұйымдастыру және қорғалған ақпараттық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының кеден органдары мамандарына ақпараттық қызмет көрсетулердiң экономикалық орындылығын сезiндiре отырып, жоғары ақпараттық мәдениеттi қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасы кеден органдарының интеллектуалдық және кадр әлеуетiн, конверсияның мүмкiндiгiн әрбiр нақты жәйттiк саладағы қолданымда барынша пайдалану;